«Әкім сағаты» бағдарламасында облыс әкіміне тұРҒындардан келіп түскен сауалдардың орындалуын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспары


Тажиева Айнұр-қала тұрғыны / Мерей 18/31кв



жүктеу 337 Kb.
бет4/5
Дата01.01.2020
өлшемі337 Kb.
#25719
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Тажиева Айнұр-қала тұрғыны / Мерей 18/31кв

87051806494


Қызылорда қаласының көп қабатты тұрғын үйлер мен жеке секторларды көгілдір газбен қамтамасыз ету жұмыстарының бағдарлама әкімшісі облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы (байланыс телефоны 8 (7242)60-53-90) арықылы жүргізіледі.



Шығысымызда Абылай айдосов көшесі асфалтталған. Батысымызда Өтегенов көшесі асфалтталмаған. Сосын 8,9,10,11 кварталдардың тек 8 кварталы асфальтталды. Біздің 9,10,11 кварталдар қалып қойды. Олар қашан асфальтталады? Қазір үйлер көп салынған, бала саны жеткілікті. Осы жаққа мектеп қашан салынады?

Бекзат Біләл – «саяхат» м/а тұрғыны


Саяхат тұрғын ауданы бойынша «Қалалық құрылыс бөлімі» тарапынан барлық көшелеріне тас жол құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы әзірленген. Тас жол құрылысы жүргізілгеннен кейін, асфальт төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.



Есімхан көшесінде жаңа мектеп бар. Балабақша бар. Асфальт та салынған. Бірақ тротуар жоқ. Балалар, ата-аналар көп жүреді. Жол тар. Сол тротуар мәселесі шешімін тапса?

Нұрмұратов Болат- Қызылорда


Арай мөлтек ауданы, Есімхан көшесіне жаяу жүргінші жолын салуға алдымен жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу қажет. Осыған орай, аталған көше қала бойынша жаяу жүргіншілер жолын салуды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлініп жоба-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.



– ІІІ топ мүгедегі. №271 мектеп Ақжол көшесінде асфальт дұрыс салынбаған. Мектептің алдында свет жоқ. Тротуар жоқ. Осы мәселені шешіп берсеңіз?

Барлыбаев Нұрсұлтан

Ақжол көшесіне 2016 жылы «Анкема» ЖШС-гі жол жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын. Алайда, қазіргі таңда, жолдың асфальт қабаттары жарылып, жарамсыз күйге ұшырап отыр. Мердігер мекеме өз еркімен қайта қалпына келтіру жұмыстарын орындамағандықтан, сотқа берілді. Дегенмен, сот органдары тарапынан оң нәтиже шығарылмаған.

Осыған орай, Ақжол көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ақжол көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салуға жоба-смеатлық құжаттарын әзірлеуге бюджеттік өтінім тапсырылды. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.




«Бәйтерек» м/а жеріміз бар. Ол бір кісінің атында, біз өз үйімізді атымызға аудара алмай отырмыз. Жер арестте болған соң. Осы мәселені қалай шешуге болады

Күлембаев Қуаныш- қызылорда 8/7054320646

«800 бас» өңірінде орналасқан жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін, Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 5168 санды қаулысы қабылданып, әділет органдарына шектеуге қойылған болатын.

Бұл ретте, аталған мәселенің шешу жолын қарастыру үшін Сізге жер учаскеңізге негіз болатын құжаттар топтамасымен бірге «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» КММ-не жолығу керек.





2013 жылдан бері үй кезегіндемін. Жалғыз басты анамын. Үй қашан беріледі?

Қыстаубаева Райхан

- қала тұрғыны, Мұнайшы 27/1



Қыстаубаева Райхан Сізтұрғын үй алу кезегіне 2013 жылы 13 мамырдағы арызы бойынша «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына» (толық емес отбасы ретінде) тіркелген. Қазіргі таңда Р. Қыстаубаеваның кезек реті-5757.

Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына 1 ай сайын жаңаланып, орналастырылады.





Мерей 23 үйдің төбесінен су ағады, тіпті 4 этажға дейін. Подвал су, подъезд есіксіз, терезесіз. Бармаған жеріміз жоқ. КСК 5 жылда бір ремонт жасау керек, бірақ ол жасалмады. Өздерің жасаңдар дейді. Бізге қашан жөндеу жүргізіледі?

Ізбасқанова Базаркүл

Мерей 23 үй



Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, 50 бабының 1 тармағына сәйкес тұрғын үйді қалыпты жағдайда күтіп-ұстауға кететін шығынын (пайдалану шығыны) өзінің ортақ меншіктегі үлесінің көлеміне қарай өтейді және пәтер иелері ортақ мүлікті өздерінің үлестеріне тең мөлшерде күтіп-ұстау мен пайдалану бойынша жалпы шығыстарға қатысуға міндеттелген.

Яғни, ортақ меншіктегі нысанның (өжіредегі инженерлік жүйелер) ақауларды тұрғын үйдің пәтер иелері үйге кететін шығындарға теңдей қатысып тұрғын үйді күтіп ұстау қызметін көрсетуші мекемемен бірлесіп атқаруы қажет. Сол себепті аталған үйдің түрғындары тұрғын үйге қызмет көрсетуші «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС мен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізуі тиіс.





Сығанақ түбінде тұрамын. Кәсіпкерлер жүретін жолдың бәрін жапты. Заттар қойып тастаған. Жүре алмаймыз. Осы мәселені шешіп беруге бола ма?

Күлайша Кемерова- қала тұрғыны

Сығанақ м/а




М. Шоқай көшесінің бойында орналасқан Сығанақ базарының айналасындағы автокөлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жапқан кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте, көше бойында кәсіпкерлердің өз тауарларын жол жиегіне қоюын болдырмау және көше бойында көлік кептелісінің алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметімен жол жиегіне арнайы жол белгісі орнатылып, құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылатын болады.



Көкенов көшесіне тротуар қашан салынады? Балаларға қиын болып тұр?

Айман Дәулетова- Көкенов көшесі қала тұрғыны.

Көкенов көшесіне жаяу жүргінші жолын салу үшін алдымен жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу қажет.

Осыған орай, аталған көше қала бойынша жаяу жүргіншілер жолын салуды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлініп жоба-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.





«Орбита» дачасында моторист болып жұмыс істеймін. Осы тұстан көпір салынып, моторды алып тастайды деп халық ренжулі. Оларға не деп жауап береміз?

Сейітов Болат

Сол жағалау құрылысының қарқынды жүруіне байланысты «Орбита» саяжайына айдатын аяқ су маторын жылжыту құрылыс барысында ескеріледі



Жаңадан салынған Набережная бойымен қоғамдық көлік қашан жүреді?

Ерғалиева Айгерім – набережная 1

Алдағы уақытта қалаішілік қоғамдық көлікке деген халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаламызға 150 дана автобустар әкелу жоспарлануда, қазіргі таңда 10 автобус алынап №2 бағытта қатынап жатыр. Осыған сәйкес, қалған 140 автобустарға қажетті сомма бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады.



Көп балалы анамын, 2006 жылдан бері үйдің кезегінде тұрмын. Қазір 66 мын. Үйді қашан ала алатынымды білгім келеді?

Жалғасбаева Айгүл – қала тұрғыны

Жалғасбаева Айгүл Сіздің тұрғын үй алу кезегіне 2005 жылы 14 желтоқсандағы арызы бойынша «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына» (көп балалы ана ретінде) тіркелген реттік саныңыз - 46. Кезегіңіздің жақын болуына байланысты құжаттарыңызды. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тапсыруы қажет.

Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына 1 ай сайын жаңаланып, орналастырылады.





Коммунизм аймағында Қорқыт ата көшесін жақсылап асфальттады. Бірақ екі жиегінде аяқ су жоқ. Ол көшеге аяқ су жүрсе біз тартып алар едік. Осы қалай шешімін табады?

Қуанышбай Мырзахантегі – қала тұрғыны

Қызылорда қаласын суландыру, аяқ су мен қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастыруға орай жоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 38 млн теңге қаражат бөлініп, қалалық құрылыс бөлімі арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Қазсушар республикалық мемлекеттік кәсіпорыны тиісті жұмыстарды рәсімдеді.

Жасалған жоба-смета құжаттары бойынша анықталған жұмыс түрлеріне сәйкес қазіргі таңда Дүние жүзілік Ислам Банкке ұсыныстар дайындауда. Аталған қаржы шешілген жағдайда Қызылорда қаласын түбегейлі аяқ сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі туындайтын болады.





Біз Белкөл кенті тұрғындары 32 адам Қырымбек Елеуұлына өтініш айттық. Тасбөгет пен белкөл аралығында 2 шақырым жерде асфальт жоқ. Қоғамдық көлік жоқ. Осы мәселе шешімін тапса.

Нұржанов Ақылтай – белкөл кенті тұрғыны

№16 қалаішілік қоғамдық көлігі тұрақты қатынауда, сонымен қатар, алдағы уақытта қалаішілік қоғамдық көлікке деген халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаламызға 150 дана автобустар әкелу жоспарлануда, қазіргі таңда 10 автобус алынап №2 бағытта қатынап жатыр. Осыған сәйкес, қалған 140 автобустарға қажетті сомма бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады.



Қызылжарма ауылы көшелері қазіргі таңда өте нашар жағдайда.Асфальт қашан салынады?

Ахметов Олжас, Қызылжарма ауылы,Ө.Махамбет көшесі 36

Қызылжарма ауылдық округіндегі 1,2 км Ө. Махамбетов көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарына 21 004,2 мың теңгеге ЖСҚ дайындалып, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне өтінім жолданған болатын. 2017 жылы аталған жұмыстарды атқаруға 10 000,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде мердігер мекеме анықталған болатын. Қазіргі таңда, аталған жұмыстарды толығымен аяқтауға 2018 жылға арналған қалған қаражат бөлінген жағдайда жұмыс толығымен аяқталған болады.



2006 жылғы жерлер қашан беріледі?

Ахметова Асел, Қызылорда қаласы,Асфандияров 6

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, сондай-ақ ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес қандай да бір объектілерге берілетін жер учаскелері белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылыстық құжаттарға, яғни бас жоспарларға, даму сызбаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес табысталады делінген.

Сонымен қатар, Кодекстің 44-1 бабының 8 тармағына сәйкес жер учаскесін сұрап өтінім білдірген кезде өтінім арнайы есепке алынып және жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталатын алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылатындығы көрсетілген. Қазіргі таңда 2005 жылғы кезектілікте тұрған азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған сәйкес, 2006 жылғы жер кезектілігінде тұрған азаматтардың өтініштері 2005 жылғы кезектілікте тұрған азаматтарды толығымен жер учаскесімен қамтығаннан кейін, дайын алаңдар болуына қарай қанағаттандырылатын болады.




Қызылорда қаласы, Қоғалы көшесі 31/ 53 пәтер өте апатты жағдайда болғандықтан бізге үй береміз деген. Сол үй қашан беріледі?

Кеңесова Айгерім

Қызылорда қаласы, Қоғалы көшесі 31/ 53 пәтер

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, Титов тұрғын ауданы, Қоғалы көшесі №31 үй Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйлердің тізімінде тіркелмегендігін хабарлайды.

Қызылорла қаласы, Титов тұрғын ауданы, Қоғалы көшесі №31 үй тұрғындары өз қаражаттары есебінен акредиттелген тұлғалар арқылы аталған үйге сараптама қорытындысын жасатып, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар тобына тұрғын үй алу кезегіне тіркелу үшін сараптама қорытындысының көшірмесін қоса, қала әкімдігіне арыз жазу қажет екендігін хабарлай келе, ұсынылған құжаттарыңыз тұрғын үй комиссиясының отырысында қаралатын болады.

Аталған үйтұрғын үй комиссиясының шешімімен апаттық деп танылған жағдайда, тұрғылықты мекен жайы бойынша, төменде көрсетілген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 5 жыл көлемінде жеке меншіктерінде басқа тұрғын үй болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыра алады.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес, «жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғын жайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке береді» делінген.





Тасбөгет кенті, Шажанбаев көшесі, 172 мектептің артындағы көшеге қашан су, свет жол жүргізіледі?

Төреахметов Азамат, Тасбөгет кенті, 5 көше

Қазіргі күні кентті ауыз сумен толық қамту үшін, соның ішінде шет аймақты қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде Қ.Байдаулетов, Ә.Жалғасбаев, С.Шажанбаев, Қ.Юсупов, Қ.Тілеубергенов көшелері енгізілген) жалпы құны 186 млн 924 мың теңге болатын құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, республикалық бюджеттен қаржыландырылуға өтінім тапсырылып, оның 147 млн ақшасы бөлініп тұр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Шажанбаев көшесіне тас жол, электр желісін жүргізуге қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Кентте бүгінгі күні жалпы ұзындығы 123,2 шақырымды құрайтын табиғи газ желісі құбыры жүргізілген. Бұған қоса жалпы құны 43 млн теңгені құрайтын газ желісі құрылысын салудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы арқылы облыстық экономика және жоспарлау басқармасына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім тапсырылды.




Ақсуат ауылдық округі, Маханбет ауылына қашан газ беріледі.

Набиева Құралай, Ақсуат ауылдық округі, Маханбет ауылы

Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс жарияланып, «Верус Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.



Титов қыстағында аппатты үйде тұрдық. Апатты үйден көшіріп жалға беретін үйге көшірді. Жалға беретін үйдін ақшасын төлеп отырмыз. Ақшасын қалай алып тастауға болады?

Алтынай Досболова, Қызылорда қаласы, Титов қыстағы, Қашаубаева көшесі 55/ 3кв

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше Қызылорда қаласы, Титов қыстағы, Жетікөл көшесі №16 «а» көпқабатты 142 пәтерлік жатақхана типтес тұрғын үй «Серік» жеке кәсіпкерінің 14.01.2013 жылғы №2 және «KZ Құрылыс сараптама» ЖШС-нің 22.06.2017 жылғы №122 эксперттік сараптама қорытындыларына сәйкес апатты деп танылуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 28.12.2015 жылғы арызыңызға сәйкес жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар ретінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне тіркелгендігіңізді хабарлайды.

Сізге, қала әкімдігінің 31.10.2017 жылғы №9412 санды қаулысына сәйкес тұрғын үй комиссиясының шешімімен Титов тұрғын ауданы, Ә. Қашаубаев №55 «в» үй, №1 пәтер (3 бөлмелі, 73,27 ш/м) табысталған.



ҚР«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабының 7 бөлігінің 8 тармақшасына сәйкес жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.



«Бәйтерек Девеломпмент» АҚ-нан договормен Арай-3 мкр үй алдым. Бастапқыда үйдің шаршы метрі 140 000 тг болған. Кейіннен төлей бастағанда шаршы метрінің құны 191 000 тг болады екен. Сонда айына 65 500 төлеп отырм. Осы баға ерекшелігі неге көбейіп отыр анықтап берсеңіздер.

Уразалиева Гүлсім

Қызылорда қ, мкр Арай-3, 88/28 пәтер тұрғыны 87759565858

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсанында №922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы аясында «Байтерек девелопмент» АҚ-ы арқылы 2017-2018 жылдары Қызылорда қаласы бойынша 1470 пәтер пайдалануға берілді.

Аталған тұрғынжайлар тұрғын үй алу кезегінде тұрған, төлем қабілеті расталған азаматтарға ұзақ мерзімді сатып алу құқығымен жалға беріліп, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ы мен азаматтардың арасында тұрғын жайды жалдау шарттары рәсімделген.

Тұрғынжайды жалдау шарттары бойынша ай сайынғы төлемдерді жүргізу, шарт талаптары орындалмаған жағдайда тиісті шараларды жүргізу «Байтерек девелопмент» АҚ-мен Қоғамның ішкі ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Шарт талаптары жөнінде жалдау шартын рәсімдеу барысында пәтерді жалға алушыларға түсіндіріліп, Шарт тиісті түрде екі жақты рәсімделіп, нотариалды бекітіліп, бір данасы Жалға алушыға табысталады.

Дегенмен де, қала әкімдігі тарапынан «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на жалдау құны, оның нақты жылдық үстеме пайызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөнінде хат жолданды.




Саяхат 12 көшеден «Сыр бөбегі» бала-бақшасына дейін асфальт қашан салынады?

Садықова Гүлбарша

Саяхат мөлтек ауданы



Саяхат тұрғын ауданы бойынша «Қалалық құрылыс бөлімі» тарапынан барлық көшелеріне тас жол құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы әзірленген. Тас жол құрылысы жүргізілгеннен кейін, асфальт төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.



Жаппасбай батыр көшесінен жаңа үй алғанбыз.Тасбөгетке қатынау үшін қиын болып тұр. Үй жағымызға әлеуметтік магазин ашып берсе және автовокзал арқылы маршрут ашып берсе.

Бақыткүл Әбілдақызы, Тасбөгет кенті, Жаппасбай батыр 7

Алдағы уақытта қалаішілік қоғамдық көлікке деген халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаламызға 150 дана автобустар әкелу жоспарлануда, қазіргі таңда 10 автобус алынап №2 бағытта қатынап жатыр. Осыған сәйкес, қалған 140 автобустарға қажетті сомма бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады.



Қызылорда қаласы, Наурыз мөлтек ауданында қашан газ келеді? Жол мәселесі қашан шешіледі?

Айтпаш Айнұр, Қызылорда қаласы, Үсенбаев көшесі 5


1. Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс жарияланып, «Верус Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

2. Елді мекеннің жол мәселесі бойынша елді мекендегі жалпы ұзындығы 15,8 км құрайтын 24 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 231 млн. 786 мың теңгеге өтінім жолданып, нәтижесінде 10 көшені орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 39 млн. 256 мың теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар 1 маусым күні өткен облыстық бюджет комиссия отырысында ауылдық округке кіре беріс 2 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстарына 48 млн. 105 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жариялануда.

Инфрақұрылымдық желілер жүргізу жоспарлы түрде бюджет қаржатының бөлінуіне орай кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.

Қызылорда қаласы, Наурыз мөлтек ауданында №9 көшенің тас жол төсеу бойынша зерделеу жұмыстары жасалуда.




Шанхай мөлтек ауданында ескі теміржол переезд бар. Сол теміржол переезден өту мектеп оқушыларына қиын болып тұр. Пойыздар тұрып қалады. Балаларымызды өздерін жіберуге қорқамыз. Аспалы көпір салып берсе немесе басқа жол салып берсе екен.

Балғараева Баян, Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесі 12


Ескі теміржол переезд аумағында жаяу жүргіншілерге арналған спалы көпір салуға зерделеу жұмыстары жасалуда. Жоба сметалық құжаттамасын дайындауға бюджеттік өтінім беріледі.

Қазіргі таңда, қала бойынша, Жанқожа батыр көшесіне және Ғ. Мұратбаев көшесі мен Яссауи көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу жоспарлануда. Жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптама қорытындысымен бірге әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім тапсырылды. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.





Титов м/а многоэтажка 11 үйді сарапшылар апатты жағдайда деп таныған, бірақ жер комитеті отказ беріп отыр. Себебін айтқан жоқ. Осыны нақтылап берсеңіз? Неге апатты деп танылған үйге отказ беріп отыр?

жүктеу 337 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау