Қазақстан білім және ғылым министірлігі
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Тағам өнімдерінің сапасы және қауіпсіздігі кафедрасы
6В07501 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының студенттеріне арналған «Тағам химиясы» пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Алматы 2022
Құрастырушылар: «Тағам өнімдерінің сапасы және қауіпсіздігі» кафедрасының қауымдастырылған профессор, х.ғ.к. Желдібаева А.А.
«Тағам химиясы» пәні бойынша оқытылатын өзіндік жұмысын орындалуға арналған әдісдемелік нұсқау.
Алматы, АТУ, 2017 ж. 34 бет.
Әдістемелік нұсқау АТУ-дың кредиттік технологиясында оқытылатын студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы және ҚР МЖБС мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес келеді.
Әдістемелік нұсқау университеттің 5В073200 - «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығына оқытылатын бірыңғай оқу және оқу-әдістемелік құжаттары негізінде бакалаврдың өзіндік жұмыстарын рәсімдеудің жалпы ережелері мен талаптары көрсетілген.
«Тағам өнімдерінің сапасы және қауіпсіздігі» кафедрасында «____»________2017 ж қарастырылған және бекітілген №____ хаттама
Рецензент: _____________
Тамақ өнімдері факультетінің Кеңесінде мақұлданған «____»_______2017 ж.
№____ хаттама
Төраға, т.ғ.д., профессор ______________ Байболова Л.К.
АТУ Ғылыми әдістемелік Кеңесінде мақұлданған «____»________2017 ж. бекітілген №____ хаттама
№ 1. Зертханалық жұмыс
Тағам өнімдеріндегі белокты анықтау.
1-Тәжірибе
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді тағам белоктарының физико-химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Керекті материалдар мен құралдар:
Пробиркалар.
Пипеткалар 1 немесе 2 мл.
Тамызғыштар.
1% СН3СООН ерітіндісі.
10% СН3СООН ерітіндісі.
1% NaCL ерітіндісі.
10% NaCL ерітіндісі.
HNO3 концентрлі ерітіндісі.
0,5% сулема ерітіндісі.
5% CuSO4 ерітіндісі.
3% AgNO3 ерітіндісі.
0.5% Pb(CH3COO)2 ерітіндісі.
30% NaOH ерітіндісі.
1% CuSO4 ерітіндісі.
Қажетті шикізаттар: 5 түрлі белок сығындысы (горох, нан, ұн, құрғақ сүт, жұмыртқа).
Жұмысты орындау тәртібі:
Алты пробиркаға 2 мл белок сығындысын құяды. Бірінші пробиркадағы ерітіндіні су моншасында қыздырады. Қанша уақыттан кейін тұнба түсетінін байқаңыз. Екінші пробиркаға 1 тамшы 1% СН3СООН ерітіндісін қосып, қыздырады. Бұл жолы не болатынын байқаңыз. Үшінші пробиркаға 0,5 мл 10% СН3СООН ерітіндісін қосып, қыздырады. Тұнбаның пайда болуын түсіндіріңіз. Бесінші пробиркаға 0,5 мл 10% NaCL ерітіндісін құйып, қайнағанға дейін қыздырады. Тұнбаның түзілуін түсіндіріңіз. Алтыншы пробиркаға 0,5 мл концентрлі HNO3 ерітіндісін құйып, аздап қыздырады. Сары тұнбаның түсуін түсіндіріңіз.
Жұмыртқаның ақ уызын сарысынан бөліп алып, 10 есе дистилденген сумен араластырып, екі қабат марлядан сүзеді. Ерітіндісінде альбумин, тұнбада глобулин. Глобулинді NaCL ерітіндісінде ерітеді. Альбумин ерітіндісіне 1 мл 30% NaOH ерітіндісін және 2-3 тамшы 1% CuSO4 ерітіндісін тамызады. Күлгін түстің түзілгенін түсіндіріңіз.
№ 2. Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |