Тәжірибелік бөлім
Сиымдылығы 100 мл-лік 4 колбаға 25 мл-ден 25% немесе 30% қант ерітіндісін құйып, ерітіндісі бар әр колбаның салмағын өлшеп үгітілген өнімдерді өлшеп, әрқайсысын қант ерітіндісі бар колбаға салады. Колба салмағын тағы да өлшеп жазады. Бұл алынған өлшем ерітіндінің дәл салмағын білу үшін керек. Бұдан соң ерітіндісі, оған қосылған өнімдері бар колбаларды 2 сағатқа қалдырады. 2 сағаттан кейін колбадағы заттарды шыны таяқшамен жақсылап араластырып 5-10 минутқа тыну үшін қалдырады. Сосын рефрактометр арқылы қанттың концентрациясын анықтау үшін бірнеше тамшыны пробиркаға салады. Рефрактометрдің сыну көрсеткіші арқылы сахарозаның процентін анықтайды (кесте көрсеткішімен салыстырып).
Осымен қатар өлшемді 100-1050С тұрақты салмаққа дейін құрғату арқылы судың жалпы мөлшерін анықтайды.
Бос судың мөлшерін (%) мына өрнекпен есептейді:
Х = 100*(А-Б)*В/Б*m
Мұндағы:
А – сахарозаның тәжірибеге дейінгі ерітіндідегі мөлшері (навескаға дейінгі), %;
Б – сахарозаның ерітіндіге аталған заттарды (навесканы) қосқаннан кейінгі мөлшері, %;
В – алғашқы ерітіндінің салмағы, г;
m – зеріттелінген материалдың салмағы, г.
Байланысқан және бос судың санын % - пен анықтау үшін судың жалпы мөлшерімен және сулы заттардағы бос судың мөлшерінің % - інің айырмасынан табады.
Рефрактометр сыну көрсеткішін 1,3-1,7 аралықта 2*10-4 дәлдікпен анықтайды.
Ерітіндідегі құрғақ затты 20 С сыну көрсеткіші
арқылы анықтау, % сахароза
nd20
|
Құрғақ зат
|
nd20
|
Құрғақ зат
|
nd20
|
Құрғақ зат
|
nd20
|
Құрғақ зат
|
1,3344
|
1
|
1,3448
|
8
|
1,3557
|
15
|
1,3672
|
22
|
1,3359
|
2
|
1,3464
|
9
|
1,3575
|
16
|
1,3689
|
23
|
1,3374
|
3
|
1,3479
|
10
|
1,3589
|
17
|
1,3706
|
24
|
1,3388
|
4
|
1,3469
|
11
|
1,3605
|
18
|
1,3723
|
25
|
1,3392
|
5
|
1,3510
|
12
|
1,3622
|
19
|
1,3740
|
26
|
1,3418
|
6
|
1,3526
|
13
|
1,3638
|
20
|
1,3758
|
27
|
1,3433
|
7
|
1,3541
|
14
|
1,3655
|
21
|
1,3775
|
28
|
№ 14. Зертханалық жұмыс
Судың тотыққыштығын анықтау
1-Тәжірибе
Жұмыстың мақсаты: Судың тотыққыштығын анықтау.
Теориялық бөлім
Судың тотыққыштығы деп, судың құрамындағы заттардың тотықтырғыштармен әрекеттесу қабілетін айтады. Тотықтырғыш шамасын 1 л судағы заттарды тотықтыруға жұмсалатын оттегінің мг-мен алынған мөлшерімен көрсетеді. Тотықтырғыштық судың органикалық заттармен ластану деңгейін көрсетеді. Судың тотыққыштығын анықтаудың кең таралған жолына перманганатты әдіс жатады. Ол органикалық заттардың калий перманганатымен қыздырғанда тотығуына негізделген.
Судағы хлор ионының мөлшеріне байланысты тотыққыштықты анықтауды қышқылдық немесе негіздік ортада жүргізеді: хлор-ион мөлшері 100 мг/л дейін болса қышқылдық ортада жүргізгенде KMnO4 – тің тотықсыздануы төменгі өрнек бойынша жүреді:
2KMnO4 = K2O + 2MnO + 5O
Реакцияға алынған KMnO4 – тің артық мөлшері қымыздық қышқылымен титрленеді. Реакция өрнегі:
2KMnO4 + 5H2C2O4 + 3H2SO4 = 2MnSO4 + K2SO4 + 10CO2 + 8H2O
Хлор-ион мөлшері суда шамадан тыс көп болса, ол қышқылды ортада тотығуға әсер береді:
2NACL + H2SO4 = Na2SO4 + 2HCL
2KMnO4 + 16HCL = 2KCL + 2MnCL2 + 5CL2 + 8H2O
Мұндай жағдайда тотығуды негіздік ортада жүргізу қажет.
Реакция өрнегі: 2KMnO4 = K2O + 2MnO4 + 3O
Тотықтыруға алынған KMnO4 артық мөлшері бұл жағдайда да қышқылды ортада қымыздық қышқылмен титрленеді. Тұнбаға түскен MnO2, H2C2O4 – ке дейін төменгі өрнекпен тотықсызданады.
MnO2 + H2C2O4 + H2SO4 = MnSO4 + CO2 + 2H2O
Достарыңызбен бөлісу: |