60
сөз сөйлеу, халықтың түрлі тобына психологиялық көмек көрсетуге байланысты
кәсіби мәжілістер мен семинарға, жобаларға, қатысу, мысалы, жобалар: («Отба-
сын нығайту», «Қауіпсіз аналық», «ЖЖЖИ мен АИТВ/ЖИТС профилактикасы»)
және т.б.
Біліктілікке қойылатын талаптар
МСАК орталығының психолог-консультант– «Психология» мамандығы
бойынша жоғары психологиялық білімі бар және медициналық психология
бойынша дипломнан кейінгі білім беру факультетінде қосымша дайындықтан
өткен, дайындық бағдарламасымен қарастырылған түрлі психопрофилактика,
психологиялық түзету, психологиялық консультация әдістерін игерген және ме-
дицина психологиясы бойынша сертификат алған маман.
Мекеме басшысына немесе орынбасарына бағынады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады және орнынан босатылады.
Келесі міндеттерді атқарады:
1. Дәрігердің жолдауы бойынша негізіне патопсихологиялық патогендік
мінез-құлықтық стереотиптер жататын психологиялық ауытқу мінез-құлықтық
қауіпті факторлармен ерекше назар аудара отырып, психодиагностикалық зерттеу
жүргізеді.
2. Психологиялық денсаулықты қалпына келтіруге және пациенттің
дамуындағы ауытқуды түзетуге бағытталған жұмысты жүргізеді.
3. Пациенттің тұлғалық үйлесімді дамуына немесе оны қиындатуға бөгет жа-
сайтын жағдайды анықтайды.
4. Пациентке, оның туыстарына және медициналық қызметкерге тұлғалық,
кәсіби және тұрмыстық психологиялық мәселені шешуде көмек көрсету арқылы
психопрофилактика, психотүзету, психологиялық консультация бойынша шара-
ларды іске асырады.
5. Дәрігермен бірге (психотерапевт) жеке, жыныстық және жастық фактор-
лар есебімен дамытушы және психологиялық түзету бағдарламалары әзірленеді.
Дәрігермен бірге құндылықты нұсқау, қабілетті, мүмкіндікті және өзекті жоспар-
ларды есепке ала отырып пациенттерді профилактикалық бағдарлау бойынша
жұмыстарды орындайды.
6. Медицина, әлеуметтік психология және деонтология саласында медициналық
қызметкерлерді оқыту бойынша жұмыс жүргізу.
7. Өткізілетін психологиялық, емдік және профилатикалық шаралардың
тиімділігін анықтайды.
8. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен сәйкес белгіленген үлгіде құжаттарды
рәсімдейді.
9. 5 жылда кемінде бір рет білімді жетілдіру циклында өз біліктілігін арттыру.
10. Психопрофилактика, психодиагностика, психологиялық түзету,
психологиялық консультацияның заманауи әдістері тәжірибесіне енгізеді.
61
10. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің рөлі
Әлеуметтік жұмысты классикалық анықтау жасқа, жынысқа, ұлтқа, сенімге,
азаматтыққа байланыссыз қиын жағдайға тап болған адамға көмек көрсету
ретінде осы қызмет түрінің шегін көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкердің басты мақсаты – әл-ауқан және әлеуметтік дұрыс
қызмет етуге (лайықты, үйлесімді және толыққанды өмір) тұлғаның, отбасының,
қоғамның мүмкіндігі мен қабілетін ашуға қамқорлық.
Әлеуметтік жұмыстың басты құндылығы – клиентке оның даралығын,
бірегейлігін қабылдауға және көмектесуге әр адамның құқығын мойындау –
дәрігер қағидасымен үйлеседі.
Денсаулық сақтау мекемесінде әлеуметтік қызметкердің тәжірибесі дәрігердің
диагнозына, зертханалық сараптау көрсету ғана емес, психологиялық-әлеуметтік
зерттеу, әлеуметтік жағдайды сараптау және науқастың психологиялық жағдайына,
оның жақынына, отбасындағы жағдайға сүйенеді.
Медициналық әлеуметтік қызметкердің басты міндеттері – ол:
- науқастың айналасындағылармен оңтайлы байланысты қамтамасыз ету
(мәселенің өте кең ауқымы – тұлғалықты анықтау мен психологиялық ауру
пациенттерді оқытуды ұйымдастыруға дейін науқастың құжаттарын қалпына
келтіру);
- дағдарыс жағдайында науқастың жақындарына өзіндік көмек пен қолдауды
оңтайландыру;
- медициналық мекеме қызметкерлерінің науқастың отбасымен және
жақындарымен байланысты қамтамасыз ету;
- клиенттің ауруы қайғылы оқиғамен аяқталған жағдайда жақындарды және
туғандарға қолдау көрсету);
- халықты медициналық-әлеуметтік-психологиялық ағарту;
- әкімшілік қолдау бағдарламалары.
Шетелдік зерттеуге сәйкес медициналық әлеуметтік қызмет клиенттерінің
басты мәселелері денсаулықпен, балаларға күтім жасаумен, нашақорлық пен
маскүнемдік мәселесімен, жарақаттан кейінгі күйзелістің салдарымен, қайғылы
оқиғамен байланысты. Келесі көмек түрлері: клиентке оның жақындары
мен туыстарының ауыру мәселелері бойынша ақпараттандыру, ЖИТС-пен,
маскүнемдікпен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызуға көмектесу,
балаларға күтім жасау бойынша жас ата-аналарға нұсқау беру, созылмалы аурула-
ры бар адамдарға көмектесу, қарт және жалғыз басты адамдарға қолдау көрсету
және т.б.
Әлеуметтік қызметкердің қызметіне мұқтаж ерекше категорияны аутизммен,
олигофрениямен ауыратын психикалық науқастар, сондай-ақ гестациоздық және
метаболизмдік ауытқумен ауыратын және бас сүйек – ми зақымнан зардап шегетін
науқастар көрсетеді. Емдеу мекемесінің жағдайында пациенттерде ятрогения
және эгогения туындауы мүмкін, ондай жағдайда әлеуметтік қызметкерлер кері
эмоциядан арылтуға бағытталған көмек стратегиясын әзірлеу. Ерекше мұқтаж
62
адамдармен әлеуметтік жұмысының жеткілікті кең қолдаушы көмек үлгісінің
спектірі бар. Оған жеке және топтық техникалар, ерекше қолдау бағдарламалар
кіреді. Топтық көмек әдістері қолданылады.
Әлеуметтік қызметкер стационарлар, онкологиялық науқастарға қызмет
көрсетушілер, емделмейтін науқастар, жарақат бөлімі, қарқынды терапия палата-
лары және т.б. үшін таптырмайды.
Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау басымдылығы әлеуметтік жүйе тура-
лы білімді игерумен және клиенттердің практикалық қажеттілігін түсінумен
аяқталады. Осы немесе басқа отбасының мұқтаж болып отырған ресурстарына
қалай қол жеткізу керек екенін үйретеді, олар тұрмысы төмен отбасы секілді
тұрмыс деңгейі орташа отбасымен де, түрлі этникалық топтардың өкілдерімен
және жеңсікқұмарлармен де жұмыс істеу алады.
Әлеуметтік қызмет халыққа кешенді медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
бойынша түрлі бағдарламаларды және амбулатория қызметкерлерінің кәсіби
біліктілігін көтеруді іске асырады. Оның ішінде:
1. Салауатты өмір салты бойынша бағдарламалар;
2. Қызметкерлер мен халыққа арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг-
тер;
3. Консультациялық және медициналық-түзету жұмысына арналған сенім те-
лефоны;
4. Бастамашыл клубтар қызметі («Лайықты қарттық», «Эврика», «Жасырын
нашақорлар» және т.б.);
5. Нашақорлар ұясына, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар пәтеріне, мұқтаждарға
бару арқылы кешенді жедел медициналық-психологиялық көмек бригадасының
жұмысы;
6. Жаңартпашыл технологияны қолдану арқылы көшпелі медициналық-
әлеуметтік жұмыс жүргізу, көшпелі тренингтер өткізу (туристік базалар,
табиғатта, оқу орны және т.б.).
7. Ғаламтор бойынша үйірме қызметін ұйымдастыру.
8. Компьютерлік класс қызметі.
9. Өзін-өзі шығармашылық көрсету бойынша мәдени шараларды өткізу (поэзия
кештері, бұйымдардың көрмесі және жаппай сату, аса көрнекті қайраткерлермен
кездесу, дарындыларды іздеу, театрланған қойылым және т.б.).
10. Мемлекеттік, халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық.
11. Қоғамдағы, әкімшіліктегі, депутаттар, бизнесмендер арасындағы
көшбасшылармен Үйлестіру кеңесінің жұмысын жүргізу.
12. Жастар арасынан көшбасшыларды дайындау, салауатты өмір салты бой-
ынша нұсқаушыларды, еріктілерді дайындау бойынша жаттығу сабағының түрі.
Әлеуметтік қызметкер жеке ерекшелікті есепке ала отырып, өз учаскесі мен
мекен-жайындағы халықтың сенімді тұлғасы ретінде сөз сөйлейді, оңтайлы
медициналық-әлеуметтік қызмет көлемін беруді қамтамасыз ете отырып,
пациенттердің денсаулығын сақтау және нығайту бағдарламаларын іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |