Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018-2019 оқу жылында 30 пилоттық жалпы білім беретін мектептердің 4-сыныптарындажаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу жалғастырылады.
Апробация міндеттері:
әзірленген жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК енгізу тиімділігін практикада тексеру;
апробацияланатын оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен ОӘК-інің ББ МЖМС негізгі ережелеріне сәйкестік дәрежесін анықтау;
жаңа оқу бағдарламаларын жалпы білім беретін мектептердің оқыту процесіндепайдаланудың перспективаларын анықтау;
жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу нәтижелеріне талдау жасау (білім алушылардың білім сапасы, оқу мақсаттарына жету, оқыту процесінің білім алушының жалпы денсаулық жағдайына әсері);
оқу бағдарламарын, оқулықтар мен ОӘК-діқайта өңдеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
оқу материалдары мазмұнының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарына сәйкестік дәрежесін анықтау.
4-сыныптың оқу бағдарламалары жаңа білім стандарты бойынша оқыту процесін, критериалды бағалау жүйесін, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін тексеруге және жетілдіруге, білім алушылардың нақты оқыту мақсаттарына қол жеткізуіне, сондай-ақ білімнің белгілі бір көлемін меңгеруіне, оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
ББ МЖМС-н апробациядан өткізу аясында әрбір оқу пәнінен қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша әзірленген және мұғалімге ұсынылған оқу тапсырмаларының оқу мақсаттарына сәйкестігін анықтауқажет.
Пилоттық мектептердің 4-сыныптарында «Қазақ тілі» (Т1), «Әдебиеттік оқу», «Орыс тілі» (Я2), «Ағылшын тілі», «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)», «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарынегіздері), «Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарнегіздері), «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» оқу пәндерін оқыту жалғасады.
4-сынып оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері
4-ші сыныптарда тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды оқыту барысында қалыптастыруқажет. Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытумақсатын көздейді, яғни мәтіндерді түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін арттыруға, қоғам өміріне белсенді қатысуға бағытталған.
Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту сауаттылыққа үйретуге және оқу дағдыларын қалыптастыруға, сөздікті белсенділендіруге, ауызша және жазбаша сөйлеуді, монологтік және диалогтік сөйлеуді дамытуға бағытталған.
4-сыныптың оқу бағдарламалары және оқулықтарының құрылымы мен мазмұныоқу жылына есептелген 8 ортақ тақырып бойынша құрылған:
Менің Отаным – Қазақстан.
Құндылықтар.
Мәдени мұра.
Мамандықтар әлемі.
Табиғат құбылыстары.
Қоршаған ортаны қорғау.
Ғарышқа саяхат.
Болашаққа саяхат.
Ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру үшінбазалық оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (оқу-әдістемелік кешендер, хрестоматиялар және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер пайдаланылады. Барлық ортақ тақырыптарды оқыту барысында қауіпсіздік пен қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мәселесін талқылауға бағытталған мәтінді дайындау мен таңдауға ерекше мән берілуі тиіс.
Мәтін тақырыптары тәуекел ету мен апаттық жағдайларда қауіпсіздік мәселелерін, мектеп ортасында жарақаттардың алдын алу мен зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелерін қамтуы тиіс.
Оқу пәндері бойынша әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәндерінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген(73-кесте).
73-кесте – 4-сыныпта пәндер бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
№
|
Пәндер
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
1
|
Қазақ тілі
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
2
|
Әдебиеттік оқу
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
3
|
Орыс тілі (Я2)
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
4
|
Шетел тілі/Ағылшын тілі
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
5
|
Математика
|
3
|
2
|
2
|
3
|
6
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
|
2
|
2
|
2
|
2
|
7
|
Жаратылыстану
|
2
|
2
|
2
|
1
|
8
|
Дүниетану
|
2
|
2
|
2
|
2
|
*Тілдік пәндерден және әдебиеттік оқудан бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
«Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту:
- саналы, дұрыс, көз жүгіртіп және мәнерлеп оқуға қол жеткізу;
- сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін жетілдіру;
- оқырмандық ой-өрісін қалыптастыру және сатып алу тәжірибесі, өзіндік оқырмандық әрекетте және кітапты таңдауда тәжірибе жинау;
- лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамыту;
- сауатты жазу мен оқу біліктерін меңгерту;
- білім алушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру;
-оқығанының мазмұнын түсінуді, негізгі ойды бөліп көрсете білуін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыру;
- халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім беруге бағытталады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылында 136 сағатты құрайды;
2) «Әдебиеттік оқу» 4-сыныпта 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі –әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
74-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі
Жазба жұмыс түрлері
|
4-сынып
|
І жартыжылдық
|
ІІ жартыжылдық
|
Сөздік диктант
|
10-12 сөз
|
12-15 сөз
|
Диктант
|
50-55 сөз
|
55-70 сөз
|
Көшіру
|
50-55 сөз
|
55-70 сөз
|
Мазмұндама
|
65-80 сөз
|
80-100 сөз
|
Шығарма
|
55-60 сөз
|
65-70 сөз
|
Ұсынылған жазба жұмыстарының түрлерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау жұмыстары ретінде жүргізуге болады.
Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет.
Сондай-ақ, оқу жылдамдығы оқу дағдысын қалыптастыру бойынша одан кейінгі оқытудың алгоритмін құрукритерийі болып табылатынын есте сақтау маңызды.
75-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы
Сынып
|
1-жартыжылдық
|
2-жартыжылдық
|
4-сынып
|
75-80 сөз
|
80-90 сөз
|
Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Екінші (Орыс тілі Я2), үшінші тілдерді (Ағылшын тілі) оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізуді жалғастыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 4-сыныпта «Орыс тілі (Я2)» пәні аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Орыс тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаты сөйлеу этикетінің ережелеріне және қарым-қатынас жағдайына бағытталған сөйлеу әрекеттеріндегі тілдік бірліктерді пайдалану нормаларына сәйкес тыңдалым, сөйлеу, оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Орыс тілі» пәнінен тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: тыңдалған мәтіннен қойылған мақсатқа сәйкес ақпаратты табу; диалог құру, сұхбаттасының көзқарасын, пікірін қабылдау; тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қойып, жауап беру; білім алушыларға қызықты және таныс тақырыптарға пікір құру; өз алған әсерлері, суреттер, оқылған мәтінге ұқсас әңгіме құрау; сөздік бейнелеу, сипаттау; таныс оқиғалар мен ертегілерді мазмұндау; өлеңді жатқа айту; сұхбаттасушыға немесе тыңдаушыға ақпаратты жеткізужәне т.б.
«Орыс тілі» пәнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: сөздің лексикалық мағынасымен жұмыс; сөздермен ойын; мәтіннің басы немесе аты бойынша оқиғалардың дамуын болжау; оқудың түрлерін қолдану және т.б.
«Орыс тілі» пәнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: ақпаратты сурет немесе диаграмма түрінде ұсыну; бұрмаланған сөйлемді, мәтінді дұрыстау; әдебиеттік кейіпкерге хат жазу; тірек сөздер немесе суреттер арқылы мәтін құрастыру; есте сақтау арқылы жазу.
2) «Ағылшын тілінен» оқу жүктемесінің көлемі4-сыныпта аптасына 2 сағаттан оқытылып, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Ағылшын тілін бастауыш мектепте оқып-үйрену балалардың қоршаған әлемге деген қызығушылығын оятады. Балалар тілді әртүрлі тәсілдермен, мысалы, белсенді ойындар, әндер, өлеңдер, жобалау жұмыстары арқылымеңгере алады. Ағылшын тілі мұғалімі ерте жастан бастап балаларда тілді сезіну қабілетін дамытадыжәнебастауыш сынып білім алушылары тілді аса қызығушылықпен меңгеруі үшін керекті жағдайды қамтамасыз етеді. Осылайша балалардың сенімінеқол жеткізіледі, негізгі және жоғары мектептердеәрі қарай оқу үшін негіз қаланады.
Ағылшын тілін оқып-үйрену арқылыбілім алушылар ойындардың нұсқаулықтарын, шағын диалогтардағы күнделікті жалпы лексиканы, қарапайым ауызекі және жазбаша ағылшын тілін, ағылшын тіліндегішағын әңгімелерді, қарапайым анимациялық фильмдерді, деректі фильмдер мен телевизиялық бағдарламалардыжәне т.б. түсіне бастайды.
Білім алушылар ағылшын тілін оқып-үйрену арқылы қарапайым әңгімелер мен шағын мәтіндерді құрастыру; ұсынылған үлгілербойыншасөйлемдер құрау; әңгімелерді, қысқа қойылымдарды, өлеңдер мен әндерді орындау;күнделікті өмірдегі қысқа диалогтарға қажетті сөздер мен сөйлемдерді қолдана алады.
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.
4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, матиматиканы оқытудың бүкіл курсы бойында білімдер және дағдыларды жүйелі дамытужәне тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.
«Математика» пәні бойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 5 сағатты, оқу жылында 170 сағатты құрайды.
«Математика» оқу пәнінің мазмұныбілім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:
Сандар және шамалар.
Алгебра элементтері.
Геометрия элементтері.
Жиындар. Логика элементтері.
Математикалық модельдеу.
Білім алушылардың математика курсы бойынша білімдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын «Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын амалдар» деп аталатын жаңа бөлімшелер енгізілді.
Бұл бөлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау,себеп-салдарлық байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларынашудағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS халықаралық зерттеулерінде кездеседі.
Жаңа оқу бағдарламасында негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты болып табылатын «Геометриялық фигуралар» бөлімшесі кеңінен қарастырылған.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні
«АКТ» пәнін оқыту білім алушылардың ақпараттық сауаттылық негіздерін, АКТ-құзыреттілігін, логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыруды көздейді.
4-сыныптағы «АКТ» пәні оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«АКТ» пәнінің пәнаралық,кіріктірілген сипаты бар. Ол АКТ-құзыреттілікті және жан-жақты оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудабүкіл бастауыш білімніңөзегі болып табылады.
«АКТ» пәнін оқыту процесінде пайдаланылатын оқыту әдістері мен тәсілдері мынадай бола алады:
ойын арқылыоқыту;
«компьютерсіз»оқыту;
АКТ құралдарын пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу;
шағын зерттеулер.
Осы пәнді оқыту процесінде келесі тақырыптарға жобалық жұмыстарды жүргізу ұсынылады: «Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернетте ауа райын жасау», «Мультимедиялық оқиғалар», «Суреттерден, фотографиялардан, аудиожазбалардан, бейнежазбалардан, анимациялардан тұратын оқиғаларды құрастыру», «Мультфильмдер әзірлеу» және т.б.
«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде білім алушылардың бастапқы ғылыми білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл пән – «География», «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін меңгеруге бағытталған кіріспе курс. «Жаратылыстану» пәні білім алушылардың қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін қалыптастыруға, ғылымды адам өмірінің сапасын жақсарту құралы ретінде ұғынуға, күнделікті өмірде білімді өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдалануға,табиғатқа қызығушылығын дамытуға бағытталған.
4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
4-сыныпта білім алушылардың алған білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін қолдануы, дүниенің тұтас бейнесін қалыптастыруы және ондағы адамның орнын ұғынуы, білім алушының адамдармен және табиғатпен қарым-қатынасындағы жеке тәжірибесінің мәнін түсінуі, қазақстандық қоғамның мәдени және конфессияаралық әртүрлілігі жағдайындағы жеке тұлғаның қабылдануы және рухани-адамгершілік дамуы маңызды болып табылады.
Зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарындағы «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» деп аталатын бөлімдерінің оқу мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқытуда және оқу мақсаттарын жүзеге асыруда экологиялық қауіпсіздік, денсаулықты сақтайтын технологиялар, апаттардың қауіп-қатерін азайту және қауіпсіз ортаны құру, мектепте зорлықтың алдын алу және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуға болады.
«Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 4-сыныпта Қазақстан тұрғындары өмірінің әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытатүседі.
4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
4-сыныпта тарихты білу және түсіну Қазақстанның тарихи және қазіргі заманғы оқиғалары, олардың себептері, динамикасы, сабақтастығы туралы білімді меңгеруі арқылы, білім алушылардың әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеу, гипотезаларды ұсыну, қорытындылар жасау біліктері арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.
Географияны білу және түсіну білім алушылардың қоршаған ортаны танудың ғылыми негіздерін меңгеруі және олардың бастапқы картографиялық дағдыларының дамуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Қоғам туралы білім алу және қоғамның даму заңдары туралы түсінік қалыптастыру, ең алдымен, білім алушылардың әлеуметтік ортада жалпыға бірдей мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіну екенін мұғалімнің ескеруі өте маңызды. Мысалы, 4.1.4.1, 4.1.4.2, 4.1.4.3, 4.1.4.4 оқу мақсаттары аясында.
Бағдарламада «мұражайдың өзіндік жобасын», «Қазақстан бойынша туристік маршрут», «Астана бойынша туристік маршрут» және т.б. құру қарастырылған. Сондай-ақ бөлімдердің мазмұнымен таныстыруда білім алушылардың ұжымдық, топтық, жеке жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады. Тек сабақ барысында ғана емес, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта да жобалау жұмыстарымен айналысу ұсынылады.
4-сынып білім алушыларының жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударған жөн. Экологиялық тапсырмалардың ұсынылатын түрлері: «Біздің үйімізде тропикалық өсімдіктер тіршілік ете ала ма?», «Гүл сағаттары», «Гүл сағаттары неден сынуы мүмкін?», «Құстарға қалай тоңып қалмауға болады?», «Табиғат қауымдастығы туралы шығармашылық әңгіме», «Өсімдіктерді таны».
Қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтар: «Сен мектептен үйге дейінгі қауіпсіз жолды білесің бе?», «Ата-аналармен бірге апаттық жағдайлар кезінде мінез-құлық ережесі картасын толтыр», «Ақпараттық қауіпсіздік». «Сен оны қалай түсінесің?», «Интернетте электронды дереккөздерді қалай дұрыс іздеп тауып және жұмыс істеуге болады?», «Сыныптастарыңды неліктен ренжітуге болмайды және кез-келген жағдайда қалай дұрыс әрекет жасай білу?», «Неліктен балалар жиі жарақаттар алады және оны болдырмаудың алдын қалай алуға болады?», «Досыңа көмек керек болған жағдайда қол ұшын соза аласың ба?», « Қауіпті жағдайларда адамдарға қалай көмектесуге болады?» және тағы басқа.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу процесінің негізгі міндеттері:
– әрбір адамның табиғатында бар жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау;
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің практикалық дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
–адамның өзіне, қоршаған әлемге,жалпы адамзатқа қатысы ескерілген білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, адамгершілік мінез-құлық негіздерін қалыптастыруболып табылады.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп білім алушылары үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, келесі тарауларда қарастырылады:
- «Ғасырлар даналығы»;
- «Тату отбасы»;
- «Адам болам десеңіз»;
- «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» оқу пәнібойынша 4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында барлығы 34 сағаттықұрайды.
Тараулардың атауы
|
Сабақ реті
|
Сабақтардың тақырыбы
|
Ғасырлар даналығы
|
1-2
|
Адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік әлемі
|
3-4
|
А.Құнанбаев пен Ш.Құдайбердиев ілімдеріндегі өмірдің мақсаты
|
5-6
|
Адам бол!
|
7-8
|
Адамның ішкі сұлулығы
|
Тату отбасы
|
9-10
|
Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз
|
11-12
|
Отбасы дәстүрлері
|
13-14
|
Менің ұжымым
|
15-16
|
Ардақты ат
|
Адам болам десеңіз
|
17-18
|
Дербестік және жауапкершілік
|
19-20
|
Батылдық және табандылық
|
21-22
|
Ар-ұждан ғылымы
|
23-24
|
Мен азаматпын!
|
Қандай ғажап бұл әлем!
|
25-26
|
Табиғаттың сергітетін күші
|
27-28
|
Тірі су
|
29-30
|
Туған жердің әсемдігі
|
31-32
|
Жер – ортақ үйіміз
|
|
33-34
|
Балалық шақ мейрамы
|
Білім алушылардың білім сапасын бағалау 1-4-сыныптарға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында берілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пән бойынша сынақ қоюдың критерийі қызметін атқарады.
«Музыка» оқу пәні білім алушылардың музыкаға адам өмірінің бір бөлігі ретінде құндылықтыққатынасын қалыптастыруға, базалық музыкалық білім, біліктерді және музыкалық іс-әрекет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
4-сыныпта «Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің мазмұны қазақтың музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және заманауи музыканың озық үлгілерін; музыкалық сауат негіздерін; орындау және тәжірибеде музыкамен айналысу үшін музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мағлұматтар); музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ-ны қолдануды; өнердің басқа түрлерімен және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.
4-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
«Музыка тыңдау, талдау және орындау» (Музыкалық сауаттылық; Музыканы тыңдау және талдау; Музыкалық жанрлар; Музыкалық формалар; Аспаптарда ойнау және әнайту);
«Музыкалық-шығармашылық жұмыстарқұру»;
«Музыкалық-шығармашылықжұмыстыкөрсетужәнебағалау».
Музыка сабақтарындағыкөркем-музыкалық тәсілдеме бастауыш мектептебілім алушылардыңжас ерекшеліктеріне сәйкесмузыкалық іс-әрекетпроцесінде (орындаушылық, музыкалық-шығармашылық, коммуникативтік және сөйлеу әрекеті)музыкалық сауатынқолдану бойыншанәтижелерге қол жеткізуге бағытталған білім алушының немесе білім алушылартобының оқу-танымдық әрекеттерін қамтамасыз етеді.
«Көркем еңбек» оқу пәні – кіріктірілген пән – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізінде әзірленген, бұл пән арқылы «Технология және өнер» білім саласының мазмұны өнерді эстетикалық мәнмәтінде әлемнің біртұтас бейнесі ретінде эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылады.
4-сыныпта оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелікойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуды қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруғабағытталған.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.
«Көркем еңбек» сабақтарындамұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік-шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
- құрылымдау;
- бейнелеу;
- сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау барысындаеңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары қажет.
«Дене шынықтыру» пәні бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану болып табылады. Бағдарлама білім алушылардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және дене қабілеттерін меңгертуімен қатар балалардың салауатты дене дамуына ықпал етуі қажет.
4-сыныпта «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Дене шынықтыру сабағы – балаларды дене жаттығуларына жүйелі баулудың негізгі түрі. Дене шынықтыру сабағының негізгі міндеттерінің бірі балаларды дұрыс қозғалу дағдысына үйрету және дене қасиеттерін дамыту болып табылады. Дене шынықтыру сабағының мәні өзара байланысты сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін жүйелі жүзеге асыруда жатыр. Олардың орындалуы баланың денесін шынықтыруды, денсаулығын нығайтуды, олардың дұрыс қозғалыс дағдыларын меңгеруін, дене шынықтыру және спортқа деген эмоционалдық оң көзқарастағықарым-қатынасты тәрбиелеуді, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамытуды қамтамасыз етеді.
Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында білім алушылардыұйымдастырудың әртүрлі әдістерін пайдаланған жөн.Сабақтарды жүргізу барысында қолданылуға болатын әдістері: жаппай (фронтальды) әдіс, үздіксіз әдіс, жекеәдіс,ауыспалы әдіс, топтық әдіс және т.б. Сабақта білім алушыларды ұйымдастырудың әрбір әдісі мұғалім белгілегенміндеттерге, сабақжағдайларына,балалардыңжасерекшеліктерінебайланысты болады.
Физикалық жүктеме тамырдың соғу қарқыныменанықталады.Жүктеменің жеткілікті деңгейімен дұрыс ұйымдастырылған сабақ кіріспебөлімненкейін тамырдың соғу жиілігі 20–25%-дан кем емес көрсеткішбойыншасипатталады, жалпыдамыту жаттығуларынанкейін–50%-дан кемемес,негізгі қозғалыстарды үйренгеннен кейін – 25%-дан кем емес,қозғалысойындардан кейін – 70–90%, кейде тіпті 100%-ға дейін жетеді. Сабақ соңындатамырсоғысыбастапқы деңгейге дейін қалпына келеді, не болмаса одан 15–20% жоғарыболады.
Дене шынықтыру сабағының әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Оқу бағдарламарында қарастырылған шаңғы/ конькилік/ кросстық даярлық сабақтары аймақтардың климаттық жағдайына сәйкес өзара алмастырылады.
Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында 30 пилоттық мектептердің 4-сыныптарында Қазақстан Республикасы Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты апробациясының мониторингі және осы мектептердің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетужалғасады.
2018-2019 оқу жылы пилоттық мектептердің 4-сыныптарында 1, 2, 3-сыныптарда жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптерісақталады.
Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, жүргізіледі. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырып, оны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына береді. Академия 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірлесе отырып, пилоттық және бақылау мектептері
4-сыныптарының білім алушыларына оқу жылының соңында «шығыс» диагностикалық тестілеу ұйымдастырады.
Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.
Екінші кезеңде алынған бастапқы деректерге талдау жасалады (қараша, қаңтар).
Бастапқы деректер талдауын Ұлттық білім академиясының қызметкерлері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірге жүзеге асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.
Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды.
Мектептерге бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының, ОӘК-нің, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады.
3-тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.
Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау жүргізіледі. 4-тоқсанның соңында 4-сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады.
Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады(мамыр).
ҰБА оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдамаларға, ОӘК енгізетін өзгерістерді «НЗМ» ДББҰ үйлестіреді.
ҰБА бірлесе отырып, қорытынды есептерді және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.
Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым).
Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. Жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.
Енгізілген барлық өзгерістері бар құжаттардың соңғы нұсқалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынады.
Пилоттық мектептердің 4-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұныбастауыш мектеп деңгейіне қатысты бекітілген нормативтік-құқықтық актілермен және әдістемелік-нұсқаулық материалдармен реттеледі.
Оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында барлық оқу пәндері бойынша 4-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау өткізіледі, Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді, бірақ мұғалім оқыту барысында оқу процесін дер кезінде түзетеді, білім алушылардың болуы ықтимал олқылықтары мен кемшіліктерін жиынтық бағалауды өткізгенге дейін жояды.
Жиынтық бағалауды білім алушының оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, оқу жылы) оқуды аяқтағандағы ілгерілеуі туралы ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу мақсатында өткізеді.
Жиынтық бағалау«Өзін-өзітану»,«Музыка»,«Денешынықтыру», «Көркем еңбек»пәндерінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі. Бұл пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім алушылар мен ата- аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. Дене шынықтыру бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы тоқсанның және оқу жылының соңында, ал қалған үш пән («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка»)бойынша жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналынақойылады.
Осы пәндер бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Білім алушылардың оқу пәндері бойынша қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері білім алушылар мен ата-аналарына кері байланыс ұсыну үшін материал болып табылады. Нәтижелері («сынақтан өтті»/«сынақтан өтпеді») сынып журналында көрсетіледі.
Дене шынықтырудан «сынақтан өтті»/«сынақтан өтпеді» деген жазу әр тоқсан мен оқу жылының қорытындысы бойынша жазылады, ал қалған үшеуі бойынша - жартыжылдық және оқу жылының қорытындысы бойынша сынып журналында белгіленеді.
12.2 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік
кешендерін апробациядан өткізу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №556 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 16 пилоттық мектептердің (3-қосымшасы) 10-шы сыныптардың «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері апробациядан өткізіледі.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің дағдыларын меңгеруімен қоса төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбында 2019-2020 оқу жылында және 11-сыныпта 2020-2021 оқу жылында ҚР БҒМ 2017 жылғы «27» шілдедегі 207-қосымша № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады:
Достарыңызбен бөлісу: |