Әдістемелік ұсынымдар алматы 2014



жүктеу 0,73 Mb.
Pdf просмотр
бет19/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,73 Mb.
#10085
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26

49

жастан асқан әйелдер арасында сүт безі ісігінен өлім-жітім деңгейін орта есеп-

пен  30%-ға  төмендетті.  Жатыр  мойыны  сүртіндісінің  цитологиясы  Финляндия, 

Исландия, Швеция, Дания мен Норвегияда өткізілген зерттеу кезінде жатыр мой-

ыны ісігінен болатын өлім-жітімді орта есеппен 80%-ға төмендеткен. Скрининг 

кезінде  нәжістегі  жасырын  қанды  анықтау  тестін  жүргізу  арқылы  Миннесота 

(АҚШ), Англия, Финляндияда өткізілген зерттеу кезінде тоқ/аш ішек ісігінен бо-

латын өлім-жітімді орта есеппен 15%-ға төмендетуге қол жеткізілген.

Қазақстан Республикасында 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 

Президентінің  2010  жылғы  29  қарашадағы  №1113  Жарлығымен  бекітілген 

Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2011-2015 

жылдарға  арналған  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасымен; 

Мемлекет  басшысының  2011  жылғы  28  қаңтардағы  «Болашақтың  іргесін 

бірге  қалаймыз!»    және  «Қазақстан  Жолы  -  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»атты2014  жылғы  17  қаңтардағыҚазақстан  халқына  Жолдауларымен; 

«Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу 

ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 

міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер 

енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2011 

жылғы  16  наурыздағы  N  145  бұйрығымен  реттемеленген  ұлттық  скринингтік 

бағдарлама іске асырылуда.

Скринингті жүргізудің басты қағидалары

Скринингті  жүргізудің  негезгі  шарттары  дайындалған  қызметкерлер 

құрамының болуы және зерттеліп отырған белгілерді анықтауға стандартталған 

тәсіл  мен  алынған  нәтижесі  бағалау  болып  табылады.  Қолданылатын  әдістер 

қарапайым, сенімді және қалпына келтірілетін болуы қажет. Олардың жеткілікті 

сезімталдықты және жоғары өзгешелікті игеруі қажет. 

Скрининг түрінде тексеру көп кезеңдік сипатта болуы мүмкін, мысалы, бірінші 

кезеңде артериялық гипертензиямен ауыратын барлық науқастарды аныөтайды, 

екінші  кезеңде  клиникалық  немесе  амбулаторлық  жағдайда  АҚҚ-ның  көтерілу 

себебін  анықтайды,  ол  науқасқа  емдік  көмекті  саралауға  және  бір  мезгілде 

гипертониялық аурулар жиілігі мен жеке  симптомдық гипертензия түрлері тура-

лы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Скринингтің рөлі халықты диспансерлеу 

кезінде  өте  маңызды.  Денсаулық  сақтау  саласының  тәжірибесінде  скринингтік 

зерттеу сипатына бұқаралық профилактикалық, гинекологиялық тексеруді, флюо-

рография, маммография кіреді; ең көп таралған тексеру кардиология, онкология, 

фармакологиямен медициналық генетикада скрининг алады.

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  негізгі  ұсыныстарының  бірі 

скринингтік  бағдарламаны  жүзеге  асыру  кезінде  ауруларды  ерте  анықтауға 

тестілеуді  ғана  емес,  сондай-ақ  әлемдегі  дамыған  және  дамушы  елдердегі 

халықтың  өлім-жітімінің  басты  себебі  болып  табылатын  созылмалы  жұқпалы 

емес аурулардың қауіпті факторларын анықтауға да тестілеу қолдану қажеттілігі. 



50

Темекіден  бас  тарту,  артериялық  қан  қысымын  бақылау,  дұрыс  тамақтану, 

жеткілікті  дене  белсенділігі,  алкогольді  тұтынуды  шектеу,  дене  салмағын 

тұрақтандыру  болжамды  жақсарту  мен  халықтың  мүгедектік  және  өлім-жітім 

деңгейін төмендету үшін маңызды жағдай ретінде бағаланады. 

Скринингтік  тексеріп-қарау  кезінде  жүргізілетін  «тест-сауалнаманы» 

қарапайымдылық,  жалпыға  қолжетімділік,  түрлі  автоматтандырылған  зерт-

теу  жүйесінде  және  жаппай  зерттеу  жүргізуде  оны  қолдану  мүмкіндігі  ретінде 

стандартталған  сұрақ-жауап  ерекшелігінің  арқасында  келешегі  зор  зерттеу 

әдісі  деп  есептеуге  болады.  Анықталған  науқастарды  толық  тексеру  бойын-

ша  жақсы  ұйымдастырылған  жұмыс  арқылы  сауалнаманы  дұрыс  қолданған 

жағдайда (ф025-08/у – амбулаторлық пациентті профилактикалық медициналық 

тексерудің(скринингтің) статистикалық картасы), скринингтік тексеру тиімділігі, 

әсіресе  аурулардың  пайда  болуына  мінез-құлықтық  қауіпті  факторларды  ерте 

анықтауда  артады.  Скринингтің  тиімділігінің  маңызды  аспектілері  тек  тексе-

румен  қамту  ғана  емес,  қауіпті  факторлар  анықталған  адамдарды  жіті  есепке 

алу  болып  табылады.  Алғашқы  кездегі  аурудың  белгісіз  дамуының  себебінен 

көптеген науқастар әрі қарай бақылаудан бас тартқандықтан онымен байланыс 

жоғалады. Осыған байланысты, қауіпті факторлары бар тұлғалар арасында ерте 

сатыда ауруды анықтауға кеткен күш зая кетпес үшін диспансерлік бақылаудың 

маңыздылығына қатысты түсіндіру жұмысын жүргізуді талап етеді. 

Қазақстандағы скринингтер түрлері

Қазақстанда  Ұлттық  скринингтік  бағдарлама  Қазақстан  Республикасының 

денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты 

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бағыты ретінде 2011 жылдан ба-

сталды және оған 14 скринингтік бағдарлама кіреді:

2009 жылдан басталды:

1. АГ, ИЖА-ны ерте анықтауға скрининг

2. Сүт безі ісігін ерте анықтауға скрининг 

3. РАР-тестті қолдану арқылы жатыр мойыны ісігін ерте анықтау үшін әйелдер 

скринингі

2011 бастап енгізілді:

4. Қант диабетін ерте анықтауға скрининг 

5. Ерте жастағы балларды туа біткен және жүре біткен құлақ есту ақауын ерте 

анықтауға скрининг

6. Глаукоманы ерте анықтауға скрининг

7. Нысаналы қауіпті топтағы балалар мен ересектердегі В және С гепатитіне скри-

нинг 

8. Тоқ ішек ісігін ерте анықтауға скрининг 



Эксперименттік өңірлерде 2013 жылдан бастап, республиканың барлық 

өңірлерінде 2016 жылдан бастап енгізілді.

9. Аталық без ісігін ерте анықтауға скрининг 

10. Өңеш пен асқазан ісігін ерте анықтауға скрининг 



жүктеу 0,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау