(1-50 – халыққа арналған,
51-63 – жұмыс берушілерге арналған,
63-100 – медициналық қызметкерлерге арналған)
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша
100 СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
№
Сұрақтар
Жауаптар
Халықтың сұрақтары
1.
Ел азаматы ретінде, МӘлМС
енгізуден мен не аламын?
Біріншіден, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық
кӛмек. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын толығымен Қор ӛтейді;
Екіншіден, ТМККК және МӘлМС пакеттері шеңберінде қарастырылған
медициналық кӛмекке жұмсалатын қосымша тӛлемдердің барлық түрінен
босатыласыз;
Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша
кеңейтілген және жақсартылған дәрілік заттардың тізбесіне толық қолжетімділік
(Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);
Тӛртіншіден, ӘлМСҚ-да Сіздің пайдаңызға аударылған салымдар және
медициналық ұйымдарда Сізге кӛрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты
алу мүмкіндігі;
Бесіншіден, сапасыз қызмет кӛрсетілсе немесе МӘлМС қатысушысы ретінде
менің құқықтарым бұзылған жағдайда Қор арқылы ӛз құқықтарыңызды және
мүдделеріңізді қорғау.
2.
1996-1998
жылдардағы
ММСҚ-ның жұмыс тәжірибесі
біздің
есімізде.
Осындай
Қоғамда жүзеге асырылатын кез келген ӛзгерістердің ӛз жағымды және жағымсыз
жақтары бар.
1996-1998 жылдарда сақтандыру медицинасын құру тәжірибесін сын кӛзбен ғана
№
Сұрақтар
Жауаптар
2
жағдай
қазір
де
қайталанбайтынына кепілдік
бар ма?
қабылдауға болмайды, оның сӛзсіз жақсы жақтары бар.
Бұл реформаның ең басты нәтижесі экономикадан қосымша қаражатты тарту
есебінен денсаулық сақтау жүйесі объектілерінің желісін және медициналық кӛмектің
барлық ел халқына қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған бағдарламаның болмауы балалар мектепке
дейінгі мекемелерін жекешелендіруге әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін
сезіледі.
Одан басқа, 90-жылдардағы экономикалық шындықтар ағымдағы жағдаймен
салыстыруға келмейді. 20 жыл бұрын кӛптеген кәсіпорындар күрделі қаржылық
қиыншылықтарға тап болғаны бәріміздің есімізде, олардың кӛбісі банкротқа
ұшыраған, еңбекақы бойынша үлкен қарыздар жинаған. Экономикалық дағдарыс
жаппай, оның ішінде медициналық сақтаундыру қорына тӛлемеудің негізгі себебі
болды.
Қордың жағдайы экономикалық белсенді емес халық үшін тұрақты аударымдарды
қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті атқарушы органдардың да қиын жағдайға тап
болғанына байланысты күшейе түсті.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен қамтудың елеулі ӛсімін белгілейміз.
Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан астам жалданған жұмыскерлер еңбек етуде, ай
сайын жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд теңге және
ӛз жұмскерлерінің пайдасына Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд теңге аударады.
Белсенді емес халық үшін ӘлМСҚ-а салымдарды тӛлеу бойынша міндеттемелерді
мемлекет ӛз мойнына алатынын атап ӛткен жӛн.
Осының барлығы, жалпы, енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын қалыптастырады.
3.
МӘлМС енгізу медициналық
қызметкерлердің ақшалай
«ризашылығын» шешуге
Медициналық қызметкерлердің ақшалай «ризашылығы» немесе қосымша
бейресми тӛлемдердің негізінде, бірінші кезекте, еңбекке ақы тӛлеудегі теңгермешілік
бар.
№
Сұрақтар
Жауаптар
3
қалай кӛмектеседі?
Қазір біліктілігі, тәжірибесі, дағдылары мен білімдеріне тәуелсіз бір
мамандандырудың дәрігерлері бірдей еңбекақы кӛлемін алады.
МӘлМС жағдайында пациенттердің ӛздері таныған дәрігер кӛрсетілетін
қызметтердің кӛлемі мен сапасына сәйкес (немесе адекватты) еңбекақыға ие болады.
Азаматтар жарналарды аудара отырып, ӛз госпитализацияларын немесе емханаға
жүгінуін тӛлеп отыр. Осыған байланысты, жүйенің қатысушылары, МӘлМС жүйесі
белгілеген жарналардан басқа қосымша тӛлемдерді жүзеге асырмауға тиіс.
Осылайша, сақтандыру медицинасының дамуымен медициналық кӛмекке
бейресми тӛлемдердің проблемасы ӛзінің ӛзектілігін жояды.
4.
Мен үш баланың анасымын,
ажырасқанмын, ресми түрде
жұмыс істемеймін, алимент
алмаймын, қосымша табыстар
болып тұрады. МӘлМС-пен не
істеймін?
Біріншіден, Сіздің балаларыңыз үшін 18 жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорына салымдар енгізеді.
Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен
айналыссаңыз, онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды жүзеге асырады.
Басқа жағдайларда медициналық кӛмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:
а) тұрғылықты орын бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет,
ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу
нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз
мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет, белгіленген уақыт ішінде, Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін салымдар тӛлеу бойынша міндеттемені ӛз
мойнына алады.
б) салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге аласыз және Сіз
мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда минималды еңбекақы
тӛлемінің 2%-ы кӛлемінде салымдар жасауға болады.
в) егер Сізге алдындағы екі нұсқалар жарамаса, онда Сізге ӛз бетінше екінші
деңгейдегі банктер арқылы минималды еңбекақы тӛлемінің 2%-ы кӛлемінде