2011 жылғы 17 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жарияланды
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарының санаттарына бiлiктiлiк талаптары
С-О-5 санаты үшін:
білімі - жоғары кәсіби. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіби білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы, 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 98, анықтама үшін телефоны 8(7272) 44-36-22, факс 8 (7272) 44-36-21 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Алматы қалалық филиалының төлем балансы статистикасы бөлімінің бас маманы-экономисі (С-0-5 санаты, уақытша, бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкердің болмайтын кезеңіне).
Функционалдық міндеттері: Сыртқы экономикалық қызметі бар кәсіпорындарды анықтау бойынша жұмыстарды орындау, кредиттік және инвестициялық тізілімдерді, сыртқы экономикалық қызметі бар кәсіпорындар тізімдемесін қалыптастыру және маңыздылығын арттыру. Төлем балансы бойынша статистикалық ақпаратты уақтылы жинауды, автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асыру, оның шынайылығын қамтамасыз ету және елдің төлем балансын қалыптастыру үшін орталық аппаратқа ұсыну; капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар бойынша мәліметтерді тіркеу және жинау; бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім. Орта экономикалық немесе орта математикалық білім рұқсат етіледі. Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарды, валюталық реттеу және мемлекеттік статистика саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны, төлем балансының статистикасы бойынша жұмыс жүргізудің құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құжаттарды, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Төлем балансының, бухгалтерлік есептің негіздерін және статистика, методология әдістерін, ақша-кредит және қаржылық саясат жөніндегі әдіснамалық материалдарды білуі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін (есептілікті ұсыну тәртібін бұзуға қатысты) білуі. Мамандығы бойынша мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Автоматтандырылған деректер базасымен жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Шет тілін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бойынша жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш, уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған анкета, кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары көрсетілуі тиіс); білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері; еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама; 3х4 үлгідегі фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі) конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдаудың көрсетілген мерзімінде азаматтар қолма-қол тәртіппен өткізген немесе почта бойынша жіберілген құжаттар (қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып істер тігілетін папкаға орналастырылған құжаттар) қабылданады. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіздеме болып табылады.
Сынаққа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық сынақ орталықтарында белгіленген тәртіппен сынақтан өтеді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісінше жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша осы конкурс бойынша сынақ жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.
Осы қызметтерге тағайындалған тұлғалар үшін көтерме ақы шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |