22
А. Дененің орны. Б. Дененің үдеуі. В. Дененің жылдамдығы.
Жауабы: В.
2. 20 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 1200 кг автомобиль
тежеле бастайды. Тежеу күші тұрақты және 300 Н. Автомобильдің үдеуін
анықтаңдар.
Жауабы:
à = –2,5 м/с
2
.
3. 20 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жаткан массасы 1000 кг автомобиль
кірпіш қабырғаға келіп соғылып, 0,5с ішінде тоқтайды. Қабырға
тарапынан оған әсер ететін орташа күшті есептеңдер.
Жауабы:
F = 4 ·
10
5
Н.
ньютонның үшінші заңы. Ньютонның үшінші заңын қарастыруды
табиғатта күштерді денелердің тудыратынын және олар осы денелердің
өзара әсерлесуінің мөлшері болып табылатынын ескертуден бастаған жөн. Ол
әсерге әрқашан модулі бойынша тең қарсы әсер бар болады дейді, басқаша
айтқанда, екі дененің бір-бірімен өзара әсерлесуі өзара тең және қарама-қарсы
жақтарға бағытталған. Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, осындай
қысқа тұжырымдар түрінде Ньютонның үшінші заңын оқушылар жақсы есте
сақтағанымен, оны терең түсінбейді.
Ньютонның үшінші заңында сөз болатын күштердің бір тектес екенін
баса айту керек. Бұл күштердің әртүрлі денелерге түсірілгенін, оларды бір-
бірімен қосуға және оларды бірін-бірі теңгеретін күштермен шатастыруға
болмайтынын оқушыларға түсіндіру маңызды (теңгерілетін күштер бір ғана
денеге түсіріледі).
Күштердің әрқашан жұбымен пайда болатынына мысалдар келтіру немесе
тәжірибеде көрсету керек. Егер бір күш бар болса, онда оған модулі бойынша
тең, ал бағыты бойынша қарама-қарсы екінші күш те бар болады. Ньютонның
үшінші заңын түсінуге дәстүрлі болып кеткен, арқан тарту, шанаға немесе
арбаға жегілген аттың қозғалысы және т.б. мысалдарды талқылау да септігін
тигізеді.
Әрекет пен қарсы әрекетті “секіргіш бақа” ойыншығының көмегімен
көрнекі етіп жақсы көрсетуге болады. Егер бақаның астына бір бет қағаз
қойса, бақа секірген кезде қағаз бақаның секірген бағытына қарсы ұшып
кететін болады. Оқушыларға алақандарымен үстелді соққызып, олардан осы
кезде нені (қолдың үстелге әсерін бе, олде қол мен үстелдің өзара әсерлесуін
бе) сезгендерін сұрауға болады.
Материалды бекіту үшін мына есептерді шығарған пайдалы.
1. Егер арқан 200 Н күшке шыдайтын болса, оны екі жағынан екі бала
әрқайсысы 150 Н күшпен
тартатын болса, ол үзілер ме еді?
2. Ат арбаны тартып келеді. Ньютонның үшінші заңы бойынша арба да
атты оның өзін алға тартқан күшіндей күшпен кері тартады. Онда неліктен
ат
арбаны тартады, ал арба атты тартпайды? Неліктен олар қозғалады?
Бұл тарауда, сондай-ақ гравитациялық күштер — электромагниттік
күштердің білінуі болып табылатын серпімділік күштері мен үйкеліс
күштері қарастырылады. Әуелі гравитациялық күштер және бүкіләлемдік
тартылыс заңы қарастырылады. Бұл тақырып танымдық жағынан қызықты
болып табылатын біршама тарихи материалдарды қамтуға мүмкіндік береді.