Алтынганым Мүтиғоллақызы Жумина, БҚО, Қазталов ауданы, Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығының



жүктеу 87,16 Kb.
Дата31.01.2020
өлшемі87,16 Kb.
#27896

Алтынганым Мүтиғоллақызы Жумина,

БҚО, Қазталов ауданы, Әбіш негізгі жалпы білім

беретін мектебі жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығының

тәрбиешісі


«Түлкі мен тырна» ертегісі

(Ұйымдастырылған оқу-қызметінің технологиялық картасы)

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Драма

Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. Достық қатынасты бағалай білуге баулу. Достаса білуге, адал достыққа тәрбиелеу. Балаларға ертегіні сахналауды үйрету.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Топты ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындау.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу,сахналау.

Қажетті көрнекі құралдары: суреттер

Көптілді компонент: түлкі-лиса-fox, тырна-журавль-cran

Іс-әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі


Ұйымдастыру кезеңі

Ертегімді бастайын,

Қиялдап бір тастайын.

Ерте,ерте,ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Жас данышпандар болыпты,

«Қарлығаш» шағын орталығында.

Ерте,ерте,ертегі,

Ертегі сыр шертеді.

Ертегіні жақсы айтқан бала,

Мақсатына жетеді.


Балалар жақсы көңіл күймен бастайды.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

«Сын тұрғысынан ойлау» бойынша

-Балалар,ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Мен сендерге қандай ертегі айтсам екен?!

Осы кезде бейнекамераға қоңырау келеді.Экраннан түлкі шығып сөйлейді:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен ертегілер еліндегі түлкімін. Мен сендерден көмек сұрап, хабарласып отырмын. Менің көптеген досым болып еді. Жұрттың бәріне қулығымды асырып,алдап-арбап,қолдарындағысын тартып алып кетіп жүрдім. Міне,енді,осы мінезімнің кесірінен сол достарымның бәрінен айырылдым.

Мен енді жақсы боламын,ешкімді алдамаймын,уәде беремін.Мені тырна досыммен достастыруларыңды өтініп сұраймын. Мен сендерден хабар күтемін.

-Балалар,түлкінің тырнамен достасуына көмектесеміз бе?

-Ендеше түлкі мен тырнаның бастарынан өткен оқиғаны еске түсіріп сахналайық.



«Түлкі мен тырна» Крыловтың мысалы

Балалар ертегіні сахналайды.

-Балалар,міне көрдіңдер ме,осыдан бері екеуі бір-біріне бармапты.Біз түлкі мен тырнаны достастыру үшін ол екеуі туралы көбірек білуіміз керек.Ендеше, балалар,ол үшін біз тапсырмалар орындауымыз керек.



Сергіту сәті:

Түлкі,түлкі қутыңдайсың,

Айналаңнан тың тыңдайсың.

Қулығыңды асырсаң да,

Қасқырдан сен құтылмайсың.

-Балалар,біз түлкі мен тырнаны достастыру үшін екеуін осы жерге шақырайық. Мен хабарласып жіберейін. (Телефон шалу)

-Түлкі мен тырна келгенше біз тапсырмалар орындайық.

Көптілді компонент: Түлкі-лиса-fox,тырна-журавль-сгаn

«Венн диаграммасы» стратегиясы

Интерактивті тақтадан түлкі мен тырнаның суреттерін көрсету арқылы балаларға олардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын,ортақ қасиеттерін айтқызу.

Түлкі-жабайы аңға жатады, айлакер, қу аң төрт аяқты,

Тырна-дала құсына жатады, екі аяғы, екі қанаты бар, ұшады.

Ортақ қасиеттері-далада тіршілік етеді.


Ертегі тыңдаған ұнайды.


Көмектесеміз

Балалар ертегі желісі бойынша суреттерді тамашалап,ертегіні сахналайды.

Түлкі-лиса-fox,тырна-журавль-сгаn


Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды.

-түлкі-лиса

-тырна-журавль

Балалар суреттерге қарап түлкі мен тырнаның ұқсастықтарын, айырмашылықтарын,ортақ қасиеттерін айтады.





Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Мнемо кестемен жұмыс:

-Бұл не?-түлкі.

-Немен қоректенеді?-балық.

-Түсі қандай?-сарғыш.

-Терісі қандай?-жұмсақ, қалың түкті.

-Қандай ертегілерде кездеседі?-«Бауырсақ»,т.б.

-Түлкі туралы тағы қандай ертегілер білесіңдер?

Топқа түлкі мен тырна келеді.Екеуі бір-біріне ашулы көзбен қарап, амандаспайды.

-Түлкі ,тырна сендер бір-біріңе ренжімеңдер.Екеуің қайтадан дос болыңдар. Достар ренжісуге болмайды. Кім-кім де келген қонағын сый құрмет көрсетіп күтуі керек. Қане,екеуің,құшақтасып,қол алысып дос болыңдар.

Тырна мен түлкі:

Балалар бізді достастырған сендерге көп-көп рахмет! Біз енді елімізге қайтайық. Сау болыңдар!



Д/О: «Орнын тап»

Шарты: жабайы құстарды,жабайы аңдарды бөлек-бөлек сандықшаларға салу керек.



Қорытынды:

1.Достар қандай болуы керек?

2.Түлкінің іс-әрекеті дұрыс па?

3.Ертегі кейіпкерлерін ата?

4.Достық туралы мақал айтыңдар

5.-Балалар, «Түлкі мен тырна» мысалы ұнады ма?

Балаларды мадақтау,бағалау.

-түлкі


-балық

-сарғыш


-жұмсақ
«Бауырсақ» ертегісінде

-түлкі мен қасқыр,

-түлкі мен торғай

Сау болыңдар!

Балалар ойында белсенділік танытты.

Балалар ертегіден алған әсерлерін айтып жауап береді.




Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ертегінің мазмұнын түсінді
Қандай түсініктерді меңгерді: адал дос болуды, еңбекқор болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тапсырмаларды орындайды.
жүктеу 87,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау