Единый тарифно-квалификационный справочник



жүктеу 4,71 Mb.
бет2/22
Дата29.05.2018
өлшемі4,71 Mb.
#18175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Жұмыс үлгілері

1. Кернеуі 35 кВ жоғары жоғары вольтті ажыратқыштар - сынау мен зерттеу.

2. Сандық, автоматты вольтметрлер, проценттік көпірлер – қателіктерін сынау мен зерттеу.

3. Электр машиналары мен аппараттарының бас үлгілері – оларды сынау стенділерінде жеткере және баптай отырып үлгілік сынаулар.

4. Үлгі катушкалар - қателіктерін сынау мен зерттеу.

5. Ауыспалы ток электр машиналары–ауыспалы процестерді осцилографирлеуге арналған сызбаларды дайындау.

6. Зертханалық потенциометрлер – бақылау сынақтары.

7. Щеткасыз қоздырғыш жүйесінің тиристорлық сызбалары – типтік және кезеңдік сынақтар.

8. Бесінші және алтыншы габаритті күштік трансформаторлар – операциялық және қабылдау-тапсыру сынақтары.

9. Жиілікті тиристорлық түрлендіргіші бар жинақтық құрылғылар - кешенді сынақтар.

10. Логикалық элементтер, жартылай өткізгіш және электронды техника – сызбаларды сынау.
14. Электр машиналарын, аппараты мен аспаптарын құрастыруды бақылаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрастырылған қарапайым электр бұйымдарды, электр машиналарының, аппараттары мен аспаптарының жекелеген тораптары мен механизмдерін сызбалар мен техникалық шарттары бойынша бақылау және қабылдау. Құрастыруға қабылданған бөлшектерді чертеждер бойынша дәлдігі 0,01 мм дейінгі арнаулы және әмбебап құралдың көмегімен және сырттай қарап қабылдау. Дәлдік сыныбы 4-1,5 тілді аспаптарды механикалық параметрлер бойынша және дәлдік сыныбы 4 аспаптарды электр параметрлері бойынша тексеру. Дәлдік сыныбы 0,1-0,2 аспаптарды механикалық және электр параметрлері бойынша тексеру. Құрастыруға түсетін оқшаулау және басқа да материалдардың кесілу сапасын тексеру. Тораптар мен бөлшектердің дұрыс сақталуын бақылау. Қабылданған және бракқа шығарылған өнімге техникалық құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: өзінің учаскесіндегі электр машиналарын, аппараттар мен басқа да электр техникалық аспаптарының құрастыру технологиясы негіздерін; құрастырылатын тораптар мен бұйымдарға арналған техникалық шарттарды және оларды қабылдау ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарды, оларды қолдану ережесін; шектеулер мен орнатулар жүйесі, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері туралы негізгі ұғымдарды; брактың ықтимал себептері мен оларды анықтау және жою тәсілдерін; құрастыруға түсетін бөлшектерге, тораптар мен материалдарға қойылатын талаптарды; электр техника жөніндегі элементарлық деректерді; техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Аспаптар мен аппараттарға арналған катушкалар – сымның қимасы мен катушка габаритін тексеру.

2. Клемм колонналары, қосқұлақтар, панелдер мен прессұнтақтан жасалған басқа да ұқсас бөлшектер – сапасын тексеру.

3. Қағаз диэлектрикті салма арасындағы парақтардың саны 4 дейінгі күштік конденсаторлар – секцияларды қабылдау және бақылау.

4. Кабель ұштары – ұштардың дәнекерленуін, оқшаулануын және бандаждауды бақылау.

5. Қарсылық магазиндері және тұрақты ток мостылары – оқшаулау қарсылығын тексеру.

6. Кнопкалы, кулакты және декадалы қайта қосқыштар – блоктардың жинақталуын, щеткалардың контактілерге қосылуын және щетка жағдайының фиксациялануын тексеру.

7. Тілді электр өлшеу аспаптары - механикалық және электр параметрлері бойынша тексеру.

8. Тұрмыстық электр аспаптары (үтіктер, шәйнектер, электр плиталар, үстелге қоятын шамдар және т.б.) – құрастырылуын бақылау.

9. Электр қозғағыштарға арналған станиналар, қалқандар, подшипник қақпақтары – сырттай қарап сапасын тексеру.

10. Автоматты ажыратқыштарға, магнитті стансаларға, таратып бөлу пункттеріне тораптар - құрастырылуын бақылау.
15. Электр машиналарын, аппараты мен аспаптарын құрастыруды бақылаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр бұйымдарды, электр машиналары мен аппараттарының жекелеген тораптары мен механизмдерін сызбалар мен техникалық шарттарға сәйкес әр операция бойынша және іріктеп бақылау және қабылдау. Құрастыруға қабылданған бөлшектерді чертеждер бойынша арнаулы және әмбебап бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен айлабұйымдардың көмегімен чертеждер бойынша қабылдау. Электр машиналары катушкалары мен секцияларының орамаралық тұйықталуын тексеру. Электр машиналары статорларының паздарын калибрлер бойынша тексеру. Контакторлардың, қосқылардың, реле мен басқа да ұқсас аппараттардың реттелуін тексеру. Электр тізбектерінің беріктігі мен оқшаулау қасиеттерін бақылау. Вакуумдік процестерді және түрлі типтегі күштік конденсаторлардың шабақталуын бақылау Тұрақты және ауыспалы токтың 2,5-1,5 сыныбындағы тілді аспаптарды үлгі аспаптар бойынша электрмен тексеру. Мостылы және 0,03 дейінгі потенциометрлік қондырғылардағы аспаптардың ауытқуларын үлгілік қарсыласу катушкаларын ауыстыру әдісімен тексеру. Негіздеме мен манганин арасындағы тістесу сапасын, күмістеу сапасы мен баспа сызбаларда мыстың болуын бақылау және тексеру. Қызмет көрсететін учаскедегі бракты түрлері бойынша сыныптау, олардың пайда болу себептерін анықтау және оларды жою шараларын уақытылы қабылдау.

Білуге тиіс: электр машиналарын, аппараттар мен басқа да электр техникалық аспаптарының құрылымын, нысанын және құрастыру технологиясын; құрастырылатын тораптар мен бұйымдарға арналған техникалық шарттарды және оларды қабылдау ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен айлабұйымдардың құрылымын, нысанын, пайдалану ережесін; тораптар мен бұйымдардың оқшаулау және электр беріктігіне қойылатын талаптарды; шектеулер мен орнатулар жүйесі, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері туралы негізгі ұғымдарды; брактың ықтимал себептері мен оларды анықтау және жою тәсілдерін; құрастыруға түсетін бөлшектерге, тораптар мен материалдарға қойылатын талаптарды; электротехника жөніндегі элементарлық деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Желінің қорғаныс автоматтары – құрастырылуын бақылау және биметалл элементтің ажыратылғанын тексеру.

2. Құрылымы қарапайым жылжымалы рентген аппараты - құрастырылуын және реттелуін бақылау.

3. Автоматты ажыратқыштар, магнитті стансалар, таратып бөлу пункттері - құрастырылуын және реттелуін бақылау.

4. Дәл электр өлшеу аспаптарының катушкалары – қарсылығын өлшеу.

5. Электр өлшеу аспаптарының керндері – қайрау бұрышын, өңдеу тазалығын және керннің букске престелу дұрыстығын.

6. Қағаз диэлектрикті салма арасындағы парақтардың саны 4 жоғары күштік конденсаторлар – секцияларды қабылдау және бақылау.

7. Қағаз-пленка диэлектрикті жоғары күштік конденсаторлар – секцияларды қабылдау және бақылау.

8. Контакторлар, қосқылар, реле және басқа да ұқсас аппараттар – техникалық шарттарға сәйкес жұмысын тексеру.

9. Контакторлар, реле – магнитті жүйесінің құрастырылуын тексеру.

10. Электр тұрмыстық машиналар мен аппараттар – тораптардың құрастырылуын бақылау және электр беріктігін тексеру.

11. Қарсылық аспаптары – құрастырылу сапасын бақылау және электрлі тексеру.

12. Тілді аспаптар - құрастырылу сапасын және монтаж жүйелерінің дәнекерленуін тексеру, электр параметрлерін тексеру.

13. Момент пружиналар – үшін өлшеу.

14. Бірыңғай сериялы асинхронды электр қозғағыш роторлары – теңгермесін тексеру.

15. Полюстерінің ұзындығы 1000 мм дейінгі магниттік жүйелер - құрастырылуын бақылау.

16. Жалпы нысандағы электр машиналары статорлары - калибр бойынша паздарын тексеру.

17. Шунтылар - механикалық және электрлі параметрлері бойынша тексеру.

18. Бірыңғай сериялы асинхронды электр қозғағыштар – айналма арасындағы оқшаулауының электр беріктігін тексеру.

19. Электр машиналарының зәкірлері мен роторлары – статикалық теңгермесін бақылау.


16. Электр машиналарын, аппараты мен аспаптарын құрастыруды бақылаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұрақты және ауыспалы токпен істейтін қуаты шағын және орташа күрделі электр машиналары, жоғары вольтті және төмен вольтті жауапты емес аппараттарды, 1,5-1,0 сыныпты қалқанды электр өлшеу аспаптарын, 2,5 сыныптық өзі жазатын бір және үш фазалы аспаптар мен 0,01 сыныпты қарсыласу аспаптарын бақылау және соңғы қабылдау. Конденсаторлардың алмалы бөлігінің вакуумді сіңдірілімі мен күштік құрастырылуын бақылау. Құрастыру кезіндегі ақаудың себептерін анықтау және оларды жою үшін уақытында шара қабылдау. Күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларды оларды өздігінен баптап және реттей отырып пайдалану. Байламданатын бөлшектердің өзара орналасуы мен үстіңгі қабаттарының жымдасуын әмбебап өлшеу аспабының көмегімен тексеру. Қабылданған және бракқа шығарылған өнімнің есебі мен есептілікті жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін электротехникалық бұйымдардың құрылымын, нысанын, жұмыс принципін және оларды құрастыру технологиясын; дайындалатын өнімге арналған мемлекеттік стандарттарды; бақылау әдістері мен қабылдау ережесін; күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының құрылымын, нысанын, жұмыс принципін және оларды пайдалану ережесін, баптау мен реттеу тәсілдерін; жол берілетін шектеулерді, өңдеу сыныбын, дәлдігі мен тазалығын; электр техниканың негізгі заңдарын; қабылданған және бракқа шығарылған өнімнің есебі мен есептілікті жүргізу ережесін; бракты анықтау және алдын алу тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Автоматты ажыратқыштар – соңғы құрастырылуы мен реттелуін бақылау.

2. Май ажыратқыштары – соңғы құрастырылуын бақылау.

3. Генераторлар – принципиальді схема бойынша монтаждалуын бақылау.

4. Машиналар мен тұрмыстық электр аппараттары – бақылау сынақтары мен қабылдау.

5. Қарсыласу аспаптары: магазиндер, мостылар, потенциометрлер, үлгі катушкалар, потенциометриялық және мостылы қондырғылар - электр параметрлері бойынша тексеру.

6. Полюстерінің ұзындығы 1000 мм артық магнитті жүйелер – құрастырылуын бақылау.

7. Магнитті стансалар – түпкілікті құрастырылуын бақылау.

8. Баспа схемалары – күйдірмелеу сапасын тексеру.

9. Қуаты 100 кВт дейінгі тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электр қозғағыштар – үлгілік бақылау сынақтары және қабылдау.

10. Номинальдік айналу жылдамдығы 3000 об/мин дейінгі электр машиналарының зәкірлері мен роторлары - динамикалық теңгерімділігін бақылау.


17. Электр машиналарын, аппараты мен аспаптарын құрастыруды бақылаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұрақты және ауыспалы токпен істейтін ерекше күрделі электр машиналары, жоғары вольтті аппараттарды, басқару пульттері мен қалқантерін, жоғары сыныпты дәлдіктегі электр өлшеу аспаптары мен қондырғыларын, басқа да электр техникалық бұйымдарды техникалық шарттарға сәйкес бақылау және соңғы қабылдау. Құрастырылатын электр техникалық бұйымдардың паспорт деректеріне сәйкестігін арнаулы стендіде тексеру. Электр машиналарының, аппараттары мен аспаптарының жол берілетін шекті жүктемесін есептеу. Трансформаторлардың кернеуші қайта қосқыштарының жұмысын жүктемемен кернеуді реттей отырып тексеру. Дайындалатын бұйымдар паспорттарын жасау және қабылдау актілер мен сынақ хаттамаларын ресімдеу. Брактың алдын алу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: қабылданатын электр техникалық бұйымдардың құрылымын, нысанын, жұмыс принципін және оларды құрастыру технологиясын; дайындалатын өнімге арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарды; тексеру және сынау жабдықтары мен қондырғыларын, оларды баптау және реттеу ережесін; қабылданатын тораптар мен механизмдерді, электр техникалық бұйымдарды сынаудың тәртібі мен әдістемесін; жоғары вольтті электр техникалық бұйымдарды сынаудың ерекшеліктері мен ережесін; электр техника мен электр механика негіздерін; жол берілетін шектеулерді, бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; қабылдау актілері мен сынау хаттамаларын ресімдеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Арнаулы нысандағы, күрделі электр сызбасы бар аппараттар - монтажды, құрастырылуы мен реттелуін бақылау.

2. Ваттметрлер, фазометрлер, өздігінен жазатын жиілік өлшегіштер, көп шектеулі аспаптар, авариялық өздігінен жазатын аспаптар мен импульс датчиктері – барлық электр параметрлері бойынша толық тексеру.

3. Жоғары вольтті ажыратқыштар – соңғы құрастырылуын бақылау.

4. Қарсыласу катушкалары - үлкен токпен тексеру.

5. Сырғыма подшипникті электр машиналары – стендіде сынау үшін құрастырылуын бақылау.

6. Арнаулы нысандағы тұрақты ток микроқозғағыштары – үлгілік сынау және қабылдау.

7. Сандық аспаптар, потенциометрлер - потенциометрлік қондырғыларды барлық электр параметрлері бойынша қабылдау.

8. Басқару пульттері – монтажды бақылау.

9. Ірі турбогенератор роторы – құрастырылуын операциялық бақылау.

10. Қуаты 100 кВт жоғары тұрақты және ауыспалы ток электр қозғағыштары – үлгілік бақылау және қабылдау.

11. 400 және 500 Гц арнаулы электр қозғағыштары – жұмысын және құрастырылуын зерттеу және тексеру.

12. 3000-нан 10000 об/мин дейінгі номинальдік жылдамдықтағы электр машиналарының зәкірлері мен роторлары - динамикалық теңгерімділігін бақылау.
18. Электр машиналарын, аппараты мен аспаптарын құрастыруды бақылаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұрақты және ауыспалы токпен істейтін күрделі және ерекше жауапты арнаулы нысандағы электр машиналарын, турбо және гидрогенераторларды, жоғары вольтті ірі габаритті күштік трансформаторларды, ерекше жауапты және бірегей электр аппараттарды, стансалар мен басқару пульттерін, үлгілік электр өлшеу аспаптары мен дәлдік сыныбы жоғары қондырғыларын техникалық шарттарға көзделген сынақтардың барлығын орныдай отырып бақылау және соңғы қабылдау. Бақылау және сынау кезінде анықталған ақауларды зерттеуге, осы ақауларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Қабылданған өнімге паспорттар мен формуляр дайындау, қабылдау актілері мен сынақ хаттамаларын ресімдеу.

Білуге тиіс: қабылданатын электр техникалық бұйымдардың құрылымын, нысанын, жұмыс принципін және құрылымдық ерекшеліктерін; күрделі және ерекше жауапты электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын құрастыру, монтаждау және сынау технологиясын; қабылданатын бұйымдарды бақылау және сынау әдістерін; бақылау және сынау үшін қолданылатын жабдықтар мен қондырғыларды, оларды баптау және реттеу тәсілдерін; қабылданатын бұйымдарды құрастыру, монтаждау, сынау және пайдалану кезінде анықталатын ақаулардың негізгі түрлері мен себептерін, олардың алдын алу және жою тәсілдерін.

Орта арнаулы кәсіптік білім талап етіледі.



Жұмыс үлгілері

1. Автоматты реттеу жүйесі бар жаңғыртушы электр машина агрегаттары – бақылау және құрастырылуын қабылдау.

2. Үлгілік катушкалар - температура коэффициенттерін өлшеу.

3. Металлургия өнеркәсібіне және кеме жасауға арналған ерекше жауапты электр машиналары - құрастырылуын бақылау және коллекторларды қабылдау.

4. Өздігінен қозу жүйелері, басқару, кернеуді ұстап тұру және реттеу қалқандары - параметрлері мен монтажды бақылау және құрастырылуын қабылдау.

5. Сутегілі немесе сумен салқындатылатын турбо және гидрогенератор статорлары - белсенді болаттың құрастырылуын қабылдау (белсенді болаттың құрастырылуы, престемелеу тығыздығын аспаптардың көмегімен тексеру).

6. Сутегілі немесе сутегімен-сумен салқындатылатын турбо және гидрогенераторлар мен сумен салқындатылатын ірі жауапты электр машиналары – қондырғының газ тығыздығын бақылау және сынау үшін құрастырылуын бақылау.

7. 10000 об/мин жоғары номинальдік жылдамдықтағы электр машиналарының зәкірлері мен роторлары, сондай-ақ турбогенераторлар мен ірі электр машиналарының роторлары - динамикалық теңгерімділігін бақылау.



19. Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын лактаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын батыру, тозаңдату немесе әдісімен кистімен қолмен бір және бірнеше мәрте лактау процесін жүргізу. Материалдар мен бұйымдарды лактауға дайындау, сұрыптау және тазарту Лакты, айлабұйымдарды дайындау. Жұмыс орнын дайындау, желдеткішті қосу. Ораулы бұйымдарды, ламельдерді, слюдаланған электр оқшаулау материалдарын және т.б. ванналарда батыру, тозаңдату, үстінен құю әдісімен немесе кистімен біркелкі лактау. Лакталған бұйымдарды ауада кептіру үшін немесе арнаулы жазық және тік пештерде кептіру үшін айлабұйымдарға орнату. Қаңылтырларды арнаулы машиналарда қағазбен жапсырмалау және газбен, мұнаймен немесе электр қыздырылатын конвейерде кептіру. Жабдықты тазалау.

Білуге тиіс: лактауға дайындық операцияларының орындалу кезектілігін; электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын лактау жолдарын, қолданылатын лактың маркалары мен қасиеттерін; лакталған бұйымдар мен материалдарды кептіру пештеріне салу әдістерін және оларда пеште орнатуды; пешпен кептіру режимдерін; ауамен кептіру кезінде бұйымның дайындығын анықтау әдістерін; жапсыру машиналарын басқаруды; пульверизатордың құрылымын және оларды пайдалану ережесін; брак түрлерін және олардың алдын алу тәсілдерін.
20. Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын лактаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын газбен қыздырылатын лактау машиналарында лактау және парафиндеу процесін жүргізу. Жабдықты дайындау және баптау. Бұйымдарды лактау машинасының қабылдау механизміне орнату, желім мен лакті ваннаға құю. Қағазды, фольганы және орамадағы оқшаулау материалдарын, үздіксіз жылжыған таспаға оны ваннадан өткізген кезде лак қабатты автоматты жағумен және сіңірілетін құраммен лактау.

Білуге тиіс: газбен қыздырылатын лактау машиналарының құрылымын, нысанын және баптау мен басқару ережесін; бұйымдар мен материалдарды механикалық лактаудың жолдары мен тәсілдерін; материал таспасының жылжу жылдамдығын реттеуді; салынатын лак қабатының қалыңдығын; лактар мен сіңірілетін құрамның тұтқырлығы мен консистенциясын анықтау әдістерін; брак түрлерін және олардың алдын алу тәсілдерін.
21. Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын лактаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау бұйымдары мен материалдарын электрмен қыздырылатын лактау машиналарында лактау және парафиндеу процесін жүргізу. Лакті бұйымдар мен материалдарға білікшемен жағу. Лактайтын материалдың қалыңдығына және лакті пленканың қалыңдығына қарай білікше аралығын реттеу. Лак пленкасының омдік қарсылығын арнаулы қондырғыда өлшеу. Температура режимдерін аймақ бойынша бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Ашық пазды және саңылаулы күрделі конфигурация сегменттерін синтетикалық, полиэфироэпоксидті және кремний органикалық лактармен лактау.

Білуге тиіс: электрмен қыздырылатын лактау машиналарының құрылымын, нысанын және баптау мен басқару ережесін; бақылау-өлшеу аспаптары мен арнаулы қондырғылардың нысанын және пайдалану ережесін; қолданылатын лактардың рецептурасы мен қасиеттерін; бұйымдар мен материалдарды лактау кезінде талап етілетін температура режимдерін; лакталған бұйымдар мен материалдар сапасына қойылатынға техникалық талаптарды.

_

22. Лакты араластырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майлы, глифталді және пентофталді лактардың негізінде көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін біліктілігі анағұрлым жоғары лак араластырушының басшылығымен жүргізу. Лактардың тұтқырлығын тексеру. Лактарды түрлі еріткіштермен қажетті консистенцияға дейін жеткізу. Лактарды түстермен боямалау. Ерітілген лакті тұндырғышқа немесе жұмыс орнына айдау. Жабдықтың жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: қолданылатын лактардың маркалары мен қасиеттерін; тұтқырлығын анықтау әдістерін; қолданылатын жабдықтың нысаны мен пайдалану ережесін; еріткіштермен жұмыс істеу ережесін.
23. Лакты араластырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майлы, глифталді және пентофталді лактардың негізінде көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Компоненттерді дайындау, оларды ыдыстарға құю және еріткішті жіберу. Лактарды қажетті тұтқырлыққа, үлестік салмаққа дейін және араластырғыштардағы концентрацияға араластыру. Қажет болған жағдайда лакті пигментпен бояу. Компоненттерді дозалау және салу процесін реттеу. Жабдықты қосу, тоқтату және оның жұмысын қадағалау. Араластырылған лакті лак құбыры жүйесімен тұндырғышқа жіберу. Технологиялық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы мен нысанын; қолданылатын лактың негізгі сипаттамалары мен оларды араластыру тәсілдерін; тұндырғыш ыдысы мен лак құбыры коммуникациялары жүйесін; сынама алу және технологиялық құжаттаманы жүргізу ережесін.
24. Лакты араластырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Синтетикалық, полиэфироэпоксидті және қатырғыш қоспалы желімдегіш лактардың негізінде көп компонентті ерітінділерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Лак құбыры жүйесін дайындау. Лактарды ыдыстарға механикалық араластырғышпен айдау және толтыру. Тұтқырлығын, концентрациясын анықтау және оларды қажетті параметрлерге дейін жеткізу. Ыдыстардағы температура режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Лактарға қосылатын жылдамдатқыш, қатырғыш және сиккативтер есебін жасау. Лак пленкасының қалыңдығын тексеру. Сапалық көрсеткіштердің нормадан ауытқуларын анықтау және жою.

Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы мен нысанын; лак құбыры коммуникациялары жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін; лактар мен еріткіштердің физикалық-химиялық қасиеттерін және улылығын; лактар мен шайырлардың нысанына қарай тұтқырлығын, концентрациясын және үлестік салмағын.
25. Трубалы электр қыздырғыштарды толтырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Трубалы электр қыздырғыштарды периклазбен немесе басқа да ұқсас толтырғышпен орталандырушы втулканы орната отырып немесе вибростендіде қолмен толтыру. Электр қыздырғыш трубасына спиральді орнату және оны арнаулы орталаушы құрылғыға ілу. Толтырғышты қолмен дозалау. Трубалы электр қыздырғыштарды арнаулы орталаушы құрылғыдан түсіріп алу және сынау үшін сынақ стендіне орнату. Трубалы электр қыздырғыш элементтерін обкаткамен, гайкамен, кесумен және түзете отырып құрастыру. Берілген рецепт бойынша шикіқұрамны жасау.

Білуге тиіс: трубалы электр қыздырғыштарды қолмен толтыру процесін; орталандырушы втулка мен электр қыздырғыш трубасына спиральді орнату ережесін; вибростенд құрылымын; толтырғышты қолмен дозалау жолдарын; электр қыздырғыштарды сынақ стендіне орнату ережесін; трубалы электр қыздырғыш элементтерін жасаудың технологиялық кезектілігін; шикіқұрам рецептурасын және оны жасау тәсілдерін; трубалы электр қыздырғыш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды; құрастыру кезіндегі ақаудың түрлері мен себептерін және оны болдырмау шараларын.
26. Трубалы электр қыздырғыштарды толтырушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Трубалы электр қыздырғыштарды периклазбен немесе басқа да ұқсас толтырғышпен 5-ке дейін шпинделі бар толтырғыш машинада толтыру. Толтырғыш машинаның бағыттаушы трубкасын электр қыздырғыштың әрбір трубасына кезекпен енгізу. Толтырғышты дозалау. Электр қыздырғыштың толтырылу жылдамдығын реттеу. Трубалы электр қыздырғыштарды толтырғыш машинадан алу. Машинаның механизмдері мен тораптарын қою және баптау. Трубалы электр қыздырғыш элементтерін құрастыру кезіндегі барлық слесарлық жұмыстарды орныдай отырып түпкілікті құрастыру. Трубкаларды электр қыздырғыш пештерде күйдіру. Трубкалы элемент ұштарын шикіқұраммен герметизациялау. Трубалы электр қыздырғыш элементтерін сынауға дайындау.

Білуге тиіс: электр қыздырғыштарды толтырғыш машинада толтыру процесін; құрастыру кезінде қолданылатын толтырғыш машина мен жабдықтың құрылымы мен жұмыс режимін; электр қыздырғыштың толтырылу жылдамдығын реттеу тәсілдерін; машинаның механизмдері мен тораптарын баптау ережесін; трубалы электр қыздырғыш элементтерінің жұмыс принципін, оларды құрастыруға қойылатын талаптарды.
жүктеу 4,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау