Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет15/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

39

жастағы жыныстық қатынасқа түскен жасөспірім қыздардың әр бесіншісі (21,3%) 

жүкті  болған.«Мединформ»  ЖШС-ның  2011  жылғы  мәліметі  бойынша  елде 

жүктілік бойынша есепке 15-29 жастағы 22 081 жасөспірім қыз (олардың жалпы 

санының 2,9%) алынған. 2011 жылы 1519 жастағы жасөспірім қыздардың боса-

ну саны 12 362-ні құрады,  яғни жүктілік бойынша есепке алынған қыздардың 

55,7%-ы.

15-29 жастағы жастар мен жасөспірімдердің жыныстық белсенділігі олардың 

жыныстық  жолмен  берілетін  инфекциямен  ауыру  қаупін  тудырады.  Өзінде 

жыныстық жолмен жұғатын жұқпаның барын байқаған тұлғалар арасында 62,1% 

жас балалар мен қыздар жыныстық мүшедегі жараның шығуына шағымданған, 

61,8%  ер  бала  кіші  дәретке  отыру  кезінде  ауырғандарын,  жыныстық  мүшеден 

бөліністің  бөлінгенін,  ал  48,3%  -  ұманың  ауыруы  мен  сінгенін  байқаған.  50% 

қыз  бала  етеккірмен  байланыссыз  іштің  төменгі  жағының  ауырғанына  және 

жыныстық мүшеден патологиялық шығындының бөлінгеніне шағымданған. Бұл 

15-29  жастағы  жасөспірімдер  мен  жастардың  жыныстық  және  репродуктвитік 

денсаулығын  жақсарту  бойынша  барлық  шаралар  жүйесін  оңтайландырудың 

және денсаулық сақтау саласында арнайы қызмет құру қажет екенін көрсетеді.

Жастар  денсаулық  орталығы  Қазақстан  Республикасының  Денсаулық 

сақтау  министрлігінің  2011  жылғы  9  маусымдағы  №381  бұйрығына  сәйкес 

ұйымдастырылған.2014 жылдың басында республикада МСАК ұйымдарында 76 

жастар денсаулық орталығы қызмет атқаруда.



Жастар денсаулық орталығы құру үшін негіздеме

• жасөспірімдер денсаулығының әлеуметтік маңызы;

• жасөспірімдердің денсаулығы мен әлеуметтік қорғанысының бірден нашар-

лауы;


• базалық медициналық көмектің жетіспеуі, медициналық-әлеуметтік көмекке 

жоғары мұқтаждық;

•  жастардың  психиологиялық  және  әлеуметтік  жетілмеуі,  денсаулығына  са-

налы қарым-қатынастың және көмекке өздігінен жүгіну жағдысының жоқтығы, 

өзін-өзі бақылау мен өз сезімі мен ойын білдіру дағдысының болмауы;

• «қауіпті мінез-құлықты аурулардың» үлес салмағының өсуімен жастардың 

ауыру  құрылымын  өзгерту.  АИТВ  жұқпасы  мен  жыныстық  жолмен  берілетін 

инфекциялар  індеті,  есірткіні  тұтыну  жасөспірімдердің  денсаулыққа  қатысты 

мәселесін шешуге арналған қызметтерді дамытуды жеделдетуге тура келеді;

• отбасының әсер етуінің төмендігі, ерте пубертат,  жыныстық өмірдің ерте 

басталуы  және  кеш  тұрмыс  құру  репродуктивтік  денсаулықты  сақтауда  елеулі 

мәселе туғызады;

•  жасөсіпірімдер  мен  жастардың  денсаулығын  сақтауда  кешенді  тәсіл  мен 

ведомствоаралық өзара әрекеттестік қажет.




40

Жастар  денсаулық  орталығында  көрсетілетін  қызметтердің  басты 

қағидалары 

• жасөспірімдер мен жастарға бағытталғандық;

• консультативтік және профилактикалық көмектің басымдылығы;

• қолжетімділік;

• КТМКК шеңберінде тегіндік;

• қызмет көрсетуді ұйымдастырудың тиімді түрі;

• осал топтарға көзделу;

• кешенділік пен тиімділік.



ЖДО-ның міндеті

I. Медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету келесі 

мәселелер бойынша басым:

- отбасын жоспарлау;

-  гинекология, оның ішінде балалар мен жасөспірімдік;

-  урология, оның ішінде балалар мен жасөспірімдік;

-  психологтың консультациясы;

-  АИТВ профилактикасы жөніндегі дәрігердің консультациясы;

- дерматовенерологтың консультациясы;

- мінез-құлықтық қауіп факторларының (темекі шегушілік, шектен тыс алкогольді 

тұтыну) алдын алу;

- әлеуметтік-құқықтық мәселелер.

II.  Жасөспірімдерге  келесі  дағдыларға  икемденуге  және  қалыптастыруға 

үйрету:


1.  салауатты өмір салтын ұстану (профилактикалық бағыт);

2.  ЖЖБИ,  ЖИТС  және  жоспарланбаған  жүктіліктің  алдын  алу  бойын-

ша  жыныстық  қатынас  пен  эмоционалдық  мәдениетін,  әлеуметтік  -  құқықтық 

білімнің деңгейін арттыру;

3.    қауіпті  жағдайларды  төмендету  үшін  саналы,  жауапты  және  қауіпсіз 

сексуалдық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

4.  лайықты  мінез  -  құлық  дағдыларын  үйрету  (теңдік,  сыйластық,  өзара 

ынтымақтастық, жағдайды бағалай білу, ілтипаттылық), отбасылық өмірге жауап-

ты серіктестікті (әке болуды) қалыптастыру.

III.  Оқу-әдістемелік,  ақпараттық  материалдарды,  бағдарламаларды  әзірлеу, 

оның ішінде:

1.  репродуктивтік  денсаулығын,  сексуалдық  және  репродуктивтік  мінез-

құлықты  сақтау,  сенімді  әрі  қауіпсіз  контрацептивтік  құралдарды  пайдалану, 

қаламаған жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша жастар мен жасөспірімдерге 

қазіргі заманғы білімдермен қамтамасыз ететін ақпараттық қызметтер көрсету.

2. ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу;

3. лайықты оқыту және ақпараттандыру, оның ішінде құқықтық мәселе бойын-

ша медицина қызметкерлерін, педагогтарды, қоғамдық және жастар ұйымдарының 

өкілдерін, бұқаралық ақпарат құралдарын;



41

4.  жасөспірімдердің  мінез-құлқын  психологиялық  түзеу  бойынша;  сала-

уатты  өмір  салтын  қалыптастыру  нұсқауы;  ЖЖЖИ-дің,  нашақорлықтың, 

маскүнемдіктің және т.б. профилактикасы.

IV. Басқа ЕПҰ-мен жұмыста сабақтастықты қамтамасыз ету:

1.  бейінді  ЕПҰ-ға  (оның  ішінде  қалалық  консультативтік-диагностикалық 

орталықтар мен дағдарыс орталықтары, арнайыландырылған стационарлар және 

т.б.) дер кезінде кеңес алуға жіберу;

2.  арнайыландырылған  тар  бейінді  ЕПҰ-да  басты  емдеу  курсын  алған 

жасөсіпірімдерді  диспансерлік  бақылауды  іске  асыру  мен  оңалту  шараларын 

жүргізу.

V.Жасөспірімдер  мен  жастарды  әлеуметтік-құқықтық  жетекшілікпен 

қамтамасыз ету.

VI. Сектораралық ынтымақтастық (жалпы білім беретін мектептер, орта және 

жоғары  оқу  орындары,  білім  беру,  денсаулық  сақтау  басқармалары,  Әкімшілік, 

салауатты  өмір  салты  қызметі,  наркологиялық  диспансер,  психоневрологиялық 

диспансер, ЖИТС орталығы, тері-венерологиялық диспансер, бұқаралық ақпарат 

құралдары).



Жұмыс технологиясы

Жас адамдарда шынайы қызмет алу мүмкіндігі болу: қарапайым жүгіну ша-

ралары,  тегін  медициналық  көмектің  орындалу  кепілі,  көрсетілетін  қызметтің 

кешенділігі, кез келген қызықтыратын ақпарат алу мүмкіндігі және с.с.

ЖДО-ға жас адамдарды тарту үшін ақпараттық-бұқаралық шаралар жүргізу 

қажет,мысалы, орталық туралы мәлімделген бүктемелер шығарып, оны адамдар 

көп  келетін  жерлерде  тарату,  теледидардан  бейнероликтер  көрсету.      Бірыңғай 

түсте (қызғылт-жасыл) логотип әзірленді, БАҚ-қа, веб-сайтқа жастар денсаулық 

орталығының ақпараттық жолдауы жіберілді (zhas.kz).

ЖДО-ның  қызметі  қыздармен  қатар  ер  балаларға  да  қолжетімді  болуы 

маңызды. Физикалық және ділдік мүмкіндігі шектеулі жас адамдарға орталықта 

басқалармен бірдей қызмет көрсетілуі тиіс.

ЖДО құпиялық қағидасын жіті сақтауы тиіс, жасөспірім дәрігерге толық сенім 

артып,  бәрін  айтуы  қажет.  Кейбір  төтенше  жағдайда  ғана  дәрігер  жасөсіпірмге 

ата-анасы мен жақындарына қиындығы туралы айтуына көндіру қажет, мысалы 

жасанды түсік жасату (Қазақстан Республикасының  «Адамның ұрпақ жаңғырту 

құқықтары  және  оларды  жүзеге  асыру  кепілдіктері  туралы»  2004  жылғы  16 

маусымдағы №565-11 Заңына сәйкес). 

Жасөспірімдерді  ауруға  байланысты  ғана  емес,  профилактикалық  мақсатта, 

сондай-ақ  қызметті  таңдауда  еркіндікті  білдіру  мен  медицина  қызметкерінің 

нұсқауын орындауға байланысты дәрігерге өз бетінше және саналы түрде жүгінуге 

уәждемелеу қажет. 

Қызметкер тарапынан жасөспірімді түсіну мен оның ерекшелгін қабылдауға 

негізделген  қарым-қатынас,  құрмет,  шыдамдылық,  өз  ойын  білдіру  кезінде 

құпиялықты сақтау мен қолдаудың маңызы зор.



жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау