|
«Әкім сағаты» бағдарламасында облыс әкіміне тұРҒындардан келіп түскен сауалдардың орындалуын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспары
«ӘКІМ САҒАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІНЕ ТҰРҒЫНДАРДАН КЕЛІП ТҮСКЕН
САУАЛДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
(2018 жылғы 30 мамыр)
Р/С
|
Сұрақтың қысқаша
мазмұны
|
Сауал жолдаушының
аты-жөні, аймағы
|
Жауап нұсқасы
|
|
Мен жалғызбасты анамын, ақпан айының 15-інде облыс әкіміне кіруге жазылған едім. Үш айға жуық уақыт болды әлі де әкімге кіре алмай жүрмын. Бұл тұрғыда қандай көмек бере аласыз?
|
Айсұлу Бекмұратова
Мкр. Шұғыла 34/6
87054003869
|
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 қаулысына сәйкес алдын ала жазылу негізінде, бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Осыған орай, Сіз жеке қабылдау тізіміне енгізілгеніңізді және қабылдау күні мен уақыты қосымша хабарланатынын жеткіземін. Анықтамалық байланыс телефоны : 60-55-39, 40-11-91.
Берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес шағымдану құқыңыз бар.
|
|
Мен Елеу Көшербаевтың «Тәуекел» кітабын оқыған едім. Онда менің арманымды орындаса Қырымбек орындайды делінген. Сұрайын дегенім әке арманым орындалды ма?
|
Шәкіратова Айнұр-қала тұрғыны
|
Сіздің «Әкім сағатына» жолдаған сауалыңыз біраз ойландырып тастады.
Шынымен, әке арманы орындалды ма? Салмағы басым сұраққа жауап та жеңіл болмас.
«Әке - балаға сыншы» дейді халқымыз. «Бір бала бар, әкесіне жете туады, бір бала бар, әкесінен өте туады, ал, енді бір бала бар, әкесінен кері кете туады» дейді тағы да дана халқымыз. Кері кете туғаннан құдай сақтасын. Әкемнен өте тудым деп те айтсам, күпірлік болар. Дегенмен, әке арманын еселеп орындай алған болсам, онда әкеге ғана емес, елге лайықты азамат болғаным деп ойлаймын.
Менің атам Көшербай әкем Елеу жетінші сыныпты қаладан бітіріп келгенінде «Менің ісімді жалғастыратын осы болар» деп қатты қуаныпты. Он төрт жасында еңбекке араласып, бастауыш мектепке ұстаз болып қана қоймай, меңгеруші де болған әкемнің облыстың үш ауданын басқаруы және басқарып қана қоймай өнегелі ісімен ел есінде қалуы - әке үмітін еселеп ақтағаны деп түсінген болар едім.
«Жақсы әке үшін бала – екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе, ол отбасының мерейі, басы-көзі» дейтін әкеміз марқұм анамыз Дәнештің рухымен тілдескенде «Перзент сүйдік. Айтбай, Қырымбек, Болат, Жомарт – бірі екеумізге жете туған, бірі екеумізден өте туған, осы қарақтарым бізге аз ба? Дүниеміз осы төртеуімен түгелденді ғой, ғұмырымыз базарлы да, ажарлы да болды ғой» деп мұң тілімен-ақ бізге деген сүйіспеншілігін, көңіл толушылығын жеткізген екен.
Елеу Көшербайұлының Кеңес Үкіметінің күйіп тұрған тұсында партия бюросында сынала жүріп Қорқыт баба кесенесін тұрғызғаны белгілі. Кесене Елбасы тапсырмасымен 2015 жылы қайта жаңғыртылып, «Қорқыт Ата зиярат ету орталығы» қоса салынды, кешен «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесінің нысандарының бірі ретінде танылып, сан мыңдаған туристер келді.
Бүгінгі таңда мемориалдық кешенді ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, алдағы уақытта «Қорқыт ата» кешені басында түбі бір, тілі бір туыстас халықтардың халықаралық іс-шараларын өткізуді дәстүрге айналдыратын боламыз. Өйткені, түркі мәдениетінің негізі Елбасының өзі «Алаштың анасы» атаған осы қасиетті өлкеде қаланды. Сыр елін түркі жұртының ортақ отаны десек, мұндағы «Қорқыт ата» құрметіне қойылған мемориалды кешен күллі түркі әлемінің тәу етер орталығы атануға әбден лайықты.
Осы жерде ұлы абыз Қорқыт бабамыздың «Өмір барда – өлім бар, өзгеру бар. Өлмес өмір жоқ. Сынбас темір жоқ. Бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады. Тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі» деген даналық сөзін еске алсақ, әке ісін заманға сай екі-үш есе жалғастыра білсек, әке атын шығара отырып, өзіндік, өзімізге тән қолтаңбамызды қалдыра алсақ – сол әке арманының орындалғаны деп білемін.
Айналайын, Айнұр, өзіңнен үміт күткен ата-ана тілегін сен де өз ісіңе лайықты дәрежеде орындап, ел мақтаны болуыңа тілектеспін.
|
|
I топ көз мүгедегі. 2 жылдан бері Елбасының бағдарламасымен «Оңалту» бағдарламасы бойынша көз кормейтіндерге жеке көмекші беру 8 сағаттан 3 сағатқа қысқарған. Қайтадан 8 сағатқа ұзарып берсе екен.
|
Дарібай Написа, Қызылорда қаласы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі 3 а 6кв
|
Дәрібай Написа Сейтбатырқызы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қызылорда» корпоративтік қорымен 2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап ұлыңыз Асанбеков Бағдат Сізге жеке көмекші ретінде тағайындалып, тиісінше ай сайын төлем жасалып отыр.
2017 жылдың қаңтар мен 2018 жылғы ақпан айларында аталған әлеуметтік қызметті үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ «Қызылорда» корпоративтік қорымен жасалған қосымша келісім-шартқа сәйкес соқырлар қоғамының ұсынған құжаттарына сәйкес жеке көмекші Асанбеков Бағдатқа 3 сағат қойылып, 13379 теңге төленсе, наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қоғамдық бірлестік арасындағы 2018 жылға рәсімделген келісім шартқа сәйкес 4 сағатқа белгіленіп, 27395 теңге төлем жүргізілген.
Сіздің жеке көмекшілердің айлығын көтеру мәселесіне қатысты Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аудан/қала әкімдерімен бірлесіп қарап, облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.
Бұл мәселе қолдау тауып, Қызылорда облысы әкімдігі мәжілісінің 25.04.2018 жылдың № 2 хаттамасына сәйкес жеке көмекшілердің айлық ақысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, сол бағытта жұмыстар жүргізілуде.
|
|
Жеке кәсіппен айналысқым келеді. Балаларым Байқоңырда Ресейлік мекемеде жұмыс жасайды. Балаларыма кредит бермейді. Кепілдікке қоятын ешнарсем жоқ. Кәсіппен айналысу үшін көмек бере ме екен.
|
Қанатбаева Шакизада
|
Сіздің шағын бизнес көзін ашу үшін қаржылай қолдау алу мәселесі жөніндегі сұрағыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарлама шеңберінде өз бизнесін іске асыруға несие қаражаттарын алу арқылы кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы кепіл мүліктері негізінде несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, ішінара кепілдендіру («Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылады) компоненттері бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілуде.
Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің белгілі бір кәсіп көзін ашу үшін банктер арқылы 14 пайызбен алынған несие қаражаттарының 40 пайызын, ауыл кәсіпкерлері үшін берілетін несие қаражатының 50 пайызын субсидиялау көзделген. Яғни, Бағдарлама шеңберінде қала кәсіпкерлері үшін 8 пайыз көлемінде, ал ауыл кәсіпкерлері үшін 7 пайыз көлемінде жеңілдетілген несие қаражаттарына қол жеткізуіне болады.
Бұдан бөлек, әрбір өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» іске асырылуда. Аталған Бағдарлама шеңберінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін жылдық пайыздық мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын 6500 айлық есептік көрсеткіш (2018 жылғы жағдай бойынша 15 632 500 теңгені құрайтын) 7 жыл мерзімге микрокредиттер беру қарастырылған. Сонымен бірге Бағдарлама шеңберінде қатысушылар үшін несие мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдік мерзімі көзделген.
Осыған орай, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгініп, «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқу курстарына жолдама алады немесе қалаларда микрокредит алу қажет болса «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарлама шеңберінде «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқудан өтуі қажет.
Аталған мәселеңіз бойынша Сізге мемлекеттік Бағдарламаларға қатысып, толық ақпарат алу үшін аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына және аудандық кәсіпкерлер палатасына жүгінуіңізге болатындығын хабарлаймыз.
|
|
МГУ–ге 20 грант бөлінген, мен баламның құжаттарын тапсырдым. 11 класс бітірген балам оған бара ала ма?
|
Жолмырзаева Қалдыгүл - Қазалы ауданы тұрғыны
|
Қызылорда облысының түлектерін бакалавриат пен магистратураға қабылдау жалпы конкурстық негізде, шілденің 10-25 аралығында Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша жүргізіледі.
|
|
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев 23 мамыр күні Әкімшілік ғимаратында оқушылармен кездесу кезінде Мәскеу мемлекеттік университетіне 20 грант бөлінгені жайлы айтылды.Сол сұрақ жөнінде Білім басқармасына барғанда ондай грант бөлінбегенін айтты. Біз экзаменді қалай тапсырамыз. 20 грант қайда?
|
Ақпан Дінмұхаммед, Қызылорда қаласы, Толыбекова 15
|
Алдын-ала келісімге сәйкес, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне Қызылорда облысының түлектерін бакалавриат пен магистратураға қабылдау жалпы конкурстық негізде, шілденің 10-25 аралығында Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша жүргізіледі.
|
|
1). Какие рабочие места будут открыты в ближайшие 5 лет? Какие фабрики, заводы, предприятия будут созданы?
2) В связи истощением запасов нефти в южнотургайском регионе будут ли сокращаться рабочие места в нефтяных компаниях?
|
Ерлан Мусаев- председатель общестенного фонда «Социум-Кызылорда
|
1) В рамках второй пятилетки программы индустриализации в области реализуются 26 проектов стоимостью 620 млрд.тенге,
с созданием более 6,2 тыс.рабочих мест.
Из них введены в эксплуатацию 5 проектов, где создано около 300 рабочих мест.
В рамках программы индустриализации в области будут реализованы такие крупные проекты как: - в сфере стройиндустрии: стекольный и тампонажный цементный заводы;
- в сфере металлургии: горно-обогатительный комбинат на свинцово-цинковом месторождении «Шалкия» и производство ванадия на месторождении Баласауыскандык.
- в сфере АПК: производство по выпуску томатной пасты;
- в сфере химической промышленности - завод по выпуску кальцинированной соды.
В 2018 году мы планируем ввести в эксплуатацию 4 проекта стомостью 102 млрд.тенге, с созданием порядка 650 рабочих мест.
Это производство триокиси молибдена, заводы по производству стекла и тампонажного цемента, также цех по переработке рыбы. Производства, которые мы планируем ввести будут крупнейшими в стране, причем экспортоориентированные, применяющие новые технологии.
Вместе с тем, в текущем году мы планируем начать строительство 5 инвестиционных проектов, стоимостью 301 млрд.тенге, с созданием 3,4 тыс.рабочих мест.
2) Всем известно, что сейчас основные нефтяные месторождения области находятся на поздней стадии разработки, а структура остаточных запасов нефти постоянно ухудшается.
В связи с тем, что обводненность отдельных нефтяных скважин уже достигла 98% - добыча нефти ежегодно снижается, в среднем, на 12%.
Конечно, эти факторы объективно способствуют падению объема работ и услуг нефтедобывающих, в том числе нефтесервисных компаний. Основные риски связанные с высвобождением или снижением размера заработной платы работников.
Тем не менее, в целях сохранения рабочих мест управлением занятости ведется мониторинг среди предприятий и организаций по сокращению рабочего времени и штатного расписания работников.
В соответствии с проведенным мониторингом в целях сохранения рабочих мест с начала 2018 года совместно с работодателями крупных и средних предприятий заключены 63 меморандумов о взаимопонимании и сотрудничестве по вопросам сохранения стабильности производственных процессов, обеспечения трудовых прав работников.
Вместе с тем, в 2017 году между акиматом области и 25 крупными и средними предприятиями области приняты «Дорожные карты по переподготовке сокращаемых работников и содействию их дальнейшему трудоустройству». В целом в ближайшее годы по данным информациям нефтяных компаний сокращение не предполагается.
|
|
1). Почему до сих пор в Кызылорда нет напора воды. Часто слышу что старые трубы. Но Кызылорда лидер по обновлению труб. Свыше 70 процентов труб уже обновлены. В чем причина? Почему до сих пор нет напора воды?
2). Почему в Кызылорде строятся заводы, которые сразу закрываются. Например завод по обработке солодкового корня. 2011 году открыли, в 2013 году закрыли. В 2015 году был открыт завод светодиодных лампочек. 100 лампочек в день, зачем открывать такие заводы.
3). 2013 году в сентябре аким сказал что до конца 2015 года город будет обеспечен горячей водой, это не произошло. После в феврале 2016 года на отчетном заседании акиму был опять задан этот вопрос. Тогда аким ответил что до конца 2017 года будет горячая вода. Почему до сих пор нет горячей воды, зачем обнадеживать людей дважды и не выполнять обещание?
4). В интернете есть информация относительно того, что на зеленый пояс вокруг Кызылорды в 2014 году выделено 878 млн.тг - этого зеленого пояса нет, есть только жалкая пародия. Привлечены ли уголовной или иной ответственности , которые занимали посты? Почему нет контроля со стороны акимата, ведь затрачено около 900 млн.тенге?
|
Ильясов Салман- житель города
|
1. «Завод по выращиванию и переработке солодкового корня «Кызыл мия» (ТОО «БИС-Групп»)
В 2013 году для реализации проекта для ТОО «БИС-Групп» выделен земельный участок площадью 9,0 гектаров для размещения завода и 6,0 тыс. гектаров земли для выращивания солодки в сельском округе Жанадария. Стоимость проекта составляет 1,8 млрд. тенге.
В 2014 году завод досрочно введен в эксплуатацию. Однако возникли разногласия между акционерами и деятельность завода была приостановлена до 2016 года.
В результате, привлечения инвестора завод возобновил свою работу в 2016 году (ООО "Борихунда" - 70% и частный предприниматель Е.М. Хван - 30%).
На заводе работали 50 человек. В 2017 году первые 20 тонн продукции были экспортированы в Китай. Однако из-за снижения цены на мировом рынке и не оправдания расходов деятельность завода с марта 2017 года по сей день приостановлена. В связи с этим, учредитель проекта планирует посетить завод, провести ревизию завода, в дальнейшем планируют выпустить экстракт корня солодки.
2) Цех по производству светодиодных лампочек (ТОО «Казэнергосбережение»)
Для реализации данного проекта для ТОО «Казэнергосбережение» выделен земельный участок 1,0 га в индустриальной зоне «Серпин».
Цех введен в эксплуатацию в августе 2015. Однако из-за отсутствия спроса на производимую продукцию товарищество прекратило деятельность по производству светодиодных лампочек.
В этой связи в 2016 году предприятие сменила свою деятельность на швейных цех и была переорганизована в ТОО «Оркен-Алем». На сегодняшний день, в цехе ведется работа по пошиву специальных одежд и работают 21 человек.
|
|
Ауыл шаруашылығымен айналысу үшін шағын несие алу үшін залог қажет пе, қалай алуға болады?
|
Жеткергенова Салтанат 87058313857
Қазалы қаласы, Қорқыт ата 23
|
ҚР Үкіметінің 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы № 919 қаулысымен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының (әрі қарай - бағдарлама) екінші бағыты шеңберінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бағдарлама қатысушыларына несие төмендегідей шарттармен беріледі:
кредит/микрокредит мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін кредит/микрокредит беру мерзімі - 7 жылға дейін,
кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы: ауылдық елді мекендерде (оларың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда-2,5 мың АЕК-ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін - 5,0 мың АЕК-ке дейін;
номиналды сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6 %-дан аспайды.
Қазақстан Республикасымен басқа да дамыған елдердің қаржы институттарының талаптарына сәйкес несие алушыларды қаржыландыру барысында кепілдік қою міндеттелген.
Сонымен қатар көздеген несие соммасын алуға кепілдігіңіз жеткіліксіз болған жағдайда бағдарламада несиелерді/микрокредиттерді ішінара кепілдендіру қарастырылған.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді ішінара кепілдендіруді - «ҚазАгроКепіл» АҚ жүзеге асырады.
Кепілдіктердің мөлшері ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін микрокредиттің сомасынан 85 %-дан аспайды.
|
|
Қызылорда әуежайынан халықаралық рейстер алдағы уақытта ұшады ма? Халықаралық терминал жасау жоспары бар ма?
|
Алтаев Мағжан-қала тұрғыны
|
Ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап «Аэрофлот» әуе компаниясымен жиілігі аптасына 4 рет «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» бағытында тұрақты халықаралық рейс ашылатын болады.
Жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы «тікелей келіссөздер» негізінде іске асыру жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта, жеке инвесторды анықтау үшін «Вazis» ЖШС және «ВІ-group» ЖШС-нің өкілдерімен жобаны іске асыру мәселелері талқылануда.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы әуежайды қайта жаңғырту бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкісімен (ЕҚДБ) қаржыландыру мәселелері қаралып жатыр.
|
|
Қалада Алматы, Шымкент қалаларына қатынайтын автобустар бар. Алдағы уақытта еліміздің басқа да аймақтарына қатынайтын автобустар қосыла ма?
|
Өмірбаев Нұрсұлтан-қала тұрғыны
|
2017 жылдан бастап облысаралық «Қызылорда-Ақтөбе», «Әйтеке би-Ақтөбе», «Қызылорда-Түркістан», тұрақты маршруттары ұйымдастырылып, жолаушы тасымалдануда.
2018 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісімі бойынша облысаралық «Шиелі-Алматы» бағытына конкурс өткізіліп, бүгінгі таңда жолаушы тасымалданып келеді.
Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен халықаралық «Қызылорда-Ташкент» тұрақты маршруттарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Басталуы 2019 жылы, аяқталуы 2020 жылы жоспарлануда.
|
|
Қызылорда қаласы. Астана, Алматы Шымкент маршруттар сияқты басқа қалаларға да маршруттар ашыла ма? Қызылорда-Жезқазған жолын қашан жөндейді?
|
Ақнұр Үсенова, Қызылорда қаласы, Скаткова 20
|
2017 жылдан бастап облысаралық «Қызылорда-Ақтөбе», «Әйтеке би-Ақтөбе», «Қызылорда-Түркістан», тұрақты маршруттары ұйымдастырылып, жолаушы тасымалдануда.
2018 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісімі бойынша облысаралық «Шиелі-Алматы» бағытына конкурс өткізіліп, бүгінгі таңда жолаушы тасымалданып келеді.
Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен халықаралық «Қызылорда-Ташкент» тұрақты маршруттарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының қайта жаңғырту жобасын іске асыру үшін жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Басталуы 2019 жылы, аяқталуы 2020 жылы жоспарлануда.
|
|
ҰОС ардагерлеріне тегін тіс протезін береді деп естіп едім. Алайда қайда барсам да соғыста жарақат алған әкеме протез ала алмай жүрмін. Көмектесуіңізді сұраймын.
|
Шертаева Гүлшат-қала тұрғыны / 25-25-82
|
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың әкiмдерi, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары өз құқығы мен құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлейдi.
Қазіргі уақытта аталған заңға сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп, маслихат сессиясына ұсыну жоспарлануда. Маслихат сессиясы қолдап, тиісті қаржы жоспарға сәйкес бөлінген жағдайда көмек көрсетілетін болады.
|
|
Бұрын Қызылорда қаласының уақыты Атырау, Ақтөбемен бірдей еді. Қазір Астана уақытымен жүреміз. Уақыт өзгерту жұмысы Қызылордада жүреді ме?
|
Елтаева Жұмакүл-қала тұрғыны
|
2017 жылдың басында Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 231 Қаулысының Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қызылорда және Қарағанды облыстары арасындағы республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына сәйкес келетін 4-ші және 5-ші сағат белдеулері арасындағы шекараларды қайтаруға қатысты бөлігіне өзгерістер енгізу туралы облыс әкімі тікелей ұсыныс жолдаған болатын (27.02.2017 ж. №03/1 – 1/1306).
Бұл ұсыныс, құрамында мүдделі органдардың, ғалымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері бар өңірлік деңгейде құрылған арнайы жұмыс тобының қорытындысымен жолданды.
Жоғарыдағы ұсыныс бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі аймаққа географиялық уақытты қайтарудың негіздемесін зерттеп, бұл мәселені қолдады. Аталған министрлік ҚР Үкіметі Қаулысының тиісті жобасын дайындауға әзірлігін жеткізді (26.09.2017 ж. №1878-Д//17-51/1861).
Облыс әкімі Қ.Көшербаевпен ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың атына аймақ тұрғындары үшін аталған мәселенің тез арада шешімін табуына ықпал ету жөнінде қосымша хат (13.01.2018 ж № 01/2-2/289) жолданды.
Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы сағат белдеуін ауыстыру мәселесіне байланысты ү.ж. 16 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің төрағалығымен мәжіліс өтті. Қорытындысымен, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне уақытты есептеуді өзгерту жөнінде зерттеу жүргізу тапсырылды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|