Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2018-2019оқу жылы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Астана-2018
Құрметті ұстаздар!
2018-2019 оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Еліміздің барлық мектептерінде 1-қыркүйекте Білім күні аталып өтіледі. Дәстүр бойынша Білім күні тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы жақсы бастамалар мен дәстүрлердің жалғасы болып табылады.
Оңтайлы білім беру жүйесі еліміздің және қазақстандық қоғамның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.
Білім беру саласының қазіргі кезеңдегі стратегиясы – тез өзгеретін шынайы жағдайларға үнемі бейімдеуге болатын икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу.
Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.
Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру, сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту міндеті қойылған.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елімізде адами капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды міндет етіп қояды.
Жаңа оқу жылында мектептерді жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіру жалғастырылады, 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарда енгізілетін болады. Еліміздің 30 пилоттық мектептерінің 4,9,10 сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізу жүргізіледі.
Білім және ғылым министрлігімен педагог мамандығының мәртебесін көтеру бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылуда. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді қамтамасыз ету мақсатында және озық білім ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленген.
Достарыңызбен бөлісу: |