Единый тарифно-квалификационный справочник


Оқшаулау және орау-бүркеу жұмыстары



жүктеу 4,71 Mb.
бет14/22
Дата29.05.2018
өлшемі4,71 Mb.
#18175
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Оқшаулау және орау-бүркеу жұмыстары
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Бандаждаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бандаж сымды арнайы барабан әткеншекке қайта орау. Ұсақ зәкірлерді қарапайым бапталған бандаждалған станоктарда және қолмен бандаждау. Бандаж асты оқшаулауды дайындау және қалау.

Білуге тиіс: қарапайым бандаждағыш станоктардың құрылысы және қолдану туралы негізгі мәліметтер; бандаждауда қолданылатын оқшаулау материалдарының атауы және маркалары.
2. Бандаждаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 100 кВт-қа дейінгі роторлар мен машина зәкірлеріне қарапайым бандаждағыш станоктарда бір қабатты бандаж жағу. Микроқозғалтқыш статорларының екі жағынан орауын қаптау.

Білуге тиіс: қарапайым бандаждағыш станоктардың жұмыс принципі; айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі; орындалатын жұмыс шеңберінде сызбаларды оқу; электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер.
3. Бандаждаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 100 кВт-тан жоғары 200 кВт-қа дейінгі роторлар мен машина зәкірлеріне қарапайым бандаждағыш станоктарда бір қабатты бандаж жағу. Ораудың беткі бөліктерін тегістеу. Бандаж асты оқшаулау және құлыптар салу. Бандаждағыш станоктарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері, бандаждарды бекітетін құлыптарды бекіту және дәнекерлеу тәсілдері, магнит және магнит емес бандаж сымдарды айқындау тәсілдері, бандаждауда қолданылатын материалдардың атауы, маркалануы және қасиеті.
4. Бандаждаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 200 кВт-тан жоғары роторлар мен машина зәкірлеріне қарапайым бандаждағыш станоктарда бір қабатты бандаж жағу және дәнекерлеу. Статор орамасының беткі бөліктерін бандаждау. Шыны бандаждау таспасын бандаждау.

Білуге тиіс: бандаждағыш станоктардың құрылымы, пайдалануға беру ережесі және баптау тәсілдері; түрлі құрылымдағы динамометрлер құрылысы; бандаж созудың шекті күші; бандаж үлгілері және олардың қызметі.
5. Оқшаулау бөлшектерін дайындаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым оқшаулау бөлшектерін дайындау. Оқшаулау материалдарынан жолақтар мен төсемдер дайындау.

Білуге тиіс: қарапайым айлабұйымдар мен аспаптардың қызметі және қолдану ережесі; оқшаулау материалдарының атауы және маркалары.

Жұмыс үлгілері

1. Кабель қағазы – рулондарға орау.

2. Рулон маталар – кесілген жерлерді екі қабатты жікпен тігу.
6. Оқшаулау бөлшектерін дайындаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі оқшаулау бөлшектерін дайындау. Мақта мата таспалар мен қағазды қайта орау. Оқшаулау материалдарынан жасалған бөлшектерді, саңылауларды сызбалар бойынша мен шаблон бойынша бөлшектерді паздарды белгілеу. Рейкаларды, бакелитті цилиндрлерді кесу, қималарды кесу. Барлық оқшаулау материалдарынан жасалған үлгілік бөлшектерді эксцентрикті сығымдағыштарда кесу. Тік бұрышты бөлшектерді гильотинді қайшыларда кесу және полюсті рамкалардағы тік бұрышты саңылауларды ою арасымен аралау. Электр картоннан, пленка электр картоннан, микакартоннан және шыны миканиттен жасалған бөлшектерді жиекті ию станоктарында ию және жиектеу. Оқшаулау бөлшектерін таспалы және дискілі тегістеу станоктарында тегістеу. Сыналарды созғылау. Оқшаулау бөлшектерінен жасалған қарапайым тораптарды құрастыру.

Білуге тиіс: гильотинді қайшылардың, ою арасымен, таспалы және дискілі тегістеу станоктарының құрылысы және қолдану принципі, аспапты қайрау ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі; оқшаулау материалдарын кесу, штампылау ережесі және оңтайлы пішу тәсілдері; өңделетін электр оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Қағаз, рулон және электр картон материалдары – берілген мөлшер бойынша кесу.

2. Мойынтұрық оқшаулау, тірек сақиналар, рейкалар және басқа да бөлшектер – тегістеу.

3. Лак мата – диагональ бойынша кесу.

4. Кабельді қағаздан жасалған тыс – жасау және тігу.

5. Электр картоннан жасалған қашықтықты төсемдер және шайбалар – эксцентрикті сығымдағыштарда тегістеу.

6. Оқшаулау фаза аралық, қабат аралық және қисық төсемдер – шаблон бойынша кесу және жасау.

7. Оқшаулау түтікшесі – берілген ұзындықта кесу және орау.

8. Шайбалар және миканитті төсемдер – эксцентрикті сығымдағыштарда штампылау.

9. Трансформаторларға арналған шайбалар мен сегменттер – дөңгелентіп қиятын қайшымен кесу.



7. Оқшаулау бөлшектерін дайындаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі оқшаулау бөлшектерін дайындау. Тік бұрышты материалдарды немесе тірек бойынша фрезерлік станоктарда, таспалы және циркулярлы аралармен және көп дискілі қайшылармен кесу. Оқшаулау таспаларын қайта орау. Арнайы айлабұйымдарды, шаблондарды және әмбебап аспаптарды пайдаланып оқшаулау тораптарын белгілей отырып құрастыру. Құрастыру сызбалары бойынша қажетті бөлшектерді іріктеу, құрастыру процесінде бөлшектерді тұтастыру. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы және баптау тәсілдері, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, қолданылатын шаблондардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; құрастырылған сызбаларды оқу.

Жұмыс үлгілері

1. Үшінші габаритке дейінгі трансформаторларды мойынтұрық және теңестіре оқшаулау – құрастыру.

2. Миканитті коллекторлық пластиналар – калибрлеу, белгілеу, пішу, қайшымен немесе штампылап кесу.

3. Алюминий және мыс фольгадан жасалған төсемдер – жасау.

4. Металл қосымшалы төсемдер – жасау және желімдеу.

5. Металл емес эластикалық материалдардан жасалған тығыздағыш төсемдер – жасау.

6. Бакелитті цилиндрлер - жасау және құрастыру.

7. Миканиттен бөлшектер кесуге арналған жаймалық оқшаулау материалдардан шаблондар – жасау.

8. Төртінші және бесінші габаритті трансформатор қалқаны – құрастыру.
8. Оқшаулау бөлшектерін дайындаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі және бірегей оқшаулау бөлшектерін дайындау. Діріл және ролик қайшылармен және ою арасымен үлгілік бөлшектерді кесу және аралау. Саңылау бұрғылау, паздар мен сақиналарды спираль бойынша кесу. Токарлық әткеншек және фрезерлік станоктардан фаскаларды шешу. Электр оқшаулағыш материалдардан жасалған үлгілік бөлшектерді пішу және кесу. Үлгілік бөлшектерді тойтару және қиыстыру. Ерекше күрделі бөлшектерді токарлық, фрезерлік және бұрғылау станоктарында механикалық өңдеу. Оргшыныдан жасалған үлгілік бөлшектерді қалыптау және желімдеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтар мен станоктардың құрылысы, қолдану принципі және баптау тәсілдері; тойтару және қиыстыру тәсілдері, жоғары қуатты трансформаторларды оқшаулауға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Үшінші габариттен асатын трансформатор аралық мойынтұрық және теңестіре оқшаулау – оқшауланатын жаймаларды құрастыру және жасау.

2. Полиамидті пленкадан жасалған төсемдер – кесу.

3. Турбо және гидрогенераторлардың роторлы және статорлы орамаларына арналған тіректер, сақиналар, кронштейндер, сыналар – жасау.

4. Шунттағыш реакторлар – төсемдерді, сақиналар мен дискілі сегменттерді өңдеу.

5. Роторлық өзекшелер – паздарды қайрау, фрезерлеу, орны бойынша құрастыру және қиыстыру.

6. Трансформаторларға арналған шайбалар, бұрыштықтар – құрастыру.
9. Оқшаулаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті оқшаулаушының басшылығымен кабельді және телефон қағазын, лавсан және мақта қағаз таспа секцияларын, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды оқшаулау. Компаундау, сіңдіру және сығымдауға арналған секциялар мен катушкаларға тығыз қабатпен уақытша таспалы оқшаулау жағу. Сымдарға қалпақтар кигізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; таспалы оқшаулау жағу тәсілдері, қолданылатын оқшаулау материалдарының атауы және маркалары.
10. Оқшаулаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кабельді және телефон қағазын, лавсан және мақта қағаз таспа секцияларын, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды оқшаулау. Компаундағаннан, сіңдіргеннен және сығымдағаннан кейін секциялар мен катушкалардан уақытша оқшауды шешу. Орамдардың арасына оқшаулау жасау. Бекіткіш бандаждарды катушкаларға оқшаулау рамкалары мен төсемдерін қалай отырып орнату. Бұрамалар мен паздарды оқшаулау. Экрандаушы орамдар жасау және оқшаулау. Сығымдаусыз металл бөлшектерді және кейіннен оқшаулап кесіп оқшаулау. Аппараттардың катушкаларындағы секция аралық бірікпелерін оқшаулау.

Білуге тиіс: жай өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі; оқшаулау бөлшектері мен бұйымдардың атауы мен үлгілері; электр техникасы жөніндегі қарапайым мәліметтер.

Жұмыс үлгілері

1. Орташа үздіксіз және ауыспалы ток машиналары – жүрекшені орауға дайындау.

2. Электр машиналарының статор пакеттері – кесік бөлшектерін оқшаулау.

3. Шыбықтар мен жолақтар – киперлік таспамен лак жаға отырып оқшаулау.

4. Торроидальді трансформаторлар – оқшаулау.

5. Бакелизирленген қағаздан жасалған цилиндрлер – жасау.

6. Электр тізбекті күш шинасы – киперлік және тафтянды таспамен оқшаулау.
11. Оқшаулаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды асбестпен, лак матамен, шыны лак матамен, шыны матамен және шыны таспамен оқшаулау. Электр машина бөлшектерін 7 қабатқа дейінгі шыны матамен және шыны таспамен оқшаулау. Оправкада түтікшелер мен гильзалар жасау. Электр машина полюстерін қолмен үтіктеп және сығымдап және тозаңдату әдісімен оқшаулау. Уақытша таспалар мен планкаларды гидростатикалық сығымдағаннан кейін шешу. Оқшаулау станоктарында таспалық материалдармен оқшаулау. Орам, корпус және көп қабатты оқшаулау жағу. Жартылай автоматтарда статор паздарын оқшаулау. Дискілік катушкаларды, сыйымдылық сақиналарын және трансформатор шықпаларын оқшаулау жөніндегі операцияларды орындау.

Білуге тиіс: оқшаулау станоктарының құрылысы және баптау тәсілдері; арнайы айлабұйымдарды және бақылау-өлшеу аспаптардың қызметі және қолдану ережесі; қолданылатын электроқшаулау материалдарының негізгі қасиеті.

Жұмыс үлгілері

1. Үшінші габаритке дейінгі дискілік трансформаторлар катушкалары – оқшаулау.

2. Трансформаторлы көп секциялық катушкалар – оқшаулау.

3. Орам ұстайтын және теңестіретін электр машиналары сақиналары – таспалық материалдармен оқшаулау.


12. Оқшаулаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды кремний органикалық оқшаулағышпен, миканитпен, микатаспамен оқшаулау. Электр машина бөлшектерін 7 қабатқа дейінгі шыны матамен және шыны таспамен оқшаулау. Статорлық және зәкір секцияларына эпоксидті компаундты жаға отырып көп қабатты орам және корпусты оқшаулау жағу. Секция және машина өзекшелерін арнайы илемдеу станоктарында жаймалық оқшаулау материалдарымен оқшаулау. Күш трансформаторларының орамдары, шықпалары және дискілік катушкалары тәсімдерін оқшаулау.

Білуге тиіс: орам және корпусты оқшаулауды орындауға арналған оқшаулау станоктарының құрылысы және баптау тәсілдері; әмбебап айлабұйымдарды пайдалану ережесі; бұйымдарды оқшаулау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Ауыспалы ток машиналарының статорлық орау катушкалары – орам және корпустық оқшаулау.

2. Үшінші габариттен асатын дискілік трансформатор катушкалары – оқшаулау.

3. Гидрогенераторлардың полюсті катушкалары және турбогенератор роторларының катушкалары – орамдарды оқшаулау.

4. Тұрақты токты ірі синхронды компенсаторлар мен илемдеу машиналарының гидрогенераторларына арналған полюсті катушкалар мен өзекшелер – оқшаулау.

5. Трансформаторлардың конденсаторлары - оқшаулау.

6. Турбогенераторлар мен гидрогенератор статорлық орау өзекшелері - өтпе орындарын оқшаулау.

7. Турбо және гидрогенератор өзекшелері – алдыңғы жағына миканит жағу.

8. Ауыспалы ток машиналары роторлық орау өзекшелері – оқшаулау.
13. Оқшаулаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Секцияларды, катушкаларды, бөлшектер мен бұйымдарды термобелсенді байланыстыратын синтетикалық материалдармен және таспалармен, полиимидті және полиимидтіфторпластты пленкалармен оқшаулау. Гидрогенераторлардың статорлық қалпақтарын компаунд құю тәсілімен оқшаулау. Күш трансформаторларының орау және шықпа тәсімдерін жүктемеде оқшаулау.

Білуге тиіс: орау ставкаларының құрылымы және баптау тәсілдері; оқшау жағу тәсілдері; оқшаулау материалдарының сипаттамалары; орындалатын жұмыс шегіндегі сызбаларды оқу.

Жұмыс үлгілері

1. Гидро және турбогенератор және турбоқоздырғыш өзекшелері – көп қабатты оқшаулау.

2. Гидро және турбогенератор өзекшелері – тегіс емес жерлерін тегістеу.

3. Электр пеш трансформаторлары – шықпаларды және бірікпе тәсімдерін оқшаулау.



4. Электр физикалық жабдық бұйымдары секциялары – оқшаулау.
14. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті калибрлеушінің басшылығымен 200 омнан асатын кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу.

Білуге тиіс: катушкаларды калибрлеу туралы негізгі мәліметтер; жай бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану шарттары; жай сызбалар мен тәсімдер.
15. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 200 омнан асатын кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу. Кедергіні тексеруге арналған қарапайым тәсімдер жасау.

Білуге тиіс: қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарымен пайдалану ережесі; калибрлеу тәсілдері; электр көлемдерін өлшеу бірліктері; аспаптарды қоректендіру көздері (гальваникалық батареялар және аккумуляторлар); түзету кестелерін пайдалану ережесі; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника бойынша негізгі мәліметтер.
16. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 3 омнан асатын 200 омға дейінгі кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған және берілген шектерге сәйкес 100 омнан асатын кедергі бойынша қызыл мыс сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу. Катушкалардың кедергісін тексеру үшін бір жақты мосты тәсімдерін құрау. Кедергі бойынша калибрлеу үшін сымның тұтыну көлемін айқындау. Шықпаларды дәнекерлеу. Кедергіні бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу. Индуктивті кедергіні тексеруге арналған трансформатор коэффициентін айқындау.

Білуге тиіс: орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электр дәнекерлегіш құрылғысы және оларды пайдалану ережесі; орау үлгілері; шектеу жүйесі.
17. Электр аспаптары катушкаларын калибрлеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 3 омға дейінгі кедергі бойынша манганинді сымнан жасалған және 100 омға дейінгі кедергі бойынша қызыл мыс сымнан жасалған катушкаларды калибрлеу. Катушкалардың кедергілерін тексеру үшін екі жақты мосты тәсімін құрастыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдық құрылымы және баптау тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптары құрылғысы; мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.
18. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті ораушының басшылығымен диаметрі 0,1 мм-нен асатын сымнан жасалған аппараттар мен аспаптарға арналған катушкаларды орау. Кедергі алабын орау. Оправкаларды іріктеу. Катушкаларды байланыстыру.

Білуге тиіс: орау станоктары құрылғылары туралы негізгі мәліметтер; орау сымы, оқшаулау материалдары, лак, желім, дәнекер сұрыптарының атаулары мен таңбалануы; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

Орау


1. Қосымша кедергі катушкалары.

2. Қағаз роликтері.

3. Кедергі цилиндрлері.
19. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 0,1 мм-нен асатын сымнан жасалған аппараттар мен аспаптарға арналған катушкаларды орау. Дөңгелек каркасқа және орау шаблонына аппараттар мен аспаптарға арналған катушкаларды немесе орамдарды автоматты түрде немесе қолмен қалап, қажет болған жағдайда оқшаулауды жағып орау. Орамдар мен қадамдарды станоктың қажет санына қайта қосу. Каркастарды немесе шаблондарды орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін станоктардың жұмыс принципі, қолданылатын орау сым, оқшаулау материалдары, желім, лак, дәнекер сұрыптарының негізгі қасиеттері, орау сапасын тексеру әдістері, ақаудың ықтимал себептері және оны табу және жою жолдары; қабатты оралған катушкаларды жасауға қойылатын техникалық талаптар; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

Орау:


1. Кедергі алқаптары (катушкалар).

2. Каркас және каркас емес рамкалар.

3. Кедергі рамалары.
20. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 0,1-ден 0,02 мм-ге дейінгі сымнан жасалған аппараттар мен аспаптар үшін катушкаларды орау. Шаблонға және тік бұрышты каркасқа катушкалар мен рамкаларды көп секциялық және көп қабаттық орау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен катушкалардың кедергілігін тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы; баптау тәсілдері; қолданылатын сымның негізгі қасиеттері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолдану ережесі.

Жұмыс үлгілері

Орау:


1. Екі секциядағы каркас емес катушкалар.

2. Каркасты катушкалар.

3. Торроидальді, көп қабатты және көп секциялық катушкалар.

4. Трансформатор, көп қабатты және көп секциялы катушкалар.

5. Екі секциялы рамкалар.
21. Электр аспаптары мен аппараттарына арналған катушкаларды ораушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі кемінде 0,02 мм сымнан жасалған аппараттар мен аспаптар үшін каркасты емес катушкаларды орау.

Білуге тиіс: жұқа сымнан жасалған катушкалар мен рамкаларды орау ережесі мен тәсілдері; катушкаларды кедергі бойынша тексеру тәсілдері.
22. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті ораушының басшылығымен бапталған орау станоктарында шаблондарға қарапайым конфигурациялы катушкалар мен секция дайындамаларын орау. Катушкаларды уақытша байланыстыру.

Білуге тиіс: орау станоктары құрылымы туралы негізгі мәліметтер; айналым есептегіштерді пайдалану ережесі; шаблондарды орнату тәсілдері, қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, қолданылатын орау сымдарының атуы және таңбалануы.

Жұмыс үлгілері

1. Жұмыр мыстан жасалған катушкалар – конуссыз орау.

2. Микроқозғалтқыш статорлары катушкалары – шаблонға орау.
23. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орау станоктарында шаблондарды пайдалана отырып, қарапайым конфигурациялы катушкалар мен секция дайындамаларын орау. Полюсті катушкалар қабатына және тік бұрышты кесілген секция дайындамаларына орау. Электр картоннан жасалған орам аралық төсемдерді төсей отырып, орау. Дәнекерлеу және пісіру жолымен орау процесінде сым ұштарын ұзарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың жұмыс принципі; арнайы айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі, сым ұштарын пісіру және дәнекерлеу тәсілдері, төсемде қолданылатын оқшаулау материалдарының номенклатурасы және қасиеті; орындалатын жұмыс шегіндегі электр техника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Жұмсақ салмалы секциялар – құрама шаблондарға орау.

2. Тік бұрышты мыстан жасалған статорлық секциялар – бірнеше параллельді орау.

3. Көп жылдамдықтағы электр қозғалтқыштарға арналған статорлық секциялар – орау.


24. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі секция катушкалары мен дайындамаларын орау станоктарында орау. Статор секциясы дайындамасын бір қарапайым сым өткізгішпен дөңгелекке тиімді ораммен орау. Таспалы және шиналы мыстан жасалған бір қабатты катушкаларды бір параллельге орау.

Білуге тиіс: орау станоктарының құрылысы және баптау тәсілдері, арнайы айлабұйымдар мен қосалқы құрылғылардың құрылысы, жапсарлы және газ дәнекері, күйдіру және пісіру әдістері; дайындама сызбалары мен әдіптері.

Жұмыс үлгілері

1. Машина статорлары секциялары дайындамалары – жапсарларды бір уақытта оқшаулай отырып орау.

2. Реттейтін генератор катушкалары – орау.

3. Арнайы орындалған статорлық машина катушкалары – орау.


25. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы секция катушкалары мен дайындамаларын орау. Статор секциясы дайындамасын бір қарапайым сым өткізгішпен дөңгелекке 1-ден 6-ға дейінгі тиімді ораммен және 2-қабатқа дейінгі таспалық материалдармен бір уақытта оқшаулай отырып орау. Екі параллельде және көбірек бос таспалық мыстан жасалған бір қабатты катушкаларды орау. Оқшаулау қабаттары аралығына түрлі оқшаулау материалдары қабаттарын төсеу, лак жағу. Өтпелі жалаң таспалы мыстан жасалған екі қабатты катушкаларды орау.

Білуге тиіс: фрезерлеуге арналған арнайы орау станоктары және құрылғыларының құрылымы және баптау ережесі; катушкаларды орағанда тұйық жерлерін тексеру тәсілдері; дәнекерлеу әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Бас аралас қоздыру полюсі катушкалары – орау.

2. Жұмыр оқшауланған сымнан жасалған көп қабатты, көп параллельді катушкалар – шаблонға орау.

3. Оқшауланған мыстан жасалған тұрақты ток машиналарына арналған бір жақты конусты полюс катушкалары – орау.

4. Жалаң шиналық мыстан жасалған кесілуі 245 мм2-ге дейінгі полюсті катушкалар – қабырғасына орау.

5. Қалыңдығы 1,35 мм-ден асатын шиналық мыстан жасалған катушкалар – қабырғаға орау.

6. Биіктігі 35 мм-ден асатын және қабырғасының қалыңдығы 50 мм-ге дейінгі шунтты катушкалар – орау.

7. Жолақ ені ішкі радиусқа 1,5-тен асатын қатынаста төрт радиусты катушкалар – орау.


26. Электр машина катушкалары мен секцияларын ораушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі конфигурациялы катушкалар мен секция дайындамаларын орау. Күрделі жарақтарды және арнайы орау жабдықтарын пайдалана отырып, түтікшелі мыстан жасалған катушкаларды орау. Қарапайым сым өткізгіш статор секциясы дайындамасын 2-қабаттан артық таспалық материалдармен бір уақытта оқшаулай отырып орау. Оқшауланған сымнан жасалған катушкаларды бір қатарда үш және одан да көп бір жақты және екі жақты конуспен орау.

Білуге тиіс: арнайы орау станоктары құрылымы; автоматты таратқыш құрылғылары мен қолдану принципі, қолданылатын орау сымдардың түрлері мен маркалары, қолданылатын материалдардың қызметі және қасиеті; оларды өңдеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Жұмыр оқшауланған сым мен шиналық мыстан жасалған көп қабатты, көп параллельді алмалы катушкалық топтары – кейіннен қалыптай отырып шаблонға орау.

2. Жоғары жиіліктегі генератор катушкалар – конусты оправкада қатар қалап, орамда орау.

3. Жалаң шиналық мыстан жасалған кесілуі 245 мм2-дан асатын полюстік катушкалар – қабырғаға орау.

4. Тұрақты ток машиналарына арналған оқшаулау мыстан жасалған екіжақты конусты полюсті катушкалар – орау.

5. Полиамидті-фторопластты оқшаулау катушкалары – орау.

6. Жолақ ені ішкі радиусқа 1,5-ге дейінгі қатынаста төрт радиусты катушкалар – орау.

7. Қалыңдығы 1,35-ге дейінгі шиналық мыстан жасалған катушкалар – қабырғаға орау.



8. Биіктігі 35 мм және қабырғасының қалыңдығы 50 мм шунтты катушкалар – орау.
жүктеу 4,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау