Білуге тиіс: коклюш үлгісіндегі тоқыма машиналардың құрылысы және қолдану принципі; тоқу материалдарына қойылатын талаптар; сым және кабель маркалары мен құрылымдары, тоқу жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; машина тораптарын толтыру тәсімдері; ақау түрлері мен олардың алдын алу әдістері.
41. Сым және кабель тоқушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен кабельдерді орауыш үлгісіндегі тоқу машинасында талшық материалдармен тоқу. Калибрлерді, ауыспалы тісті дөңгелекті эскиз картасына сәйкес іріктеу және орнату. Тежеуішті, қабылдағыш және жіберетін катушкалардың созылуын реттеу. Талшық материалды жіберетін ілмек, ролик, блоктау рычагы арқылы кезегімен толтыру және оны дайындамаға бекіту. Тоқудың геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Жіптердің пасьмалары орамасының саңылауларын тоқыма жасаудың алдын-алу. Жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: катушкалы үлгідегі тоқыма машинасының құрылысы және қолдану принципі, эскиз карталары; тежеуішті реттеу тәсілдері, тоқу сапасын бақылау әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және оны жою тәсілдері.
42. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен диаметрі 50 мм-ге дейінгі экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды сығымдау. Дорн мен матрицаны орнату және ауыстыруға, қабылдағыш және жіберетін барабандарды домалату және орнатуға, желілерді және экструдер тораптарына сымдарды толтыруға қатысу.
Білуге тиіс: ұзынша экструдерлердің негізгі тораптарының жұмысы туралы мәліметтер; жіберетін және қабылдайтын айлабұйымдардың құрылысы; оқшаулау материалдарының маркалары.
43. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 50 мм-ге дейінгі экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды сығымдау. Дорн және матрицаны іріктеу, орнату және ауыстыру, экструдерді оқшаулау материалдарымен толтыру. Салқындату бұлауларын сумен толтыру. Жіберетін және қабылдайтын барабандарды домалату және орнату. Экструдер тораптарына желі және сым толтыру. Оқшаулау жөніндегі желінің ортасын дәлдеу. Желі және сымдарға оқшаулау жасауды қадағалау. Агрегатты өндіру және әл-ахуалы журналын жүргізу.
Білуге тиіс: ирекше экструдерлердің негізгі тораптарының құрылымы; барабан үлгілері, оқшаулау материалдарының маркалары; кабель және сымдарды пластикатпен және резинамен сығымдау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар.
44. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғарылау сығымдаушының басшылығымен диаметрі 50 мм-ден асатын 120 мм-ге дейінгі экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды диаметрі 90 мм-ге дейінгі экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желілерде, диаметрі 50 мм-ден асатын 115 мм-ге дейінгі үздіксіз вулкандау агрегаттарында, диаметрі 120 мм-ден асатын экструдерде сығымдау. Сымдар мен кабельдерді плунжерлік сығымдағыштарда фторопластпен сығымдау. Майлау композициясын және битум құрамын жасау, қораптарды битум құраммен толтыру, ауыспалы калибрлерді, дорндар мен матрицаларды іріктеу және битум қорапқа орнату. Жерлендіретін құрылғыларды кабельдер мен сымдарға бекіту. Сымдар мен кабельдердің қабылдағыш барабандарға біркелкі жайылуын қадағалау; кабель мен сымның жайылуын реттеу. Сығымдаудың талап етілетін қысымын және кептіру және пісіру температурасын қолдау. Сығымдау жылдамдығын реттеу, қабықтары мен қорғау шлангілерінің сапасы мен геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау. Сығымдағышқа жеткізілген жартылай фабрикаттардың сапасын тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: ирекше экструдер, үздіксіз вулкандау агрегатының, плунжерлік сығымдағыштың, фторпластты массаны араластыратын, таблетка, кептіру және пісіру камерасын жасау аппараттарының құрылысы, қолдану принципі және баптау тәсілдері; майлау дисперсиялар мен таблетка жасау технологиясын; сымдар мен кабельдерді оқшаулау режимдері; оқшаулау желісі мен кабель құрылымы; технологиялық аспапты іріктеу және орнату ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; өндірілетін сымдардың сапасына қойылатын талаптар; ақаулықтың негізгі түрлері, оны жою және алдын алу тәсілдері.
45. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 90 мм-ден асатын экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желілерде, диаметрі 120 мм-ден асатын экструдерлерде резиналармен, поливинилхлоридпен, полиэтиленмен, фторопластпен және басқа да материалдармен желі және сымдарды диаметрі 115 мм-ден асатын 200 мм-ге дейінгі үздіксіз вулкандау агрегаттарында сығымдау. Үздіксіз вулкандау агрегаттарын кабельмен толтыру, ниппельді ауыстыру. Кабельдерді қабығына немесе қорғау шлангісіне қатысты ортасын дәлдеу. Жоғары вольтты аппараттардың көмегімен кабельдің пластмасса қабығы мен қорғау шлангісін бақылау. Сығымдау жылдамдығы мен резина қабығын вулкандауды реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен вулкандау түтігінің, цилиндрдің және экструдер қақпағының температурасын реттеу. Кабель жылдамдығын шынжыр табанды жетек құрылысымен, электронды аппаратурамен ауыстыру жылдамдығымен оқшаулау материалын жіберу жылдамдығын синхрондау. Экструдер, үздіксіз вулкандау агрегаты, экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желіні пультпен басқару.
Білуге тиіс: ирекше экструдерлердің, үздіксіз вулкандау агрегаттарының, экструзионды жоғары жылдамдықтағы автоматты желілердің кинематикалық тәсімі және баптау тәсілдері; сығымдау материалының түріне байланысты ирекшені іріктеу және орнату ережесі; пластикаттар мен резиналардың сипаттамалары, кабельдің қабығы мен қорғау шлангісінің ақау жерлерін жою әдістері. Жоғары вольтты аппараттар мен автоматты бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.
46. Кабель және сымдарды пластикат және резинамен сығымдаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ирекшесінің диаметрі 200 мм-ден асатын үздіксіз вулкандау агрегаттарында және бір уақытта кабельге екі және одан да көп қабат оқшаулау жасайтын үздіксіз вулкандау агрегаттарында кабельдерді резинамен сығымдау. Агрегатты кабельмен толтыру және бірнеше қабат шлангіге қатысты желі бойынша кабельдің ортасын дәлдеу. Вулкандау және сығымдаудың оңтайлы режимдерін іріктеу. Үлкен диаметрдегі резина қабықтарды вулкандау жылдамдығын, сығымдағыш қақпақтарының температурасын реттеу. Резина қабықтарының жекелеген қабаттарын вулкандау сапасын бақылау. Екі және одан да көп оқшаулау қабатын жағуға арналған желіні баптау және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: бір уақытта кабельге екі және одан да көп қабат оқшаулау жасайтын үздіксіз вулкандау агрегаттарының кинематикалық тәсімдері, үздіксіз вулкандау және сығымдаудың оңтайлы режимін айқындау ережесі; оқшаулау сапасын қабаттары бойынша тексеру әдісі; оқшаулаудың екі және одан да көп қабатын жағуға арналған желілерді баптау тәсілдері.
47. Кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті сығымдаушының басшылығымен кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдау. Қабылдау және жіберу барабандары немесе жіберетін кәрзеңкелерді домалатып жеткізу, орнату және ауыстыру. Технологиялық аспаптарды іріктеуге және ауыстыруға қатысу. Балқыту пештерін дайындау және қорғасынмен толтыру. Қыздыру пештерін алюминий құймаларымен толтыру. Гидравликалық сығымдағыштардағы реципиентті қорғасынмен толтыру. Кабелді сығымдағышқа жіберу. Оның сапасын қадағалау. Жіберетін кәрзеңкеден кабельдің таратылуын басқару. Сығымдағыш штемпельден алюминий қалдықтарын жою. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кабельдің геометриялық параметрлерін бақылау. Сығымдағышты бөлшектеуге, тазалауға және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қорғасын және алюминий қабықтарын жағуға арналған механикалық және гидравликалық сығымдағыштың құрылысы және қолдану принципі; жасалатын кабельдердің құрылымы; технологиялық аспапты іріктеу және орнату ережесі; бақылау-өлшеу аспабының қызметі және қолданылуы; шығарылатын кабельге қойылатын талаптар.
48. Кабельді қорғасын немесе алюминиймен сығымдаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кабельді алюминий немесе қорғасынмен сығымдау. Сығымдағышты жұмысқа дайындау, тораптар мен гидравликалық цилиндрлердің жұмысқа жарамдылығын тексеру; сығымдағышты жұмыс температурасына дейін қыздыру, сығымдағышты баптау. Қорғасын, алюминий және кабель дайындамасының сапасын айқындау. Ауыспалы технологиялық аспапты іріктеу және орнату. Сығымдағышты іске қосу. Қорғасын немесе алюминий қабықтарының геометриялық параметрлері мен механикалық төзімділігін бақылау-өлшеу аспаптары және құралдармен тексеру және реттеу. Сығымдағыштың барлық механизмдерінің жұмысын орталық пульттан басқару. Қорғасын балқыту пешінің және алюминий қыздыру пешінің, сығымдағыш реципиенті мен қақпағының температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Гидравликалық сығымдағыштың қысымын реттеу. Кабельге қорғасын және алюминий қабат жағу жөніндегі өңдеу және технологиялық режимдерді есептеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: сығымдағыштың кинематикалық, гидравликалық тәсімдері; жоғары қысымды реттеу тәсілдері; сығымдағышты баптау тәсілдері мен әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері, оларды жою және алдын алу тәсілдері.
49. Кабель бұйымдарын күйдіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Болат қабатты минералды оқшауланған кабельдерді мұржалы өтпелі пештерде, сутегі мен кабельдер атмосферасында, мыс қабатта қорғау газ атмосферасы бар , роликті және қалпақты өтпелі пештерде күйдіру. Кабельдерді пешке толтыру және шығару. Пештің жұмыс кеңістігі температурасын реттеу, газдың инерттілігін тексеру. Күйдірілген кабельдің сапасын бақылау. Даяр өнімді есептеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: мұржалы, өтпелі және қалпақты пештердің, гидроредукторлар мен пневможетектердің құрылысы мен пайдалану ережесі; кабель тиеу және түсіру ережесі; күйдірілетін кабельдердің маркалары мен құрылымдары; кабель жасауда қолданылатын материалдардың қасиеті; күйдірудің технологиялық режимдері; температураны және қорғау атмосферасын өлшеудің кабельдің қасиеті мен сапасына әсері; қорғау газының инерттілігін тексеру әдістері; жылу бақылау аспаптарын қолдану; даяр өнімге қойылатын талаптар.
50. Электр техникалық бұйымдарды сығымдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Флеско штеккерлік бітемелерін, жылжымалы жарықтандыру торап бітемелерін сығымдау, сондай-ақ резина мен пластмассадан жасаған бұйымдарды сығымдағышта жасау. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып технологиялық режимді реттеу. Сығымдағышты баптау және жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін сығымдағыштың құрылысы, жұмыс істеу принципі және баптау тәсілдері; электр техникалық бұйымдардың түрлерін сығымдауға арналған технологиялық нұсқаулықтар; резина және басқа да материалдардың сұрыптары; даяр өнімнің техникалық шарттары.
51. Электр техникалық бұйымдарды сығымдаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эмаль сымдарға арналған электр бұрғылар мен катушка секцияларын сығымдағышта сығымдау. Сығымдау процесін қадағалау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен технологиялық режимді бақылау. Қызмет көрсетілетін механизмдерді, аппаратура мен сығымдағыш қалыптарды жарамды қалпында ұстап отыру.
Білуге тиіс: электр бұрғы секцияларын сығымдауға арналған сығымдағыштардың құрылысы және қолдану принципі, технологиялық нұсқаулықтар; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.
52. Кабельге арналған ұнтақты қыздырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті қыздырушының басшылығымен магний тотығы ұнтағын түбі айналып тұратын қыздыру пешінде қыздыру және оны оқшаулау. Астық құрамы бойынша ұнтақты іріктеу, лифтілік көтергіштің көмегімен бункерге толтыру және құбыржол бойынша пешке тасымалдау.
Білуге тиіс: қыздыру пешінің, вибраторлардың, лифтілік көтергіштердің негізгі тораптарының құрылысы мен қолдану принципі; магний тотығы ұнтағының нөмірі; қыздыру пешіне ұнтақты жіберу ережесі.
53. Кабельге арналған ұнтақты қыздырушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Магний тотығы ұнтағын түбі айналып тұратын қыздыру пешінде қыздыру және оны оқшаулау. Бункерге түсетін ұнтақ температурасын бақылау. Құбыржолдар бойынша ұнтақ жіберу жылдамдығын, пеш температурасын бақылау-өлшеу аспаптарымен реттеу. Қыздырғаннан кейін ұнтақ сынамасын алу. Магнит сепараторларды түсіру құрылғыларын баптау, пештің берілген қалпағын орнату.
Білуге тиіс: қыздыру пешінің, түсіру құрылғыларының, магнит сепараторлардың құрылысы мен өзара іс-әрекеті; кабель дайындамасына арналған қыздыру ұнтағының көлемін есептеу; қыздыру технологиясын; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ұнтақ сынамасын алу тәсілдері, қыздырылған ұнтаққа талаптар.
54. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті сіңдірушінің басшылығымен сымдар мен күш кабельдерін бұлауларда сіңдіру массасымен сіңдіру. Жіберетін және қабылдайтын барабандарды іріктеу және орнату. Сымдар мен кабельдерді бұлау және сығу құрылымы арқылы толтыру. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: сіңдіру бұлау құрылымы; сіңдіру массасының құрамы; қабылдау және жіберу барабандарының үлгілері.
55. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен күш кабельдерін бұлауларда сіңдіру массасымен сіңдіру. Сіңдіру массасын дайындау және бұлауды толтыру. Сіңдіру сапасын қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Сіңдіру массасының қызу температурасын реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптауға қатысу.
Білуге тиіс: сіңдіру бұлауын қолдану принципі; қыздыру жүйесін; сымдар мен кабельдердің маркалары; технологиялық нұсқаулықтар; ақау түрлері және оны жоюдың тәсілдері.
56. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 3 кВ-ға дейінгі күш кабельдерін вакуум аппараттарда сіңдіру және кептіру. Құрамдас компоненттермен масса пісіретін аппараттарды толтыру және сіңдіру массасын пісіру. Кәрзеңкелер мен кабельді барабандарды вакуум аппараттарға іріктеу, толтыру. Вакуум аппараттарды сіңдіру массасымен толтыру. Вакуум аппараттарды жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: вакуум аппараттардың құрылысы мен қолдану принципі, құбыржолдардың тәсімдері, сіңдіру массасын жасауда пайдаланылатын материалдардың маркалары, кәрзеңкелер мен барабандарды көтеру және түсіру ережесі; байлауға арналған айлабұйымдар; технологиялық нұсқаулықтар.
57. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 3 кВ-дан асатын 10 кВ-қа дейінгі күш кабельдерін вакуум аппараттарда сіңдіру және кептіру. Сіңдіру масасының құрамдас компоненттерін іріктеу. Арнайы аппаратураға, электр және май желісіне кабель жалғау. Вакуум сорғы аппаратурасын басқару. Бу көйлегіндегі вакуумды және бу қысымын кабельді кептіру және сіңдіру процесінде орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарымен реттеу. Кабельдерді кептіру және сіңдіру журналын жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.
Білуге тиіс: вакуум сорғылардың құрылысы және қолдану принципі, сіңдіру масса рецептілері, кептіру және сіңдіру тәсілдері; орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.
58. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 10 кВ-дан асатын күш кабельдерін вакуум аппараттарда және терең вакуумды аппараттарда сіңдіру және кептіру. Май толтырылған кабельдерді сіңдіру және кептіру. Майды химиялық тазарту, сүзгілеу және газсыздандыру. Сіңдіру майындағы берілген ылғалдығын және газ құрамын ұстап отыру. Азот, май және вакуум жүйесін, вакуум сорғыларды және аппараттарды дайындау және қызмет көрсету. Аппараттарда кептіру және сіңдіру режимдерін, автоматты реттегіштерді және датчиктерді монтаждау және теңшеу. Қайталау құрылғысының көмегімен азот дайындау. Кабельдің қызу температурасын, вакуум дәрежесін бақылау және реттеу; сіңдіру майы немесе сіңдіру құрамын күрделі бақылау-өлшеу аспаптарымен жіберу. Кабель желілерін электр шықпаларына берілген тәсім бойынша қосу. Мәжбүрлі салқындату құрылғысынан кабельді маймен салқындату. Вакуум және қысымдағы жабдықтың герметикалығын тексеру. Вакуум сорғы станцияларын, май сорғыларының, бұрандаларын, қақпақтың гидравликалық саңылаулары жүйесін вакуум аппараттарда баптау және жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: вакуум сорғы станцияларындағы, гидравликалық агрегатты, май және қайталау құрылғыларымен кабельді мәжбүрлі салқындатуға арналған құрылғылы вакуум аппараттардың құрылымы және өзара іс-әрекеті; май толтырылған кабельдерді кептіру және сіңдірудің негізгі технологиялық режимдері; желілер мен кабельдерді біріктірудің электр тәсімдері; электр шықпаларға қосу тәсілдері; кабель құрылымдары; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және оларды болдырмау тәсілдері.
59. Сусымалы материалдарды елеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы материалдарды қолмен електен елеу. Електі толтыру. Електің жарамдылығын тексеру. Сусымалы материалдардың тазалығын қадағалау. Жарамсыз електерді жаңасымен ауыстыру.
Білуге тиіс: елек нөмірлері; еленетін материалдардың түр-түрі; жарамсыз електерді жаңасымен ауыстыру тәсілдері.
60. Сусымалы материалдарды елеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті электр және металл ұнтақтарды механизацияланған ысқымалы дірілді електе елеу. Ұнтақтарды өлшеу, дірілді елекке толтыру. Еленген материалдардың сапасын тексеру. Қайнатым және елек маркалары мен нөмірлері бойынша еленген ұнтақты түсіру, ыдысқа салу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.
Білуге тиіс: механизацияланған елек құрылымы мен амплитуда және тербеліс жиілігі бойынша баптау тәсілдері; ұнтақтың түрлі маркаларын елеу және еленген ұнтақтың сапасына қойылатын техникалық талаптар; елейтін електің нөмірлері; еленген ұнтақтарды талдауға сынама алу ережесі.
61. Сусымалы материалдарды елеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сусымалы және электр материалдарды елеу агрегатында елеу. Агрегатты сусымалы материалдармен толтыру, електі орнату. Елеу сапасын бақылау елегінде тексеру. Агрегат пен електі жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: елеу агрегатының құрылымы; технологиялық нұсқаулықтар; бақылау елегінің қызметі және қолданылуы; еленетін материалдарға талаптар.
62. Кабель өндірісі материалдарын кесуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Миткаль, резина және орау қағазы орамаларын түрлі ендікте қағаз кесетін машинада кесу. Миткаль, резина және орау қағазы орамаларын орнату және ауыстыру. қағаз кесетін машина тораптарын миткальмен, резинамен, орау қағазымен кезектетіп толтыру. Таспаның берілген еніне сәйкес пышақтарды жинақтау және орнату. Кесілген ораманы домалатып қолмен орау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптауға қатысу.
Білуге тиіс: қағаз кесетін машинаның негізгі тораптарын қолдану принципі; резина, орау қағазы және миткаль маркалары; қайрау ережесі; домалақтың ені мен биіктігі шектері.
63. Кабель өндірісі материалдарын кесуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Телефон, кабель және металданған қағаз, кембрик, фторопласт орамаларын және басқа оқшаулау материалдарын қағаз кесетін машиналарда домалақтатып кесу. Қабылдау білікшелерін кесілген оқшаулау материалдарына орау жылдамдығын орнату. Жіберетін барабан тежеуішін реттеу. Домалақтың ені мен биіктігін бақылау-өлшеу аспабымен бақылау. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қағаз кесетін машиналардың түрлі үлгілерінің құрылысы; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылу; өңделетін материалдардың маркалары мен қасиеті, ақау түрлері мен оларды болдырмау тәсілдері.
64. Кабель өндірісі бұйымдарын ширатушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кесілуі 10 мм2-ге дейінгі сымдар мен кабель желілерін сигар машиналар мен дестелеп ширату машиналарында ширату. Стренг және шнурларды ширату. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, катушка партияларын, калибрлерді іріктеу және орнату. Машинаны толтыру.
Білуге тиіс: сигар машиналардың негізгі тораптарын қолдану принципі; және олардың өзара іс-әрекеті; катушкаларды орнату тәсілдері; технологиялық нұсқаулықтар.
65. Кабель өндірісі бұйымдарын ширатушы
3разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кесілуі 10 мм2-ден асатын 16 мм2-ге дейінгі сымдар мен кабель желілерін сигар және бір фонарлы машиналарда ширату. Стренг және шнурларды ширату. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, калибрлерді кабель мөлшері, желілік жылдамдығы және ширату бағыты бойынша іріктеу және орнату. Сымның біркелкі созылуын реттеу, калибрлердің қаусыруын тексеру. Сымдар мен стенгтерді электрмен дәнекерлеу аппаратында ұзарту. Желі және кабель мөлшерін бақылау-өлшеу аспабымен тексеру.
Білуге тиіс: бір фонарлы және сигар машиналарының, дәнекерлеу аппараттарының құрылысы және қолдану принципі; желіні кесу; ширату жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; ширату қадамын айқындау тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.
66. Кабель өндірісі бұйымдарын ширатушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кесілуі 16 мм2-ден асатын сымдар мен кабель желілерін сигар және көп фонарлы машиналарда ширату. Кестелер бойынша ширату жүйесін таңдау. Жіберетін барабан партияларын іріктеу. Бағыт тежегіштерін және фонарьдың айналу жылдамдығын реттеу. Кабель желілерінің созылуын есептеу. Кабель желілерін машина тораптары арқылы кезектетіп толтыру. Кабельдің ширатылған желілері диаметрін бақылау-өлшеу аспаптарымен өлшеу.
Білуге тиіс: сигар және көп фонарлы машиналардың құрылысы мен қолдану принципі, желі маркалары мен кесілуі; технологиялық нұсқаулықтар; ширату қадамдарын айқындау тәсілдері және олардың желі диаметрімен ара қатынасы; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.
67. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті жұмысшының басшылығымен ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ге дейінгі күш кабельдерін, 100 жұпқа дейін телефон кабельдерін, 19 желіге дейін телеграф кабельдерді және төрттік ширатылған төмен жиіліктегі кабельдерді ширату және оқшаулау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, оқшаулау материалдары роликтерін іріктеуге және орнатуға, жіберетін және қабылдайтын барабандарды, кәрзеңкелерді ауыстыруға қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың негізгі тораптарын пайдалану принципі және қызметі; ширатылатын және оқшауланатын кабельдердің маркалары мен кесу материалдарына қойылатын талаптар.
68. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ге дейінгі күш кабельдерін, 100 жұпқа дейін телефон кабельдерін, 19 желіге дейін телеграф кабельдерді және төрттік ширатылған төмен жиіліктегі кабельдерді ширату және оқшаулау. Желілік катушкаларды, роликтерді, оқшаулау материалдарын, экрандық таспаларды және өлшеу таспаларын іріктеу, орнату және ауыстыру. Кабель элементтерінің түсуін, ширатылуын және оқшаулау материалдарының, экран таспаларының жағылуын қадағалау. Қабылдағыш барабанға даяр өнімді қалау.
Достарыңызбен бөлісу: |