«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындауға арналған



жүктеу 13,96 Mb.
бет7/7
Дата21.01.2018
өлшемі13,96 Mb.
#7865
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Оқу құрал жабдықтары:

  1. Методикалық нұсқаулар

  2. Плакаттар мен суреттер

  1. Қорғау құралдары (тұмылдырық, противогаз).

Жұмыс реті:

1) Әскери противогаздардың түрлері мен улы заттарды сүзу принципімен танысу

  1. Өнеркәсіптік противогаздардың ерекшеліктерін білу

  2. Тұмылдырықтар мен тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құрал-дарды пайдалану мақсатын білу


Оқшаулаушы және сүзгілі тыныс жолдарын қорғау құралдары.

Қорғаныш құралдары жаппай жою қаруының зақымдаушы факторларынан адамдарды қорғауға арналған. Олар жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары болып бөлінеді.



Жеке қорғану құралдары - радиоактивтік (улағыш) заттар мен биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабаты мен киімге түсуінен қорғауға арналады. Оларға тыныс органдарын қорғау құралдары (сүзгіш және оқшаулаушы противогаздар, тұмылдырықтар, шаңға қарсы бүркемелер, мақта, дәке таңғыштар) мен теріні қорғау құралдары (Л–1 жеңіл қорғаныш костюмі, жалпы әскерлік қорғаныш толымы және пневмокостюм) жатады.

Сүзгіш противогаздар. Тыныс органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардан қорғауға арналған. Противогаз - противогаздық (сүзіп, сіңіріп алатын) қорап пен беттік бөлімнен тұрады. Бұдан басқа противогаз толымына противогазды сақтап, алып жүруге арналған сөмке, гидрофобтық (ылғал сіңірмейтін) тоқыма қап, сөйлесу құрылғысының запас қаңылтақтары бар қорап және көзілдірік әйнектерін буланудан сақтайтын терлемейтін пленкалар қорабы кіреді. Қыста противогаз жылытпа жеңселермен толықтырылады.

Противогаз қорабы демалатын ауаны зиянды қоспалардан тазартуға қызмет етеді. Бұл үшін ол түтінге қарсы (аэрозольге қарсы) сүзгімен және арнайы өңделген активтелген көмірмен (шихтамен) жарақталған.

Сүзгіде кез келген аэрозольдер – радиоактивтік шаң, улағыш заттардың түтіні мен тұманы, сондай-ақ биологиялық аэрозольдер ұсталып қалады. Шихта улағыш заттардың буы мен газын өткізбейді.

Беттік бөлік адамның көзі мен бетін улағыш, радиоактивтік заттар, биологиялық аэрозольдер тиюінен қорғауға және тазартылған ауаны тыныс органдарына жеткізуге арналған.

МГП-В азаматтық противогазының беттік бөлігінің қалыпты сөйлесуге, байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік беретін сөйлесу құрылғысы бар. Бұған қоса ол құтыдан су ішуге бейімделген. ГП-7ВМ противогазының беттік бөлігінде оңнан және солдан сүзгі қорапты қосуға арналған екі ұясы бар. Ол адамның басына маңдайлық, екі самайлық және екі шықшыттық иілімді резеңке тартпалармен ұсталады.

Сөмке противогазды алып жүруге және сақтауға арналған. Оның бүйірінде екі сырт қалтасы бар. Қақпақшалы қалта химияға қарсы жеке пакетті (ХҚЖП) салуға, екіншісі терлемейтін пленкалар мен запас қаңылтықтар қорабына арналған.

Дем алғанда ластанған ауа противогаздың сүзгілі(сіңіргіш) қорабына келеді, мұнда ол зиянды қоспалардан тазарып, одан әрі противогаздың беттік бөлігі мен тыныс органдарына барады. Дем шығарғанда ауа беттік бөлік астынан қорапқа соқпай сыртқа шығады. Булар мен газдардың сіңірілуі адсорбция, хемосорбция және катализ есебінен, ал түтін мен аэрозольдердің сіңірілуі сүзу арқылы жүзеге асады.

Адсорбция – газдар мен буларды адсорбент деп аталатын қатты дене бетінің сіңіруі. Противогаздарда абсорбент ағаш көмірі болып табылады. Бұл кеуекті заттың беті өте активті болады. Онда бәрінен гөрі хлор, хлорпикрин, зарин, заман, иприт жақсы сіңіріледі. Нашар адсорбцияланатын заттар, соның ішінде синил қышқылы, мышьякты сутегі, фосген үшін хемосорбция және катализ процестері пайдаланады.

Хемосорбция – улағыш, күшті әсер ететін улы заттардың (КӘУЗ) олардың активтендірілген көмірге жағылатын химиялық актив заттармен өзара әрекеті есебінен сіңірілуі.

Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализаторлар ретінде мыстың, күмістің және хромның тотықтары пайдаланылады. Тотықтар қосылған активтелген көмірлер катализатор – көмірлер деп аталады.

Түтіктер мен аэрозольдердің сүзілуі жиі тор құратын талшықты материалдардан жасалған түтінге қарсы сүзгілермен жүзеге асырылады. Одан өткенде аэрозольдердің бөлшектері талшықтарда тұрып қалады.



Қазіргі уақытта халықты қорғау үшін пайдаланылатын противогаздардың неғұрлым жетілдірілген және тараған үлгісі ГП–7 (ГП-7В, ПДФ-7) азаматтық противогазы болып табылады. Ол тыныс органдарының, көздің, беттің терісінің көптеген улағыш және КӘУЗ заттардан, радиоактивтік шаң мен бактериялық құралдардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. (106-сурет)



19-Сурет. Сүзгіш противогаздар

Беттік бөліктің қажет өлшемі (тартпа айылдардың ұзындығы мен нөмірлері) бастың тік және көлденең орамаларының шамалары негізінде арнаулы кесте бойынша таңдалады. Тік орама басты төбе, жақ және иек арқылы өтетін тұйық сызық бойымен өлшеп анықталады. Көлденең орама алда қас доғалары, қапталдан құлақ қалқанының ұшынан 2-3см жоғары және шүйденің ең шығыңқы тұсы арқылы өтетін сызықпен тұйықталған өлшеммен анықталады.

15-кесте. Беттік бөліктердің өлшемдері


Бастың тік орамы, см, дулыға-маскалар үшін

Керекті өлшем

ШМГ

ШМ-62

ШМ-66му




62,5-65,5

66,0-67,0

68,0-69,0


63,0-ке дейін

63,5-65,5

66,0-68,0

68,5-70,5



63,0-ке дейін

63,5-65,5

66,0-68,0

68,5 және

одан жоғары


0

1

2



3

4


69,5 және одан

жоғары



71,0 және

одан жоғары



-

4


Өнеркәсіптік противогаздар. Химиялық қауіпті объектілердегі өндірістік авариялар, сақтау және тасымалдау кезінде КӘУЗ-дердің ағып кетуі салдарынан ең алдымен қауіпті өндірістердің қызметкерлері үшін өмір мен денсаулыққа қатерлі төтенше жағдайлар қалыптасуы мүмкін. Мұндайда қорғау үшін өнеркәсіптік противогаздар деп аталатындар жасалған. Олар сүзгіш противогаздар сияқты тыныс органдарын, көз бен бетті зақымданудан қорғайды. Ал басқалардан ерекшелігі – бар бағыттылығы, яғни нақты бір жағдайларда адам тап болатын зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан сүзгілі қорап сіңіргіштер құрамы жөнінен қатаң мамандандырылған және онда ауаны ондағы бар улы заттан не зиянды қоспадан тазартатын сіңіргіш қана болады. Мысалы, хлордан – Б; аммиактан – Д, қара; көміртек тотығынан – Ж және З, тиісінше қызыл және сұр; сынап буларынан – В, қара.

Қосымша патрондар. Жүргізілген сынақтар мынаны көрсетті: ГП - 5 және ГП - 7 азаматтық противогаздары, сондай-ақ балаларға арналған ПДФ-7, ПДФ-Д, ПДФ-2Д, ПДФ–2 противогаздары УЗ-дан қорғаумен қатар, кейбір КӘУЗ-ден, мысалы: хлор, күкіртті сутек, күкіртті газ, тұз қышқылы, синил қышқылы, тетраэтилқорғасын, нитробензол, фенол, фосген, хлорциан және басқаларынан қорғайды.

Аталған противогаздардың КӘУЗ-ден қорғайтын мүмкіндіктерін күшейту мақсатында оларға арналған қосымша патрондар (ДГП – 1, ДГП - 3) жасалған. ДГП – 1 патронның ішінде шихтаның екі қабаты – арнаулы сіңіргіш пен гопкалит бар. ДГП – 3-те 1 қабат сіңіргіш бар. Сыртқы ауа противогаздың сүзгілі-сіңіргіш қорабына түсіп әуелі КӘУЗ аэрозольдері мен буларынан тазарады, одан әрі қосымша патронға түсіп, зиянды қоспалардан біржола тазарады.

Патрон цилиндр бітімдес және сырттай ГП – 5, ГП – 7 противогаздарының сүзгілі – сіңіргіш қорабына ұқсас. Оның түбінде ГП – 5, ГП – 7 сүзгілі – сіңіргіш қорабына қосуға арналған ішкі бұранда ойылған.

ДГП – 3 противогазбен толымда аммиактан, хлордан, диметиламиннен, нитробензолдан, күкіртті сутектен, синил қышқылынан, тетратилқорғасынынан, фенолдан, фосгеннен, хлорлы сутектен, хлорлы мырыштан қорғайды.



ДГП – 1 бұған қоса азот қос тотығынан, хлорлы метилден, көміртек тотығынан және этилен тотығынан қорғайды.




тұмылдырықтар. Сүзгіш

тұмылдырықтар адамның тыныс

органдарын қорғайтын жеке

құралдарға жатады. Противогазбен

салыстырғанда бұл құрал

жеңілдетілген үлгіде, зиянды

газдардан, булардан, аэрозольдер

мен шаңнан қорғайды. Дем алатын

ауа газдар мен булардан

физикалық-химиялық процестер

(адсорбция, хемосорбция, катализ)

есебінен, ал аэрозольдер мен


20-Сурет.

Р-2 тұмылдырығы.

шаңнан талшықты материалдар

арқылы сүзілу жолымен тазарады.

Арналу мақсаты жөнінен

тұмылдырықтар шаңға қарсы (ШБ - 1, "Лепесток", "Кама", У - 2К, РПА - 1), газға қарсы және газ бен шаңнан қорғайтын (РПГ-67, РУ- 60СН, "Лепесток—1") болып бөлінеді. (107-сурет). Шаңға қарсылары тыныс органдарын әp түрлі аэрозольдерден, газға карсылары зиянды булар мен газдардан, газ бен шаңға карсылары ауада бұлардың үшеуі де бір мезгілде қатарынан болғанда қорғайды.

Конструкциялық шешіміне байланысты тұмылдырықтар екі түрлі болуы мүмкін: сүзгіш жарты маска, мұнда демалатын ауа зиянды қоспалардан жарты масканың өзінің материалымен тазарады; сүзгі патрон (бір не екі) қосылатын жарты маска.

Тұмылдырықтар міндетін атқарғаннан кейін әрі қарай жарамайтын бір жолғы қолданылатын және ауыстырмалы сүзгілері бар көп жолғы қолданылатын болып бөлінеді. Соңғылардың міндетін атқарып біткенін демалудың қиындағанына қарап біледі. Бұл жағдайда оларды ауыстырады не регенерациялайды; ол үшін сүзгілерді шығарып алып шаңын қағады және ауаның жұтылу ағынына қарсы бағытта ұшырып үрлейді.

Дұрыс іріктеліп, бастың өлшеміне шақ болса және дүрыс киілсе тұмылдырықтар тыныс органдарын сенімді қауіпсіздендіре алады.

Алайда ауада органикалық еріткіштердің және оңай жанатын заттардың булары, газдары мен аэрозольдері болса, тұмылдырықтар жеткілікті тиімді болмай шығады. Ауада синил қышқылы сияқты жоғары токсинді заттар болғанда, сондай-ақ бу тәріздес күйінде адам организміне қорғалмаған тері арқылы өте алатын заттар болғанда газға қарсы және газ бен шаңға қарсы тұмылдырықтар толық қорғауды қамтамасыз етпейді.



Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары:

Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарға: мақта -дәке, таңғыштар мен шаңға қарсы мата маскалар (ПТМ—1) жатады. Олар тыныс органдарын радиоактивтік шаң мен биологиялық аэрозольдерден қорғау үшін қолданылады.

Мақта-дәке таңгышын (108-сурет) жасау үшін өлшемі 100x50 см дәке алып, оған қалыңдығы 1—2 см мақта төсейді; дәкенің шеттерін екі жағынан қайырып мақтаға салады, ал ұштарын ұзына бойымен әр жағынан 30-35см жара қияды. Таңғыш иекті, ауыз бен мұрынды жауып тұруға тиіс. Көзге шаңға қарсы көзілдірік киеді.


21-Сурет. Мақта-дәке таңғыш заты.
Шаңға қарсы мата маска корпустан және бекітпеден тұрады (корпус 4-5 қабат матадан тұрады). Корпус пен бекітпені үлгіге не сызбаға қарап пішеді. Масканың корпусында қарайтын тесік ойылып, оған мөлдір материал-дан әйнек орнатылады. Маска, басқа, үстіңгі тігіске орнатылатын резеңке таспамен тығыздалып тұрады; Бекітпенің төменгі тігіске тігілген баулары, масканың корпусының жоғарғы түйіндеріне бекітілетін көлденең резеңке, масканың жылжып кетпей тығыз тұруына себептеседі.

10 Сабақ тақырыбы: Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар.


Сабақ мақсаты: Химиялық және ядролық, бактериялогиялық қару зардаптарынан қорғауға арналған медициналық және жеке қорғау құрал-жабдықтарының түрін, пайдалану мақсатын оқып-білу.

Оқу құрал жабдықтары:

  1. Методикалық нұсқау.

  2. Плакаттар, суреттер.

  3. Арнаулы киімдер, құралдар.

Жұмыс реті:

  1. Жеке дәрі қобдишасының пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

  2. Химиялық жеке пакеттің пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

  3. Жалпы әскерлік қорғаныш толымын пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.


22- Сурет . Жеке дәрі қобдишасы
Жеке қораныштың медициналық құралдары. Жеке қорғанудың медициналық құралдарына жеке дәрі қобдишасы (АИ-2) және химияға қарсы жеке пакет жатады.

Жеке дәрі қобдишасы (22-сурет) Жаппай жоятын қару әрекетінің ауыр зардаптарын болғызбау мақсатында өзіне-өзі және өзара көмек жасауға, сондай-ақ инфекциялық аурулардың алдын алу және бетін қайтаруға арналған. Онда профилактика мен алғашқы медициналық жәрдемінің әр түрлі құралдары болады.

Ауырғанды басатын құрал сықпа-шприцте болады (1-ұя ). 2- ұяда жүйкені жансыздандыратын әрекетті УЗ ( фосфорлы-органиклық УЗ) – ФОЗ-бен уланудың алдың алу құралы тұрады.. 3- ұяда бактериаға қарсы №2 құрал болады. Асқазан-ішек жолының бұзылуы байқалған кезде бірінші тәулікте бір ішкенде 7 таблетка және келесі 2 тәулікте төрт таблеткадан қолданылады. Радиоқорғаныш құралы №1 төрт таблеткадан (4 ұя, қызғыш түсті екі пенал ) радиактивтік сәулелену қатері кезінде бірден 6 таблетка, ал сәулелену жалғасқанда 4-5 сағаттан кейін тағы 6 таблетка ішіледі. 5- ұя-бактерияға қарсы №1 құралы қарсыластың бактериалогиялық шабуылы кезінде және инфекцияның алдын алу мақсатында пайдаланады. Радиоактивті қорғаныш құралы №2 ( 6-ұя, ақ түсті пенал) радиоактивтік жауын-шашынан кейін 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан қабылданады. Құсуға қарсы құрал (7- ұя, көгілдір түсті пенал) сәулеленуге бастапқы реакция байқалған кезде, сондай-ақ басқа соққы тигенде жүрек айнуы байқалған кезде бір таблеткадан қолданылады.



Химияға қарсы жеке пакет. ( 23-сурет) Ол терінің ашық жерлері мен киімге тиген тамшылы-сұйық УЗ зиянсыздаңдыруға арналған. Ол газсыздандыратын ерітіндісі бар шағын шөлмектен және бес мақта-дәке тампоннан тұрады. Шағын шөлмек пен тампондар герметикалық қаптамада болады. ХЖП-ны пайдаланғанда құрғақ тампондармен терінің беті мен киімдегі улы заттарды сіңіріп алады, одан соң тампонды шыныдағы сұйыққа шылап алып, тері мен киімнің зақымдалған өңірлерін сүртеді. Пайдаланылған тампондар жерге көміледі.

23-сурет. Химияға қарсы жеке пакет:

а-пакеттң жадпы түрі, б-мақта-дәке тампондары, в-сұйығы бар шөлмек.
Теріні қорғау құралдары. Қорғау әсерінің принципі бойынша теріні қорғау құралдары оқшаулаушы және сүзгілі болып бөлінеді.

Теріні қорғайтын оқшаулаушы құралдар ауа өтпейтін материалдардан, әдетте, арнаулы иілімді(қатты емес) және аязға төзімді резеңке сіңірілген матадан жасалады. Олар қымтамалы және қымтамайтын болуы мүмкін; қымтамалы құралдар бүкіл денені жабады және улағыш заттардың булары мен тамшыларынан қорғайды.

Улағыш заттардан қорғаумен қатар бұл қорғаныш құралдары тері қабаты мен киімді (киім-кешекті) радиоактивтік заттармен және биологиялық құралдармен зақымданудан қорғайды.

Теріні қорғайтын оқшаулаушы құралдарға жалпыәскерлік қорғаныш толымы ( ЖӘҚТ) ( Л-1, КИХ-4, Ч-20 қорғаныш костюмдері) және арнаулы қорғаныш киімі жатады.Теріні қорғайтын сүзгілі құралдар арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-мата, киім-кешек пен ішкікиім түрінде дайындалады. Жұқа қабат болып сіңіру кезінде жіптердің арасындағы кеңістіктер бос қалады; осының нәтижесінде материалдың ауа өткізгіштігі негізінен сақталады, ал улағыш заттардың булары зақымдаған ауа мата арқылы өткен кезде сіңіріліп алынады.



Жалпыәскерлік қорғаныш толымы(комплект) газсыздандыру, дезактивация және дезинфекция жұмыстарын атқару кезінде тері қабатын, киімді, улағыш заттардан, биологиялық құралдар, радиоактивтік шаңнан бірнеше дүркін қорғауға арналған. Ол қорғаныш плащынан, қорғаныш шұлықтары мен қорғаныш қолғаптарынан тұрады.

Улағыш заттардың буларынан сенімді қорғау мақсатында ,толым ,әдетте импрегнирленген киім-кешекпен, ішкі киіммен қоса пайдаланылады.

Қорғаныш плащы арнаулы резеңкеленген матадан жасалады. Плащтың матасы улағыш, радиоактивті заттардан және бактериялық құралдардан, сондай-ақ жарық сәуле әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Қорғаныш шұлықтар резеңкеленген матадан жасалады. Олардың ұлтандары брезент не резеңке жалғаспалармен күшейтілген. Қорғаныш қолғаптары резеңке, импрегнирленген матадан, екі түрлі: қысқы және жазғы болып жасалады.

Жалпыәскерлік қорғаныш толымын(комплект) пайдалану. Жағдайдың ерекшеліктеріне қарай қорғаныш толымы әр түрлі варианттарда пайдалануы мүмкін(24-сурет).

Арналған мақсатына қарай толым жамылғы, жеңін киген түрінде не комбинезон түрінде қолданылуы мүмкін.

Химиялық шабуыл, қарсыластың биологиялық құралдар қолданылуы кезінде, сондай-ақ ядролық жарылыстың бұлтынан радиоактивтік заттар түсуі кезінде комплект жамылғы ретінде пайдалынады.

Радиоактивті заттармен және биологиялық құралдармен зақымдалған өңірдегі іс-қимыл кезінде, сондай-ақ техниканы заласыздандыру жұмыстарын атқару кезінде комплект жеңі киіліп пайдаланылады.



24-Сурет. Жалпыәскерлік қорғаныш толымы: а – жамылғы түрінде, б – жеңін киген плащ, в – комбинезон түрінде.

УЗ зақымдалған жерлердегі іс-қимыл жасаған кезде және химиялық, биологиялық зақымданған аймақтарда көп шаң көтерілген кезде комплект комбинезон түрінде қолданылады.

Арнаулы қорғаныш киімінің мынадай түрлері болады: Жеңіл костюм , (25-Сурет) комбинезон, күрте мен шалбардан тұратын костюм мен алжапқыш.

Арнаулы қорғаныш киімі ұзақ уақыт бойы зақымдалған жерде жұмыс атқаратын, сондай-ақ улағыш заттармен істес болатын адамдарға беріледі.



25-Сурет. Л-1 жеңіл костюмі.


Адамдардың, күшті әрәкет ететін улы және температурасы жоғары радиоактивтік заттардың зиянды әсерінен, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де ерекше қорғаныш киімі қолданылады. Мұндай киімді берік, оңай дезактивтелетін поливинилхлоридті пластиктен дайындайды. Оның химиялық тұрақтылығы едәір, құрылымы қарапайым , пайдалануға ыңғайлы.

Пневмокостюмдер, атмосфера мен жабдық радиоактивтік заттармен қатты, шекті рауалы нормалардан едәуір асып түсетіндей болып ластанған жағдайда, әртүрлі технологиялық операциялар атқаруға мүмкіндік береді. Оларды ядролық реакторларды немесе жабдықтарын демонтаждау кезінде, үй – жайларды дезактивтеу кезінде киеді . Пневмокостюмдерде таза ауаның мәжбүрлік берілуі көзделген, осы арқылы негізгі киімнің, тері қабатының, демек адамның тыныс жолының да РЗ түсуінен сенімді қорғалуына қол жетеді. Бұл костюмдерді үстінен шешпей дезактивтеуге болады.

Жоғары температурадан қорғайтын киімдердің түрлері көп. Бұған ашық оттан, сонымен қатар қызған беттермен түйісуден қорғайтын костюмдер кіреді. Балқығыш металдың қызуынан, ұшқындары мен шашырауынан қорғайтын, сондай–ақ 1000ºС – ға дейін қызған беттермен жұмыс істеу кезінде қорғаныш болатын электр өрістерінен қорғай алатын киім, адамның денесін механикалық әселерден, сондай–ақ су мен сілтілерден, қолайсыз биоллогиялық факторлардан қорғайтын костюмдер бар.

11 Сабақ тақырыбы: Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдар.
Сабақ мақсаты: Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдардың жұмыс принциптерімен құрылысымен және пайдалану ретімен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:



        1. Методикалық нұсқау.

  1. Плакаттар.

3. Дозиметрлер түрлері.

Жұмыс реті:

1. Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістерімен танысу.

2. ДКП-50А дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін оқып білу.

3. ДП-22, ДП-24, ДП-5А, ДП-3Б дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұ-мыс принциптерін оқып білу.

Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістері және дозиметрлік құралдардың жұмыс принциптері.

Иондаушы (радиоактивті) сәулелерді анықтау принципі осы сәулелердің ортаның затын иондау қабілетіне негізделген. Иондалу өлшенетін және анықталатын физикалық және химиялық өзгерістердің себебі болып табылады. Ортаның мұндай өзгерістеріне жататындары: заттардың электр өткізгіштігінің (газдардың, сұйықтың, қатты материалдардың) өзгеруі; кейбір заттардың люминесценциясы; фотопленкаларды жарықтандыруы; кейбір химиялық ерітінділердің түсінің, бояуының, мөлдірлігінің, электр тоғына кедергісінің өзгеруі.

Иондаушы сәулелерді анықтау және өлшеу үшін келесі әдістер қолданылады: фотографиялық, сцинтилляционды, химиялық және иондаушы.

Фотографиялық әдіс фотоэмульсияның қараю дәрежесіне негізделеді. Иондаушы сәулелердің әсерінен фотоэмульсиядағы бромды күмістің молекулалары күміс пен бромға ыдырайды. Пленканы шығару кезінде оның қараюын тудыратын жоғарыда түзілген күмістің ұсақ кристалдары. Қараю тығыздығы сәулелену энергиясының жұтылуына пропорционалды болады.қараю тығыздығын эталонмен салыстыру арқылы, пленканың алынған сәулелену мөлшерін (экспозициялық немесе жұтылған) анықтайды. Осы принципке жеке фотодозиметрлер жұмысы негізделген.

Сцинтилляционды әдіс. Иондаушы сәулелердің әсерінен кейбір заттар (күкірт цинкі, иодты натрий) жарық шығарады. Жарқырау саны сәулелену мөлшерінің қуатына пропорционалды және фотоэлектронды көбейткіш—арнайы құрал көмегімен тіркеледі.

Химиялық әдіс. Кейбір химиялық заттар иондаушы сәулелердің әсерінен өзінің құрылымын өзгертеді. Судағы хлороформ сәулелену кезінде хлороформға қосылған бояғышпен, түсті реакцияға түсетін тұз қышқылына ыдырайды. Екі валентті темір қышқылды ортада, суды сәулелеу кезінде НО2 және ОН бос радикалдарының әсерінен үш валенттіге тотығады. Үш валентті темір, бояғышпен түсті реакцияны береді. Бояу қоюлығына қарап, сәулелену мөлшерін (жұтылған энергия) байқаймыз. Осы принципке ДП—70 және ДП—70м химиялық дозиметрлер жұмысы негізделген.

Қазіргі кездегі дозиметрлік иондаушы сәулелерді өлшеу және анықтаудың иондаушы әдісі кең қолданыс тапты.

Иондаушы әдіс. Сәулелену әсерінен оқшауланған көлемде газдың иондалуы жүреді: газдың электрлік бейтарап атомдары оң және теріс иондарға бөлінеді. Егер осы көлемге тұрақты кернеу жалғанған екі электродты орнатса, онда осы электродтардың арасында электр өрісі пайда болады. Иондалған газда электр өрісі пайда болғанда, зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы электр тоғы өтеді. Иондалған тоқты өлшеу арқылы иондаушы сәулелердің белсенділігін болжауға болады.



Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы (26-сурет) бірдей және оған кіретіндері: қабылдағыш қондырғы (иондаушы камера немесе газразрядты санауыш) 1, иондаушы тоқтың күшейткіші (электрометрлік шамнан 2, жүктегіш кедергі 3, басқа да элементтерден тұратын электрлік сызба), тіркеуіш қондырғы 4 (микроамперметр) мен қоректену көзі 5 (құрғақ элементтер немесе аккумуляторлар).

26 –Сурет. Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы.


Иондаушы камера дегеніміз—ішінде бір-бірінен оқшауланған екі электрод - конденсаторлар орналасқан, ауамен толтырылған тұйық көлем. Камераның электродтарына тұрақты тоқ көзінен кернеу беріледі. Иондаушы камера тізбегінде иондаушы сәуле болмағанда тоқ болмайды, себебі ауа изолятор болып табылады.

Сәулелердің әсерінен иондаушы камерада ауа молекулалары иондалады. Электр өрісінде оң зарядталған бөлшектер катодқа қарай ығысады, ал теріс зарядталғандары анодқа тартылады. Камера тізбегінде микроамперметрмен өлшенетін иондаушы тоқ пайда болады. Иондаушы тоқтың сандық мәні сәулелену қуатына пропорционалды. Демек, иондаушы тоқ бойынша камераға әсер ететін сәулелену мөлшерінің қуатын бағалауға болады. Иондаушы камера қанығу шеңберінде жұмыс істейді.

Газразрядты есептегіш кіші белсенділіктегі радиоактивті сәулеленуді өлшеу үшін қолданылады. Есептегіштің жоғары сезімталдығы сәулелену қарқындылығы иондаушы камераға қарағанда ондаған мың есе аз сәулеленуді өлшеуге мүмкіндік береді.

Газразрядты есептегіш инертті газ (аргон, неон) қоспасы мен кейбір қосымшалар (спирт буы) толтырылған іші қуыс металл немесе шыны цилиндр болып табылады. Цилиндр ішінде ось бойымен цилиндрден оқшауланған жіңішке металл жіп (анод) тартылған. Катод міндетін металл қаңқа немесе есептегіштің шыны қаңқасының ішкі бетіне жағылған жұқа металл қабаты атқарады. Металл жіпке және тоқ өткізгіш қабатқа (катодқа) электр тоғының кернеуі беріледі.

Газразрядты есептегіштерде газ разрядын күшейту принципі қолданылады. Есептегіш көлемінде радиоактивті әсер болмаса, газды ортаның бос иондары да болмайды. Демек, есептегіш тізбегінде электр тоғы да болмайды. Радиоактивті сәулелердің әсерінен есептегіштің жұмысшы көлемінде зарядталған бөлшектер түзіледі. Электр өрісінен электрондар, ауданы катодтың ауданынан кіші есептегіштің анодына қарай қозғалып, газды ортаның атомдарын қосымша иондау үшін жеткілікті кинетикалық энергияға ие болады. Осы ағынмен жұлынған электрондар қосымша иондауды жүзеге асырады. Сөйтіп, газды есептегіштің көлеміне түскен радиоактивті сәуленің бір бөлшегі көптеген бос электрондардың ағынының түзілуіне әкеледі. Есептегіштің жібінде электрондардың көп мөлшері жиналады. Нәтижесінде оң потенциал күрт төмендеп, электр импулсі пайда болады. Уақыт бірлігінде пайда болған тоқтың импульстар санын тіркеп радиоактивті сәулеленудің қарқындылығын бағалауға болады.
Дозиметрлік құралдар

Дозиметрлік құралдарды қолдану мақсаттары:



  • Сәулеленуді бақылау—адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың сәулені жұту немесе экспозиционды сәуленің мөлшері туралы мәліметтерді алу;

  • Адамдардың, ауылшаруашылық малдардың, сонымен қатар техниканың, көліктің, қондырғының, киімнің, жабдықтың, судың, мал азығының және тағы басқа да объектілердің радиоактивті заттармен радиоактивті ластануын бақылау;

  • Радиациялық барлау—жергілкті жердегі радиацияның деңгейін анықтау.

Сонымен қатар дозиметрлік құралдардың көмегімен әр түрлі

техникалық құралдардағы, заттардағы және топырақтағы нейтронды ағындармен сәулеленген, бағытталған радиоактивтілікті анықтауға болады.

Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау үшін объектілерде дозиметрлер мен экспозиционды дозаның қуатын өлшеуіштер қолданылады. Олардың тактико—техникалық сипаттамалары 1—кестеде берілген.

Құрамында қалталы туракөрсететін ДКП—50А дозиметрлері бар ДП—22В және ДП—24 жеке дозиметрлер толымы адамдар радиоактивті заттармен ластанған жерде жұмыс істегенде немесе ионды сәулелердің ашық және жабық көздерімен жұмыс кезінде алатын гамма—сәулелердің экспозиционды мөлшерін бақылау үшін арналған.

ДП—22В дозиметрлерінің толымы (27,а—сурет) 3Д—5 типті зарядты қондырғыдан 1 және ДКП—50А типті қалталы туракөрсететін 50 жеке дозиметрлерден 2 тұрады.

ДП—24 дозиметрлерінің толымы (27,б—сурет) ДП—22В қарағанда ДКП—50А типті бес дозиметрлерден тұрады.

Зарядты қондырғы (1) ДКП—50А дозиметрлерін зарядтауға арналады. 3Д—5 қорабында кернеу түрлендіргіші, жоғары кернеу түзеткіші, кернеуді реттеуіш—потенциометрлер,зарядтау ұяшықты жарықтандыруға арналған шам, микросөндіргіш және қоректену элементтері орналасады. Қондырғының жоғарғы панелінде: потенциометр тұтқасы (3), зарядты ұяшық (5), қалпақ (6) және қоректену бөлігінің

27- Сурет. ДП – 22В, ДП – 24 дозиметрлер толымы.


қақпағы (4) орналасқан. Қоректену 1,6—ПМЦ—У—8 типті екі құрғақ элементтерден іске асады. Олар қондырғының 2000мА тоқты тұтынғанда, 30 сағаттан кем емес үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Зарядты қондырғының кернеуі 180В-тан 250В-ке дейін жайлап реттеліп отырады.

Қалталы тура көрсететін ДКП—50А дозиметрі гамма—сәулелердің экспозиционды мөлшерін өлшеуге арналған. Құрылысы бойынша ол автоқалам түрінде жасалған (28—сурет). Дозиметр ионизациалау камерасы мен конденсатор, электроскоп, есептеуіш қондырғы мен зарядты бөлшектер орналасқан дюраль қаңқасынан 1 тұрады.

Дозиметрдің негізгі бөлігі—шағын көлемді иондаушы камера 2. Оған конденсатор 4 мен электроскоп қосылған.

«Камера—конденсатор» жүйесінің сыртқы электронды, цилиндр тәріздес дюраль қаңқасы 1 болып табылады.

Ішкі электрод—алюминий өзегі (стержень) 5. Электроскопты ішкі электродтың иілген бөлігі және оған желімденген платинирленген визирді қыл 3 түзеді (қозғалмалы элемент).

Қаңқаның жоғарғы бөлігінде есептеуіш қондырғы (окулярдан 9, объектив 12 мен шкаладан 10 тұратын 90 есе үлкейтіп көрсететін микроскоп) орналасқан.

Шкала 25 бөліндіден тұрады (0-ден 50-ге дейін). Бір

бөліндінің бағасы екі рентгенге сәйкес болады. Шкала мен

окулярды ойыққа кіретін бұрандамамен (гайка) бекітеді. Сурет-17

Қаңқаның төменгі жағында зарядтау бөлігі орналасады, ол қозғалатын контактілі штырь 6 орнатылған диафрагмадан 7 тұрады. Басқан кезде штырь 6 иондаушы камераның ішкі электродымен тұйықталады. Күшті алғанда контактілі штырь диафрагмамен бастапқы орнына қайтады.

Дозиметрдің зарядты бөлігін ластанудан қорғаныш сақинасы 8 сақтайды. Дозиметр киімнің қалтасына ұстағыш көмегімен қыстыралады.

Дозиметрдің жұмыс істеу принципі қарапайым электроскоптың жұмысына ұқсас болып келеді. Дозиметрді зарядтау процесінде электроскоптың визирді қылы 3 ішкі электродтан 5 электростатикалық тебілу күштерінің әсерінен ауытқиды. Қылдың ауытқуы зарядтау кезінде визирді қылдың бейнесі, есептеуіш қондырғының шкаласының нолімен үйлесуін қамтамасыз ететін, таңдап алынатын кернеуге тәуелді.

Гамма—сәуленің зарядталған дозиметрге әсер етуі кезінде камераның жұмыс көлемінде иондаушы тоқ пайда болады. Иондаушы тоқ конденсатордың және камераның бастапқы зарядын, сонымен қатар ішкі электродтың потенциалын кемітеді. Электроскоппен өлшенетін потенциалдың өзгеруі гамма—сәулеленудің экспозиционды мөлшеріне пропорционалды. Ішкі электродтың потенциалының өзгеруі визирді қыл мен электроскоп ұстағышы арасындағы электростатикалық тебілу күштерінің азаюына әкеледі. Нәтижесінде визирді жіп ұстағышпен жақындасып, ал оның бейнесі есептеуіш қондырғының шкаласы бойынша орын ауыстырады.

Дозиметрді жарыққа қаратып, окуляр арқылы қылдың қозғалысын бақылау арқылы, кез келген уақытта экспозиционды сәулелену мөлшерін есептеуге болады.

ДКП—50А дозиметрі гамма—сәулеленудің жеке экспозициялық мөлшерін 2-ден 50 рентген аралығында өлшеуді қамтамасыз етеді. Қалыпты жағдайда дозиметрдің өздігінен разрядталуы тәулігіне екі бөліктен аспайды.

Радиоактивті ластанған аймаққа жұмысқа шығу алдында (гамма—сәулелену әсерін анықтау үшін) ДКП—50А дозиметрін зарядтау төмендегідей ретпен жүргізіледі:


  • Дозиметрдің қорғағыш сақинасы мен 3Д—5 зарядтау ұясы қақпақтарын бұрап алу керек;

  • Зарядтау қондырғысының потенциометрінің тұтқасын аяғына дейін солға бұрамыз;

  • Дозиметрді, зарядтау құрылғысының зарядтау ұясына сұғамыз, осы кезде жоғарғы кернеу мен зарядтау ұясына жарық беру шамы іске қосылады;

  • Окулярдан қарап отырып, дозиметрді жайлап төмен басамыз, сонымен қатар потенциометр тұтқасын оңға бұра отырып, қылды шкаланың 0 бөлігіне қоямыз, сонан соң дозиметрді зарядтау ұясынан суырып аламыз;

  • Жарыққа қаратып, қылдың 0 бөлігінде тұрғанын тексеріп, дозиметрдің қорғағыш сақинасы мен зарядтау ұясы қақпақтарын орнына бұраймыз.

Сәулеленудің экспозициялық мөлшерін қылдың есептеу бөлігі шкаласындағы қалпына байланысты анықтаймыз. Есептеуді қылдың вертикал қалпында жүргізу қажет, көлбеу қалпында қыл өз салмағымен ауытқып, дозиметр көрсеткішін өзгертуі мүмкін.



Атауы

Пайдалану мақсаты

Өлшеу диапазоны

Өлшеудің қателік мөлшері,%

Жұмыс темпера-туралар аралығы,

0С

Комплект бойынша негізгі мәліметтер

Масса,

кг


Дозиметрлер

ДП-22В комплект дозиметрі құрамын

да ДКП-50А



Гамма-сәулелерінің экспозиционды дозаларын өлшеу үшін арналады

2-50Р

+-10

-40...+50

ДКП-50А-50дана

зарядты қондырғы 3Д-5-1дана



ДКП-50А-32г,

3Д-5-1,4кг



ДП-24 комплект дозиметрі құрамында ДКП-50А

Сол сияқты

2-50Р

+-10

-40...+50

ДКП-50А-50дана

зарядты қондырғы 3Д-5-1дана




ДКП-50А-32г, толымның жалпы салмағы-3,2кг

ИД-1 жеке дозиметрінің комплекті

Жұтылған гамма-нейтрон сәулелердің дозаларын өлшеу үшін

20-500рад

+-20

-50...+50

ИД-1-10дана, зарядты қондырғы 3Д-6-1дана

ИД-1-40г, комплект футлярымен-1,5кг, 3Д-6-0,5кг

Экспозиционды дозалар қуатын өлшеу аспаптары

ДП-5А(Б) дозалардың қуатын өлшейтін аспап

Гамма-сәулелердің экспозициондық дозаларын және жерден радиоактивті ластануын өлшеу үшін

0,05мР/сағ—200р/сағ

+-30

-40...+50

ылғалдылығы 65+-15%



Бета-сәулелер көзінің бақылау қондырғы футлярымен-1дана,

ұзарту штангасы-1дана



2,8

ДП-5В доза қуатын өлшейтін

Сол сияқты

0,05мР/сағ—200Р/сағ

+-30

-40...+50

ылғалдылығы 65+-15%



Сол сияқты

3,2

ДП-3Б борттық қуат өлшегіш

Аймақтағы гамма-сәулелердің экспозициондық қуаттылығын өлшеу үшін

0,1—500Р/сағ

+-10 (+-15 бірінші кіші диапазонда)

-40...+50


өлшеу пульті-1дана,

жеке блок-1дана,

аспап қоры-1дана (ЗИП)


4,4


ИД—1 толымы –гамма-нейтронды сәуленің жұтылған дозасының мөлшерін өлшеуге арналған. Ол жеке ИД—1 дозиметрі мен 3Д—6 зарядтау құрылғысынан тұрады. ИД—1 дозиметрінің жұмыс принципі экспозициондық гамма-сәулесі мөлшерін өлшейтін ДКП—50А аспабымен бірдей.

Радиоактивті мөлшердің (дозаның) қуатын өлшегіш ДП—5А(Б) және ДП—5В аспабы жергілікті жердегі радиация деңгейін және әртүрлі бұйымдардың (техника, азық-түлік, т.с.с.) гамма-сәулелерімен радиоактивтік ластануын өлшеуге арналған. Гамма-сәулеленудің қуаты (аспапты пайдаланып) белгілі бір кеңістіктегі аспап есептегіші көрсеткендей уақыт бірлігіндегі (сағат) миллирентген немесе рентген өлшенеді. Аспаптың бетта-сәулеленуді де анықтау мүмкіндігі бар.

Аспаптың гамма-сәулеленуді өлшеу диапазоны 0,005мР/сағ—тан 200Р/сағ дейін. ДП—5А, ДП—5Б, ДП—5В аспаптарының өлшеу диапазондары 6 кіші диапазонға бөлінеді.


Кіші диапазондар

Өлшеу тетігінің орны

Шкала

Өлшем бірлігі

Өлшеу шегі

Көрсеткіштердің нақтылау уақыты

I

200

0—200

Р/сағ

5—200

10

II

*1000

0—5

мР/сағ

500-5000

10

III

*100

0—5

мР/сағ

50—500

30

IV

*10

0—5

мР/сағ

5—50

45

V

*1

0—5

мР/сағ

0,5—5

45

VI

*0,1

0—5

мР/сағ

0,05—0,5

45

1—ші кіші диапазоннан басқа басқа диапазондар көрсеткіштері қосымша дыбыспен белгіленеді. Дыбыс белгісі бас телефон арқылы тыңдалады.

Аспаптар үш құрғақ элементтен қорек алады (біреуі шкалаға жарық береді). Элементтер ДП—5А аспабына 40 сағат, ДП—5В аспабына 55 сағат жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ДП—5А аспабын 3,6 және 12 В, ДП—5В —12 және 24 В сыртқы тұрақты тоқ көзіне қосуға болады. Ол үшін аспап ток жалғағышпен, кернеуді бөлгішпен, ұзындығы 10 м кабельмен жабдықталған.

ДП—5А және ДП—5В аспаптарының құрылысы төмендегідей:



Қайысты сыртқы қап, ұзартылған штанга, ДП—5А(Б)—ға арналған қоректендіру тұғыры және ДП—5В-ға арналған кернеу бөлгіш, пайдалану құжаттары, қосымша бұйымдары, телефон және барлығын жинап-салатын жәшік. ДП—5В аспабы өлшегіш пульттан, жұмсақ кабельмен (2) пультпен жалғанған детектрлеу құрамынан (1), стронций—иттрийлік бақылауға арналған бета-сәулелік көзден (9) (аспаптың жұмыс мүмкіндігін тексеру үшін) тұрады.

Өлшегіш пульт сыртқы қорап пен алғы беттен тұрады. Алғы бетте: екі өлшеу шкаласы бар микроамперметр (3); кіші диапазондарға ауыстырғыш тетік (4); режимді реттеу тұтқасы (6); көрсеткішті өшіретін түйме (7); шкала шамының қосқышы (5), көрсеткішті 0-ге қою бұрандасы (10); телефонды

жалғау ұясы (11) орналасады. Алғы бет екі бұранда арқылы қорапқа бекітіледі. Аспаптың элементтер схемасы қорапқа топса арқылы бекітілген қақпақ астына жапсырылған. Қорап Сурет

ішінде қорек көзі немесе тұрақты тоқ көзіне жалғау үшін кернеу бөлгіш орналасады. Аспаптың радиоактивті затты сезгіш бөлігі –газоразрядты есептегіш. Екі есептегіш детектрлеу құрамында болады.

Зонд (ДП—5А үшін) және детектрлеу құрамы (ДП—5В) болаттан жасалған цилиндр тәріздес, терезесі бар түтік.

Терезе арқылы кірген бета-сәулелер терезеге желімделген, су өткізбейтін этилцеллюлоз қабық арқылы есептегішке әсер етеді. Болат түтік сыртына темір, үш қалыпта тұра алатын айналмалы экран кигізіледі («Г», «Б» және «К»). «Г» қалпында түтік терезесі экранмен жабылып, есептегішке тек гамма-сәулелер ғана өте алады. Экранды «Б» қалпына бұрғанда түтік терезесі ашылып, есептегішке бета-бөлшектері өтеді. Экранды «К» қалпына бұрғанда, экран ойығында орналасқан бета-сәулелену көзі терезеге қарсы орналасып, ДП—5В аспабының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеруге болады.

Аспап құрамындағы телефон (8) екі кіші ТГ—7М телефондарынан және жұмсақ материалдан жасалған басқа бекітілетін бөліктен тұрады. Телефон өлшегіш пультке жалғанып, радиоактивті сәуленің бар—жоғынан белгі береді. Сәулелену қуаты неғұрлым көп болса, телефондағы сыртылдаған дыбыс та жиі естіледі.

Аспапты жұмысқа дайындау реті:


  • Салынған жәшігінен аспапты алып, сыртқы қорабының қақпағын ашып, сырттай көзбен тексеріп шығу қажет; сыртқы қорапқа белге және иыққа ілетін қайыстарын тағу керек;

  • Детектрлеу құрамын қораптан алып шығып, оған (штанганы) ұзартқышты жалғау керек;

  • Микроамперметр шкаласын реттегіш арқылы нульге қою керек;

  • Қорек көзін іске қосу қажет.

Аспапты іске қосу үшін, кіші диапазондарға ауыстыру тұтқасын

«режим» қалпына қою қажет. Аспаптың жұмыс істеу—істемесін 1—ші кіші диапазоннан (200) басқа, барлық диапазондарда бақылауға арналған бета—сәулелік көз арқылы тексеріп шығады. Детектрлеу құрамы экранын «Б» және «К» қалыптарына ауыстырып, телефоннан аспаптың сыртылын тыңдаймыз.

Микроамперметрдің жебесі V, VI кіші диапазондарда шамадан тыс ауытқып, IV диапазонда аз ауытқып, ал III және II кіші диапазондарда, бақылау бета—сәулелеу көзінің аздығынан, қозғалмауы да мүмкін. Аспаптың жұмыс істейтініне көз жеткізген соң режим ауыстыру тұтқасын «выкл» қалпына (ДП—5А) қою керек, ал ДП—5В-да –«Сброс» түймесін басып, экранын «Г» қалпына бұру қажет.

0,5-тен 5 Р/сағат деңгейдегі жер жағдайы радиациясын барлауды екінші кіші диапазонда, ал 5 Р/сағ жоғары болса—бірінші кіші диапазонда жүргізу қажет. Өлшеу жүргізу кезінде аспап жер бетінен 0,7—1 метр биіктікте болуы керек.

Адамдардың терісі мен киімінің, ауыл шаруашылық малдарының терісіндегі, техникадағы, жабдықтағы, транспорттағы радиоактивті залалданудың дәрежесін анықтау үшін, алдымен объектіден 15—20 метр қашықтықтағы гамма—фонды өлшейді. Сонан соң объектінің үстіндегі экспозициялық доза қуатының жоғарғы көрсеткішінен гамма—фонды шегеріп (алып) тастау керек. Екеуінің айырмасы объектінің радиоактивті залалдануының дәрежесін сипаттайды.

Техниканың нейтрон сәулесінің әсерінен алған бағытталған радиоактивтілігін анықтау үшін екі өлшеу—техниканың ішінде және сыртында жүргізіледі. Егер өлшеу көрсеткіштері бір—біріне жақын болса, онда техникада бағытталған радиоактивтілік бар деген сөз.



Ал бета—сәулеленуді табу үшін зондтың экранын «Б» қалыпқа қойып, тексеретін жазықтан 1,5—2 см қашықтықта өлшеу жүргізеді. Тұтқа арқылы өлшеуді әр кіші диапазондарға «X 0,1», «Х 1», «Х 10» ауыстыра отырып, микроамперметр жебесінің ең көп ауытқуын белгілейміз. Гамма өлшеммен салыстырғандағы, бір кіші диапазонда аспап көрсеткішінің өсуі бета—сәуленің барлығын көрсетеді

Судың радиоактивтік залалдану дәрежесін анықтау үшін көлемі 1,5—10 метр екі сынақ (проба) алу керек. Біреуін судың бетінен, екіншісін судың түбінен. Өлшеуді зонд экранының «Б» қалпында су бетінен 0,5—1 см қашықтықта жүргізеді. Аспаптың сырт қорабы қақпағында әр кіші диапазондағы өлшем кезіндегі радиоактивтік залалдың шекті мөлшері туралы мәлімет көрсетілген.

Техника бортындағы радиоактивтік доза қуатын өлшегіш ДП—3Б (19сур.) радиоактивті заттармен залалданған мекендердің радиация деңгейін анықтауға арналған. Оны автокөліктерде, ұшақтарда, тікұшақтарда, өзен катерлерінде, тепловоздарда, панаханаларда және радиацияға қарсы

Сурет панаханаларда құруға болады. Аспап 12 немесе 26 В кернеулі тұрақты ток көздерінен қоректенеді.

Аспап толымына кіреді: өлшеуіш пульт А, шығарғыш блок Б, тура айырушы қоректену сымы (1), шығарғыш Б блогымен пультті байланыстыру үшін бұрыштық айырушысы бар сым (9), бекіткіштер, техникалық құжаттама мен қосымша қажет заттар. өлшеуіш пульттің алғы бетінде (панельде): екіқатарлы шкаласы (3) бар микроамперметр (жоғарғы шкаланың бөліну құны 0,05 Р/сағат, төменгі—50Р/сағат), сәулелік белгі беру лампасы (6), микроамперметр шкаласына және кіші диапазон көрсеткіштеріне (5) жарық беру шамы (4), сақтандырғыштар (8), «Тексеру» пернесі (2), кіші диапазондардың өзгерткіші (7) алты жағдайға: өшірілген «выкл», қосылған «вкл», «Х 1», «Х10», «Х 100» және «500».

ДП—3Б аспабын жұмысқа дайындау: оның толымын тексеру, аспапты жинау, қоректену тізбесіне қосу және аспаптың жұмыс қабілеттілігін тексеру. Аспаптың жұмыс қабілеттілігі айырып—қосқыштың «вкл» қалпында «Тексеру» түймесін басу арқылы іске асады. Бұл кезде микроамперметр жебесі шкаланың 0,4—0,8 Р/сағат деңгейінде болып, индикатолық лампа жануы керек.

Радиация деңгейінің өзгеруін өлшеу диапазондарды өзгерткіштің «Х 1» қалпына қойып, 30 секундтан соң микроамперметрдің жоғарғы шкаласы көрсеткішімен санаймыз. Егер жебе бұл диапазоннан асып кетсе, ары қарай жоғарғы диапазондарына өзгертеміз, ал шкала көрсеткіштерін 1, 10, 100 коэффициенттеріне көбейтеміз. Ал төртінші диапазонда коэффициентсіз төменгі шкаланың көрсеткіші қараймыз.

12 Сабақ тақырыбы: Химиялық барлау құралы және химиялық залалдануды анықтау .
Сабақ мақсаты: Химиялық барлау, химиялық ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдың жұмыс принципімен, құрылысымен және пайдалану ретімен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:



        1. Методикалық нұсқау.

2. Плакаттар.

3. Химиялық барлау құралы.



Жұмыс реті:

1. Химиялық улы заттардың түрін анықтау үшін қандай әдіс қолда-нылады?

2. Химиялық барлаудың әскери құралының пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін айтыңыз.

3. ХБӘҚ көмегімен қандай зерттеулер жүргізуге болады?


Ауаның, жер бетіндегі ғимараттардың, көліктердің, жеке басты қорғау жабдықтары, т.б. объектілердің уландырғыш және қатты әсерлі улы заттармен залалдану дәрежесін анықтау және түрін анықтау - химиялық барлау құралын пайдаланып үлгі алу жолымен және оны химиялық лабораторияда сараптау әдісімен жүргізіледі.

Химиялық барлаудың негізгі құралы болып, Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) және де тактико—техникалық сипаттамаларымен жұмыс істеу принципі бойынша соған ұқсас, жартылай автоматты химиялық барлау құралы (ЖАХБҚ), және өндіріс сипатына байланысты шаруашылық құралдарының әр түрлері қолданылады. Одан басқа халық шаруашылығының кейбір объектілері медициналық және ветеринарлық қызметтің химиялық барлау құралдарымен қамтамасыздандырылған болуы мүмкін (ХБҚ—МВ).

Химиялық барлау құралдарымен уландырғыш заттарды (УЗ) анықтау және табу принципі индикаторлардың УЗ—мен өзара әсерлесу салдарынан түсін өзгертуіне негізделген. Қандай индикатор, қалай түсі өзгергеніне байланысты УЗ түрі анықталады, ал алынған түстің өзгеруін түстік эталонмен салыстыру арқылы ауадағы УЗ жуық концентрациясын немесе залалдану тығыздығын көруге мүмкіндік береді.

Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) ауада, жер бетіндегі және техникадағы Ви—Икс, зарин, зоман, иприт, фосген, синилды қышқыл және хлорциан тектес УЗ анықтауға арналған.

ХБӘҚ құрылғысы.

31- Сурет. Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ)


Құрал қақпағы (31сурет,а) бар қораптан және онда орналасқан: қол насосы 1, насосқа қосымша бөліктен 3, индикаторлы түтікшелері бар қағаз кассеталардан 11, қорғаныш қақпақшалардан 4, түтінге қарсы сүзгілерден 5, электрофонарь 7, жылытқыш 10 пен оларға арналған патрондардан 6 тұрады. Одан басқа құрал толымына үлгі алу қалағы 9, штырь 8, «Пайдалану ережесі» құрылғымен жұмыс істеу көрсетілген жазылым, жіңішке қайысы бар иықтық белдік 2 кіреді. Құрылғы массасы—2,3 кг, фосфорорганикалық УЗ—ға сезімталдығы—5*10-6 мг/л-ге дейін, фосгенге, синил қышқылына, хлорцианға—5*10-3 мг/л-ге, ипритке—2*10-3-ге дейін, жұмыс температураларының диапазоны -40 +400С дейін.

Қол насосы (поршеньді) индикаторлық түтікше арқылы залалданған ауаны сорып өткізу үшін керек, түтікше насос басының ұясына орнатылады. 1 минутта 50—60 рет насоспен сорғанда индикаторлық түтікшеден 2 л-дей ауа өтеді. Насостың басында түтікшелерін кесу үшін ұяшықтар, насос тұтқасында—ампула ашқыштар болады.

Насосқа қосымша бөлік—топырақтағы және т.б. заттардағы УЗ анықтау кезінде индикаторлық түтікшеден өтетін УЗ бу мөлшерін ұлғайтуға көмектесетін және де түтіндегі УЗ-ды анықтау мен түтін үлгісін алуға мүмкіндік беретін қосымша құрал.

Индикаторлық түтікшелер кассеталарда орналасқан (31-сурет,б) УЗ анықтауға арналған. Олар ішінде реактивтері бар ампулалар мен толықтырғыш орналастырылған жалғасқан шыны түтікшелер түрінде болады. Индикаторлық түтікшелер түрлі-түсті сақиналармен маркіленген және 10 данадан қағаз кассеталарға салынған. Кассетаның бетінде бояудың түсті эталоны берілген және түтікшелермен жұмыс істеу реті көрсетілген. УЗ-ды анықтайтын түтікшелердің үш түрі бар. I-зарин, зоман және V-газ үшін—бір қызыл сақиналы және қызыл нүктелі; II-фосген, дифосген, хлорцианға—үш жасыл сақиналы; III-ипритті анықтау үшін бір сары сақиналы түтікшелер алынады.

Қорғаныш қақпақшалары—қосымша бөлік воронкасының ішін УЗ тамшыларынан сақтау үшін және УЗ анықтаған кезде, оларды орналастыруға қажет.

Түтінге қарсы сүзгілер—түтіндегі УЗ анықтауға арналған, аз мөлшерде УЗ топырақта және сусымалы материалдарда анықтауға және түтін үлгісін алу үшін қажет. Олар фильтрлейтін материалдардың (картон) бір қабатынан және капрон матаның бірнеше қабатынан тұрады.

Жылытқыш—сыртқы ауа -40 +100С температураға дейін төмендегенде индикаторлы түтікшелерді жылыту үшін қажет. Ол екі ойықшасы бар пластмасса корпусынан тұрады, оған қыздыруды қамтамасыз ететін патронды тесетін құрал орнатылады. Корпус ішінде 4 металл түтікше бар. Оның үшеуі кіші диаметрлі—индикаторлық түтікшелерге, ал үлкен диаметрлісі—патронға арналған.

Ауадағы УЗ анықтау. Ең алдымен жүйке-салдық әсерлі УЗ буларын анықтайды. Ол үшін қызыл сақинасы мен қызыл нүктесі бар 2 индикаторлы түтікшелерді алу керек.. оның біреу түтігі есебінде пайдаланылады да, екіншісі бақылау үшін штативке қойылады. Тәжірибе түтіктеріндегі боядың өзгеруіне байланысты УЗ бар-жоғын біледі. УЗ анықтауда қателеспес үшін бақылау түтікті тәжірибе түтіктеріндегі бояулардың өзгеру ретін мезгіл-мезгіл тексереді, индикатор түтіктерінің ұшын сындыру және кесу (яғни түтікті ашу) үшін ампула ашқышты пайдаланады, екі түтіктің де жоғарғы ампулаларын 2—3 рет сілкиді. Тәжірибе түтіктің маркіленбеген ұшын насосқа қойып 5—6 рет шайқайды.

Екі түтіктегі төменгі ампулаларды сындырып, оларды шайқап және бақылау түтіктеріндегі бояудың қызылдан сарыға дейін өзгеруін байқау қажет. Бақылау түтігінде сары бояудың түзілу кезінде тәжірибе түтіктің жоғарғы қабатындағы қызыл түс УЗ (зарин, зоман, V-газдарының) қауіпті концентрациясын көрсетеді. Егер тәжірибе түтіктерінде және бақылау түтіктерінде бірден сары түс байқалса, онда ол УЗ жоқ немесе УЗ концентрациясының аз екенін көрсетеді.

Қызыл сақиналы және қызыл нүктелі түтіктер УЗ концентрациясының қауіпсіз екенін анықтауға мүмкіндік береді. УЗ нервке 0,0000005 мг/л концентрациясының әсер етуі қауіпсіз болып есептелінеді. Бұл жағдайдағы анықтау реті де жоғарылайды. Бірақ тәжірибе түтік арқылы ауа сорғызу үшін 30—40 рет ауаны айдау керек. Төменгі ампулаларды бірден сындырмай, 2—3 минуттан соң сындырған жөн. УЗ бар-жоғының оң көрсеткіші іс жүзінде қауіпсіз концентрацияның айғағы болады.

Алынған көрсеткішке қарамастан, ауадағы тұрақсыз УЗ анықтау үшін үш жасыл сақиналы индикатор түтіктердің (фосген, дифосген, хлорциан және синиль қышқылда) көмегімен анықтауға болады. Ол үшін түтікті ашып, ампуланы сындырады және түтіктің ұясына салып, 10—15 рет ауа айдайды. Түтікті суырып алады және оның бояуын кассеттің эталонымен саластырады. Содан кейін бір сары сақинасы бар индикаторлы түтікпен (ипритке арналған) ауаны тексереді: түтікті ашып, насосқа орнатып, 60 рет ауа сорғызады, түтікті насостан шығарып, 1 минуттай ұстан тұрып, бояуын кассеттегі эталонымен салыстырады.

Түтіндегі УЗ анықтау үшін түтінге қарсы сүзгі және қосымша бөлікті пайдалану керек.



Заттардағы, техникадағы және жергілікті жердегі УЗ анықтау. Жергілікті жердегі бұйымдардағы, транспорттардағы, техникалардағы УЗ анықтау үшін де индикаторлы түтіктерді пайдалануға болады.

Ол үшін:


  • Қажетті түтіктерді тауып дайындап, оны насосқа орнату және насосқа қосымша бөлікті кигізіп, қысқыш сақинаны ашық тастау керек;

  • Қосымша бөлік воронкасына қорғаныс қақпақшаны кигізу, қосымша бөлікті зерттейтін бетке орнату және индикатор түтіктері арқылы ауа айдау;

  • Қосымша бөлікті шығару, қалпақшаны алып тастау;

  • Насостың басынан түтікті шығарып, УЗ анықтау керек.

Топырақтағы және сусымалы материалдағы УЗ анықтау үшін:

  • Қажетті түтіктерді тауып және дайындап насосқа орнатып, қосымша бөлікті бұрап және оған қорғаныс қалпақшасын кигізу қажет;

  • Топырақтың беткі қабатынан күрекпен үлгі ретінде топырақ (қар) немесе сусымалы материал алу керек. Алынған үлгіні қосымша бөлік воронкасы толғанша салады;

  • Үлгі салынған воронканы түтінге қарсы сүзгімен жауып және оны қысқыш сақинамен бекітеді;

  • Ауаны айдап шығарып, қысқыш сақинаны ашып, түтінге қарсы сүзгімен үлгі затты шығарады;

  • Қосымша бөлікті бұрап, индикаторлы түтіктерді шығарып, УЗ анықтау керек.

Температура төмен болған кезде жергілікті жерді уландыру үшін зоман

мен иприттен басқа тұрақсыз УЗ да пайдаланылады. Сондықтан жергілікті жердің температурасы төмен болғанда үш жасыл сақинасы бар түтікпен зерттеу керек.

Температура төмендеген кезде индикаторлы түтіктердің сезгіштігі төмендейді. Қызыл сақиналы және нүктелі ампуладағы ерітінді қатып қалады.қыста индикаторлы түтіктерді грелка қолдану арқылы дұрыс пайдалануға болады. Грелкамен ампуладағыны ерітеді, қызыл сақиналы және нүктелі түтіктер қоршаған ортаның температурасы 00С төмен, сары сақиналары бар түтіктер температура +100С төмен болғанда жылытылады. Жылытқыштағы жылуды патрон грелкасында жүретін химиялық реакция бірқалыпты ұстап тұрады.

Жылытқышты жұмысқа дайындау: патронды грелканың ортасындағы ұяшыққа орнатып, патрондағы ампуланы штырдың басын қолмен ұрып сындырады. Патроннан бу шыққаны грелканың қалыпты жұмыс істегенін көрсетеді. Бір қызыл сақиналы және нүктелі индикаторлы түтіктерді ашпас бұрын жылытқыштың бүйір ұяшығына қойып жылытады. Түтіктер ерісімен шығарып алып, штативке қояды. Түтіктерді ашып, жоғарғы ампулаларды сындырып, қатты шайқап, насосқа қойып, тәжірибе түтік арқылы ауа айдайды. Бақылау түтікті штативке ұстайды. Содан кейін екі түтікті бір мезгілде 1 минуттай грелкамен жылытып, тәжірибе және бақылау түтіктерінің төменгі ампулаларын сындырып, бір мезгілде шайқап толтырылған заттың бояуының өзгергенін бақылайды.

УЗ қауіпсіз концентрациясын бір сақиналы және нүктелі түтікпен анықтау үшін, түтіктермен жұмысты осы жоғарғыдай ретпен жүргізеді. Ауа сорғызғаннан кейін түтіктерді 2—3 минутқа дейін: грелкада 1 мин, одан тыс (штативте) 1—2 мин ұстайды.

Сары сақиналы индикаторлы түтіктерді -100С және одан төмен температурада олар арқылы зақымдалған ауа сорғызғаннан кейін жылытады.

Үш жасыл сақиналы индикаторлы түтіктердің көрсеткіші күмәнді болған жағдайда, грелканы пайдалана отырып, анықтауды қайталау керек, ол үшін түтікке ауа сорғызғасын 1мин. грелкаға салып қояды.

Медициналық немесе ветеринарлық қызметтердің химиялық барлау құрылғысы ауада, жер бетіндегі, техникадағы фосфорорганикалық УЗ, иприт, синил қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген және мышьякты сутегін; судағы—фосфорорганикалық УЗ, иприт, синил қышқылын; жемдегі— фосфорорганикалық УЗ, иприт, синил қышқылы, хлорциан, фосген, дифосгенді анықтауға арналған. ХБҚ—МВ құрылғысы арқылы судың, топырақтың және басқа материалдардың сынамасын алып инфекциялық қоздырғыш түрін анықтайды.

Құрылғы: қақпағы бар корпустан, 2—5 индикаторлық түтікшелерден кейін ауаны сорғылайтын коллекторлық насостан, индикаторлық заттар комплектінен, сынаманы алу комплектінен тұрады.

Ауада, заттарда УЗ анықтау ХБӘҚ құрылғысындағы сияқты жүргізіледі.

УЗ мен уды суда анықтау үшін улы заттармен әсерлескенде түсін өзгертетін химиялық реактивтер қолданылады.

УЗ жемдерде анықтау ауаны экстрагирлеу әдісімен жүргізіледі.


13. Сабақ тақырыбы. Азық—түлікті, шикізатты, суды радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық залалдан қорғау.
Жұмыс мақсаты: Атом қаруын, химиялық және бактериологиялық қаруларды қолданған кезде азық—түлікті, шикізатты, суды радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық залалдан қорғау шараларымен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

  1. Методикалық нұсқау

  2. Плакаттар.

  3. Жеке тапсырма.

Жұмыс ретi:

  1. Азық—түлікті, шикізатты әр түрлі нысандарда залалдан қорғау шаралары.

  2. Су көздерін залалдан қорғау шаралары.

  3. Тамақ өндірісі кәсіпорындарында радиологиялық, химиялық және санитарлық бақылауды ұйымдастыру.

Жаппай қырып—жою қаруларын қолданған кезде азық—түлікті қорғау барлық жерлерде—дала жағдайында, қоймаларда, сақтау орындарында, өңдеу кәсіпорындарында, сауда кешендерінде, тасымал көліктерінде ойластырылуы керек.


Азық—түлікті, шикізатты қорғау шаралары төмендегі мәселелерді қамтиды:

  • бүкіл ел бойынша белгілі азық—түлік қорын жасау және оларды орналастыру;

  • азық—түлікті қорғау үшін жер асты кешендерін және кеннен бос қалған шахталарды пайдалану;

  • жаңа қоймаларды салу немесе оларды жөндеу А.Қ. талаптарына сәйкес жүргізілуі керек;

  • өндірістік кешендер бөлмелерін, қоймаларды, сақтау орындарын, су көздерін, тасымал көліктерін тығындап—қымтау (герметизация);

  • жабық ыдыстарды пайдалану және орауға материалдарды пайдалану.

Қару залалынан азық—түлікті, шикізатты сақтау орындарында,

қоймаларда қорғау үшін (арнайы тоңазытқыш құрылғыларынан басқа) олардың ішіне шаңды ауа, газ, аэрозоль кірмеуін қамтамасыз ету керек. Ол үшін келесі шараларды жасау қажет:



  • қойма ғимараттарының іргетасы, қабырғасы, едені, төбе жаппасы немесе электр желілері, құбырлар өтетін саңылаулар мен тесіктерін бекіту;

  • терезе әйнектерін бүтіндеу, терезе ойықтары мен қорабы араларын майлау, ұсақ саңылауларды майлы бояулармен бояу арқылы бекіту;

  • есіктерді жақтау—қораптарына тығыз орнату, саңылауын арнацы материалдарды пайдаланып тығыздау, газ өткізбейтін материалдармен шегелеу;

  • қоймалардағы артық терезе, есік ойықтарын 1,5 кірпішпен цементті сылақпен қалап тастау. Қоймада қажетті құрылыс материалдары қорын жасау;

  • қалған есік, терезе, ойықтарды тығыздау үшін резина тығыздағыштары бар жаппа, қалқан, қақпақтарды дайындау; оларды көмірлеп қою.

Базалық қоймалар, сақтау орындары, тоңазытқыштар - яғни орталықтандырылған сақтау орындары—жан-жақты жабдықталған, азық—түлікті көп уақытқа сақтауға бейімделген арнайы бөлмелері, ыдыстары, техникалық жүйелері болғандықтан қосымша шараларды қажет етпейді. Сондықтан оларда тамақ өнімдерінің залалға ұшырауы мүмкін емес.

Азық - түлік дүкендеріндегі барлық азық қоры арнайы қойма бөлмелерінде және тоңазытқыш шкафтарында сақталуы қажет. Шағын, уақытша жұмыс істейтін сауда орындары (павильон, палатка) өз қоймалары болмаған соң, тоңазытқыш шкафтар, тұрмыстық тоңазытқыштармен жабдықталуы тиіс.

Көпшілік тамақтану мекемелері (асхана, ресторан, кухня, т.с.с.) азық—түліктің біршама қорын сақтайтын арнайы бөлмелермен, камералармен, ыдыстармен жабдықталады.

Жаппай зақымдаушы қарулар әсерінен азық—түлікті, шикізатты қорғау шаралары тізбегіне арнайы жабық ыдыстар мен орау материалдары да кіреді.

Қорғау қасиетіне байланысты ыдыстар үш категорияға бөлінеді:


  1. жоғарғы;

  2. бірінші;

  3. екінші.

Жоғарғы категориядағы ыдыстар азық—түлікті радиоактивті, бакте-риалды аэрозольден, улы заттардың тамшы, буларынан толық қорғауды қамтамасыз етеді. Оларға жатады:

  • тұйық жабылған темір және шыны консерві банкілері, жіңішке мойынды полиэтилен тығынмен жабылған фольгамен оралған шөлмектер;

  • тығыз қақпақпен жабылған темір ыдыстар (бөшке, фляга, цистерна).

Бірінші категориялы ыдыстар азық—түлікті радиоактивтік,

бактериалды аэрозольден қорғағанымен, улы заттардың буларынан қорғай алмайды. Оларға жатады:



  • түбі алынатын, ішіне сұйық құйылатын ағаш бөшкелер;

  • полиэтилен қабаты бар картон және ағаш жәшіктер;

  • полиэтилен қабаты бар мата немесе қағаз қаптар;

  • битумдалған, ішкі жағы тығыз матамен қапталған қағаз қаптар;

  • полиэтилен қабаты бар қағаз пакеттер (тетрапакеттер).

Екінші категориялы ыдыстарға азық—түлікті тек қана радиоактивтік аэрозольден (шаң) қорғай алатын ыдыстар жатады (бір кездегі сүттің, айранның шөлмектері).

Ет және ет өнімдерін радиоактивті және бактериалды залалдан қорғау үшін полимер материалдарын да қолдануға болады. Полиэтилен, полимид, лактанған целлофан, полипропилен, поливинилхлорид пленкаларына оралған өнімдер радиоактивті, бактериялық залалдан толық қорғайды, ал сұйық, зоман және иприт сияқты улы заттардың буымен ластануды көп мөлшерде төмендетеді.

Азық—түлікті, оның шикізатын тамақ өндірісі мекемелерінен сауда орындарына тасымалдау кезінде де, олардың қару залалынан қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Азық—түлік пен шикізатты тасымалдау арнайы жабдықталған автомобиль, теміржол, су көліктерінің көмегімен іске асады. Оларға автомобильге, темір жол вагонына орнатылған ұн, сүт таситын немесе тоңазытқышы және ыстық, суықты өткізбейтін қабаттары бар тұйық автомобиль прицептері, темір жол вагондары, баржалар, құрғақ жүк тасығыш кемелерді жатқызамыз.
Су көздерін қорғау.

Қалалар мен ірі елді мекендерде, ірі кәсіпорындардағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйелері тұйық, темір құбырлар болғандықтан суды ластанудан жақсы сақтайды. Дегенмен, өзен, көлден су алатын жерлерде немесе диверсия болған жағдайда су ластануы мүмкін. Сондықтан төмендегідей сақатану шаралары қажет:



  • қатаң режимдегі аймақтарды құру;

  • су көздері мен су құбырларын күзетуді күшейту;

  • су алатын жерлерде хлор немесе басқа залалсыздандыру реагенттерінің қорын жасау;

  • су құбырлары бас ғимараттарының қымталуы мен техникалық ақаусыздығын қатаң қадағалау;

  • лабораториялық бақылау арқылы ішер судың сапасын жиі-жиі санитарлық қадағалап отыру.

Артезиан және бұрғыланған скважина, шахтылы құдықтар, су қорын сақтайтын ыдыстар тәрізді, жергілікті су көздерін қорғаудың мәні өте зор. Ірі өндіріс орындары мен кей елді мекендерде су қоры арнайы ыдыстарда сақталады. Олар жер астына орналастырылып, сораптармен жабдықталған, ауа өткізбейтін тығындары бар, сүзгілі желдету құрылғыларымен болып келеді. Ішер суды сақтайтын ыдыстар толық санитарлық жағдайда ұсталып, мұқият күзетілу керек. Қару қолдану қаупі туған сәтте барлық көру құдықтары тығыздалып (герметично) жабылуы керек.

Артезиан құдықтарының артезиан ұңғымаларының аузы жақсылап тығыздалуы қажет.

Шахтылы құдықтар аузы биіктігі 1 метр ағашпен қоршалып, қақпақпен жабылуы керек. Қоршау айналасына саз төселіп, беті асфальтпен немесе цементпен көлбеу түрде қапталады. Құдық үстіне лапас немесе үйшік жасалады.

Бұлақтардың көздерін қорғау үшін қаптаж жасалады. Су шығар жерді қазып, қабырғасын ағаш бөренелермен қаптайды. Түбіне құм немесе шағыл тас төгіп, үстін ағашпен жабады. Оның үстіне қара қағаз салып, қалыңдығы 60 см топырақпен жабу қажет. Су көзінен ағу үшін су ағар түтік (құбыр) шығарылады.

Ашық су көздерін (өзен, көл) қару залалынан толық қорғау мүмкін емес. Қару қолданған уақытта ашық су көздерінен су алуға рұқсатты дәрігерлік қызмет орындары ғана береді. Рұқсатсыз, арнайы нұсқаусыз суды пайдалануға тыйым салынады.
Тамақ өндірісі мекемелерінде радиологиялық, химиялық және санитарлық бақылауды ұйымдастыру.

Тамақ өндірісі мекемелерінде атқарылатын А.Қ. шараларының маңыздыларының бірі—ластанған, залалданған шикізат, материал дайын өнім мен суды залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

Ластанған шикізат, тамақ өнімдерін залалсыздандыру мүмкіндігін және әдістерін шешу үшін олардың қандай дәрежеде ластанғанын анықтау қажет. Шикізаттың, өнімнің, судың немен ластанғанын және ластану дәрежесін анықтау үшін нысандарда бақылау ұйымдастыру керек.

А.Қ. жоспарына сәйкес тамақ өндірісі нысандарында:



  1. Радиологиялық;

  2. Химиялық;

  3. Санитарлық (микробиологиялық және бактериологиялық ластану) бақылау ұйымдастырылады.

Ет өндірісі нысандарында:

  1. ветеринарлық—санитарлық бақылау ұйымдастырылады.

Ол үшін арнайы зертханалар құрылып, нысандарда бақылау жүргізетін және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізетін топтар құрылуы қажет.

Азық—түлік залалдану қасиетіне және пайдалануына байланысты 5 топқа бөлінеді:



  • бірінші топқа—дайын ас түріндегі азық—түлік;

  • екінші топқа—қыздыру, булауды қажет етпейтін азық—түлік (сары май, ірімшік, шұжық өнімдері, сүрленген, т.с.с.);

  • үшінші топқа—қыздыру, булауды қажет ететін азық—түлік (ет және ет өнімдері);

  • төртінші топқа—жабық бөшкедегі, шыны, темір құтылардағы консервіленген азық—түлік;

  • бесінші топқа—көкөніс және жеміс—жидек азықтары жатады.

Дайын ас—I топ азықтары—қандай түрде залалданса да көзін жоюға жатады.

II топ азықтарын тамшы—сұйық улы затпен немесе бактериялық затпен уланса—жою қажет. Ал радиоактивті заттармен және улы заттардың буымен уланса—залалсыздандырған соң пайдалануға болады.

III топқа жататын азықтарды қандай залалға ұшыраса да залалсыздандыру керек (немесе көп уақыт тоңазытқышта сақтауға болады). Мысалы, ет улы заттың буымен залалданса, қайнатылған соң залалсызданып кетеді.

IV топ азықтары сыртқы ыдыстарын залалсыздандырған соң пайдалануға болады.

V топ азықтары—көкөніс, жеміс-жидек—сұйық-тамшы улы заттармен, бактериологиялық ластанғанда жойылуы тиіс. Радиоактивті заттармен, улы заттар буымен залалданса—залалсыздандырылған соң пайдалануға болады.

Су және азық—түліктің, шикізаттың залал дәрежесін толық анықтау үшін, олардан үлгілер алынып, тиісті зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Арнайы азық сақтайтын, тығыз жабдықталған камера, құрылғылардағы ластануы мүмкін емес азық, шикізат, өнімдер немесе ластану дәрежесі мүмкін болар шектен 100 есе асқан азық, шикізат, өнімдерден ғана үлгілер алынбайды.

14. Сабақ тақырыбы. Жер сілкінісі залалынан қорғану мәселелері.


Жұмыс мақсаты: : Жер сілкінісін болжау. Мүмкін болар жер сілкінісі кезіндегі адамдардың өмірін қорғау және залалды азайту шараларымен танысу.

Оқу құрал жабдықтары:

1. Методикалық нұсқау

2. Плакаттар.

3. Жеке тапсырма.



Жұмыс ретi:

  1. Жер сілкінісіне байланысты түсініктер. Жер сілкінісін болжау түрлері.

  2. Жер сілкінісінің алдын алу немесе салдарын жою шаралары.

  3. Тақырып бойынша қорытынды.

Жер шарындағы миллиондаған адам сейсмикалық қауіпті аудандарда өмір сүріп жатыр. Жылдағы мәліметтерге қарасақ жер шарының 8 мың адамның біреуі жер сілкінісінен қаза болады екен. Сондықтан жер сілкінісінің болатын дәл уақытын болжау кез келген мемлекеттік мекемелер үшін өте маңызды. Болжам уақыты дәл берілсе, көптеген адамдардың өмірін аман алып қалуға мүмкіндік туады,ал болжам қате болса қаншама қала, елді мекеннен эвакуация жасалынып, ертеңінде орасан еңбек пен қаржының текке кетуі мүмкін.

Жер сілкінісін дәл болжау үшін көптеген мекемелердің байланысын ашып, күрделі

сұрақтарға жауап беру керек. Өйткені, әр жер сілкінісінің көрсеткіштерінің өзгешелігін айтпақанда, оның себептері мн салдарын болжау өте қиын шаруа. Дегенмен де АҚШ, Қытай, Жапония, ТМД елдері ғалымдары үздіксіз жер сілкінісін дәл болжау мәселелерінің қыр-сырын түсіну мәселелерімен айналысып, белгілі жетістікке жетуге тырысуда.

Жер сілкінісін болжаудың үш түрі болады:


  • көп жылдық болжам (бірнеше жылдық),

  • орта мерзімдік болжам (бірнеше айларға),

  • қысқы мерзімдік (күндер мен сағаттарға).

Әр болжамның өзінің белгілі бір пайдалану мақсаты бар. Мысалы:

Көп жылдық болжам нәтижесі бойынша – сейсмикалық аудандардағы жерді пайдалану және құрылыс салу мәселелерін алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік туады,

Орта мерзімдік болжам – құтқару қызметтерін дайындыққа жеткізуге, материалдық жабдықтар қорын жасауға мүмкіндік берсе,

Қысқа мерзімдік болжам – апат алдындағы шұғыл жұмыстарды ақаруға, мысалы, өте қауіпті өндіріс орындарын тоқтатып немесе эвакуация жұмыстарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Мүмкін болар жер сілкінісін болжау – апат алдындағы жер қойнауындағы , табиғаттағы кейбір құбылыстардың өзгерісімен байланысты. Сондай өзгерістердің бірталайымен танысайық:

Сейсмикалық қауіп – аумақтағы жер сілкінісі жағдайы мен әр түрлі магнитудадағы(күштіліктегі) жер сілкінісі санына, жиілігіне қарап, мүмкін болар орасан жер сілкінісін болжауға болады.

Жер қыртысының қозғалысы – жердегі геодезиялық түсірілімдер мен космостан спутниктер түсірген суретттер арқылы жер бетіндегі үлкен деңгейдегі жер қыртыстарының қозғалысын анықтап болжауға болады.

Жер қабатының жоғары-төмен түсуі немесе көлбеулігін өзгертуі – Жер қабатының вертикал бағыттағы қозғалысын немесе жер бетінің көлбеу бұрышының өзгеруін дәл өлшейтін аспаптар бар. Жер сілкінісі болар алдында айтылған көрсеткіштерді өлшеу-болжамға қажет.

Деформация – тау жыныстарының деформациясын(өзгерісін) өлшеу үшін ұнғымаларға(скважина) деформографтарды қойып, екі нүктенің салыстырмалы орын ауыстыруы(жылжуы) бойынша болжам жүргізеді.

Құдықтар мен ұңғымалардағы су деңгейі – жер асты суларының деңгейі жер сілкінісі алдында жоғары көтеріліп немесе төмендеп кетеді.

Геомагнитизм – жер қыртыстарының қозғалуы мен тау жыныстарының деформациясына байланысты жердің магнит өрісінде де жергілікті өзгерістер байқалады. Магнит өрісінің аз өзгерістерін жазу үшін арнайы магнитометрлер жасалынған.

Жердің электрлік жағдайы – тау жыныстарының электркедергісінің өзгеруі жер сілкінісімен байланысты болуы мүмкін. Ол арақашықтығы бірнеше шақырым жерге орналасқан электродтар арқылы өлшенеді.

Жер асты суларының құрамындағы радонның құрамы. Радон жер асты ұңғымалары мен суларында болатын радиоактивті газ. Ол жерден ауаға үнемі бөлініп отырады. Судың құрамындағы радон мөлшері жер сілкінісі алдында өзгеріске ұшырайды екен.

Жануарлардың мінез-құлқының өзгеруі. Әрине жануарлар мінез-құлық өзгерісі, ауа-райына, тамақ-азық жағдайына, т.с.с. көп жағдайларға байланысты. Дегенмен, жер сілкінісі алдында барлық жан-жануарлар мінезінде ерекше өзгерістер, жалпыларына тән өзгерістер орын алады екен.

Космостағы «Мир» станциясында да жер сілкінісін болжау жөнінде байқаулар жүргізілген. Тәжірибелер нәтижесінде, жер бетінде болған әр төрт жер сілкінісінің үшеуінде де космос корабліндегі магниттік спектрометрлер , жер қыртысының тектоникалық қозғалысынан 4 сағат бұрын жердің радиациялық белдігіндегі бөлшектер ағынының өзгерісін көрсеткен.

Қазақстан Республикасы бойынша аталған барлық байқаулар түрі жүргізіледі. Бірақ, уақытында берілген болжам жер сілкінісінің залалын азайтқанымен, қол құсырып отыра беруге болмайды. Сондықтан жер сілкінісі кезіндегі адам шығыны мен материалдық , экологиялық шығындарды азайту мақсатында алдын-алу шаралары жургізілуі керек.

Қ.Р. «Азаматтық қорғаныс туралы» занының 6-шы бабына сәйкес Жер сілкінісінен қорғану мақсатында төмендегі шараларды іске асыру қажет:



  1. Республика бойынша сейсмикалық бақылау мен жер сілкінісін болжау жүйесін дамыту.

  2. Республика аумағын сейсмикалық микроаудандастыруды жолға қою, жер сілкінісін болжауды ғылыми жолмен жүргізу.

  3. Сейсмикалық қауіпке байланысты құрылыс нормалары мен ережелеріне өзгерістер енгізу.

  4. Шаруащылық кешендерінің тұрақтылығы мен ғимарат, имарат құрылымдарының сейсмотұрақтылығын арттыруды жобалау мен есептеуді ғылыми негіздеу.

  5. Жер сілкінісіне тұрақты ғимараттар мен имараттардың құрылысын жүргізу негізіндегі жұмыс сапасын бақылау.

  6. Бұрын салынған ғимараттар мен имараттардың жер сілкінісіне төтеп беру қасиеттерін жоғарылату және құрылысты салуды сйесмикалық аудандастыруға байланысты жүргізу.

Жер сілкінісі салдарын жоюға бағытталған шаралар:

    • жер сілкінісі жөнінде ақпаратты алу, белгілі бір шешім қабылдау, оны Республика аймақтарына жеткізу;

    • іздестіру-құтқару, басқа да шұғыл жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру, аталған жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыздандыру.

    • жер сілкінісі әсерін жою жоспарына сәйкес Азаматтық Қорғаныс күштері мен жабдықтарын және басқа құрамалардың іс-әрекеттерін тиімді басқару.

Халықты қорғау және жер сілкінісінің мүмкін болар экономикалық шығынын азайту мақсатындағы, барлық меншік иелеріне, мекеме басшыларына, жергілікті және орталық атқару органдары басшыларына жүктелетін міндеттер:

  1. Өздеріне сеніп тапсырылған аймақтағы сейсмикалық қауіптерді бағалай біліп, онда орналасқан кешендердң, мұнай-газ және жер асты кеніштерінің тұрақты жұмыс істеп,жер сілкінісі кезінде адамдарға, қоршаған ортаға қауіп төндірмеуін ұйымдастыру.

  2. Тұрғын үйлердің , мектептер мен бала-бақшалардың, ауруханалар мен басқа да халық көп жиналатын ғимараттардың, елді мекен тіршілігін қамтамасыз ету орталықтарының, байланыс-энергия орталықтарының, қауіпті, химиялық және жарылғыш өндірістердің жер сілкінісіне төтеп беру жағдайын арттыратын іс-шаралардыжүргізу.

  3. Тұрақтылығы төмен деңгейдегі ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеуден өткізу кезінде міндетті түрде, ғимарат, имарат құрылымдарының жер сілкінісіне қарсы тұру көрсеткішін арттыруды ойластыру.

  4. Жер көшкіні қаупі бар, тектоникалық қозғалыс болуы мүмкін, сусымалы топырақты жерлерге жер сілкінісі қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз етілмеген құрылысты салуға жол бермеу.

Жер сілкінісі бола қойған жағдайда оның салдарын жою үшін атқаратын міндеттері:

  1. Залалдан жапа шеккендерді іздестіру-құтқару жұмыстарын және алғашқы медициналық көмек түрін ұйымдастыру.

  2. Жер сілкінісі жөнінде мағлұмат жинап оны жоғарғы органдарға және халыққа жеткізу. Залалдың салдарын жою әрекеттері туралы хабарлау.

  3. Жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарын, халықтың тіршілігін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.


Қорытынды.

Жер қабаты литосфералық плиталардан тұратын жұқа қабат. Плиталардың әр түрлі себептерден қозғалуы жерсілкінісі құбылысын туғызады. Қазіргі кезде жер сілкінісін нақты болжау мүмкіндігі өте төмен. Жер сілкінісі болуы мүмкін аудандардан адамдарды эвакуация жасау да өте қиын мәселе. Сондықтан негізгі қорғау шаралары – залалдың салдарын азайтатын шараларды алдын ала жоспарлау, сейсмикалық аудандарға тұрақтылығы жоғары деңгейдегі құрылысты салу, бұрыннан салынған ғимараттарды, оның құрам бөліктерінің тұрақтылығын арттыру шараларын уақытында және жауапты іске асыру болып табылады.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.

2. Ж. К. Аманжолов. «Охрана труда и техника безопасности» Астана.2007г.

3. М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге арналған қысқаша дәрістер» Семей 1994.

4. Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі».

5. Қ.Т.С.Ж «Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу» ережелері

6. Ф.М. Канарев и другие «Охрана труда» Москва 1988г

7. Б.И.Зотов и другие. «Безопасность жизнедеятельности на производстве». Москва.Высшая школа, 2000г.

8. С.Арпабеков «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» Алматы 2004 жыл

9. Калжигитов Х.С «Безопасность жизнедеятельности» Алматы, Айкос 1999 год

10. Ошеров С.А, Заостровский И.Т «Учебное пособие по медицинской служ-бе ГО»

11. З.Юдин. «Охрана труда в машиностроение» М.1983г.

12. Э.А.Арустамов. «Безопасность жизнедеятельности» М.1999г

13. П.П.Кукин «Безопасность жизнедеятельности» М.1999г

14. «Т Ж және А Қ жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы».( тоқсандық журналдары) Қ Р. Төтенше жағдай жөніндегі Агенттігі. А Қ және Т Ж Республикалық курстары. (Әр жылдарда шыққан журналдар тізбесі).

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған Оқу құралы. Қ Р. Төтенше жағдайлар министрлігі. А Қ және Т Ж Республикалық курстары. Алматы. 2007 ж

16 «Т Ж және А Қ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттыру-дың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсыныл-ған ОҚУЛЫҚ. Қ Р. Төтенше жағдайлар министрлігі . А Қ және Т Ж Республикалық курстары. Алматы. 2007 ж

17. Белов С.В «Безопасность жизнедеятельности» М.1999 ж.

18. Гринин А.С. «Безопасность жизнедеятельности» М. 2000 ж.

19. Приходько Н.Г. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 2000г.

20. Е.П.Шубин. «Гражданская оборона».М. «Просвещение» 1991 г.

21. В.Т. Атаманюк и другие. «Гражданская оборона» М.1986 г

22. М.А. Нуржасарова и другие. «Охрана труда». Астана. 2007г.






жүктеу 13,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау