Жалпы қышқылдылықты анықтау әдісі.
Обьектінің консистенциясы мен қасиетіне байланысты өнімді титрлеу, (сумен араластырғаннан кейін), немесе өнімді сумен араластырып болғаннан кейін, фильтратты титрлеу, бірнеше рет араластырғаннан кейін немесе қышқылды сілтілегеннен кейін және өнімді қыздыру арқылы қышқылдылықты анықтау болып келеді.
Сілтінің титрлеуге кеткен көлемін өнімдегі бар қышқылдылыққа есептейді, немесе бір қышқылды әр түрлі заттардың қышқылдылықтарын салыстыру үшін алады.
Дәлме – дәл жауап алу үшін, дәл осы уақыт кеткеннен кейін, зерттелетін өніммен суды салыстырмалы көлемдік шамасын ескереміз, сілтілеу әдісі мен титрлеу әдісін сәйкестендіру қажет. Алған шамамыз нормадан асып кетпеу қажет, 0,1 н сілтімен титрлегенде 3 мл шамадан кем болмау керек.
Бұл жағдайды фильтрат көмегімен титрлегенде де ескеру керек. Индикатор таңдау (лакмус, фенолфталеин және т.б.) негізделу керек. Түссіз немесе жай боялған ерітінділерге индикатор есебінде көбінесе фенофталеин пайдаланады. Негізінен тұрақсыз қышқылдарды титрлегенде индикатор жай сілті реакциясы кезінде түсі тез өзгеру керек. Бұл талаптарға фенолфталеин сәйкес келеді. Сонымен қатар тимолфталеин рН 8,2 шамасына жеткенде түсін өзгертеді, сонымен бірге бос қышқылдардың нейтралдануының аяқталғанын көрсетеді.
Тәжірибелік бөлім
Консерві өнімдерінің жалпы қышқылдылығын келесі әдіспен анықтаймыз. 20 г орташа үлгіні алып стаканда немесе фарфор кеседе техникалық таразымен 0,01 г дәлдікпен өлшейміз, бірде-бір тамшысын қалдырмай көлемі 250 мл-лік колбаға құямыз. Колбаға температурасы 800С-тағы дистилденген су құйып, ¾ көлемге жеткіземіз. Жақсылап араластырамыз, содан кейін 30 минут уақытқа қалдырамыз, арасында қайта-қайта араластырып отырамыз.
Колбаны бөлме температурасына дейін кран суымен салқындатамыз. Содан кейін дистилденген сумен колбаның белгісіне дейін жеткіземіз, пробкамен жабамыз да жақсылап араластырамыз. Құрғақ стаканға немесе колбаға сұйықтықты фильтр қағаз арқылы фильтрлейміз. Фильтраттан 50 мл пипеткамен алып 200-250 мл – лік конустық колбаға құямыз, оған 3-5 тамшы 1% - тік фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін тамызамыз және 0,1 н сілті ерітіндісімен титрлейміз.
Жалпы қышқылдылықты пайызға аударамыз (Х), керекті қышқылға байланысты мына формуламен есептейміз:
Достарыңызбен бөлісу: |