Еліміздің білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттер, сонымен қатар олардың жұмыстарындағы жаңа 2018-2019 оқу жылындағы ерекшеліктер «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатында көрсетілген. Жинақ білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістерді қамтиды. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарындағы білім беру процесін ұйымдастыру құжаттары және қажетті материалдар енгізілген, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және еліміздің білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшеліктері көрсетілген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
2018-2019 оқу жылы еліміздің педагогтерінің алдына жаңа міндеттер қояды. Еліміздің барлық педагогтеріне табысты оқу жылын, шығармашылық жетістік және жеңістер, барлық еліміз үшін аса маңызды ұстаздық кәсіпте жеміс тілеймін!
ҚР Білім және ғылым Вице-министрі А. Қ. Аймағамбетов
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 15 маусымдағы № 7 хаттама).
2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 372 б.
Жинаққа 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң
1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018
Ж
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.
76-қадам: 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасына қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
79-қадам: Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.
89-қадам: «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына«Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.
АЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен білім алады.
2018-2019 жаңа оқу жылында білім беру процесінің нормативтік- құқықтық қамтамасыз етілуі:
мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МДТО МЖМС);
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына1-қосымша);
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС-2015);
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады;
4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМС-2012);
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС - 2012);
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады;
5- 8-сыныптарда білім беру процесі:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР ОБМЖМС-2016);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады;
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысы;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы;
«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы;
«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 308 бұйрығы;
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы;
«Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 651 бұйрығы;
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 бұйрығы;
«Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы;
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 350 бұйрығы;
«Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығы;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығы;
«2018 жылы педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 200 бұйрығы;
«Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығы;
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 213 бұйрығы;
«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 231 бұйрығы;
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығы;
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына (www.nao.kz) орналастырылған.
Мектеп әкімшілігінде МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір нұсқасы болғаны жөн.
Педагогтердің МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеулеріне болады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:
«Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (Әдістемелік-нұсқау хат, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
«Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);
«Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);
«Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру –
12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
«Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қою мүмкіндігі).
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беретін ұйымдардың басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Жүйелі-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі. Аталған кешенді НЗМ сайтынан (smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру)табуға болады.
Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с.,5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта –33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс.
|
Достарыңызбен бөлісу: |