«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

жүктеу 281,75 Kb.
Дата10.12.2017
өлшемі281,75 Kb.
#3566

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «26» маусымдағы

№ 702 қаулысымен

бекітілген
 
«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық

сараптама қорытындысын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
 1. Жалпы ережелер

  1. «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

  3. www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 1 (бір) айдан аспайды;

қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру – 10 (он) жұмыс күнінен аспайды;

алдын ала сараптама – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – II, III және IV санат объектілері үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында «келісіледі/келісілмейді» деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында «жеке кабинетке» жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда,

дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

3) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) ІІ санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың (бұдан әрі – ҚОӘБ) ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге мынадай құрамдағы өңірлік бағдарламалардың жобалары:

эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі;

2) ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу.

Жобалық құжаттама мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, өтінімнің көшірмесіндегі оның тіркелгені туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

ХҚО-ға:

1) ІІ санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге мынадай құрамдағы өңірлік бағдарламалардың жобалары:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі;

2) ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шару ашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есебінің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу.

Жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.

Құжаттар ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда мыналар көрсетіледі:

сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

сұратылған мемлекеттік қызметтердің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінім қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке куәлігін және сенімхат (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған жағдайда, қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО оны бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады.

Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алу үшін ХҚО-ға бір ай өткен соң келсе, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұраныс жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды бір жұмыс күні ішінде ХҚО-ға жібереді, содан соң ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Порталда:

1) ІІ санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық қосымша түріндегі ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асыруды мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары (бұдан әрі – келісу құжаттары) (электрондық құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде):

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген ілеспе ҚОӘБ материалдарымен бірге көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық қосымша түрінде мынадай құрамдағы өңірлік бағдарламалардың жобалары:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары (электронды құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде):

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:

электрондық құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі жобалары;

жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптамаға берілетін құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі (электрондық құжат және/немесе құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

2) ІІІ және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

межеленген басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызмет бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан (тапсырыс берушіден, инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық қосымша түріндегі ҚОӘБ ілеспе материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер ететін межеленген қызметтің мынадай құрамдағы жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы мәлімдеме;

құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары (электрондық құжат және/немесе құжаттың электронды көшірмесі түрінде):

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объекті орналастырылған немесе қызмет жүзеге асырылған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалардың ықтимал орналасу учаскелерінде, сондай-ақ жер асты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтимал ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде эмиссия нормативтерiнiң мынадай құрамдағы жобалары:

электрондық құжат және/немесе құжаттың электронды көшірмесі түрінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу.

Жоба мемлекеттік экологиялық сараптамаға қайтадан ұсынылған жағдайда, құжаттамаға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.

Ұсынылған құжаттама толық болмаған жағдайда, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіліп, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органдары басшысының атына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тікелей өкіліндер беріледі.

Шағымдар жазбаша түрде қағаз жеткізгіште почта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың, елорданың тиісті жергілікті атқарушы органының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол және почта арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдың cаll-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты «жеке кабинетінен» көре алады, ол өтініштерді көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Шағымда:

1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жерлердің мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.eco.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

2) Министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің – www.ecokomitet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;

3) көрсетілетін қызметті берушінің – www.con.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

13. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 58 00 58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
_______________
«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Кімге_______________________________________

(мемлекеттік органның толық атауы)

кімнен______________________________________

(өтініш берушінің толық атауы)

Мекенжайы_____________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)

Өтініш берушінің деректемелері____________________

(ЗТ/ДК мем. тіркеу туралы куәлігінің №, ЖСН/БСН)

ӨТІНІШ

_______________________________________________________________

(жобаның толық атауын көрсету керек)

жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді сұраймын.

Қоса берiлiп отырған құжаттардың тізбесі:

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

Басшы __________________             ________________________________

(қолы)                                                     (тегі, аты, әкесінің аты)

Мөрдің орны

20__ ж. «___»______________

_______________
«II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының (мекенжайын көрсету керек) №__ бөлімі Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету керек) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1) ___________________________________________________________;

2) _____________________________________________________________;

3) ...

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерінің)                  (қолы)

Орындаушы Т.А.Ә. _____________________________

Телефон _______________________________________

Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы

«__» _________ 20__ж.
_______________
жүктеу 281,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:

©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау