Әдістемелік нұсқау Физика 10



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет77/89
Дата08.01.2020
өлшемі1,89 Mb.
#26040
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89

Жалғасы
226
 толтырылуы  қажет.  Түтіктің  саңы 
л а у ы н   с а у с а қ п е н   қ ы с ы п   т ұ р ы п , 
төңкерің дер  де  түтіктің  саңылауы 
судың  астында  болғанда  ғана  оны 
босатың дар. Түтікті иілген электродқа 
кигізіңдер.  Нәтижесінде  сумен  (ауа 
көпіршіктерінсіз) толық толтырылған, 
иілген электродқа кигізілген, төңкеріл-
ген түтікшені алуларың керек.
7. Қолдарыңды шүберекпен жақсылап 
сүртіңдер. 
8.  Өткізгіш  сымдарды  сызбаға  сәйкес-
тендіріп,  қарама-қарсылықты  сақтай 
отырып ток көзіне жалғаңдар. 
9. Ток көзіндегі кернеуді реттеуге жауап 
беретін  екі  оң  тұтқаны  максимумға 
(сағат  тілінің  бағытымен),  ал  токты 
реттеуге  жауап  беретін  екі  сол  жақ 
тұтқаны,  керісінше,  минимумға  дейін 
бұрыңдар. Сандық таблодағы ажыратып-
қосқышты ток күшін көрсету режиміне 
ауыстырыңдар. 
10.  Ток  көзін  қосыңдар.  Токты  нақты 
белгілеп  алатын  сол  жақ  тұтқалармен 
ток күшін жылдам 25 мА-ге қойыңдар 
(ток  көзіне  орнатылған  амперметрдің 
көрсетуі бойынша). Алдын ала белгілен-
ген ток күшін тағайындап алып, бірден 
секундомерді қосыңдар. 
11. Шамамен 30 мин күтіңдер. 
12. Ток көзін өшіріп, бір мезгілде секун-
домерді де тоқтатыңдар. Секундомердің 
көрсетуін жазып алыңдар.
13. Түтікті тік жоғары көтере отырып, 
түтік  ішіндегі  су  мен  сутектің  арасын 
бөлетін  шегара  ыдыстағы  судың  беті-
мен  сәйкес  келетіндей  болғанша  жай 
көтеріңдер.  Бөлетін  шегара  милли-
метрлік қағаздың қай бөлігінің тұсында 
жатқанына назар аударыңдар. 
14.  Түтікті  судан  толық  шығарып 
алып,  ішіндегі  суын  төгіп  тастаңдар. 
Түтікке  шприцпен  сутек  алып  тұрған 
деңгейге  дейін  таза  су  құйыңдар. 
Сондай-ақ,  шприц  шкаласы  бойынша 
судың көлемін анықтаңдар. 


Жалғасы
227
15. Электродтарды ток көзден ажыратып, 
оларды сұйықтан шығарып алыңдар да, 
шүберекпен мұқият сүртіңдер. 
16.  Электрон  зарядын  анықтаңдар. 
Қате лікті  бағалаңдар.  Қорытынды 
жасаңдар. 
2-бөлім
17. Қос электродты суға салыңдар. 
18. Қосарланған электродтың өткізгіш 
сымдарын  ток  көзінің  плюсына  және 
минусына жалғаңдар. 
19.  Кернеуді  реттеуге  жауапты  тұтқа-
ларды максимал деңгейге дейін бұраң-
дар. 
20. Ток көзін қосыңдар. Токты реттеуге 
жауап  беретін  тұтқалармен  ток  күшін 
25  мА-ге  орналастырыңдар.  Кернеу 
тұрақталғанша бірнеше мин күтіңдер. 
21. Сол жақ тұтқалармен ток күшінің 
мәнін өзгерте отырып және ток көзіне 
орнатылған вольтметр бойынша кернеуді 
анықтап,  электролит  арқылы  өтетін 
ток  күшінің  электродтар  арасындағы 
кернеуге (токтың 25-тен 0 мА-ға дейінгі 
аралықтағы)  тәуелділігін  анықтаңдар. 
Әрбір  өлшеудің  алдында  берілген  ток 
күшінде кернеу тұрақтағанға дейін 1—2 
мин күтіңдер. 
22. Осы тәуелділіктің графигін салыңдар. 
23. Қорытынды жасаңдар. 
Қателер:  Шприцтің  қателігі  –  0,2  мл. 
Секундомердің қателігі — 0,5 сек.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім  үйге  тапсырма  береді.  Үй 
тапсырмасы. Қайталау.
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет? 


228
4-
тоқсан
XIII. Магнит өрIсI
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім: 
сынып: 10 
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар:
1-сабақ
сабақтың тақырыбы: Магнит өрiсi. Магнит индукциясының 
векторы. Бұрғы ережесі.
сабақ түрі: 
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арналған 
оқытудың 
мақсаттары
10.3.4.1  —  өткізгіштің  магнит  өрісін  сипаттайтын 
шамаларды түсіну.
сабақтың 
мақсаты
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат беру;
—  Магнит  өрісінің  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білуге үйрету;
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау 
критерийлері
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат береді;
—  Магнит  өрісінің  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білуге үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат алу;
—  Магнит  өрісінің  формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білу;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.
Құндылықтарды 
дарыту 
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты 
құндылықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà:  графиктер,  квадрат  теңдеулер,  теңдеулер 
жүйесі.
аКт қолдану 
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика,  10-сынып:  Термодинамиканың  бірінші  заңын 
термодинамикалық  процестерге  қолдану,  сұйық  және 
қатты  денелер,  электростатика,  тұрақты  ток,  әртүрлі 
ортадағы электр тогы.
Жабдықтар
Видео-сабақ:  “Магнит  өрiсi.  Магнит  индукциясының 
векторы. Бұрғы ережесі”.
сабақ барысы 


Жалғасы
229
уақыт бойынша 
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
сабақтың басы
5 мин.
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану. 
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың 
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар: 
1. Неліктен барлық металдар — жақсы 
өткізгіштер? 
2. Металдарда еркін электрондар қалай 
пайда болады? 
3.  Неліктен  металдардағы  өткізгіштік 
электрон дық болып табылады? 
4. Өткізгіште сыртқы электр өрісі жоқ 
кездегі  және  бар  кездегі  еркін  элек-
трондардың  әсерін  сипаттап  айтып 
беріңдер.
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушылармен бірге):
— Магнит өрісі жайлы мағлұмат алады;
— Магнит өрісінің формулаларын есеп-
тер шығаруда қолданып үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
“Магнит 
өрiсi. Магнит 
индукция-
сының векторы. 
Бұрғы ережесі” 
тақырыбына 
презентация.
сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
«броундық қозғалыс» әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді: 
1. Электр және магниттiң құбылыстардың 
байланысын кiм және қалай ашқан? 
2. Эрстед тәжiрибесi туралы не бiлесiң-
дер? 
3.  Бiр-бiрiне  жақын  орналасқан  екi 
параллель  өткiзгiштiң  бойынан  ток 
өткiзе отырып, Ампер нені байқады? 
4. Бойынан ток өтетiн раманы магнит 
өрiсiне орналастырса не байқалады?
5. Күштiк өрiс деп ненi түсiнемiз?


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау