15
RGB түстік моделі
RGB түстік моделі аддитивті болып табылады, яғни кез келген түс әр түрлі
деңгейде үш негізгі түстің – қызыл (Red), жасыл (Green), кӛк (Blue)
қосындысынан тұрады. Ол – электрондық түрде кӛрсетуге арналған
(мониторда, телевизорда) компьютерлік график құру мен оны ӛңдеуде негізгі
қызмет атқарады. Негізгі түстің бір компонентін, екіншісінің үстінде қолдануда
сәулеленудің сомалық жарықтығы ұлғаяды. Үш компоненттің араласуы,
жарықтығын ұлғайтқан кезде ақ түске жақындайтын ахроматикалық сұр түсті
береді. Ӛңнің 256 градациялық деңгейінде қара түске RGB–дің нӛлдік мәні, ал
ақ түске (1,1,1) координатымен ең жоғарғы мәні сәйкес келеді.
HSB түстік моделі
HSB түстік моделі адамның түс қабылдау ерекшеліктерін жан-жақты есепке
ала отырып жасалған. Ол Манселдің түс шеңбері негізінде тұрғызылған. Түс үш
компонентпен: ӛңмен, қанықтылықпен, жарықтықпен сипатталады. Түстің
мәнін шеңбердің центрінен шыққан вектор түрінде таңдайды. Центрдегі нүкте
ақ түске, ал шеңбердің периметріндегі нүктелер – таза спектрлі түстерге сәйкес
келеді. Вектор бағыты градуспен беріліп, түстің реңін сипаттайды. Вектордың
ұзындығы түстің қанықтылығын сипаттайды. Ахроматикалық деп аталатын
ӛсте жарықтығы беріледі, бұл жағдайда нӛлдік нүкте қара түске сәйкес келеді.
HSB моделінің түс қамтуы нақты түстердің бізге белгілі барлық мәндерін
қабылдайды. HSB моделін компьютерде бейне құруда суретшінің жұмыс
әдістерін имитациялау мен құралы ретінде қолдану қабылданған. Қаламсап,
сауыт, кисттерді имитациялайтын арнайы программалар бар. Олар арқылы әр
түрлі тұстармен және бояулармен жұмыс имитациясы қамтамасыз етіледі.
Бейне құрғаннан кейін жарияланым түріне қарай оны ӛзге түстік модельге
түрлендіру ұсынылады.
СМYK түстік моделі
CMYK
түстік моделі субстрактивті болып табылады және оны
жарияланымды
баспаға
дайындауда
қолданады.
СМҮK-дің
түстік
компоненттеріне ақ түстен бӛлініп алынған негізгі түстер қызмет етеді.
кӛгілдір (cyan) = ақ – қызыл = жасыл + кӛк
күлгін (magenta) =ақ – жасыл = қызыл + кӛк
сары(yellow) = ақ – кӛк = қызыл + жасыл
Мұндай әдіс түпнұсқадағы баспадан шағылған сәуленің физикалық
табиғатына сай келеді. Кӛгілдір, күлгін және сары түстерді толықтырушы деп
аталады, себебі олар негізгі түстерді ақ түске дейін толықтырады. Бұдан СМҮK
түстік моделінің басты проблемасы – толыктырушы түстерді іс жүзінде бірінің
үстінде бірін қолдану таза қара түсті алуға мүмкіндік бермейтіндігі келіп
шығады. Сондықтан да түстік модельге таза қара түс компоненті қосылған.
СМҮК түстік моделінің аббревиатурасындағы тӛртінші әріп (Cyan, Magenta,
Yellow, black) осылайша пайда болған. Түрлі-түсті компоненттерлік бейнені
полиграфиялық құралда басу үшін СМҮК түстік моделінің компоненттерімен
сәйкес келетін құрамдас бӛліктерге бӛлу қажет. Бұл процесті түс бӛлу деп
атайды. Нәтижесінде түпнұсқада компоненттің түсінен тұратын тӛрт жеке
бейне алынады.
16
Түстік палитра
Компьютерлік графикадағы электрондық түстік палитра мақсаты бойынша
суретші палитрасына ұқсас, бірақ мұнда анағұрлым кӛп түс қолданылады.
Электрондық палитра әрқайсында жекелеген түс рендері бар қандай да бір
ұяшықтардан тұрады. Нақты бір түстік палитра қандай да бір түстік модельге
жатады, себебі ондағы түстер сол модельдің түс кеңістігі негізінде құрылады.
Дегенмен егер түстік модельде онда сипатталатын барлық түсті кӛрсетуге
болатын болса, түстік модель стандартты деп аталатын түстердің шектелген
жиынынан тұрады.
Компьютерлік графиктерді құруға және ӛңдеуге арналғаң программалар
ережеге сай RGB, HSB, CIELab, CMYK түстік модельдеріндегі бірнеше түстік
палитраларды таңдауыңызға ұсынады.
RGB түстік палитрасының құрамы таңдалынған түстік кӛрсетілімге -24, 16
немесе 8 битке тәуелді. Соңғы жағдайда түстік палитра индекстік деп аталады,
себебі әрбір түстік рең пиксел түсін емес, түс индексін (нӛмірін) білдіретін бір
ғана санмен кодталады. Осылайша индекстік палитрада құрылған түрлі–түсті
бейне файлына, компьютерлік графиканы ӛндеу программасына нақты қай
палитра қолданылатындығы белгісіз болғандықтан, палитраның ӛзі қоса
жазылуы керек. Интернетте жариялауға арналған бейне түстердің қауіпсіз
палитрасы деп аталатын палитрадан құрылады. Ол әуелде аталған индекстік
палитралардың бір нұсқасы болып табылады. Бірақ Web графикадағы бейне
файлдарының кӛлемі кіші болу керектігі ескеріліп, оның құрамына индекстік
палитраны қосудан бас тарту қажет болады. Ол үшін «қауіпсіз» деп аталатын,
яғни кез келген құрылғыда түстердің дұрыс кӛрінуін қамтамасыз ететін, бірегей
палитраны қолдануға мүмкіндік беретін бірегей белгіленген түстер палитрасы
қабылданған. Қауіпсіз палитра IBM PC класына жатпайтын компьютерлермен
сәйкестік талаптарынан туындайтын шектеулерге байланысты бар-жоғы 216
түстен тұрады.
2. ADOBE PHOTOSHOP ПРОГРАММАСЫНДА ОРЫНДАЛАТЫН
ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Практикалық тапсырма №1. Көлемді батырмалар құру
1-әдіс. Жаңа файл құрыңыз (фонның түсі - ақ).
Шеңбер салыңыз. Фон түсі - қызыл, ал алдыңғы түс – қара қылып алдын-ала
таңдап алып, бӛліп алынған шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Мәзірден Выделение
Модифицировать
Сжать командасын таңдаңыз.
Қарама-қарсы бағытта жаңа шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Батырмаға әріп, сан немесе сӛз енгізіңіз. Кӛлеңкемен толықтырыңыз (1-сурет).
1-сурет (нәтиже)
Достарыңызбен бөлісу: |