СЕЗІМ
№1 Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы.
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды...
№2 Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,
Үзілмес үмітпенен бос қуарлық.
Әйтеуір ақсақалдар айтады деп,
Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығарлық.
№3 Жігіттер, ойын-арзан, күлкі - қымбат.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе,
Қырмызы, қызыл жібек бозбалалар.
Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе.
Керек іс бозбалаға - талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келеді, көзге сынық.
Тату, біріңдікін бірін жеткіз шын көңіл (күншіл
болма) Қиянатшыл болма, біріннің сөзіңді сөйле,
Бір-біріңді сыйла, жолдас, сұқбаттас.
Сырды сыртқа жаймас, артыңнан бір ауыз сөз
айтып күлмес, зинақор болма жігітпін деп, көркі
бар деп жақсы көрме. (Әйел жақсы болмайды
көркіменен).
Мінезіне көз жетпей көңіл бөлме!
Шу дегенде көрінер сұлу артық,
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Ақыл керек, іс керек, мінез керек
Ері ақылды, қатыны мінезді боп,
Тату болса, райыс (рақат) үстіндегі үй.
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
№4 Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ.
№5 Жаз.
№6 Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз кәдірін жұртты шарлап...
Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,
Көнгенім-ақ, соған деп жүр табандап.
Кісімсіген, жеп кетер білімсіз көп,
Жіберсем, өкпелеме көп жамандап.
Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап.
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
№7 Күз
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.
№8 Қыс
Дем алысы үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
№9 Желсіз түнде жарық ай.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?
№ 10 Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Сыртын танып іс бітпес сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,...
№11 Ғашыктық, құмарлық пен ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
№12 Қор болды жаным,
Сенсіз не менің күнім.
№ 13 Сен мені не етесің?...
Ет жүрек өртенді,
От боп жанып,
Жалын салып.
Ішіме,
Иттей қормын,
Зармын,
Сен үздің ғой бұл желкемді.
№14 Айттым сәлем, Қаламқас.
№15 Қыз сөзі.
№16 Білектей арқасында өрген бұрым.
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды,
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?
№17 Жарқ етпес қара көңілім не қылса да.
Жар тайып, жаксы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табылса да.
№ 18 Өзгеге, көнілім, тоярсың.
№19 Кейде есер көңіл құрғырың.
Махаббат - өмір көркі рас,
Махаббатсыз - дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
№20 Жазғытұры.
Қара тастан басқаның бәрі жадырап,
Тамашалап қарасақ тәңір ісіне,
Бойың балқып, ериді іште жігер.
Ай жұлдызға жылы жел хабар беріп,
Жан-жануар қуанар тойға еліріп.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өңіне шырай беріп.
№21 Асқа, тойға баратұғын.
Жара басты кеудені,
Жаудан өлді ар үшін,
Ескермей өзге дүниені,
«Аһ» деп өтті жар үшін.
№22 Қызарып, сұрланып.
№23 Көзімнің қарасы.
№24 Ғашықтық тілі - тілсіз тіл.
№25 Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа.
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды,
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.
Жас балаша көңілді жақсы уатар..
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар...
Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,
Алды ойын, арт жағы мұңға жуық.
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен...
№26 Көк ала бұлт сөгіліп,
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іс жанар.
№27 Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған.
Кісіге сән бе екен?
Құлақтан кіріп, бойды алар.
Тағы сене бастаймын.
Күнде алдағыш қуларға,
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?
Жүрегім, нені сезесің?
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің.
Жүрек-теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас.
Домбыраға қол соқпа.
Көп қинама әрнеге,
Енді семіріп жем тауып!
ІІайдаланған әдебиет: Абай Құнанбаев. Шығармалар. Екі томдық. Жазушы баспасы, Алматы, 1968.
Абайдың қара сөздерін танудың әдіс-амалдары
1 сөз. Ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім.
2 сөз. Сартты көрсе, күлуші еді арқадан, үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, ноғайды солдат ноғай, орысқа күлуші ед, ауыл көрсе, шапқан, жаман сасыр бас орыс деп.
3 сөз. Қаскүнем бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғын, қызметке таласқыш, жалқау.
Бұл билік біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді.
Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есімханның ескі жолын, әз Тәукенің күл төбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысьн» білмек керек. Әм ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергеңдігінен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, толысу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.
4 сөз. Әрбір орынды хәрекет өзі де уайым қайғыны азайтады.
5 сөз. Бірқатар мақалдарға сын айтады да, үлкендерді балалардан несі артық. Бала ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды дейді.
6 сөз. Өзің тірі болсаң да, көкірегін өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.
7 сөз. Жан азығы және тән азығы. Көңілде сезім, көкіректе сенім жоқ. Тән жанға үй болса, адамның хайуаннан несі артық?
8 сөз. Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат
тыңдайын деген ойы болса, ол орынға саясат та жүрмес еді.
9 сөз. Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көремін десем, оның бірде-бір жақсы көрер қылығы жоқ. Жек көрсем көшіп кетуім керек еді.
10 сөз. Құдайдан бала тілейді. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында баланды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?
11 сөз. Елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі-ұрлық. Ұрыға атымды сатып «пайдаланам» деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр.
Екіншісі - бұзақылар. Біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, ... қыздырып алып, өзіне біраз ғана азық қылайын деп жүр.
12 сөз. Ғибадаттың 2 шарты бар:
1) Иманның сенімі, беріктігі;
2) Үйренген үстіне үйрене беру. Салғырттың иманы бар деп болмайды.
13 сөз.
1) Иман келтіру;
2) Көңілін иманнан тайдырмау. Біреуге еріп кетпеу.
Иманға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек. «Құдайтағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.
14 сөз.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздықтан ақылдың сөзін аларлық жүректе жігер, бақ жоқтығынан азады.
15 сөз.
Есті адам орынды іске қызығады.
Есті адам ақылды қолдан жібермейді.
Есті адам болсаң, бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал.
16 сөз
Дінге беріліп емес, «білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді.
17 сөз.
Жүрек
Қайрат Ақыл
Үшеуі ғылымға жүгінеді, сонда ғылым жүректі ерекше бөліп оған қайрат пен ақыл бағынсын дейді.
18 сөз.
Кербездің екі түрі бар. Жұртты таңқалдыру. (Кербез) Бұл -ақымақтық.
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
19 сөз.
Ата-анадан туғанда есті болмайды. Естілердің сөзін парасаттаса ғана, адам есті болады.
20 сөз.
Жалығу адаммен бірге жаралған, жалығу ойлы адамнан шығады.
21 сөз.
Мақтанның 2 түрін білемін. Біреуі - үлкендік. Бойын әдепсіз арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өтірікші, алдамшы, кеселді -осы мінездерден сақтану үлкендікке апарады. Бұл мінез ақылдылардан шығады.
Екінші мактаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, «десін» деп азаптанып өмірден өтеді. Мұндай мақтаншақ үшеу. Біреуі-жатқа мақтанарлық. Екінші-өз елінің мақтаны. Үшіншісі - үй мақтаны.
22 сөз.
Болыс-билерге сынмен қарайды.
«Ырыс баққан - дау бақпас».
23 сөз.
Бір қуанып, жұбанып. Өзінен төмен тұрғандармен салыстырып, біресе жұбатады, біресе қуанады.
24 сөз.
2 млн. қазақ бар. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді бірміз аңдып өтеміз бе?
25 сөз.
Орыс тілі туралы. Билік орыста болған соң, енді орысша оқымасқа амал жоқ. Сол себепті орыс тілін еліне қорған болу үшін, намысын қорғау үшін, ілгерішіл мәдениетін елге тарату үшін, үйрену керектігін айтады.
26 сөз.
Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады. Және есі шығып қуанады.
27 сөз.
Сократ хакімнің сөзі.
Сократ хакім және Аристотель ғалымның сұхбаты.
Аристотель Сократ ұстазына:
Гомердің бәйітіне, Софоклдің трагедиясына, Зевсистің
суретшілігіне таңқалдым. Көз, мұрын, кірпік, т.б. мүшелердің қажеттілігіне тоқталады. Олардың рөлін айқындайды.
Адам өз - өзіне септесе, адамды да хайуан секілді жаратса, ешнәрсеге жарамас еді.
28 сөз.
Есті, ессіздік деңгей.
29 сөз.
«Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақалдарды талдайды.
30 сөз.
Мақтан. Кімнен кім артық дейсің деген түйінді сынайды.
«Ұялмас бетке, талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы.
31 сөз.
Естіген нәрсені ұмытпас үшін 4 түрлі себеп бар: 1) көкірегі байлаулы берік болу; 2) сол нәрсеге ғибратлану (үлгілеу); 3) сол нәрсені бірнеше рет қайталау; 4) ой секілді кеселді нәрселерден қашық болу.
32 сөз.
Ғылым үйрену.
1) Ғылымды қажеттіліктен іздеу керек;
2) Ғылымды ақиқат пен мақсаттан іздеу;
3) Ыждаһатпен хақиқатқа жету үшін іздеу;
4) Кеселді нәрседен қашық болу керек; дайынсыз, қайғысыз, салғырттықтан қашық болу керек;
5) Ғылымды, ақылды сақтайтұғын-мінез.
33 сөз.
Түзден өнер іздемейді.
Ерінбей бір істі істей беру керек.
Қу тілге алданғыш, тамыршылау келеді. (Орыс досты).
Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болғандығы қалай?
34 сөз.
Құр «ой тәңірі-ай!» деп таласа бергеннің несі артық.
35 сөз.
Дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамау үшін керек.
36 сөз.
Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігінді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты.
37 сөз.
23 лүғат. Түйіні: «Бағың өскенше, тілеуіңді ел тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің».
38 сөз.
Мінез. Махаббат - әуелі адамның адамдығы. Бұл үшін 1) хауас (жақсы сезім керек), 2) тән саулығы, 3) талап, ұғым махаббат шығады. Ғылым-білімге махаббат әлгі 3-уінен. Басында зорлықпен, яки алдаумен үйір қылу керек. Таниды, пайдасын алады. Қиянатшылдардан бәһра (пайда нәтиже) жоқ. Олар кәмелет (жетілу, толығу) таппайды. Иманы (сенімі) жоқ.
Хақиқат пен растық - қиянаттың дұшпаны. Жақсылыққа ұмтылу 8 қасиет арқылы жүзеге асады:
1) хаят-тіршілік;
2) ғылым;
3) құдірет - күш;
4) Бисар - көру, көруші;
5) Сәмиғ - есту, естуші;
6) Ирада - тілеу, қалау;
7) Кәлам – сөйлеп, сөйлеуші;
8) Тәкин - болдыру.
39 сөз.
Ата-бабаның 2 мінезі жақсы.
Топ басы. (Бас басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің). Намысқорлық. Намысты жоғары ұстаушылық.
40 сөз.
Жас кезінде баласын мәпелеп, өскен соң суық тартатыны несі? Елді пысық билейтұғыны несі? Пысықтың бәрі кедей келетұғыны несі? Досының дұшпан болатыны несі?
Қариялардың бір-бірімен келіспейтіні несі?
Тоқал қатын ер келетұғыны несі?
Нәпсісін тоқтатқан адамның жаман, нәпсісі билеген кісі мықты атанатұғыны несі?
Өтірік сөзге шаруасын тастап, сүттей ұийтыны несі?
41 сөз.
Ақыл берем, түзеймін деген адамға екі нәрсе керек:
1) Бек зор үкімет керек, жарлық қолында болу керек,
2) Есепсіз бай болу керек.
42 сөз.
Амалшылыктын жолын үйрету. Қазақтың жамашылыққа үйір болатұғыны жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, сауда жасаса, қолы тиер ме еді.
43 сөз.
Тән, жан.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол - көп жиғаны бар адам: Бұны ақылды дейміз. «Құдайтағала өзі ақыл бермеген соң қайтейін?» деген нағыз надан. Ойсыз, өнерсіз.
Талап әрбір балада бар; оған талас қылуға болмайды. Талапты ескермесе, (ортасы) ол жоғалып кетеді. Өнерді күнде тексеру керек. Жан азығы - ішкі қозғаушы элемент.
Ұқсағанды тексеру, жүректі тазалау,
1) мактаныштык,
2) пайдакүнемділік,
3) жеңілдік,
4) салғырттық секілді 4 нәрсемен кірлетпеу керек.
1) Ғылым.
2) Дәулет. Бірінің өлшеуі бар. Бір тектестердің тартымдысы. Пайда-зиянды ажырататын - ақыл.
44 сөз.
Ең жаман адам - талапсыз. Көкірегі тазалау, ғибадат қылу керек.
45 сөз.
Біз жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз.
Адамшылық:
1) махаббат;
2) ғаделет;
3) сезім.
Сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол ғақлия.
Көзбен көру, ақылмен білу, жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көрмекпіз, ақылмен білмекпіз.
Міне, жоғарыда келтірілген қара сөздердің ғақлия түйіндері кілтті сөздерді тірек ететін жаңа технология негізінде берілді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дидактиканың философиялық негізі әдістеме сипатында қаланды. Әдістеме ғылымының шығуы - әлемдік педагогиканың даму қарқынына тікелей бағынысты құбылыс. Қоғамдық кезеңдер алдымен жалпы жұртты қауымдастырды. Сол себепті алғашқы қауымдық құрылыста әдістеме өте қарадүрсін, қарапайым, тек тамақ табу мен үстіне лыпа жабу үрдісіндегі әрекет дәрежесінде көрініс береді.
Рулық формацияда білім мен тәрбие кіріккен формада өмір сүріп, тәрбиенің әдістері басымдық рөлде болады.
Құлдық қоғамда мемлекет деңгейінде тәрбие мен білім игеру мүмкіндігі туады. Тәрбие басымдық рөлін жоймайды;
Феодалдық қоғамда білім мен тәрбие діни тұжырым негізіне құрылады. Діни жорықтар, діни бағыттағы ұстанынымдар ғылыми және прагматикалық, фанаттық деңгейліктерге жіктеліп, алдыңғы қоғамдарға қарағанда, әдістің ішкі динамикасы дидактиканың негіздері сапасында қаланады.
Әдістеменің алғаш рет толыққанды пайда болуы, оның дидактикасының қоғамына, уақыты мен кеңістігіне сәйкес діни жаңа философиялық тұжырымның пайда болуы Джон Локтан басталады. Нақтылап айтсақ, ойлау операциясының жинақтау, топшылау, деректермен дәлелдеу, қорыту, ұғымдардың іліктестігі (бернелеу), нысандарды тұтастықта сақтау, кіші бөліктерді бір тарауға қосу сияқты әрекеттерге ғылыми мән, айқындама беріледі.
Мұнан кейін алгоритммен берілген барлық әлемдік педагог-данышпандардың әдістеменің дидактикалық философиясы жайлы ой-түйіндері салыстырмалы, аналитикалы тәсілмен талданады.
Нағыз Ұлы Дидактиканың ішкі құрылым-жүйесінің заңдылықтары мен қағидаларын зерттеп, тәжірибеге енгізген, әлі күнге дейін әлемдік педагогика сол желіден қол үзіп кете алмай жүрген құдірет иесі - Я.К. Коменский.
Әдебиетті құр технология құрылымына вербалъді әдіспен бағдарлап өткізуге болмайды. Ол үшін әдеби нысаналардың құндылық деңгейін, парадигмасын шығарып алу көзделеді. Бір сөзбен айтсақ, гуманитарлық мұратты, мазмұнды әдебиеттің теориясын, әдебиеттің тарихын, әдебиеттің сынын бірлікте алып, дидактиканың біртұтас философиялық тағылымын сұрыптау қарастырылады. Осы мұратты айқындау мақсатында әдебиетті оқытудың дидактикалық философиясы жай әдістерге бағынбайтыны аңғарылады. Олай болса, мұның теориясы - педагогикалық технология мен бүгінгі модернизацияны өмірге әкелуге басты қозғаушы күш.
Аталған тағылым мен теорияның моделі тек әлемдік педагог-даналардың еңбектерінде ғана емес, ол ұғым-пайымдарды, дидактиканың философиялық негізіне бағындыра отырып, өз шығармашылығымен бүкіл әлемге мәшһүр болған, Ата Мұра - Асыл Мұра бабаларымыздың еңбектеріне технология принципімен аналитикалы тәсілмен талдау жасалып, әдістемелер мен педагогикалық технологиялардың нысаналар сапасындағы дидактиканың философиясыз тұл екеніне, оның ешбір мәнінің жоқтығына көзімізді жеткізеді. Былайша айтқанда, субъектінің құр технологиялар мен әдіс-құралдардың прагматикалық (меңгерген теориялық білімін іс-тәжірибесінде қолдану) мақсатта қолданғанымен, нәтижеге жете алмайды. Меңгертуге тиісті пәнін, ілімін оқытушы-субъект жан-жақты теориялық тұрғыда өзі меңгерген сәтте және оның дидактиканың философиясы бар ма - деген сұрақ қою мүддесінде қарастырылғанда ғана өнімді нәтиже болады.
Бүгінгі мен кешегі уақыт пен кеңістікке орай өмірде қолданылған әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологиялардың әдістерге, оқу мен оқытуға, нақышты тұстарына талдау жасалып, аналитикалы пайым-тұжырымдар сұрыпталады. Мұнда әрі теорияның, әрі прагматикалық дәйекті дәлелдер сараланады, салыстырылады, өзекті мәселелердің шешуі зерттеу жобалары мен нақты сараптаудан өткен іс-тәжірибелердің топтамалары беріледі. Олар: педагогикалық технологиялардың теориялық маңызы, тәжірибеде қолданым аясы, тұжырымдардың үлгісі, талдаулардың моделі, мақалалардың жанрлық құбылу мәністері, қабылдаушы субъектінің психологиялық іпікі құбылыстарын айқындайтын жалпы, ұлттық, әлемдік психофизиологиялық үрдістердің пайымға әсерінің болуы жайлы түйіндер т.б.
Бұл нысананың бастауы + көзі: «Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбымен қорғалған кандидаттық диссертация (1995 ж.). Мұнда ұлттық патриотизм мен патриотизмнің моделі айқындалады. Осы пайым мен ұстаным дамытыла, жоғары иерархияға бағыттала келіп, «Ерлік - елдік туы» деген кітабымызда Бауыржан Момышұлының ерлік жайлы ғылыми тұжырымдары мен ашқан жаңалықтары сұрыпталып, оның классикалық мәні ешқашан өшпейтіні жайлы болжам жасалады.
Оқытудың бүгінгі және алыс болашаққа бағытталуының бір мәні - білік пен ғылым деңгейін тексеріп отыру. Мүндай сараптау әрекетін, танымдық қызметін ұйымдастырудың жолдарын ғасырлар бойы зерттеп келгені белгілі:
- XX ғасырда педагогикалық тесті жүйесін американдық ғалым Э. Торндайк және Д.Ж. Райс құрған (интеллекциялы әлеуетті зерттеу);
- П.Л. Келлея (жобалау жүйесін зерттеу);
- 1930 - 1950 жылдары тестімен тексеру саябырсып қалады;
- 1960 - 1980 жылдары қайтадан тестімен тексеру өрлей түседі;
2000-2001 жылдары тесті құрудың біртұтастык жүйесі
модернизациялау талабына негізделеді.
Ойымызды жинақтасақ, программалап оқыту - аналитикалы тәсілдің біртұтастық жүйесін қадағалайтын оқытудың түрі. Соңғы нәтижеге жетудің ғылымилығын, процессуалды-сараптамалық, процессуалдық-танымдық, ізденімпаздық секілді әдіснамалық заңдылықтарды ұтымды пайдаланудың маңызын айқындауға мүмкіндік беретін - тестілер модульді оқыту екенін айқындады.
Программалап және модульдеп оқытудың ішкі құрылымында проблемалап оқыту процесі өз-өзінен қатар жүзеге асады. Оның негізгі атқарар функциясы - зерттелуге, меңгерілуге тиісті нысаналардың көздейтін мұраттарын анықтап, қайшылығын тауып, шешімінің айқын сұлбасын жіктеу. Осындай пайым-бағам бар жерде үш оқыту модернизация талабына сай интегралды сипатта ұдайы даму қарқынының дұрыс құрылатынына көз жеткізеді.
Жалпыпедагогикалық, дидактикалық технологияның кіші жүйелері: мақсат, мазмұн, құрал, әдіс, амал-жол, меңгеруге тиісті студенттің қызмет танымының шапшаңдық деңгейінің алгоритмі, нысананың басты ұстанымы, т.б.
Қорытындыласақ, мынандай кіші жүйелердің жиыны шығады:
- пәннің ішкі мүмкіндігі, жеке пәнге қатысты әдіснамалық деңгейдің болжамы;
- модульді деңгей пән оқулықтарындағы ірі тараулардан күтілетін жауаптарын алдын-ала жобалауы.
Модернизация мүддесіне ыңғайланып құрылған технологиялардың ішкі сипаты - философиялық негізде болуы. Оның ішкі жүйесін құрайтын сапалар:
- тұжырымдық әлеует;
- мазмұндық білім (оқыту мақсаты, жалпы және нақты);
- процессуалды білім.
Әдіснамалық сапасы. Пәннің үлкен жүйесіндегі логикалы пайымды дамытарлық жекелеген мұраттардың басын қосатын, сараптауға мүмкіндік беретін технологиялық картаны құру - әдіснама сапасының алғашқы шарты.
Оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесінің алгоритмі:
- ғылыми негіздерден құрылған қор;
- пәннің кіші жүйелерінің өзара бірлігі;
- оқыту процесін басқаратын шеберлігі;
- нәтижелілікті көздейтін ұтымды амалдарды, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануы.
Оқытудың дидактикалық біртұтас жүйесінің теориясы танымдық процестің даму өрісінде жинақталады. Даму өрісі әр түрлі педагогикалық технологияларды оқытудың мазмұнына негіздеу барысында айқындалып, жеке тұлғаның ішкі мүмкіндіктерін дәл анықтау тұрғысында жоғары басқышқа көтерілетіні зерттелім нысаналарында талданып беріледі. Жеке тұлғаның құрылымы ақпараттық ыңғайға бейім келетінін ескерсек, оның мұраты ізгіліктендіру, жалпы деңгейлікке ынталандыру, дидактикалық бірліктерді орталықтандыру процесін алғы мақсаттылықты айқындап, жіктеп беретіні анықталды.
Ізгілік мәртебесін жүзеге асыратын қоғамдық-гуманитарлық пәңдердің жалпы топшылаудан тұрмайтындығына толық көзіміз жетті.
Оның талап-мүддесі:
- орындалымның нақтылығы;
- айқындылық;
- матрицалар мен схемалардың дәл сұлбасын құрастырушылық;
- сол пәннің өзіне тән стилімен құрушылық;
- ұсақ бөліктердің өзара бірлікте келуін табушылық;
- хронометрі мен хронотоп ауқымын дәріс уақытына дәл үйлестірушілік;
- орындалым шеберлігін ширатушылық;
- үлгісін толық сақтаушылық;
- ішкі мазмұнынан туатын сарынды сұрыптаушылық;
- мазмұнға түр берушілік;
- ғылыми ой-түйіндерді саралап алушылық;
- өзінің пайымы мен тұжырымын алгоритмдеу қабілетін дамытушылық.
Қорыта келгенде, ұлықтап отырған нысананың маңызын ашу процесінде ғылым мен білім меңгеруші үнемі ой-тұжырым, лексикалық қор, мәдени деңгей жияды. Нәтижесінде, өзі де шығармашыл өнім жасауға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |