Сақтандырғыш қорғау жабдықтары - қауіпті факторды қас қағым сәтте тоқтатуға арналады. Авариялық жағдай туған кездерде - (қысымның, температураның, жұмысшы жылдамдықтың, ток күшінің, айналу моментінің артуы) сақтандырғыштың іске қосылуы нәтижесінде, құрылғы, машина, жарылыстан, сынудан, өртенуден аман қалады.
Атмосфералық қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін құрылғыларда рычагты, серіппелі, мембраналы сақтық клапандары пайдаланылады.
Сақтандырғыш қорғау механизмдері, өздері істен шығып, бірақ жалпы құрылғының, машинаның істен шықпауына жағдай туғызады, жарақаттандыруды болдырмайды.
Машиналардың тетіктерін сынудан сақтау мақсатында қозғалуды шектегіш немесе тежегіш механизмдер қолданылады. Тежегіш механизмдер тасымал және көтергіш транспорт машиналарында кеңінен пайдаланылады.
9- Сурет. Серіппелі фланецсті сақтандырғыш клапан
Герметикалық нормасы ТУ 3742-004-07533604-95.
10- Сурет. Сақтандырғыш клапанды қосқыш құрылғының құрылысы. Тех. талап 3742-007-07533604-2003. Коды ОКП 374200
Тосқауылшы құрылғылар - адамның қауіпті аймаққа баруын болдырмайды, не болмаса қауіпті фактордың әсерін жоғалтады,қауіпті жағдайдың алдын алады. Олар механикалық, электрлі, гидравликалық, ауа қысымымен істейтін, құрама болып әр түрге бөлінеді.
Тосқауылдың механикалық түріне трактор мен машиналардың беріліс қорабының тосқауылы жатады. Ажыратқыштың педалін басқан кезде ғана қораптың берілісін өзгерте аламыз. Әйтпесе беріліс дөңгелектерінің тістері сынады. Фотоэлементті тосқауылдар соңғы кезде пайдаланылады. Мысалы, адамның дене мүшесінің бірі қорғау аймағына барса, онда фотоэлементке көлеңке түседі де, ол машинаның, құрылғының қозғалтқышын өшіріп тастайды. Бұған көтергіш механизмдердің (лифт), электр құрылғыларының белгілі бір көрсеткіштерінің дұрыс болмаған кезінде іске қосылмауын мысалға келтіруге болады.
11- Сурет. Электронды (радиациалық) тосқауыл.
12-ші Сурет. Ауа қысымды тосқауыл нұсқасы.
Айтылған құрылғылармен қатар еңбеккерге технологиялық процестердің барысын көрсететін немесе қауіпті не зиянды жағдай жөнінде белгі беретін құрылғыларда кеңінен пайдаланылады. Мысалы: жол тәртібі белгілері (знаки) дыбыс белгілері, жарық арқылы белгі беру, немесе түрлі ескерту бояулары. Қауіпсіздік белгілері ескерту,міндеттеу,тиым салу және рұқсат ету немесе көрсету белгілеріне бөлінеді. Олардың бояу түстері,белгінің сырт пішіндері әртүрлі болады. Мысалы: қызыл түс-қауіп түсі, көк түс- міндеттеу, жасыл түс-рұқсат ету немесе көрсету, сары түс-улы дегенді білдіреді.
Өндірісте қолданылатын машиналармен жұмыс істеудің жалпы қауіпсіздік ережелері.
Машиналармен, механизмдермен жұмыс істеуге, олардың кұрылысын, жұмысын жете меңгерген, қауіпсіздік ережелерімен таныс, нұсқау алған адамдар ғана жіберіледі.
Жасы 16-ға толмаған жас өспірімдерді машиналармен, құрылғылармен жұмыс істеуге пайдалануға тиым салынады.
Машиналар, құрылғылар орнатылған жерлерде оларды қауіпсіз пайдалану ережелері жазылған тақталар болуы қажет.
Орнатылған машиналар, құрылғылардың бәрі жобада көрсетілген фундамент немесе мықты негіздерге орнатылып, оларға қозғалмастай бекітілуі керек. Орнатқан машиналар, құрылғылардың техникалық жайдайын тексеріп, ақаулары, жетіспеген жабдықтарын түзеткен соң, ғана, оны алдымен бос жүргізіп көріп, одан кейін жүктемемен (нагрузка) жүргізіп көру қажет. Машиналар мен жабдықтарды құрау, орнату кезінде шу мен дірілді азайту, болдырмау шараларын алдын ала есептеген жөн.
Жаңадан орнатылған, жөндеуден өткен машиналармен құрылғыларды іске қосу, мамандардың мұқият тексеруі мен байқауынан соң бас инженердің немесе өндірістегі қиын жұмыстарды механикаландыру инженерінің рұқсатымен болады. Машинаның, құрылғының жұмысқа дайындығы, оны пайдалануға болатындағы -акті толтыру арқылы бекітіледі.
Машиналардың басқару құралдары (қосқыш түймелер, тегергіштер, ажыратқыштар т.с.с.) өздіктерінен іске қосылып кетуден аулақ болып, еңбеккердің іске қосып, ажыратып, басқаруына қолайлы да қауіпсіз орналасуы керек.
Бірнеше адаммен басқарылатын құрылғының басқаруын қауіпсіз ету үшін дыбыспен белгі беретін құралдармен жабдықталуы керек.
Машиналардағы карданды, тісті, шынжырлы, тізбекті берілістер, қосқыш муфталар-қорғағыштармен жабдықталуы тиісті.
№6 Сабақ тақырыбы: Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету мәселелері.
Сабақ мақсаты: Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының түрлерімен танысу, жұмысшыларды қамтамасыз ету ретімен танысу.
Қауіпті,зиянды еңбек жағдайына сәйкес арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарын сұрыптауды меңгеру.
Оқу құрал жабдықтары:
Методикалық нұсқау.
Плакаттар.Стандарттар жинағы.
Қорғау құралдарының түрлері.
Жұмыс реті.
1. Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының жіктелуін (класификациялануы) жазып алу. 2. Арнаулы киім,аяқ киім,қорғау жабдықтарының сақталуы,берілуі және қолданылуы жөніндегі ережені оқып-білу.
Арнаулы киім, аяқкиім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар.
Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім қолғап,өзге де нәрселер.
Жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар,соның ішінде арнайы киім.
Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Арнаулы киім әртүрлі өндірістік жағдайларда адам организімінің қалыпты температурасын сақтап,оны ыстық суықтан,механикалық,химиялық әртүрлі әсерден қорғауға арналған.Сондықтан арнаулы киімнің жарамдылығы санитарлық,гигиеналық,қолайлылық,әсемдік және экономикалық шарттарға сәйкес болу қажет.
Гигиеналық қасиеттеріне киімнің жылу сақтағыштық,ауа өткізгіштік,су сіңірмейтін қасиеттер жатса,қолайлылығына-киген киімнің қимылға кедергі жасамай адамның кейбір мүшелеріне,дем алуына қолайлы болып,көп уақыт киіс беруі жатады.
Әдетте арнаулы киімдерді тігуге зығыр,мақта, жүн талшығынан істелген маталар пайдаланылып,оларға су, шаң өткізбейтін ,қышқылға, майға төзімділік қасиеттер беру үшін түрлі ерітінділермен өңделеді.
Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.
Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:
Жұмысшы киім
Арнаулы киім
Ведомствалық киім
Технологиялық киім
Жұмысшы киім – денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер.
Арнаулы киімдер – сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып , белгілі бір қасиет алған киімдер жатады.
Ведомствалық(салалық) киімдер – белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап,бір үлгімен тіктірген киім жатады.Мысалы: теміржолшылар формасы,орман шарушылығы қызметкерлері формасы,әскери форма,т.с.с.
Технологиялық киімдерге – өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады.
Арнаулы киім,аяқ киім ,қорғау жабдықтарымен еңбеккерлерді,қызметкерлерді қамтамассыз ету үшін әр мекеме,кәсіпорын өздері бағынышты саланың нормативтік бөлімі бекіткен,еңбеккерлерге,қызметкерлерге тегін арнайы киім беру мөлшерін басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізілуі керек.
«Еңбеккелерді қорғау жабдықтары.Топқа бөлінуі»- стандарты бойынша жеке қорғау заттары, жабдықтары қолданылуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
Айырушы костюмдер – ішіне жел толтырылған костюмдер,скафандрлер.
Тыныс жолдарын қорғау жабдықтары – противогаз, респираторлар.
Арнаулы киімдер – комбинезондар, кеудеше, шалбар, костюмдер, сулық, жамылғылар, қысқа тон, тұлыптар, алжапқыш, жеңғаптар.
Арнаулы аяқ киімдер – етік, қысқа қонышты етік, туфли, галош, ботылар.
Қолды қорғайтын жабдықтар – қолғаптардың әр түрі.
Басты қорғайтын жабдықтар–дулығылар, малақай, қалпақ, т.с.с.
Бетті қорғайтын жабдықтар – бетперде,қорғаушы маска.
Есту органдарын қорғайтын жабдықтар – шуға қарсы киетін бас киім,құлаққа киетін аспап.
Көзді қорғайтын жабдықтар – әр түрлі көзәйнектер
Жоғарыдан құлаудан қорғайтын және басқа қорғау жабдықтары - сақтық белбеу, тоқ өткізбейтін кілемше, тізеге, шынтаққа, иыққа арналған қорғау жабдықтары.
Теріні қорғайтын заттар – сабын,арнайы ерітінділер,әр түрлі жағатын майлар.
Еңбек кодексінің 19 тарау 205 ші бабында көрсетілгендей және еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен ереже бойынша зиянды әсері бар жұмыстарда жұмысшыларға тегін,белгіленген салалық нормаға сәйкес арнаулы киім,аяқ киім және жеке қорғау заттары мен жабдықтары берілуі тиіс.
Егер еңбеккердің жұмыстары кір болатын жұмыстармен байланысты болса,онда айына 400 гр тегін сабын берілуге тиіс.
Мекемелерді арнаулы киіммен,аяқ киімен,жеке қорғау құрал-жабдықтарымен қамтамассыз етуді мекеменің жылдағы жасаған сұранысы бойынша материалды-техникалық жабдықтау орындауы іске асырады.
Қоймаға түскен арнаулы киім,аяқ киім және жеке қорғау заттары жеке, құрғақ бөлмелерде, әртүрлері бөлек – бөлек сақталуы керек.Ризинадан жасалған арнаулы киімдер,аяқ киімдер температурасы 50-тан200-қа дейін,ылғалдылығы – 50-70% , қараңғыланған бөлмелерде сақталуы керек.
Еңбеккерге,қызметкерлерге арнаулы киім,аяқ киім қорғау заттарын беру әр адамға жеке карточка толтыру арқылы тіркеледі.
Карточкада берілген киімнің түрі,пайдалану мерзімі,еңбеккердің мамандығы,аты-жөні,киімнің қайтарылу уақыты көрсетіліп,алғанын растаған қол қойылады.Берілген киім,аяқ киім, қорғау заты - еңбеккерге байланыссыз істен шықса, уақытына жетпей тозып бітсе,мекеме,кәсіпорын оны ауыстырып немесе жөндеуден өткізіп беруге міндетті.
Еңбеккерлерге бұрын пайдаланудан болған арнаулы киімдер мен аяқ киімдерді беруге тура келгенде мекеме,кәсіпорын оларды жуып,тазалап,жөндеп және залалсыздандырған соң ғана бере алады.
Белгілі бір жұмыс процесін атқарғанда ғана пайдаланылатын көпшілікке бірдей киім, аяқ киім, қорғау заттары – жабдықтары,былайша айтқанда,кезекші киімдер-цехтің,бөлімше мастерінің жауапкершілігіне беріліп,сол цехта,бөлімшеде сақталуы тиіс.Еңбеккерлер жұмыс барысында өзіне берілген арнаулы киімді,аяқ киімді,қорғау құрал-жабдықтарын дұрыс пайдалану ережесін сақтауы керек.
Жылдың суық мезгілдерінде еңбеккерлерге салалық норма үлгісінде көрсетілгендей мақта тартылған немесе теріден істелген шалбарлар,кеудеше,тон,тұлып,пима,қолғап,малақай беріледі.Заң бойынша қыстық кмімдер суық түсе беріліп,жаз шыға жиналып алынуы керек те тазартылып,жуылып,кептіріліп,шаруашылық қоймаларда сақталуы қажет.Қайта берер уақытта ауысып кетпес үшін өткізгенде тізім жасалынып,соған байланысты қайта босатылуға тиісті.Жұмыс орнында арнайы киімдерді сақтауға кәсіпорын әкімшілігі арнайы бөлмеге жасап беруге міндетті.
Еңбеккер жұқпалы аурумен ауырса,оның киімі, арнайы аяқ киімі,қорғау заттары,киім ауыстыратын орны дизенфекциялануы керек.
Арнаулы аяқ киім,аяқ киімнің орнына оларды дайындауға (тігуге) материал немесе ақшалай құнын беруге болмайды.
Кәсіпорынның еңбеккерлерге нормада көрсетілген аяқ киімдерді беруге мүмкіндігі болмай,оны еңбеккер өз ақшасына сатып алған ерекше бір жағдайлар болған кезде,кәсіпорын еңбеккерге арнаулы аяқ киімнің құнын қайтарып,киімді,аяқ киімді кәсіпорынның дүниесі ретінде кіріске кіргізуіне болады.
Арнаулы киімнің берілуі, қолданылуы жөнінде немесе еңбеккер киімді жоғалтып,әдейі бүлдіріп,шаруашылыққа зиян келтірген жағдайда болған даулы мәселелермен Еңбек дауы туралы коммисия айналысады.
Мемлекеттік қамтамасыздандыру ұйымдары кәсіпорындар мен мекемелерге жергілікті қамтамасыз ету органдарының келісімімен мақтадан,жібектен тігілген жалпыға бірдей жұмыс киімдерінің екі комплектісін,нормада көрсетілген екі мерзімге беруге рұқсат етеді.Бұл арнайы киімнің уақытымен тазартылып,жөнделіп,көп киіс беруіне жағдай туғызады.
Еңбеккерлерді арнаулы киіммен,аяқ киіммен қорғау жабдықтарымен уақытында қамтамассыз ету жауапкершілігі мекеме, кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.
Өндірістегі зиянды шаңнан,улы заттардан еңбеккердің тыныс жолын қорғау үшін противогаздар немесе тұмылдырықтар беріледі.Өндірістік противогаздардың әскери (Азаматтық қорғаныс ұйымдарындағы) противогаздардан айырмашылығы,олар тек бір ғана затты сүзіп алуға арналған.Ал әскери противогаздар әмбебаб (универсальный) болып келеді.
Противогаздың сүзгі кораптарының қорғау сипаттамасы.
1-кесте
Противогаз қорабының таңбасы
|
Қорап бояуы
|
Қорғайтын
улы заттар түрі
|
Газ концентрациясы
|
Мөлшерлі деңгейден асып кетуі
|
Қораптың қорғау қасиетінің сақталу уақыты
|
Сүзгісіз
|
Сүзгімен
|
А
|
Қоңыр
|
Органикалық булар
|
25+1
|
5,000
|
|
|
В
|
Сары
|
Қышқыл газдары
|
86+0,3
|
860
|
90
|
50
|
Г
|
Сары және қара
|
200С температурасындағы сынап булары
|
|
|
100
|
45
|
Е
|
Қара
|
Мышъякты немесе фосфорлы сутегі
|
10+0,2
|
30,000
|
360
|
60
|
КД
|
Сұр
|
Аммиак және оның көмірсутегі мен қоспалары
|
4,6+0,1
|
460
|
240
|
120
|
СО
|
Ақ
|
Көміртегі тотығы
|
6,2+0,3
|
300
|
150
|
40
|
М
|
Қызыл
|
Қышқыл тұз көмірсутегі аммиак, көміртегі тотығы
|
6,2+0,3
|
300
|
90
|
|
БКФ
|
Тікесінен ақжолақшасы бар
|
Шаңмен,түтінмен араласқан органикалық қышқылдық булар мен газдар
|
10+0,2
|
10,000
|
|
70
|
Мекеме,кәсіпорын
Жеке карточка №
Арнаулы киімді,аяқ киімді,қорғау заттарын тіркейтін құжат.
Фамилиясы Жынысы
Аты Әкесінің аты Бойы
Табельдік нөмері Размері
Еңбек бөлімшесі Киімге
Мамандығы Аяқ киімге
Жұмысқа кірген уақыты Бас киімге
Мамандығы өзгерген уақыты
Бекітілген нормада көрсетілгендей
Арнаулы киімнің,қорғау заттарының түрі
|
Нормадағы параграфы
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
Пайдалану уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бөлім бастығы
Еңбек қорғау немесе қауіпсіздік техникасы инженері
Аға бухгалтер
Жеке карточанын екінші жағы
Берілген және қайтарылған арнаулы киім,аяқ киім және қорғау заттары
Берілді
Киім түрі
|
Уақыты
|
Саны
|
Жарамдылық проценті
|
Құны
|
Алушының қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қайтарылды
Уақыты
|
Саны
|
Жарамдылық проценті
|
Өткізушінің қолу
|
Қабылдаушының қолы
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№ 7 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орнындағы ауаның құрамындағы
зиянды заттардың мөлшерін анықтау.
Жұмыс мақсаты: Жұмыс орындарындағы ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін индикаторлық әдіспен анықтауды меңгеру.
Оқу құрал жабдықтары:
Универсалды газанализаторлар УГ-2;
Индикатор түтікшелері мен ұнтақ салынған жабдық қорап /ЗИП/;
МЕСТ-тің анықтама жинағы.
Жұмыс тәртібі:
Универсалды газанализаторлардың /УГ-2/ құрылысымен жұмыс істеу, негізімен танысу;
Индикаторлық түтікшелерді жұмысқа дайындауды игеру;
Ауаның тазалығын зерттей білу.
Ауа құрамының тазалығын анықтамас бұрын методикалық нұсқау бойынша газанализатордың құрылысымен, жұмыс ретімен танысу қажет. Штокты, втулканы, фиксаторды көрсете біліп, штоктың қырына жазылған санның мәніне және оның анықтауға арналған газға қандай қатысы бар деген сұрақтарға жауап беруі керек.
Универсалды газанализатордың УГ-2 жұмысы мен құрылысы
1. Аспапты қолдану мақсаты:
Универсалды (жан-жақты) қолға алып жүретін газанализатор УГ-2 өнеркәсіп орындарындағы ауаның құрамындағы төмендегідей улы, зиянды заттардың мөлшерін анықтауға арналған :
1. Күкірт ангидриді
2. көміртегі тотықтары
3. ацетиленді
4. күкіртті сутегі
5. хлорды
6. аммиакты
|
7. азот тотықтарын
8. этилді эфирді
9. бензолды
10. бензинді
11. толуолды
12. ксилолды
|
13. мұнайдың көмірсутектерін (керосин, трактор жанар май, уайт –
спирт т.с.с)
Газанализатор өз жұмысын төмендегідей жағдайлар сақталған кезде іске асыра алады:
ауадағы шаң құрамы 40 мг/м3 аспаған жағдайда;
ауа қысымы 740 – 750 мм сынап бағанасы аралығында болғанда;
ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% аспағанда;
ауа температурасы 10ºC –тан 30ºC аралығында болғанда .
Осы жағдайлар келіспеген уақытта аспаптың көрсеткіші дәл болмауы мүмкін және оның қате жіберу мүмкіндігі артады.
2. Аспап жұмысы
Газанализатордың жұмыс индикаторлық түтікше арқылы ауа сорғыштың көмегімен құрамында зиянды газдар бар ауаны сорып өткізуге негізделген. Индикаторлық түтікше ішіндегі ұнтақтың түсінің өзгеруі, сол ұнтақпен зерттеліп отырған улы газ немесе оның буы арасындағы реакцияның нәтижесінд болады. Түсі өзгерген ұнтақ мөлшері улы газдың концентрациясына тра прапорцианал болады да, мг/м3 өлшемімен анықталады.
3. Ауа сорғыштың құрылысы
Суретте ауа сорғыштың жалпы құрылысы мен ЗИП-тің құрамы берілген. Ауа сорғыштығ негізгі бөлігі көрік (сильфон). Жабық қорап (1) ішінде резинадан істелген көрік (2), стакан (13). Пружина (3), резина түтікше орналасқан. Көріктің ішкі қатпарына оған қаттылық беретін және берілген көлемді ұстау тұруы үшін кергіш сақина (4) қойылған. Қораптың жоғары қақпағына бекітілген қозғалмайтын втулкада (7) шток (6) төмен жүргенде көрікті сығып ішінен белгілі мөлшерде ауа шығарады. Сырттан ауа кіру үшін көрікті жоғары қарай көтеру керек. Бұл міндетті бір басы қораптың қозғалмайтын қақпағына бекітілген, екінші басы көрік ішіндегі стақанға бекітілген серіппе атқарады. Ал стақан, серіппе үшін оны қорап және көрікпен жалғастырып тетік болып табылады. Қорап сыртындағы резина түткіше, штуцер (11) арқылы қорап ішіндегі түтікшемен жалғасады. Ал оның екінші жағы төменгі фланец (14) арқылы көріктің ішкі кеңістігімен жалғанған. Сыртқы резина түтікшенің (10) бос басына анализ кезінде индикаторлық түтік жалғанады. Бұл түтік арқылы сорылатын зерттеуге арналған ауа көрікті шток арқылы төмен басқаннан кейін сорылуы тиіс. Штоктың қырларындағы санда, зерттеуге арналған улы газдарды анықтау үшін қанша мөлшерде ауа сору керегін көрсетеді. Ал сан мәні таблицада көрсетілгендей, газдардың түріне қарай әртүрлі. Штоктың қырларында төрт өзекше бар, оның әрқайсысында фиксатор кіретін екі ойықтан жасалған. Ойықтардың арақышықтығы, көрік соратын, зерттеуге арналаған зиянды қоспасы бар ауаның көлеміне тең немесе штокта көрсетілген көлемге тең
Достарыңызбен бөлісу: |