Электр және магнетизм Емтихан сұрақтары



жүктеу 37,57 Kb.
Дата27.12.2022
өлшемі37,57 Kb.
#40795
2. Электр және магнетизм пәнінен емтихан сұрақтары.


Электр және магнетизм
Емтихан сұрақтары



Білім деңгейі:

Бакалавриат

Курс

Екінші

Семестр

Үшінші

Кафедра

физика

Пән

Электр және магнетизм

Оқытушының аты, тегі

Бисембаев Куатбай

1 деңгей (30 баллов)


1.Электр зарядтарының іргелі қасиеттері ,Кулон заңы. Тәжірибелік қондырғы (иірмелі таразы).


2.Электростатикалық өріс.Электр өрісінің кернеулігі.Нүктелік заряд өрісінің кернеулігі.Электр өрістері үшін суперпозиция принципі


3.Зарядталған ұзын сымның кернеулігі, Зарядталған шексіз жазықтың кернецулігі


4.Электростатикалық өрістер үшін Остроградский-Гаусс теоремасы, оның қолданылуы


5.Электр өрісі күштерінің заряд орын ауыстырғанда атқаратын жұмысы. Кернеулік векторының циркуляциясы


6.Потенциал, потенциалдар айырымы. Нүктелік заряд және зарядтар жүйесі өрістерінің потенциалдары.


7.Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымылығы ,Жазық конденсаторлардың сыйымдылықтары


8.Сфералық конденсаторлардың сыйымдылықтары, Конденсаторлар, оларды тізбектеп және параллель жалғау


9.Цилиндрлік конденсаторлардың сыйымдылықтары


10.Электростатикалық өріс энергиясы, оның тығыздығы


11.Диэлектриктердегі электростатикалық өріс. Поляризациялану векторы. Ортаның диэлектрлік өтімділігі.


12.Эквипотенциалды беттер. Потенциал градиенті және оның өріс кернеулігімен байланысы


13.Тұрақты электр тогы. Ток тығыздығы.


14.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Ом заңының дифференциалдық түрі


15.Джоуль-Ленц заңы. Джоуль-Ленц заңының дифференциальдық және интегральдық түрі.


16.Металдардың электр өткізгіштігі. Меншікті кедергінің температураға тәуелділігі. Кедергілер, оларды жалғау


17.Тұйық тізбек үшін Ом заңы. Бөгде күштер. Электр қозғаушы күштер. Электр тогының пайда болу шарттары


18.Тұрақты ток қуаты. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті


19.Кирхгоф ережелері, оны тармақталған тізбектерді есептеуде қолдану.


20.Сұйықтардағы электр тогы. Электролиз үшін Фарадей заңдары.


2 деңгей (35 баллов)

21.Магнит өрісіндегі токқа әсер етуші күш. Ампер заңы


22.Био-Савар-Лаплас заңы.


23.Магнит өрістері үшін суперпозиция принципі. Дөңгелек токтың магнит өрісі.


24Түзу токтың магнит өрiсi


25.Соленоидтағы токтың магнит өрiсi.


26.Магнит өрiсiнiң кернеулiк векторының циркуляциясы. Толық ток заңы.


27.Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішті орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс


28.Индуктивтілік . Өздік индукция құбылысы.


29.Магнит өрісіндегі тогы бар контур. Магниттік момент. Магниттік индукция


30.Магнит өрісінің энергиясы және оның тығыздығы


31.Зарядталған бөлшектің магнит өрісіндегі қозғалысы. Лоренц күші.


32.Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей тәжірибелері.


33.Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі


34.Айнымалы ток. Реактивті кедергілер. Ом заңы


35.Электромагниттік тербелістер. Қарапайым тербелмелі контур. Томсон формуласы


36.Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті кедергі,(индуктивтік және сыйымдылық кедергілері).


37.Айнымалы ток тізбегі. Ток пен кернеудің эффективті мәндері


38.Айнымалы ток қуаты
39.Айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңы
40.Векторлық диаграммалар. Айнымалы ток тiзбегiнiң жұмысы мен қуаты.

3 деңгей (35 баллов)


41. Екі нүктелік зарядтың q1 = 1 мкКл және q2 = -q1 ара қашықтығы 10 см. Бірінші зарядтан 6 см, ал екіншісінен 8 см қашықтықта орналасқан q = 0,1 мкКл зарядқа әсер ететін күшті анықтаңдар.

42.Электр өрісін беттік тығыздығы 1 = 1 нКл/м2 және 2 = 3 нКл/м2 біркелкі таралған екі шексіз пластинка туғызады. а) Пластиналардың арасындағы; б) пластиналар сыртындағы электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Пластинаға перпендикуляр сызық бойындағы кернеуліктің өзгеру графигін сызыңдар.

43.Қуыс шар беті біртекті зарядталған. Шар орталығындағы потенциал 1 = 200В, ал орталығынан r = 50 см қашықтықтағы потенциалы 2 = 40В болса шардың радиусы неге тең?

44. Екі вольтметрді ток көзіне бір мезгілде тізбектей қосқан кезде, біріншісінің көрсетуі 6В, ал екіншісі 8В көрсетеді. Осы вольтметрлерді параллель қосқанда көрсетуі 12В болады. Ток көзінің ЭҚК-ін табыңдар.

45.Электр шәйнегінің екі орамасы бар. Оның біреуін қосқанда, шәйнектегі су t1=12мин қайнайды, ал келесісін қосса, t2=24мин соң қайнайды. Екі екеуін параллель қосса, шәйнектегі су қанша уақыттан соң қайнар еді? Тізбектей қосса ше? Ауамен жылу алмасуды ескермеңдер.
46.Егер I1=5А ток кезінде жүктеме Р1=30Вт қуатты тұтынатын болса, ал I2=10А ток кезінде Р2=40Вт қуатты тұтынса, онда аккумуляторлар батареясының қысқа тұйықталу тогын табыңдар.
47. Екі вольтметрді ЭҚК-ң көзіне бір мезгілде тізбектей қосқан кезде, әрбір вольтметрдің көрсетуі 6В болады. Оларды дәл сол ЭҚК-ң көзіне параллель қосқанда, олардың көрсетуі 10В болды. ЭҚК-ң шамасын анықтаңдар.

48.Индукциясы В=0.1 Тл болатын магнит өрісіне ауданы S=25 болатын квадраттық рама енгізілген.Рама жазықтығына жүргізілген нормаль магнит өрісінің бағытымен бұрыш жасайды.Егер рама арқылы ток жүргенде, оған әсер ететін күш моментін анықтаңдар.


49.Индукциясы В=0.5 Тл болатын біртекті магнит өрісінде ұзындығы және ені болатын тікбұрышты рама орналасқан. Рамадағы жіңішке өткізгіштердің орам саны орамға тең.Рамадағы ток , ал раманың жазықтығы магниттік индукция сызығына параллель болады.Анықтаңдар раманың магниттік моментін 2) рамаға әсер ететін айналдырушы моментті

50. Бойымен 5а ток өтетін шексіз ұзын өткізгіштен 2см қашықтықта тұрған нүктедегі магнит өрісінің кернеулігін табу керек.

51. Бойымен 1а ток өтетін, радиусы 1см дөңгелек сым орамының центріндегі магнит өрісінің кернеулігін табу керек.

52.Көлденең қимасы мыстан жасалынған сым сақинадан I=20a ток жүре отырып, сақинаның центрінде магнит өрісінің кернеулігін H=2,24э туғызады. Сақинаны жасап тұрған өткізгіштің ұштарындағы потенциал айырмасы қандай?( )

53.Ұ¦зын, түзу өткізгіш арқылы күші 8 А ток жүргенде, өткізгіштен 8 мм қашықтықта магнит өрісінің индукциясы қанша болады? Гн/м деп алыңыздар


54. Индукциясы 0,02 Тл, біртекті магнит өрісіне электрон индукция сызықтарына параллель ұшып енеді. Магнит өрісінде электрон қанша үдеумен қозғалады?

55. Индукциясы 0,2Тл магнит өрісіне 10А электр тогы өткізгіш орналастырылған, өткізгішке 0,3Н күш әсер етуі үшін өткізгіштің ұзындығы қанша болу керек? Өткізгіш магнит индукциясының векторына перпендикуляр.

56. 5 А тогы бар, ұзындығы 14см өткізгішке индукциясы 2Тл магнит өрісінде әсер етуші күш мөлшері қанша болады? Өткізгіш магнит индукциясы векторына перпендикуляр.

57.Бірдей потенциалдар айырымымен үдетілген протон мен -бөлшек біртекті магнит өрісіне ұшып кіреді. Протон мен -бөлшек қозғалатын шеңберлер радиустарының қатынастары Rp/R қандай болады?


58. Диаметрі 0,5 мм өткізгіштен жасалған орам арқылы 1,5 А ток өтеді. Орам өсінде магнит өрісінің кернеулігі қандай болады?

59. Ток күшінің тербелісінің қандай циклдік жиілігінде, катушканың индуктивтік кедергісі 2 Омға сәйкес болады? Катушка индуктивтілігі 0,02Гн.

60.Кернеулігі 250 кА/м біртекті магнит өрісіне квадрат рамка енгізілген. Оның жазықтығы магнит өрісі бағытымен 45 граус бұрыш жасайды. Рамка қабырғасы 4см. Рамканы тесіп өтетін магнит ағынын анықтаңыз.



жүктеу 37,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау