Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет5/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

16

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

ауыстыру  кезiнде  қызметкердiң  еңбегiне  ақы  төлеу  орындалатын 

жұмыс бойынша, бiрақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа айлық 

жалақысының кемiнде 2/3 мөлшерiнде жүргiзiледi. Қызметкер жұ-

мыстан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда еңбек шарты тоқта-

тылады.

Уақытша ауыстырудың үшінші жағдайы ЕК-нің 45-бабында көз-



делген бұл 

қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медицина-

лық  қорытындыда  көрсетiлген  мерзiмге  неғұрлым  жеңiл  жұмысқа 

уақытша 

ауыстырылуы.  Тараптардың  келiсiмiмен  қызметкердiң 

бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкiн.



Еңбек  мiндеттерiн  орындауға  байланысты  жарақатта-

нуына,  кәсiптiк  ауруға  шалдығуына  немесе  денсаулығына  өзге 

де зақым келген жағдайда 

мұндай ауыстыру жұмыс берушінің 

құқығы емес, міндеті болып табылады, мұндайда еңбекке қа-

бiлеттiлiгi  қалпына  келгенше  немесе  мүгедектiк  белгiленгенге 

дейiн не кәсiби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгiленгенше 

жұмыс  берушi  қызметкердi  анағұрлым  жеңiл  жұмысқа  уақытша 

ауыстыруға не зиянның өтемақысын төлей отырып,  оны жұмы-

стан босатуға мiндеттi. Мұндай ауыстырудан қызметкер жаз-

баша бас тартқан кезде онымен жасалған еңбек шарты тоқта-

тылады.

Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық 

қорытындымен  расталған  қайшылықтар  болған  кезде,  оны 

басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.

Қызметкерді  ауыстырудың  өзіндік  ерекшелігі  бар  жағдай  сон-

дай-ақ  ЕК-нің  47-бабында  көзделген 

қызметкерді  басқа  жұмыс 

орнына  ауыстыру  болып  табылады.  Сонымен,  құрылымдық 

бөлімшедегі  белгілі  бір  жұмыс  орнындағы,  механизмдегі  немесе 

агрегаттағы жұмыстың өзгеше еңбек жағдайлары болуын қоспаған-

да, қызметкерді басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа құрылым-

дық  бөлімшеге  ауыстыруға  не  оған  лауазым,  кәсіп,  біліктілік  ше-

гінде басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға 

қызметкердің келісімі талап етіледі.



17

Оған қоса, қызметкер үшін еңбек жайларын және еңбек шартын 

өзгертуге  әкеп  соқпайтын  қызметкер  лауазымының,  құрылымдық 

бөлімшенің атауын өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс 

беруші қызметкердің келісімісіз жүзеге асыра алады.

ЕК-нің  48-бабы 



еңбек  шартын  жасағаннан  кейінгі  еңбек 

жағдайларын өзгертуді көздейді. Сонымен, өндiрiстi ұйымдасты-

рудағы,  соның  iшiнде  қайта  ұйымдастыру  кезiндегi  өзгерiстерге, 

жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты, қызметкер еңбек шар-

тында  келiсiлген  тиiстi  бiлiктiлiктегi  лауазым,  мамандық  немесе 

кәсiп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, қызметкердің еңбек 

жағдайларын өзгертуге жол берiледi. 

Жоғарыда  көрсетілген  себептер  бойынша  еңбек  жағдайлары-

ның өзгергендігі туралы жұмыс беруші қызметкерді 1 ай мерзімнен 

кешіктірмей  жазбаша  ескертуге  тиіс.  Егер  қызметкер  жұмысты 

жаңа жағдайларда жалғастыруға келіспесе, онда жұмыс беруші – 

бар болса, қызметкердің біліктілігі мен денсаулық жағдайына сәй-

кес келетін өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердің 

біліктілігі  мен  денсаулық  жағдайы  ескеріліп,  ол  орындай  алатын, 

бос  тұрған  төмен  лауазымды  немесе  ақысы  төмен  бос  жұмысты 

жазбаша нысанда ұсынуға міндетті. Қызметкер жазбаша түрде бас 

тартқан жағдайда еңбек шарты онымен тоқтатылады.

Егер  еңбек  жағдайларын  өзгерту  қызметкерлердің  санын  не-

месе штаттық санын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін болса, жұмыс 

берушінің  жұмыс  орындарын  сақтау  мақсатында,  қызметкерлер 

өкілдерінің пікірін ескере отырып, 



толық емес жұмыс уақыты ре-

жимін енгізуге құқығы бар.

Қазіргі  уақытта  атауын  өзгерту,  ведомстволық  тиістілі-

гін, мүлік иесін ауыстыру немесе жұмыс берушінің қайта құрылуы 

жиі кездесетін құбылыс болып табылады.

Барлық  осындай  жағдайларда  ЕК-нің  49-бабына  сәйкес  қыз-

меткермен еңбек қатынастары өзгеріссіз жалғаса береді!


18

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

Еңбек  кодексінің  50-бабы 

қызметкерді  жұмыстан  шеттету 

жағдайын көздейді. Осы баптың 1-тармағы жұмыс берушiге тиiстi 

уәкiлеттi  мемлекеттiк  органдардың  актiлерi  негiзiнде  қызметкердi 

жұмыстан шеттетуді мiндеттейді. Мысалы, ҚР Қылмыстық iс жүргiзу 

кодексiнің 159-бабы қылмыстық процестi жүргiзушi орган прокурор-

дың санкциясымен, осы қызметте қала отырып, ол тергеуге және 

iстi  сотта  қарауға,  қылмыспен  келтiрiлген  залалды  өтеуге  кедергi 

келтiредi немесе осы қызметте болуымен байланысты қылмыстық 

әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiк-

тi  негiздер  болған  кезде,  айыпталушыны  лауазымнан  шеттетуге 

құқылы деп көрсетеді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» ҚР 

кодексiнің  148-бабының  4-тармағы  айналасындағылар  үшiн  қауiп 

төндiретiн  созылмалы  инфекциялық  және  паразиттiк  аурулармен 

ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар жұмыстан 

уақытша шеттетiлуге жатады деп жариялайды.

Аталған жағдайлардан басқа, жұмыс беруші: 

1) жұмыста  алкогольдiк,  нашақорлық,  уытқұмарлық  масаңдық 

жағдайында болған немесе жұмыс күнi iшiнде осындай масаңдық 

туғызатын заттарды пайдаланған; 

2) еңбек  қауiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғау  ережелерi  бойынша 

емтихан тапсырмаған; 

3) жұмыс берушi берген жеке және ұжымдық қорғану құралда-

рын пайдаланбаған; 

4) заңнамаға сәйкес мiндеттi болып табылатын болса, медици-

налық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәланды-

рудан өтпеген; 

5) егер  оның  әрекеттерi  немесе  әрекетсiздiгi  авариялық  ахуал 

туғызуға,  еңбектi  қорғау,  өрт  қауiпсiздiгi  ережелерiнiң  не  көлiктегi 

қозғалыс  қауiпсiздiгiнiң  бұзылуына  әкеп  соғуы  мүмкiн  болса,  қыз-

меткердi жұмыстан шеттетуге мiндеттi. 

Қызметкерге толық материалдық жауаптылық туралы шарттың 

негiзiнде берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың сақта-

луын қамтамасыз етпеген қызметкердi жұмыс берушiнiң жұмыстан 

шеттетуiне құқығы бар. Қызметкерді жұмыстан шеттету кезінде жа-

лақы сақталмайды және уақытша еңбекке жарамдылығы бойынша 

жәрдемақы төленбейді. Қызметкердi жұмыстан шеттету оны шет-




жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау