Қойылатын талаптар:
Бұл мамандандырылған мінездеме нормативтік құжат есептеліп, төмендегідей көкейкесті мәселелерді негізгі нысанда ұстайды:
- университет бітірушілер мектептерде «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ұстаздық кәсіпке ие болады:
- кәсіптік сипаты мен әлеуметтік қызметіне жалпы мамандыққа орай міндеттеріне сәйкес талаптар қойылады. Жоғарғы оқу орнында оқу-тәрбие ұйымдастыру үрдісінде аталған мамандыққа даярлық мәселесі шешіледі;
- ЖОО-ның түлектерінің білім сапасының деңгейі аттестацияға қойылатын талаптармен қорытындыланады;
- ЖОО - түлектері білім сапасының даярлығына жауапты, оны оқу орнында кәдеге жаратуға ынталы болуға тиіс;
- мамандандырылған мінездеме ЖОО-ның басқару ісіне арналады, министрлік пен мектептер үшін, басқа да осы мамандықты қажет деген мекемелер үшін құжат жоғарғы білімді мамандардың қажеттілігін үлгілеуге, жобалауға қызмет етеді. ЖОО-дағы жүргізілетін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мен мазмұн мақсатын анықтайтын тірек (субстанция), ЖОО-на түсушілердің кәсіптік бағдары үшін, оларды орналастыру, түлектерді аттестациядан өткізіп, кәсіптік іскерлігін сараптау үшін қозғаушы күш;
- мамандандырылған мінездеме сұраным негізінде үндесіп құрылады, түлектерді даярлау деңгейін кешенді үрдісте диагностикалап, мамандық шеберлігін белгілеуге бағыт жасайды;
Маманның жұмыс алгоритмі төмендегідей:
- мектептерде арнайы білім көлемінде меңгерген қисындық тұжырымдарын жүзеге асыруы;
- қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің қажетті деген білімдерінің жүйесін мектеп бағдарламасына ыңғайлап, мемлекеттік қалып мектептің түріне сәйкес талаптарының құрылым-мазмұнына құбылтуы;
- мектепке бармай, ғылыми жұмыс төңірегінде қалған зерттеушілік құлшыныс танытушы аспиранттар, сырттай оқитын аспиранттар мен ізденушілер белгілі бір өзекті мәселенің ауқымында эксперимент (мектептерде) жасап, жаңалық ашуға ниеттенуі, осы бағытта ғылыми еңбектің толық сипаттамалары, әдістемелік құралдары кафедраның білім-ғылым қоймасының қорына үнемі қосылып отыруы.
Оқу орнында жүргізілетін мекемелер мен мектептер үшін қазақ тілінен дәрістеме беретін мамандар Қазақстан Республикасының, қазақ халқының тарихын тағылымдау дәрежесінен көрінуге бағыттайды, үнемі өзінің көзқарасын тың деректермен толықтырып, салыстырып, зерделеуге ұмтылады.
Қазақ халқының тарихын әлемдік, дүние жүзілік тарихымен ұштастырып, оның әдебиет және мәдениет арқылы тәрбиеленушілерге меңгерілуіне қолайлы жағдай жасаудың ұтымды әдіснамасын таңдайды. Бұл аталған арналардың мемлекеттік тіл тұрғысында сан салалы бөліктерге бөлінуін қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің салыстырмалы деңгейінде жіктеп, есте сақтауға дағдыланады.
Қазақ тілін тарих, әдебиет, мәдениет, ғылым сияқты нысаналардың жиынтығының негізінде меңгеруге талпынады.
Нәтижесінде қазақша сөйлеу қазақ тілі мамандығының көздейтін басты талабы ғана болмай, Қазақстан Республикасы жағдайын жетік білетін, соны ой түйетін, зиялы, білікті іс-әрекетке ыңғайлайды. Тарихи, мәдени, әдеби, ғылыми ақпараттар тек қазақ тілі пәнінің сан алуан кіші бөліктерден (компоненттерден) тұратын курстарының мазмұн-құрылымдары арқылы мамандық алушыларға қабылданады. Былайша айтқанда, тарих, мәдениет, әдебиет, ғылым салаларынан деректер қазақ тілінен өтілетін дәрістер (лекция), тәжірибешілік, зертханалық жұмыстар арқылы меңгеріледі.
Қазақ тілі мамандығының негізгі атқарар қызметінің түрлері
Мамандық қызметінің нысаналары мен мақсаты.
0308 «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын меңгергендер білім беретін және жаңа типті, жеке меншіктегі мектептердің оқушы қауымына мемлекеттік тілді Қазақстан Республикасының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ғылымы тұрғысында меңгеретін және мемлекеттік қалыптың мүддесін көздейтін мұғалім қызмет атқарады.
Маман осы мамандандырылған мінездемеге сәйкес атқарар қызметтің төмендегі түрлерін меңгеруге тиіс:
- ғылыми-әдістемелік (мұғалім-зерттеуші)
- ғылыми-филологиялық (аспирант-болашақ филолог ғалым)
ғылыми-басқарушы (әдебиетші-тілші-директор).
0308 «Басқа үлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша негізгі міндеттер
Қызметтің, іс-әрекеттің сан-салалы түрлерінің жинақталған міндеттерін маман құзырлылықпен және жауапкершілікпен шешуі керек:
Ғылыми-зерттеу
Зерттеу ісінде белгілі өзекті мәселені бөліп алып, оған талдау жасау.
Жоғары білім деңгейінің ең қажетті деген қазақ тілін меңгеруге қызмет атқаратын пәндердің шоғырланған жүйесін мектеп өміріне және басқа да қазақша тілді меңгеруге ниеттенген мекемелердің өміріне енгізу.
Бөтен аудиториға, дәріс, қарым-қатынас басқа тілдерде жүргізілетін ортаға қазақша тілді меңгеруге тиімді деген әдіс-тәсілдерді, амал, жол, технологияларды көпшілікке тарату.
Үздік (флективті) тілдің жалғамалы тілге ыңғайлау фонологиясын айқындайтын сызбалар мен матрицаларды салыстырмалы түрде кафедра қоймасына жинау.
Тілді вербальді емес (сөз) әдіспен меңгертудің жолдарын іздеу.
Тыңдаушылардың қабылдау деңгейін ескеріп, білімнің тығыздылығы мен толықтығын жүзеге асыруды үнемі есте ұстау.
Тілді меңгерудің қисындық негіздерін және олардың бағдарламалық түйіндерінен әдістемелік нұсқаулар мен зерттеу үрдісіндегі міндеттерді саралау мен даралау пішінін сұрыптау.
Қисындық (тілге қатысты) ұғымдар мен бернелерді зерделеу, зерттеу, сараптау, оның нәтижелілігін жинақтау мақсатында талдаудан өткізу, оны тәжірибеге ұсыну, эксперимент қисынын гуманитарлық ағымға бағындыра отырып, жоспарлау, ғылыми зерттеудің әдістерін әдіснамалық қағидаға ыңғайлау.
Қазақ тілі саласында мыналарды білу керек:
- қазақ тілінің әлеуметтік негізі жайлы жаңа философиялық көзқарасты меңгеруге бағыттау (парадигма);
- қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы табиғатын, маңызын, белгісін ажырату;
- дыбысжасам мен фонологияның ерекшелігін қазақ тілі мен орыс тілін салыстыру тұрғысында аңғару: сөйлеу аппараты, акустикалық, артикуляциялық дыбыстардың естілу заңдылықтары, фонологы (ырғақ, созылыңқылығы, күші, әуезі, екпіні), сөйлеудегі дыбыстардың жіктелу реті, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстар, буын, тілдің қоғамдық мәні, тіл туралы жалпы мәлімет.
Лексика және фразеология
Бұл нысаналардың да салыстырмалы түрде қарастырылуын қадағалау: сөз туралы түсінік. Сөз пәні. Сөз және ұғым. Лексикалық мағына. Сөз мағынасының келтірінді түрі. Этимология. Ономастика және топонимика.
Тілдің сөздіктерден құралуы. Неологизм, архаизм. Сөздік қор және құрам. Активті және пассивті сөздер. Жалпы - тілдік әдеби, сөйлеу, жергілікті, терминдік, кеңселік, поэтикалық жіктемелер. Синоним, антоним, омоним, басқа пәндерден кірген сөздер. Фразеологиялық жіктеме.
Сөздің құрылымын салыстыру тұрғысында меңгеру: морфема, түбір және қосымшалар.
Сөзжасамның тәсілдерін екі тілді салыстыру әрекетінде қабылдау.
Екі тілдің грамматикалық категорияларын текст арқылы, ситуациялар арқылы бағамдау.
Сөзжасам (морфема) бөлімін екі тіл ауқымында салыстырмалы деңгейде түйсіну: сөз таптарына жіктелуі, олардың жалғану (көптік, тоәуелдік, септік, жіктік) тәртібі. Қазақ тіліндегі сөзжасам нысанасының орыс тілінен ерекшелігі (род, число и падеж).
Сөйлем және күрделенген сөйлем бөлімін екі тіл ауқымында салыстырмалы деңгейде түйсіну: салалас және күрделенген сөйлем.
Сөз тіркестері жайлы мағлұмат. Сөйлем мүшелері. Сөздердің байланысуы (қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу).
Синтагма. Парадигматика. Сөйлемдердің жасалу типі.
Тілдердің даму заңдылығын пайымдау: тіл туралы заңдылықтар (қазақ тілі мен орыс тілі жайлы).
Лингвистикалық зерттеудің әдістері туралы түсінікті сараптау: Ескертпе. Зерттеу әдісі туралы түсінік. Сипаттау әдісі. Салыстырмалы-тарихи әдіс. Тарихи әдіс. Салыстырмалы әдіс. Санамалы әдіс. Талдау әдісі. Тілдерді үйренудің, зерттеудің әдістері.
Тіл білімінің дамуы жайлы мәліметті игеру:
Ежелгі дәуірде өмір сүрген тілдер жайлы ғылым. Қазақ тілін зерттегендер. Құрылым-жүйесінің өзгерістері. Этнолингвистика, социолингвистика. Қазақ тіліндегі қазіргі синтаксис.
0307,0308 мамандығына байланысты
ЖОО бітіршілердін білім әзірліктерінің
сапасын қорытындылау аттестациясы
Аттестация осы мамандыққа берілген мамандандырылған мінездемедегі диагностикалауда құрама құралдарын басшылыққа алады.
Жыл сайын МЕК мамандыққа сәйкес мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыстың жобасын қорғау түрінде өткізіледі.
ЖОО мемлекеттік аттестация құрылған комиссиямен қабылданады.
ЖОО-ны бітірушілердің білім сапасының әзірлігі
мен оны қолдану шеберлігін байқау
қорытындысына жауаптылық
ЖОО-ны бітірушілердің білім сапасының қорытынды көрсеткіші аталған мамандыққа мамандандырылған мінездеме талаптарынан төмен болмауына кепілдік береді.
ЖОО бітірушілердің аттестациядан білім сапасының қорытынды бағасы қанағаттанарлықсыз болса, онда кафедра жауапкершілікте, бұл Жоғары оқу орнының ең соңғы оқу кезеңін бітірушілердің білім сапасын қорытындылау жайлы Ережесінде қарастырылған.
Мектеп және осы мамандыққа сәйкес келерлік мекемелер жас мамандарды жұмысқа алуға және оларды әділетті тұрғыда аттестациядан өткізуге жауапты. Сол сияқты өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мен диплом жұмысы жобасының мазмұны осы мамандыққа берілген мінездемемен үндесуі көзделеді.
Бұлардың жауапкершілігі мамандарды орналастыру хақында бақылаумен еңбек нәтижелілігін анықтайтын аттестация қорытындысымен айқындалады.
индекс
|
Пәннің атауы мен негізгі тараулары
|
Барлық сағат
|
Ауд.
|
|
Қазақстан тарихы. Маңызы, түрлері, тарихи сананы дамытудың белгілері; ежелгі дәуір тарихы, әлемдік тарихи процесі, ағымы, өркениет еліне айналуы, отарлау саясатының әсері, тарихи шектеудің жаңа деңгейі, адам менталитеті, интеграция мен ұлтаралық қарым қатынастың ықпалы.
|
|
|
|
Шет тілін игеру, сөйлеу қызметінің түрлерін ажырату аясында жүзеге асуы; Сөздіктерді пайдалану дағдысы; Грамматикалық категорияларды коммуникативтік қажетке жарату.
|
|
|
|
Мәденеттану: Әлемдік мәдениеттің құндылығы мен Қазақстан Республикасы мәдениетінің құндылығын ажырату.
|
|
|
|
Философия: Философияның адам өміріне ықпалы, микро жайлы түсінігі, діни көзқарастың ғылыми; Ойлау қабілетінің ғылымилығы мен заңдылықтары; таным мен сезімнің ғылыми-философиялық тұжырымы; әлеуметтік тәжірибенің түрлері; Шығыс, Батыс, Қазақ елдерінің философиялық көзқарасындағы ерекшеліктер мен үндестік; техникалық-мағлұмнама дәуірінің философиялық тынысы; қоғамның дамуына философияның әсері.
|
|
|
|
Әлеуметтану: әлеуметтану тарихы, оның даму сатысы; қоғамның әлеуметтану мәдениеті, өзгерістері, қоғамдық қарым қатынаста әлемтану ілімінің құндылығы, оның экономикаға әсері, тұлғаның субъективті белсенділігі.
|
|
|
|
Экономика; қоғамдық сұраным, бағаның деңгейі, мектепті шаруашылық есебіне ыңғайлаудың заңдылығы; рентабельділігі, оқушылардың білім сапасын, өзін-өзі қамтамасыз ету қырынан қаражат жию
|
|
|
|
іскерлік дамытуы; түбінде қоғамға қажетті мамандықтың сұранымын зерделеуі;
|
|
|
|
Саясаттану: нысанасы, пөні, әдістері, оның әлеуметтік-гуманитарлық жүйеде алатын орны, саясат оқудың тарихы, мемлекет басқару ісінің заңдылығы, идеологиясы, Қазақстан политологиясын басқа елдермен салыстыруы.
|
|
|
|
Психология және педагогика. Психология нысанасы және пәні; субъектілер ара-қатысы, ақиқат деңгейі, психика мен адам ағзасы, психиканың жан мен тәнге жіктелуі, тәртібі, қызметі, әлемдік шындықты тануы, адамдар арасындағы қатынас, еріктілік, жауапкершілік, жалпы, жалқы ерекшеліктері.
|
|
|
|
Педагогика: пәні, біліктіліктің мақсаты және тәрбиелілік, педагогтың мұраты, әдістері мен тәсіл-құралдары, дидактика қағидасы, әдіснамасы, шаңырақ құруы, отбасын ұстай алуы; отбасы, этнопедагогикасы, педагогтың іскерлігі.
|
|
|
|
Құқық негізі: Мемлекеттік құқықтың конструктивтілігі; әділет заңдылығы, қорғаныс қағидалары, мамандыққа қатысты ережелері мен құжаттары, жекелену құлқылығы, оның қорғалу заңдылығы, тұрмыстық атрибуты, еңбек тәртібінің кодексі, жазалануы, марапатталуы, сот, прокурор, тергеуші, адвокат қызметтерінің маңызы;
Құлықтың шетел деңгейіндегі көрінісі.
|
|
|
|
Денешынықтыру: Денешынықтырудың кәсіптік мамандыққа көмегі; Салауатты, санатты өмір сүруге ықпалы; Денешынықтырудың әр адамның мүмкіндігіне сәйкес рөлі.
|
|
|
|
Информатика: Компьютермен өздік жұмысы; Информатика жайлы түсінігі; Мағлұмнама жиюы, оны сұрыптауы; Мағлұмнаманы пайдасына жаратудағы техникалык және бағдарламалық құралдары; Алгоритмге қазақ тілі мен әдебиет пәнін салуы және оның бағдарламасын сараптауы; Бағдарлама тілінің ең жоғары деңгейі: Компьютерлік графика, матрица, пішіндер, қажетті материалдарды жіктеу мен олардың белгілерін табудың әдістері. Сабақ беру үрдісінде техникалық жабдық.
|
|
|
|
Экология: Адам және биосфера; биосфера құрылымы жүйесі, орта мен организмдегі өзара байланысы, адам денсаулығының экологиясы, қоршаған ортадағы кездесетін өзекті мәселелер, табиғи байлықтарды ұтымды пайдаланудың экологиялық қағидалары және табиғатты қорғау, табиғатпен байланысты экономикалық негізде жүзеге асыру, экологияны қорғаудың технологиясы, экологиялық құқық, кәсіптік жауапкершілік, халықаралық ынтымақтастықтың қоршаған ортаға ықпалы.
|
|
|
Авторлық ұжым: мемлекеттік стандарт
0307 «Қазақ тілі мен әдебиет» және 0308 «Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілі мен әдебиет» мамандығының ғылыми-әдістемелік кеңесі:
- қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.г.д., профессор Қ.П. Жүсіпов;
- қазақ филологиясы мен шет тілдер факультетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрайымы п.ғж., доцент Е.Ө. Жұматаева;
С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің төрағасы, ПМУ-нің ректоры, профессор А.Д.Фрезоргер.
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және арнаулы оқу орындары басқармасының бастығы.
Д ҚОСЫМШАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы кафедрасы
«Әдебиетті оқытудың әдісі» курсына даярланған әдістемелік нұсқау
Даярлаған: п.ғ.д., профессор
Жұматаева Еңлік Өсербайқызы
Павлодар - 2012 жылы
Бекітемін Келісілді
ОҚЖ проректоры ФФ деканы
________________ _____________________
«___» ___________ 2012 ж. «___» ___________ 2012 ж.
Құрастырған: доцент, п.ғ.д., профессор Е.Ө. Жұматаева
Қазақ филологиясы кафедрасы
2011 жылғы 29 желтоқсанда өткен кафедра мәжілісінде бекітілді. № 5 хаттама.
Филология факультетінің 2012 жылғы 11 қаңтарда өткен оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды, № 3 хаттама.
Пәннің мақсаты мен міндеті
Әдебиетті оқыту әдістемесі - қоғамдық-саяси ойдың педагогикасы, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология және тағы басқа ғылыми салаларының дамуымен өзектес.
Мақсаты - сан жылдар бойы әдебиетті оқытудың әдісінен және педагогтық істе қол жеткен табыстарымызды білім берудің тірегі ретінде пайдаланып, нарықтық қоғамға сөз асылын, құндылығын тәрбиеленушілеріміздің ұтымды қолданымы үшін нәтижеге бағыттар әдіс-тәсілдерді, технологияларды дәрістер оқу мен тәжірибешілік әдіске қолдану.
Бірінші параграф. Көркем шығарма арқылы өзін тұлғалық деңгейге ұмтылдыру сәтін қамтамасыз ету жолдарын табу көзделеді.
Екінші параграф. Әдебиеттану антропология өрісіндегі орнын түйсіну және оны өз өмірінде дамудың қозғаушы күші ретінде бағамдау тиімді.
Міндеттері:
- әр сынып субъектісінің жақын аймағын, психологиялық ерекшелігін саралап, қызығушылық, мағынаны ажырату, толғаныс фазаларына лайықты іс-әрекетті талдайды (жобалайды, пішіндейді, құрастырады);
- әдеби нысаналардың (сынып бойынша) тақырыбын, құрылым-жүйесін, мазмұн-мүддесін, мұратын алдын-ала қарастырады;
- «ұстаз - оқушы» арасындағы қатысым өнерінің әдіс-тәсіл деңгейін күні бұрын болжайды;
- әр субъектінің эвристикалы-репродуктивті деңгейінің интериоризациясы (ішкі логикасы) мен суггестиві (ішкі сезімнің суреттік құбылыс) үнемі үзіліссіз өнімділікке бағытталуы назарда болады;
- әдістің, тәсілдің, амалдың, жолдың, технологияның әр түрлі үрдіс екендігіне мән беріледі, теориялық негізге сүйену көзделеді;
- тұтастық жүйе байланысындағы кіші бөліктердің ішінара өзектестігі үнемі естен шықпайды;
- әр жанрдың өзіндік ерекшелігі негізгі қызмет атқарады;
- әдебиеттің тарихы, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны әр сынып мүмкіндігіне қарай бір бірлікте қарастырылады;
- ірі дидактика мен кіші дидактика әдеби шығармалардың ішкі заңдылықтарына қарай құрылады;
- деректілік дерексіздікке ойысудың маңыздылығы шығармашылық қабылдаудың белгісі екеніне көңіл бөледі;
- шығармашылық деңгейдің өзі әр субъектінің тұлғалық сипатының нышаны болып табылатынына бағыт беріледі;
- әр ұстаздың шеберлігі әр субъектінің ішкі дамуы тұрғысында бағаланады.
Дәріс сабақтарының жіктелінуі
1 -тақырып
Әдістеме-ғылыми пән (2 сағат)
Мазмұны: Әдебиет пәнінің алар орны, өзгешелігі. Оның құрылым-жүйесі. Ғылыми негізі. Тарихтың маңызы. Оның әдіснамалық қазығы. Қисынның маңызы, оның оқытылу үрдісіндегі көрінісі. Әдіснамалық жүйесі. Сынының маңызы, оның оқыту үрдісіндегі көрінісі. Бұл категориялардың тұтастықта меңгерілуі. Басқа ғылым салаларымен сабақтастығы (филология, психология, педагогика, экономика және т.б.). Әдебиет оқытудың тарихи кезеңдері. Оның маңызы.
2- тақырып (2 сағат)
«Бесінші сынып оқулығын оқытудың әдіс-амалы, технологиясы» Мазмұны: Авторларға тоқтальш өту. Жалпы соңғы 2-3 жылдағы өзгерістің бары, не жоғы. Беташардың өзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранынан басталуы. Оны жатқа айта білу міндеті. Оқулықтың бөлімнен тұруы, әр бөлімнің кіші бөліктерінің ішкі өзектестігі, не алшақтығы. Жас ерекшеліктеріне қарай дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерді пайдалану мүмкіндігі. Әр нысананың әдеби талапқа сай өлшемдері. «Керқұла атты Кендебайды» бірінші деңгейге лайықтап өтудің пішіні т.б.
3-тақырып (2 сағат)
«Алтыншы сынып оқулығын оқытудың әдіс-амалдары, технологиясы»
Мазмұны: Берілген нысананы тұтастықта қабылдауы. Оқулықтың құрылым-жүйесі. Оның 5-сыныптан тереңдей түсуі. «Ауыз әдебиеті үлгілерінен, XIX г. II жартысындағы әдебиет», «XIX ғасырлағы қазақ әдебиеті». «Әлем әдебиеті» деген бөлімдерінің негізгі маңыздылығы. Блоктардың ішінара бөліктерінің дидактиқалық, философиялық тұрғыда сабақтастығы. Әсіресе, ауыз әдебиетінің екі саласының (фольклор, ауыз әдебиет) жіктелу заңдылығы, қисыны. Бұрынғы ертегіні «шыншыл» деген және т.б. ескі ұғымдардың «қабаттаспауы». Мәтінмен жұмыс жүргізудің бірнеше технологиясының пішіні. Өтілетін нысаналардың өлшемдік құрылымы.
4-тақырып (2 сағат)
«7- сынып әдебиетін оқытудың әдістері».
Мазмұны: Оқулықтың құрылым-жүйесі. Тұтастықта қабылдауы. Әдеби нысаналардың әртектілігі. Программалап оқыту әдісінің технологиямен ұштастығы. Оқушылардың түйістеу, жіктеу, талдау, жинақтау, саралау, даралау, жаттыққандық қабілеттерін ұштаудың мәністері.
Сөздік қорды әдеби субстанциялардан меншіктеу, өзінің сөйлеу қорына қоса білу дағдысын ұштаудың амалы. Деңгейліктердің өлшемдерін студенттердің автордың мұратымен қабыстыра құрастыра алу шеберлігі.
Былайша айтқанда, бірінші деңгей - жанрлық, жіктемені ұстана отырып, тақырыбын, мұратын, автордың негізі мұратын, құрылым желісін, көркемдегіш, бейнелегіш өрнектерін оқушылардың бұрмаламай меңгеруі.
Екінші деңгей аталғанның бәрін меңгеріп, оған өзінше тұжырым, бағам, түйін, пікір құрыстыруы.
Үшінші деңгей - алдыңғы екеуіне өзінің шығармашыл өнерін қосуы.
Осындай деңгейліктер мен өлшемдердің арақатысының қосындысында мектептердің «жалпы білім», «лицей», «гимназия» сияқты жіктемеге саралануы.
Оқушылардың парадигмалық дамуы оның қабылдау әдісі мен түйістеуінің қосындысы екендігі. Сөздің өнер шыңына жетуінің сыры.
Ә.Қоңыратбаевтың кейіпкерлерге мінездеме беру әдістерін бүгінгі тсхнологияға қолдана білуі.
8-сыныпқа ыңғайлау мақсатында 7-сынып оқушыларына «Қамбар батыр» жырын оқытудың педагогикалық технологиясын толық пішінімен берілуі.
5-тақырып (2 сағат)
«8-ші сыныптың әдебиетін оқыту әдістері»
Мазмұны: Бұл оқулықтың басқа оқулықтарға қарағанда жүйелілігі, тиімділігі оқушылардың жас ерекшелігіне үндестігі, дидактикалық талап-мүдделерге сәйкестілігі. (Ы. Ғабдуллин, С. Мақпыров, Ғ. Құрманбаева).
Оқулықтың құрылым-жүйесі.
«Сырым мен Малайсары» тақырыбын өтудің дамытпалы педагогикалық технологиясының толық пішіні.
Дулат Бабатайұлының «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңін оқытудың дамытпалы педагогикалық технологиясының толық пішіні. Оларға оқушылардың ықтимал жауаптарының үлгісі.
Абай Құнанбайұлының «Он жетінші» қара сөзінің қабылдану технологиясының пішіні.
Әдебиеттік қисыннан әдебиеттің тегі мен әдістерінің қабылдану пішіні.
6-тақырып (6 сағат)
«9-сыныптың әдебиетін оқыту әдістері»
Достарыңызбен бөлісу: |