Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019оқу жылы


АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



жүктеу 4,48 Mb.
бет21/24
Дата14.11.2018
өлшемі4,48 Mb.
#19653
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

10 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Үлгілік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61, 2016 жылғы 15 шілдедегі №453, 2017 жылғы 29 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар білім алушылардыңдамуы бұзылуының түрлері бойынша сараланады:

− есту қабілеті бұзылған балалар үшін;

− көру қабілеті бұзылған балалар үшін;

− сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;

− тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;

− психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;

− интеллектібұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі).

Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары, факультативтік сабақтар және элективті курстар арасында бөледі.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын пайдалану арқылы іске асырылады (бағдарламалар www.nao.kz - Академия сайтында ұсынылған).

Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. Мектептегі оқу ұзақтығын арттыру 0 (дайындық) және 10-сыныптар есебінен білім алушылардың даму ауытқушылықтарына байланысты оқу процесінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты.



Интеллекті бұзылғанбілім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Ақыл-ойы кем білім алушылар мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларынасәйкес, арнайы оқыту бағдарламалары, арнайы ОӘК бойынша іске асырылады.

Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды өздері таңдай алады. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда, РФ-да әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігі мен білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін өздерібелгілейді.

Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрастырады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағатынбілім алушылардың ерекше білім беруге қажеттілігіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шықпай).

Білім беру ұйымдары үйде оқитынбілім алушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратынтұлғалармен) бірге оқытылатын пәндер тізімін анықтайды, жеке мүмкіндіктеріне қарай Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сыныптар бойынша үйде оқытудың сағаттарын бөледі.

Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесі мектеп штатындағы психологиялық-педагогикалық мамандардың (арнайы психолог, логопед) арнайы педагогтердің (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) қатысуымен, білім алушыны зерделеуден кейін алынған психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, саралау және жеке арнайы амалдарды қолдану арқылы іске асырылады.

Білім алушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге арналған жеке бағдарламаны әзірлеу үшін өзара іс-әрекеттесетін мамандардың нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың білім алушылары түзету- педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген сағаттар аясында(түзету компоненті) психологиялық-педагогикалық мамандарының қатысуымен өткізілетін топтық, шағын топтық және жеке сабақтарда алады. Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.

Арнайы мектептердегі және арнайы сыныптардағы жұмыс 0-4 сыныптарда ұзартылған күн тәртібінде, ал 5-9, 10 сыныптарда - мектеп басшылығының шешіміне қарай ұйымдастырылады да, бұл бұзылған қызметтердің орнын толтыруға, қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз етуге, әлеуметтік дағдыны қалыптастыруды және жеңу бойынша қажетті жағдайлар туғызады.

Ерекше білім беруді қажет ететінбілім алушыларды еңбекке баулу жұмыс кадрларының қажеттілігіне қарай психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Үлгілік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.

Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топтарды біріктіру олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Паралель және шектес сыныптардағы білім алушыларды кіші топтарға біріктіру мүмкіндігі бар. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау сабақтарын өткізу барысында сынып екі топқа бөлінеді.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тіліндекүрделі бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымы үшін белгіленген үлгідегі куәлігін алады (ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 № 39 бұйрығы, № 5 қосымша).



1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;

− негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Дайындық (0) және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда оқитын білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал білім алушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып бейімделеді және қайта бөлінеді. 5-сыныптан бастап қазақ әдебиеті орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра» және«Геометрия» пәндерін оқыту 8-сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін оқыту 7-сыныпта аяқталады.

Үлгілік оқу жоспарында міндетті түрде оқытылатын түзету пәндері ұсынылған:

1) «Заттық – тәжірибелік оқыту» (0-4-сыныптар). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық түсініктерді игеру үшін тілді үйрену;

2) «Түзету ырғағы» (0-4-сыныптар). Міндеті – электроакустикалық аппараттарды қолдану арқылы естіп қабылдауын қарқынды дамыту жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту;

3) «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» (4-10-сыныптар). Міндеті – білім алушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. Республика мектептерінде естімейтін білім алушыларды оқыту есту-көру негізінде іске асырылады, оқыту процесіндегі ыммен сөйлеу білім алушыларға бағдарламалық материалды сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

4) «Ауызекі және тұрмыстық сөйлеу тілі» (4-10-сыныптар). Міндеті – еститін адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын күнделікті қатынас сөз қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту;

5) «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту (ДАҚ және ЕҚД). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.

0 мен 4-сыныптарда, сонымен қатар 5-6-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД сабақтары әр сыныпқа жеке ретпен, апталық жүктемесі16 және 18 сағат көлемінде жүргізіледі. 7-9-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД бойынша сабақтар аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10-сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады.

Түзету циклінің сабақтары күннің бірінші, сондай-ақ екінші жартысында топпен, шағын топпен және жеке түрде жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген білім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіптік колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.



2. Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) білім алушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Дайындық (0), 1-4-сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал білім алушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне және негізгі мектепте оқыту мерзімінің артуын ескере отырып бейімделеді және қайта бөлінеді.

Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және білім алушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.

Оқу жоспарына «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10 сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7 сыныптар), «Айналамен таныстыру» (0-2 сыныптар) сияқты түзету курстары қосылған. Түзету циклінің сабақтары күннің екінші жартысында топпен, шағын топпен жүргізіледі. Түзету циклінің сабақтары топпен және жеке түрде күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізіле алады.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген юілім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.



3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) білім алушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;

− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін білім алушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен білім алушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоқұрылғыларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құрылып, олардың қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі дағдылары қалыптастырылады.

Екінші сатыдағы оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты оқыту жылдары бойынша оқу материалы әр оқу пәнінің аясында қайта бөлінеді.

11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады.

Бір немесе екі бағытты да таңдау білім алушылардың қажеттілігін және ата- аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Білім беру процесінің түзету бағыты жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдарды енгізуде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған білім алушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін білім алушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.



4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған білім алушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;

− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады.

1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру) шешіледі. Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.

Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.

Бейімделген дене шынықтыру сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.

5-10сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты да таңдау білім алушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған білім алушылар шағын топта және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:

1) емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-4 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

2) тіл дамуының кемшіліктерін түзету бойынша өткізілетін сабақтарды тіл бұзылуы ұқсас білім алушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

3) танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.

Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігін ойын түрінде өткізген дұрыс. Топтар (3-4 адамнан) білім алушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.

Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсырмаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс. Бір білім алушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін.

Факультативтік сабақтарды анықтау барысында білім алушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, білім алушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.



5. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар білім алушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Арнайы мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.

Мектепте төмендегідей білім алушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:

− ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;

− сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.

Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген,кохлеарлы имплантанты 1 жастан 4 жасқа дейінгі аралықта қойылған балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар білім алушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды. Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шетел тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.

Арнайы логопедтік және түзету-педагогикалық қолдау барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда сөйлеу тәртібін сақтай отырып көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыстарды айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке-топтық логопедтік сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы» сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.

Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Білім алушылар логопедиялық көмекті жеке, шағын топта және топтық сабақтарда алады.

Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 рет өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Шағын топтарға сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді. 5-10 сынып білім алушыларымен логопедтік сабақтарды ұйымдастырудың шағын топтық формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.

Топтық сабақтың ұзақтығы (0, 1-4-сынып) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын білім алушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша оқытуға арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.

6. Психикалық дамуы тежелген білім алушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі келесі деңгейлерге сәйкес қамтамасыз етіледі:

− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылығы (ақыл-ойы кемістігі бар балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетіндегібұзылыстар) айқын көрінетін балалар қабылданбайды.

Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Білім алушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.

Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін оқыту сынып білім алушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, бағдарламаны бейімдеу және білім алушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске асырылады.

Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда білім алушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары білім алушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.

Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық- тұлғалық жағдайын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және б3л3м алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.

Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті:«Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ) сияқты түзету курстары мен жеке-топтық түзету сабақтарын қамтиды.

Арнайы кіріктірілген «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) түзету курсы баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» атты 0-4-сыныптарға арналған түзету курсы психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» атты түзету пәні өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» сабақтарын өткізу үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.

Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін білім алушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде шағын топтармен (2-4 білім алушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып білім алушыларымен жеке-шағын топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі өткізеді. Сабақтың ұзақтығы - 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен білім алушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінген сағаттарды пән мұғалімдері арасында бөлінеді. Қандай топта болсын, білім алушының сабақта отыру уақыты арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір білім алушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде дамымаған білім алушылармен логопед жеке-шағын топпен сабақ өткізеді.

Жеке-шағын топтық түзету сабақтары білім алушылардың максималды жүктемесі шегінде көрсетіледі. Үлгілік оқу жоспарында көрсетілген әрбір сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке білім алушының жүктемесіне емес, педагогтердің жүктемесіне кіреді. Әрбір білім алушы үшін оқытудың бірінші сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.

Факультативтер мен элективті курстардың сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және қарым-қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға (Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ) немесе еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.



Есту, көру, сөйлеу тілі, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен сыныптарда оқу нәтижесін бағалау барысында оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылардың нәтижелерін бағалауда арнайы оқу бағдарламаларында белгіленген оқу мақсаттарына бағдарлану қажет.

Формативті бағалау процесінде мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтап, оларды түзету жолдарын қарастырады. Егер кейбір білім алушыға белгілі бір дағдыны дамыту үшін ұзағырақ уақыт қажет болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалау жөнінде шешім қабылдап, білім алушының жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеуде түзетулер енгізу керек.

Ерекше білім беруді қажет ететінбілім алушыларға және жеке оқу бағдарламасымен оқытылатын білім алушыларға қорытындыаттестаттау қажеттілігі жөніндегі мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңеспен шешіледі.

Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныптарында оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қорытынды аттестаттау емтиханының материалдары аудандық, қалалық білім бөлімдерімен немесе білім басқармаларымен әзірленеді.

7. Арнайы мектепте интеллекті бұзылған балаларды оқытудың ерекшеліктері (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі)

Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту мақсаты – танымдық және эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім беру құралдарымен және еңбекке дайындау арқылы дамыту, келешекте бітірушілерді ары қарай қоғамға кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.

Дайындық сыныбына, сондай-ақ білім беру процесінде және тәрбиелеу жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады.

Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:

− бірінші саты – дайындық деңгейі (0), 1-4-сыныптар;

− екінші саты – 5-9-сыныптар.

Материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлар болған жағдайда, білім беру ұйымдарында терең кәсіби-еңбекке баулитын 10-өндірістік сынып ұйымдастырылады.

Бірінші сатыда ақыл-ойы кем білім алушыны жан-жақты психологиялық- медициналық-педагогикалық жағынан зерделейді, оның мүмкіндіктері мен білім беру процесін ұйымдастыру формасы мен әдістерін қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.

Екінші сатыда балалар практикалық бағыты, еңбектің әртүрлі профилі бойынша дағдылары бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады. Әлеуметтік бейімделу мен кәсіби-еңбекке баулуға назар аударылады.

5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін үйренуге бөлінеді.

Түзету технологиясы циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедтік сабақтар), «Танымдық әрекетін түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Жеке және шағын топпен жүргізілетін түзету сабақтардың ұзақтығы – 20-25 минут. Шағын топтар сөйлеу тілі мен психофизикалық ақауларының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі сабағына арналған топтар дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды түрде жүргізіледі.

4 пен 6-сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні оқытылады.

7 және 9-сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке баулу пәні оқытылады. Еңбекке оқытудың бейіндері өңірлік ерекшеліктерге және түлектерді жұмысқа орналастырумүмкіндіктеріне байланысты мектеп әкімшілігімен анықталады.Мектепке педагогикалық кеңеспен бекітілетін жеке еңбек түрлері бойынша бағдарламалар әзірлеу құқығы беріледі.

Мектепте еңбекке оқыту бойынша білім алу емтиханмен аяқталады. Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатылады. Факультативтік сабақтары мен электив курсына бөлінген сағаттар еңбекке оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда, мектепте осындайбілім алушыларға арналған арнайы сыныптары бар екінші бөлім ашылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту аталмыш категориядағы білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке оқу бағдарламалар бойынша іске асырылады. Ол баланы жарты жылдан аспайтын мерзім аралығында сынып педагогінің және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық кешенді зерделеуі негізінде құрылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір білім алушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа жоспар құрылады.

Педагог әрбір білім алушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.

Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны: өзі туралы түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік бағыттылығына ие және тәрбиеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.

Бірінші сатыда орташа ақыл-ой кемістігі бар балалардың оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу, сенсорлы) дамуына бағытталған. Білім алушылардың жеке дамуын алға бастыру шаралары пәндік оқытумен іске асырылады. Екінші бөлімде оқыту мектеп ресурстары мен білім алушылардың психофизикалық даму ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда, еңбекке оқыту профилі өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойыншаорташа ақыл-ой кемістігі бар балалар бітіру емтиханын тапсырмайды.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Оқу процесі білім алушыларға сараланған және жеке амалдарды қолдану арқылы іске асырылады. Сараланған амал негізіне ақыл-ойы кем білім алушылардың (В.В.Воронкова бойынша) педагогикалық топтастыруы жатады. Жетістіктерін бағалауда білім беру процесін дараландыруға негіз болатын критериалдық бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бес балл бойынша бағалайды. Дайындық және 1-сыныптарда балл бойынша бағалау болмайды. Білім алушылардың білім алудағы ілгерілеу нәтижелері олардың өнімді қызметі, сөйлеу тілінің даму деңгейі, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған бұйымдарына талдау жасау және сабақтағы әрекетін бақылау негізінде анықталады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалауда жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау жүйесі қолданылады(ақыл-ой кемістігі бар біліи алушылардың критериалды бағалауы бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (www.nao.kz) алуға болады).

Түзету циклінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау балл бойынша емес, сипаттамалық түрде болады.



Интеллекті бұзылған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың) білім алушылары екінші жылға қалдырылмайды.


жүктеу 4,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау