«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындауға арналған



жүктеу 13,96 Mb.
бет2/7
Дата21.01.2018
өлшемі13,96 Mb.
#7865
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Гигрометр МВ–1 аспабы–ауа ылғалдылығын тура анықтауға арналған. Оның негізгі, ауа ылғалдылығы өзгерісіне қарай қалынын өзгертетін бөлігі майсыздандырылған адамның бір шоқ шашы( 1 шоқта- 30-35 тал шаш). Ылғалдылық жоғарыласа шаш ұзарады,ылғалдылық азайса шаш қысқарады.Беріліс механизмдері арқылы бір шоқ шашпен жалғасқан аспап жебесі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көрсетеді

Гигрограф аспабы – ауаның салыстырмалы ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруін жазуға арналған.Олар тәуліктік немесе апталық өзгерісті жазады.Жазу бөлігі сағат механизміне жалғасқан диаграмма қағазы оралған барабаннан тұрады.

Шөмішті немесе қалақты анемометрлер 9-20 м/с және 0,5-10 м/с аралығындағы ауа қозғалысын өлшеуге арналған. (5-ші Сурет) Жел қысымынан болатын қалақтың айналысын өлшеу механизмі көрсетеді.Қалақтың айналыс жылдамдығы, ауа қозғалысының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал.М/с –пен көрсетілген жылдамдықта арнайы графикпен және секундомер арқылы анықтайды.

5- Сурет. Анемометрлер:

а)- қалақты; 1- қалақ осі; 2 – қалақ, 3- есептегіш; б) – шөмішті: 1 – крестовина;

2 – шөміш тәріздес қалақ; 3 – есептегіш.

Ал, ауа қозғалысы 0,5 м/с төмен болғанда, ауа қозғалысы жылдамдығын кататермометр арқылы анықтайды.Термометрлердің спирт немесе сынап тұратын бөліктері шар тәріздес немесе цилиндр тәріздес болып екіге бөлінеді және төменгі, жоғарғы екі бөліктерден тұрады.Цилиндр тәріздес кататермометр шкаласы 38-35 0С ал, шар типтес 40-33 0С шамаға бөлінген.



Жылдамдықты өлшеу үшін алдымен термометрді +60 -70 0С суға салып,сынап, термометрдің жоғарғы ыдысына толғанша ұстайды.Содан соң өлшеу жүргізетін ауа жолына кататермометрді қойып,көрсеткішінің ( 38-35 0С,40-33 С) төмендеу уақытына байланысты жылдамдықты анықтаймыз.




6- Сурет. Кататермометрлер:

а- цилиндр тәріздес;

б- шар тәріздес;



Актинометрлер – сәулелі жылу температурасын өлшеуге арналған.Аспаптың жылу қабылдайтын бөлігі қара немесе жарқыраған алюминий табақшалары.Олар термопарамен гальванометрге жалғанған.Аспап жылу ағынының тығыздығы 250 вт/м2 –тан жоғары болғанда ғана жұмыс істейді.

Барометр МД - 49, БАММ ауа қысымын өлшеуге арналған.Олардың шкалалары мм сынап бағанасы немесе паскальмен (Па) белгіленген.

М – 22, М – 22С барографтар тәуліктік немесе апталық ауа қысымының өзгерісін жазуға арналған аспаптар.
Тәжірибе кестесі.




Көрсеткіштер атауы

Қолайлы нормативтік көрсеткіштер

Нақты көрсеткіштер

1

Ауаның температурасы 0С

20-23





2

Салыстырмалы ылғалдылық %

(гигрометр бойынша)


60-40






3

Гигрограф бойынша салыстырмалы ылғалдық %







4

Жұмысшы басындағы көрсеткіш







5

Жұмыс аяғындағы көрсеткіш атмосфералық қысым,мм.сын.бағ.

760





6

Ауа қозғалысының жылдамдығы. м/с

0,2




Қорытынды:

4 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы табиғи жарық мөлшерін анықтау
Жұмыс мақсаты:


  1. Жұмыс орнындағы, бөлмедегі жарыққа қойылатын талаптармен танысу.

  2. Жұмыс орнындағы жарық мөлшерімен танысу және оны өлшеу әдістерін оқып үйрену.

Оқу құрал жабдықтары:

        1. Методикалық нұсқау

2. Люксметр Ю-116

  1. Плакаттар



Жұмыс тәртібі:

        1. Бөлмені жарықтандыруға қандай талаптар қойылады?

        2. Люксметрдің құрылысын, жұмыс принціпін жазып көрсетіңіз.

        3. Табиғи жарықтандырудың көрсеткіштері қандай және табиғи жарықтан-дыру немен мөлшерленеді?

  1. Табиғи жарықтандыруды есептеудің қандай әдістерін білесіз?

5. Жасанды жарық көздері туралы не білесіз?
Тақырыпқа кіріспе.
Жұмыс орнындағы жарық мөлшері - еңбек өнімділігін арттыруға, жұмысшының көзін талдырмай, көзіне шағылыспай, денсаулығына зиян келтірмей, дәлірек айтқанда өнеркәсіпте жарақаттану және кәсіби ауру мәселелерін азайтуға тікелей қатысы бар. Сондықтан жұмыс орнындағы жарық мөлшеріне мынадай талаптар қойылады:

1. Берілген жарық жұмыс орнындағы заттарды тез әрі жеңіл көріп, ажыратуға жеткілікті болуы керек.

2. Берілген жарық мөлшері көлеңкесіз, бір қалыпты болуы керек, көретін зат пен оның арғы жағындағы көрініс (фон) арасында айырмашылық анық болуы керек.

3. Түскен жарық көретін затқа шағылысып, жұмыс істеушінің көзіне әсер етпеуі керек.



  1. Түскен жарық шамасы уақыт сайын өзгеріп тұрмауы керек.

5. Жасанды жарық көздері туралы не білесіз?

Жұмыс орнын жарықтандыру табиғи және жасанды түрде іске асырылады.

Табиғи жарықтандыру дегеніміз күн сәулеін бөлмеге түсіру арқылы жарық беру. Күн сәулесі бөлмеге терезе әйнегі арқылы төбеден немесе қабырға жақтан (жанынан) түсіріледі. Кей бөлмелерде (қора-жайларда) жарықтандыру осы екі әдісті (аралас жарықтандыру) қолдану арқылы іске асырылады.

Жасанды жарық түсіру үшін электрлі қылды шамдар мен люминесцентті шамдарды қолданамыз. Жасанды жарық шамдарының орналасуына байланысты жарықтандыру :



  • жалпы жарық беру;

  • белгілі бір жұмыс орнын жарықтандыру;

  • аралас жарықтандыру

болып үшке бөлінеді.

Жалпы жарық беру кезінде шамдар төбеде не қабырғада орналасады. Белгілі бір жұмыс орнын жарықтандыру кезінде шамдар тек жұмыс істейтін жерлерге қойылады.

Аралас жарықтандыру кезінде шамдар төбеде немесе қабырғада және жұмыс істейтін жерге орналастырылады.
1. Жарықтың өлшем бірліктері

Кез-келген жазықтыққа түскен жарық шамасын Е әрпімен белгілейміз.



, люкс

мұндағы: - жарық қуаты, ЛМ

- жарық түсіп тұрған аудан, м2

Жарық шамасы (Е) дегеніміз - сәуленің түсу бағытына перпендикуляр, сол сәуле түсіп тұрған белгілі бір аудандағы жарық қуатының тығыздығы.

Жарық шамасының өлшеу бірлігі – люкс (лк) – ол ауданы 1 шаршы метрге тең жерге қуаты 1 люмен сәуле түскендегі жарық шамасы. Ал кез-келген нүктеге түскен жарық шамасы табиғи жарық коэффициенті (Т.Ж.К.) әрпі арқылы сипатталады:

/1/

- табиғи жарық коэффициенті анықталып отырған нүктенің жарық шамасы.

- сырттағы күн сәулесінің жарық шамасы.

Табиғи жарық коэффициенті () зерттеп отырған нүктедегі жарық шамасы мен сырттағы күн көзі беретін жарық шамасы арасындағы проценттік қатынасты көрсету арқылы белгілі бір нүктедегі жарық шамасына сипаттама береді.

Кез-келген жазықтыққа түсіп тұрған жарық шамасын анықтау үшін люксметр аспабы қолданылады. Біз тәжірибе кезінде Ю-116 люксметрмен өлшем жүргіземіз.



Люксметр Ю-116 - өлшегіш бөлігінен 1 , жеке фотоэлементтен 2 және насадкадан 3 тұрады. Өлшегіш бөліктің бетінде өлшем көрсеткіш, түзеткіш, өлшемді өзгерткіш түйме және стрелканы нөлге қоятын тетік орналасқан.

Өлшегіш бөліктің қапталында селенді фотоэлементті жалғайтын розетка бар.



Насадканың ішіне қойылатын жарық сүзгілері ( М, Р, Т әріптерімен белгіленген) өлшеу шамасын өзгертуге арналған.







7- Сурет. Люксметр Ю-116 жалпы құрылысы.

1 - өлшегіш бөлік, 2 - фотоэлемент, 3 – насадка, 4 – сүзгі,

5 - өлшемді өзгертетін түймелер, 6 – нөлге қоятын тетік.

Люксметр Ю-116 өлшегіш бөлік шкаласының негізгі екі өлшем шамасы бар (5…..30 және 20…..100 лк). Сонымен қатар сүзгілердің көмегімен өлшеу шамасын тағы алты қосымша шамаларға өзгерте аламыз (50…..300 , 200…..1000 және 500…..3000 , 2000…..10000 және 5000…..30000 , 20000 …..100000 лк). Фотоэлементке насадкаға КМ сүзгісін пайдаланып өлшемді 10 есе , КР сүзгісін пайдаланып 100 есе , КТ сүзгісін пайдаланып 1000 есе өлшем шамасын өзгертеміз. М,Р,Т сүзгілері жарықты жұтқыштар болып есептелінеді.

Өлшемді бастамас бұрын люксметрдің өлшегіш бөлігін горизонталь жазықтыққа қоямыз. Аспаптың стрелкасы нөлде тұрғанын тексереміз. Бұл уақытта фотоэлемент өлшегішке жалғанбай тұруы керек. Қажет болса түзеткіш арқылы стрелканы нөл бөлігіне қоямыз.

Өлшем бірлігін дұрыс алу үшін былай істейміз. Өлшемді өзгерткіш, оң жақтағы түймені басқанда, өлшем көрсеткішін шкаланың 0…..100 дегенінен қараймыз. Ал сол жақтағы түймені басқанда – 0…..30 шкаласынан көрсеткішті қараймыз.

Аспаптық көрсеткіші біздің өлшемге қандай сүзгіні пайдаланғанымызға және қай түймені басқанымызға байланысты. Мысалы: біз насадкаға Р сүзгісін кигізсек және сол жақтағы түймені бассақ стрелкамыз 0…..30 шкаласынан 10 бөлікті көрсетіп тұрса, демек өлшеп тұрған жарық шамасы 10 х 100 = 1000 люкс болады.

Естеріңізде болсын!

Аспаптың фотоэлементін өте күшті жарыққа (сүзгісіз) және ұзақ уақыт ұстауға болмайды. Сондықтан өлшемді КТ сүзгісін пайдаланып бастаған жөн. Және сүзгіні ауыстырған сәтте алдымен оң жақтағы түймені басып, содан кейін ғана сол жақтағы түймені басып басқа (төменгі) өлшеу шегіне ауыстыру қажет.


Есептеу - өлшеу тәртібі.

Табиғи жарық коэффициентін анықтау үшін бөлме ішінен негізгі нүктені (базовый) белгілеп алуымыз керек.

Негізгі нүкте (Ебаз) орнына әрқашан бөлмедегі табиғи жарық жақсы түсіп тұрған нүкте алынады.

Негізгі нүктенің табиғи жарық коэффициенті төмендегі формуламен анықталады:



/1/

Бөлмедегі негізгі нүктенің жарық шамасын (Ебаз) және бөлмеден тыс жердегі, сырттағы күн көзі беретін жарық шамасын (Ес) люксметрмен өлшеп анықтаймыз.



Ал бөлменің кез-келген нүктесінің жарық шамасына (Еі) сипаттама беру үшін мына формуланы қолданамыз: мұндағы еi - өлшеу жүргізілетін нүктенің табиғи жарық коэффициенті.

/2/

Ебазнегізгі нүктенің жарық шамасы;

Еі - өлшеу жүргізілетін нүктенің жарық шамасы.

Жоғарыда көрсетілген /1/ және /2/ формулалар бойынша негізгі нүктемен жұмыс орнындағы белгілі нүктенің Т.Ж.К. есептелгеннен соң, оның шамасын СН және Е – де көрсетілген шамамен салыстырып, қорытынды жасау керек.



Жарық шамасын сипаттайтын Т.Ж.К. табудың тағы бір жолы мынадай:

/3/

мұндағы: - есептеу жолымен табылатын Т.Ж.К. орташа көрсеткіші;

- терезе ауданы, м2;

- терезе саны;

- еденнің ауданы, м2.

Сызғыш немесе өлшеуішті пайдаланып, студент терезе ойығы мен еденнің ұзындығы мен енін өлшеп алып, аудандарын табады. Оның мәндерін /3/ формулаға қойып, орташа Т.Ж.К. // есептеп шығарады. Шыққан нәтижені СНжәнеЕ-де көрсетілген шамамен салыстырып, бөлменің ішіндегі жарық мөлшері жөнінде қорытынды жазуы керек.

Жоғарыдағы тапсырма бойынша істелінген жұмысты студент оқытушыға өткізеді.



Жасанды жарық көздері туралы бірер сөз.

Жасанды жарық түсіру үшін қылды электр лампалары мен газоразрядты люминесцентті лампаларды қолданады деп жоғарыда айттық. Белгілі жабдықтармен толықтырылған электр лампалары – шамдар деп аталады. Белгілі жабдықтарға лампаны бекітуге, оған тоқ жалғауға, механикалық зақымдалудан сақтауға, жарық сәулесін бір қалыпты және көздеген мақсатқа бағыттауға арналған тетіктер жатады.

Бөлмелерді жарықтандыру үшін жарық сәулесін тікелей түсіретін, шашыратып түсіретін және сәулені қайтара түсіретін шамдар пайдаланылады. Халық шаруашылық өндірісінде, пайдалану жағдайларына байланысты:


  • ашық

  • жабық

  • ылғалдан қорғайтын

  • шаң өткізбейтін

  • жарылыстан сақтайтын әртүрлі шамдар пайдаланылады.

Қылды лампалардың орналасуының тиімді жолы бұл квадраттың бұрышы немесе оны шахмат жүйесімен орналастыру. Люминесцентті лампаларды еденге не қабырғаларға, терезелерге параллель орналастырған жөн.

Шамдардың орналасу биіктігі олардың сәулені сындыру бұрышына байланысты, көзге жарық шағылыспайтын болып, олардың түрлеріне қарай әртүрлі болады.

Жалпы орналастыру биіктігі еденнен 4-5 м аспауы керек. Төменгі жұмыс столынан 0,5-0,7 м , ары кетсе 1,5 м болуы керек.

5 Сабақ тақырыбы: Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне баға беру.



Сабақ мақсаты: Өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпті аймағын анықтай біліп, оларды қауіпсіз пайдалануды іске асыратын жабдықтардың түрлерімен танысу.

Оқу құрал-жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау.

2. Анықтама жинағы.

3. Плакаттар. Машиналар макеттері.



Жұмыс реті:

Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қауіпсіздікті сақтауға қолданылатын техникалық жабдықтар - құралдар туралы не білесіз?

2. Қауіпті аймақ дегеніміз не?

3. Қоршағыш,сақтандырғыш,тосқауылшы,белгі бергіш құрылғылардың қорғау принціпін( қалай іске қосылады) түсіндіріңіз?
Қауіпті аймақ және технологиялық жабдықтары туралы түсінік.

Қауіпті аймақ - деп машинаның, кұрылғының айналасындағы еңбеккерге тұрақты немесе құбылмалы, қауіпті, болмаса зиянды жағдай туатын кеңістікті айтады.

Қауіпті жағдай - қандай да болмасын айналып түрған машиналар бөлшегінің, станоктың кескішімен онда өңделіп жатқан материалдың, тісті, ременді берілістердің, құрылғының жұмыс столының, көтеру - тасымалдау машиналарының, жүктердің, ауыл-шаруашылық тіркеме немесе өздігінен жүретін машиналардың айналасында болады. Аталған барлық жағдайларда машиналармен жұмыс істеуші адамның жарақат алу немесе киімі, шашын іліп кету қаупі бар.

Қауіпті аймақтың көлемі өзгермелі (мысалы қар тиегіш транспортёр немесе автокран) немесе тұрақты (ремен мен шкивтің арасы) болады. Қауіпті аймаққа электр тоғының, жылу көзінің, электромагнитті, иондаушы сәулелердің әсері бар, ұшқан бөлшектердің, шаң, газ, ультрадыбыс, шу, зиянды бу, дірілдердің таралу аудандарын да жатқызамыз.

Сондықтан жоғарыда көрсетілген әсерлердің мөлшерін азайтуға немесе болдырмауға арналған қорғау құралдары: қоршағыш, сақтандырғыш, тосқауылшы, белгі беруші, машинаны алыстан басқару жүйесі, арнайы құрылғылар болып бөлінеді.

Қорғау құралдарының баршасына қойылатын талаптар төмендегідей: жұмыс орнындағы қауіпті және зиянды әсерді барынша азайту: қорғау жабдықтары, машинаны пайдалану кезінде жұмысқа кедергі болмай, оңтайлы болу қажет, сенімді және берік болу керек7
Қоршағыш құрылғы - адамның, болмаса оның киімінің бөліктерін машинаның қауіпті аймағына түсіп қалуына кедергі-қоршау ретінде жасалады. Олардың кұрылымы әр түрлі, және барлығы да берік те оңтайлы болу керек. Олар түрақты, алмалы-салмалы, уақытша болып үш түрге бөлінеді.

Тұрақты қоршағыштар - тұтас немесе желбезекті қақпақ, құндақ, қорап тәріздес болып келеді.

Алмалы-салмалы қоршағыштар - негізінен сыртқы беріліс механизмдерін жабуға арналған. Сондықтан олар жеңіл материалдардан, тұтас, тор немесе кереге көз тәріздес істелген сыртқы қорап, қабық, қақпақ болып келеді.

Уақытша қоршағыштар - белгілі бір жұмыс процестерін атқарған кезде жұмыс орнын қоршау мақсатында, қалқан тәріздес бір орыннан екінші орынға ауыстырып қоя салатындай болады.



8- Сурет. Станоктардың тұрақты қоршағыштарының түрлері;



а — толық қоршау(құндақ); б — кескіш құралды жартылай қоршау; в — — кесу аймағын жартылай қоршау; 1 — бұрылмалы экран білігі; 2 — рамка; 3 — әйнекті экран.

жүктеу 13,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау