Дәріс 1. «Фармацевтикалық технология» түсінігі және оның негізгі мәселелері Жоспар: 1.Жалпы мағлұмат. Негізгі мәселесі. 2.Фармацевтикалық технологияның негізгі ұғымдары Жалпы мағлұмат. Негізгі мәселесі. Технология — өнімді өндіру үрдісінде жүзеге асатын материалдың немесе жартылай фабрикаттың, шикізаттың үлгісін, қасиетін, күйін өзгертуде және дайындауда қолданылатын әдістердің тұтастығы. Технология шикізатты өңдеу әдістері мен тәсілдері жайындағы ғылым ретінде XVIII ғасырдың аяғында ірі машиналық өндірістің дамуымен байланысты пайда болды және бірден дамып, кең негізгі ғылымға айналды. «Технология» түсінігіне өңдеу, өндіру, өлшеу және орау, қаптау, үлгілеу, тасымалдау, бастапқы шикізат пен дайын өнімді сақтау, сонымен бірге технологиялық бақылау, технологиялық регламенттер, әдістер, ережелер түрінде өндірісті ғылым негіздік стандартизациялау т.б. енеді. Өндіріс - шикізатты, жартылай өнімді, көмекші, ораушы және маркалаушы материалдарды алудан бастап препаратты дайындауға, тіпті орауға, сапасын тексеруге дейінгі дайын дәрілік заттың өндірісі бойынша барлдық операциялар. Кішігірім өндіріс бір типті өнімді шығару жүйелік түрде қайталанады (ай сайын, квартал сайын). Мұнда шығарылатын өнім номенклатурасының әртүрлілігі, құрамының көпкомпоненттілігі тән және дайындалатын өнімнің сақталу мерзімі шектеулі. Аппараттар топтасып орналастырылады. Ірі өндіріс технологиялық үрдістердің жоғары механикаландыруымен, қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталуымен және ұзақ мерзімді сақталатын дәрілік препараттардың номенклатурасымен шектелген. Мұнда бір өнім үнемі кезектесетін топтамалармен шығарылады немесе үздіксіз өндіріледі. Машиналар мен аппараттар топтық белгілері бойынша орналастырылады. Ірі өндіріс үшін құрылғылар технологиялық үрдістің жолы бойынша орналастырылады. Дәрілерді көптеп өндіру кезінде автоматтандырылған жол қолданылады. Өнеркәсіпті толық автоматтандыру – өндірістің жоғары дәрежесі. Цех – бір типті өнімді шығаруға (таблеткалы, аэрозольді, ампулалы т.б.) немесе бір процесті (экстракциялық, қаптау т.б.) орындауға арналған негізгі өндірістік бөлім. Әрбір цех бірнеше бөлімдерден тұрады, оларда технологиялық үрдісті құрайтын бір типті операциялар жүзеге асады. Мысалы, таблеткалау цехы келесі бөлімдерден тұрады: ингредиенттерді араластыру, түйіршіктеу, түйіршіктерді кептіру, пресстеу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |