Э. А. Абдыкеримова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/34
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


люминофорларындағы іргелес жатқан нүктелер арасындағы арақашықтық 0,22-
0,25 мм құрайды. 
Экрандық  кӛшірме  үшін  72  dpi,  түрлі-түсті  және  лазерлі  принтерде  шығару 
үшін 150-200 dpi, фотоқұрылғылар арқылы шығару үшін 200-300 dpi кӛрсетілім 
жеткілікті.  Баспаға  шығаруда  түпнұсқа  кӛрсетілімі  шығару  құрылғысының 
растр линиатурасына қарағанда 105 есе үлкен болуы керек деген эмпирикалық 
ереже  қалыптасқан.  Егер  материалдық  кӛшірмесі  түпнұсқаға  қарағанда 
ұлғайтылатын  жағдай  болса,  ұлғайған  мәнді,  кӛлемін  ӛзгерту  коэффицентіне 
кӛбейту керек. 
Басылған  бейненің  көрсетілімі  және  линиатура  түсінігі.  Қатты  денедегі 
(қағаз,  пленка  т.б.),  сондай  экрандағы  растрлық  бейне  нүктесінің  кӛлемі, 
түпнұсқаны  растрлеу  параметрлеріне  және  қолданылған  әдіске  байланысты 
болады.  Растр  торының  жиілігі  дюймдегі  түзу  (lines  per  inch  –  lpi)  санымен 
ӛлшенеді және линиатура деп аталады. 
Растр  нүктесінің  кӛлемі  әрбір  элемент  үшін  есептеледі  және  аталған 
ұяшық  түсінің  интенсивтілігіне  байланысты  болады.  Интенсивтілік  неғұрлым 
жоғары  болса,  растр  элементі  соғұрлым  тығыз  толтырады.  Яғни  егер  бір 
ұяшыққа  таза  қара  түс  кезіксе,  растр  нүктесінің  кӛлемі,  растр  элементінің 
кӛлемімен  сәйкес  келеді.  Бұл  жағдайды  100%  толтырылды  дейді.  Таза  ақ  түс 
үшін толтырылу мәні 0%-ды құрайды. Іс жүзінде элементтің толтырылуы 3-тен 
98%  құрайды.  Бұл  жағдайда  растрдың  барлық    нүктелері  шын  мәнінде 
абсалютті  қара  түске  жақындайтын  біркелкі  оптикалық  тығыздықта  болады. 
Анағұрлым  қою  түсті  иллюзия,  нүктелердің  кӛлемін  ұлғайту  есебінен,  растр 
элементтерінің  орталарын  біркелкі  қашықтықта  орналастыру,  олардың 
арасындағы  бос  орындарды  қысқарту  арқылы  құрылады.  Мұндай  әдіс 
амплитудалық  модульдеу  арқылы  растлеу  деп  аталады.  Түстің  интенсивтілігі 
бірдей  кӛлемдегі  кӛршілес  нүктелердің  арасындағы  арақашықтықпен 
реттелетін  жиілікпен  модульдеу  арқылы  растрлеу  әдісі  де  бар.  Осылайша 
жиілікпен-модульденген  растрлеуде  әр  түрлі  интенсивті  түстегі  растр 
ұяшықтарында нүкте саны әрқилы болып келеді. Жиілікпен-модульдеу әдісімен 
растрланған  бейне  анағұрлым  сапалы  болады,  себебі  онда  нүкте  кӛлемі  кіші 
болады,  қалай  болғанда  да  амплитудалық  модульдеу  арқылы  растрлеудеғі 
нүктенің  орташа  кӛлемінен  біршама  кіші.  Оның  есесіне  бейне  сапасын  ЖМ-
әдісінің  әртүрлілігі,  атап  айтқанда  стохастикалық  растрлеу  арттырады.  Бұл 
жағдайда растр ұяшығындағы түстің  интенсивтілігін бейнелеуге қажетті нүкте 
саны ғана есептеледі. Сонан соң бұл нүктелер ұяшық ішіне квазикездейсоқтық 
әдіспен  есептелген  арақашықтықта  орналасады  (шын  мәнінде  арнайы 
математикалық  алгоритм  қолданылады).  Яғни  ұяшық  ішінде  де  бейнені  тұтас 
алғанда  да  растрдың  тұрақты  құрылымы  мүлдем  болмайды.  Сондықтан  да 
стохастикалық  ЖМ  арқылы  растрлеуде  растр  линиатурасы  түсінігінің 
мағынасы  жоғалады,  тек  шығару  құрылғысының  кӛрсеткіш  қабілетінің  ғана 
мәні  болады.  Мұндай  тәсіл  полиграфиялық  құрал-жабдықтардың  жоғары 
дәлдігі  мен  есептеуіш  ресурстарға  қомақты  шығын  жұмсауды  қажет  етеді:  ол 
негізінен баспа кезінде бояу саны тӛртеуден асатын кӛркемдік жұмыстар үшін 
қолданылады. 



Түстің  интенсивтілігін  (жарықтығы  деп  аталады)  256  деңгейге  бӛліп  қарау 
қабылданған. Адамның кӛзі саны артық градацияны қабылдамайды, сондықтан 
да  артық  болып  саналады.  Ал  аз  болуы  бейне  кӛрінісін  тӛмендетеді,  сапалы 
жартылай  түсті  иллюстрация  үшін  ең  аз  мӛлшер  150  деңгейлік  мән  болып 
табылады). Түстің 256 деңгейін кӛрсету үшін растр ұяшығының кӛлемі небары 
256=16х16 нүкте болу керек екендігін есептеу қиын емес. 
Түпнұсқа кӛрсетілімі, растр жиілігі, деңгейлер градациясы арасында тӛмендегі 
формуламен сипатталатын байланыс бар: 
 
;
1
2








lpi
dpi
N
   
,
1


N
dpi
lpi
      мұнда  N  –  түстің  деңгейлер  градациясының  саны, 
dpi-шығару  құрылғысының  кӛрсетілімі  (бейне),  lpi-растр  линиатурасы.  Ал 
формуладағы бірлік растр ұяшығы мүлде толтырылмаған жағдайға, тек ақ түске 
ғана сәйкес келеді. 
Бейне кӛшірмесін принтерден немесе полиграфиялық құралдан шығаруда 
растр  линиатурасы,  баспа  материалдарының  параметрлері  мен  аппараттың 
мүмкіндіктері,  талап  етілетін  сапа  арасындағы  ортақ  пікірге  қарай 
таңдалынады.  Лазерлік  принтерлер  үшін  ұсынылатын  линиатура  65-100  lpi-ді, 
газет шығару үшін – 65-85 lpi-ді, кітап-журналдар үшін – 85-133 lpi-ді, кӛркем 
және жарнамалық жұмыстар үшін – 133-300 lpi-ді құрайды. 
Растрлары  қабат  орналасқан,  мысалы,  бірнеше  түсті  бейнелерді  басып 
шығаруда,  әрбір  келесі  растр  қандай  да  бір  бұрышқа  бұрылады.  Түрлі-түсті 
баспада әдетте мынадай бұру бұрыштары: кӛгілдір баспа түрі үшін 105 градус, 
күлгін  түс  үшін  75  градус,  сары  түс  үшін  90  градус  және  қара  түс  үшін  45 
градус  қолданылады.  Бұл  жағдайда  растр  ұяшығы  қисық  бұрышқа  айналады 
және  150  lpi  линиатуралы  256  түс  градациясын  шығару  (кӛрсету)  үшін 
16х150=2400 dpi кӛрсетілім жеткіліксіз  болады. Сондықтан да кәсіби кластағы 
фото  құрылғылар  үшін  растрдың  әр  түрлі  бұрыштарында  сапалы  растрлеуді 
қамтамасыз  ететін  ең  тӛменгі  стандартты  кӛрсетілім  болып  2540  dpi 
қабылданған. Осылайша түрлі-түсті бейнелер үшін растрдың бұрылу бұрышын 
есепке алу коэффициенті 1,06 құрайды. 
Бейне  параметрлері  мен  файл  көлемі  арасындағы  байланыс.  Растрлық 
графика құралдары түстерді беруде жоғары дәлдікті  қажет ететін жұмыстарды 
иллюстрациялау  үшін  қолданылады.  Дегенмен  растрлық  иллюстрация 
файлдарының кӛлемі кӛрсетілімі (разрешениясы) ӛскен сайын ӛсуде. Ӛздеріміз 
күнделікті  үйде  кӛріп  жүрген  фотосурет  (сандық  түрге  түрлендірілген, 
кӛрсетілуі  200-300  dpi,  түстік  кӛрсетілімі  24  бит,  стандартты  кӛлемі  10х15) 
сығымдалған режимдегі TIFF форматында шамамен 4 Мбайт орын алады.  
Растрлық  бейнелердің  көлемін  өзгерту.  Растрлық  графиктің  бір  кемшілігі 
бейнені  ұлғайтқан  кезде  пайда  болатын  (егер  арнайы  бір  шаралар 
қолданылмаса) пикселдену болып табылады. Егер түпнұсқада бірнеше нүктелер 
болатын  болса,  бейне  кӛлемін  ұлғайтқан  кезде  сапасы  сақталуы  үшін, 
түпнұсқаны  кӛрсетілімімен  алдын-ала  сандық  түрге  түрлендіріп  алу  керек. 
Екінші  бір  әдіс  пикселдену  эффектісін  қандай  да  бір  шекке  дейін  азайтуға 
мүмкіндік беретін стохастикалық растрды қолдану болып табылады. Сондай-ақ, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау