Э. А. Абдыкеримова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/34
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17229
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

11 
және  ӛңдеу  үшін  қолданылады,  мысалы,  баспа  басылымдарын,  жарнамалық 
роликтерді,  фотобейнені  қалпына  келтіру  және  ӛңдеу,    мультфильм  құру, 
видеосабақ,  компьютерлік  ойын  жасау  үшін  қолданылады.  Архитектурада 
сызба  дайындау  процесін  автоматтандыруға  және    ғимараттарды  қабаты 
бойынша жобалауға мүмкіндік береді.  
Графика  форматтары 
   
Компьютерлік  графикада  мәліметтерді  сақтау  үшін  аз  дегенде 
файлдардың  отыз  шақты  форматтары  қолданылады.  Бірақ  солардың  ішінде 
бірнешеуі  ғана  кӛпшілік  программада  қолданылып,  стандарт  ретінде 
қалыптасқан.  Ережеге  сай,  сәйкес  келмейтін  форматтар  растрлық,  векторлық, 
үш ӛлшемді бейнелі файлдар болып  келеді, дегенмен әр  түрлі класқа жататын 
мәліметтерді  сақтауға  мүмкіндік  беретін  форматтар  да  жоқ  емес.  Кӛптеген 
қосымшалар ӛзінің жеке «ӛзіне тән» (спецификалық) форматтармен ғана жұмыс 
істейді;  олардың  файлдарын  ӛзге  программаларға  ауыстыру  арнайы 
фильтрлерді  қолдануға  немесе  бейнені  «стандартты»  форматқа  алмастыруға 
мәжбүрлейді. 
TIFF    (Tagged  Image  File  Format).  Формат  жоғары  сапалы  растрлық 
бейнелерді  сақтауға  арналған  (файл  атының  кеңейтілуі TIF).  Кеңінен  таралған 
форматтар  қатарына жатады, кӛптеген  графикалық, дизайнерлік программалар 
тарапынан  қамтамасыз  етілген.  СМҮК  түсбӛлінісінің  монохромды  ақ-қара 
түсінен  бастап  32-разрядты  модельдерге  дейінгі  түстердің  кең  диапазонын 
қамтиды.  6.0  версиясынан  бастап  TIFF  форматында  бейненің  маскілері 
(контурлары)  жайлы  мәліметтерді  сақтауға  болады.  Файлдың  кӛлемін  азайту 
үшін ішкі LZW сығымдау алгоритмі қолданылады. 
PSD  (Photoshop  Document).  Растрлы  графикалық    ақпаратты  сақтау 
мүмкіншілігіне  қарай  анағұрлым  қуатты  программалардың  бірі  (файл  атының 
кеңейтілуі  PSD).  Кӛптеген  маскілерді,  айқындық  дәрежесін,  арналарды,  қабат 
параметрлерін  сақтауға  мүмкіндік  береді.  Әр  түрлі  түстік  модельдер  мен  түс 
бӛлу,  түсті  48-разрядпен  кодтау  қолданылады.  Басты  кемшілігі,  ақпаратты 
сығымдаудың  тиімді  алгоритмінің  болмауынан  файл  кӛлемінің  ӛсуіне  алып 
келетіндігінде. 
PСX.  Формат  Z-Soft  фирмасының  PC  PaintBrush  программасының  растрлық 
мәліметтерін  сақтау  форматы  ретінде  пайда  болды  және  анағұрлым  кең 
таралғандардың  бірі  болып  табылады.  (файл  атының  кеңейтілуі  .  PSХ).  Түске 
бӛлінген  бейнені  сақтау  мүмкіндігінің  болмауы,  түстік  модельдердің 
жетіспеушілігі  мен  ӛзге  де  шектеулер  форматтың  танымалдылығының 
жоғалуына алып келді. Қазіргі кезде формат кӛнерген болып саналады. 
PhotoCD.  Формат  жоғары  сапалы  сандық  растрлы  бейнелерді  сақтау  үшін 
Kodak  фирмасында  жасалған.  (файл  атының  кеңейтілуі  .PSD).  Мәліметтерді 
файлда  сақтау  форматы  Image  Pac  деп  аталады.  Файл  бейнені  кӛрсетілімнің 
белгіленген  шамасында  сақтауға  мүмкіндік  беретін  ішкі  құрылымнан  тұрады, 
сондықтан  да  бұл  форматта  сақталған  кез-келген  файл  кӛлемінің  бір-бірінен 
айырмашылығы  болмашы  ғана  және  4-5  Мбайт  аралығында  болады.  Әрбір 
кӛрсетілімге 512х768 нүктеден тұратын базалық деп аталатын (Base) деңгейден 
оқылатын жеке деңгей бекітілген. Файлда барлығы Base/16-дан (128х192 нүкте) 


12 
бастап  Baseх  16-ға  (2048-3072  нүкте)  дейін  бес  деңгей  бар.  Бастапқы  бейнені 
бірінші  мәрте  сығымдауда  іс  жүзінде  сапа  жоғалмайтын  субдискреттеу  әдісі 
қолданылады.  
Windows  Bitmap.  Windows  операциялық  жүйесінде  растрлық  бейнелерді 
сақтау форматы (файл атының кеңейтілуі .ВМР). Сәйкесінше бұл ортада жұмыс 
істейтін барлық қосымшаларда қолданылады. 
JPEG  (Joint  Photographic  Experts  Groups).  Формат  растрлық  бейнелерді 
сақтауға  арналған  (файл  атының  кеңейтілуі  .  JPG).  Бұл  формат  файлды 
сығымдау  дәрежесі  мен  бейне  сапасы  арасындағы  арақатынасты  реттеуге 
мүмкіндік  береді.  Сығымдауда  қолданылатын  әдістер  «артық»  ақпаратты 
ӛшіруге негізделген, сондықтан да форматты тек электрондық жарияланымдар 
үшін қолданған жӛн. 
GIF  (Graphics  Interchange  Format).  Түстердің  саны  (256)  белгіленген 
сығымдалған  бейнелерді  сақтау  құралы  ретінде  1987  жылы  стандартталған 
(файл  атының  кеңейтілуі  .GIF).  Жоғары  дәрежеде  сығымдалуы  арқасында 
Интернетте  танымал  болды.  Форматтың  соңғы  нұсқасы  бейненің  жолтастап 
жүктелуіне және түссіз фонды суреттер құруға мүмкіндік береді. Түстер санына 
шектеу қойылуына байланысты бұл формат тек электрондык жарияланымдарда 
ғана қолданылады. 
PNG  (Portable  Network  Graphics).  Бейнелерді  Интернетте  жариялауға 
арналған салыстырмалы түрде жаңа (1995 жыл) сақтау форматы  (файл атының 
кеңейтілуі .PNG). Бейненің үш типі – түрлі-түсті 8 немесе 24 биттік тереңдікпен 
және  сұр  түстің  256  градациясы  бар  ақ-қара  түс  қолданылады.  Ақпаратты 
сығымдау  іс  жүзінде  ешбір  жоғалыссыз  жүргізіледі  және  254  деңгейлі  альфа-
канал қарастырылған. 
WMF  (Windows  MetaFile).  Windows  операциялық  жүйесінің  векторлық 
бейнелерін  сақтау  форматы  (файл  атының  кеңейтілуі  .WMF).  Анықтама 
бойынша жүйенің барлық қосымшаларында қолданылады. Бірақ полиграфияда 
қабылданған  стандартты  түстік  палитралармен  жұмыс  істеуге  арналған 
құралдардың  болмауы  және  ӛзге  де  кемшіліктер  оның  кеңінен  қолданылуына 
кедергі жасайды. 
EPS  (Encapsulated  PostScript).  Векторлық,  сондай-ақ  растрлық  бейнелерді  іс 
жүзінде  баспаға  дейінгі  процестер  мен  полиграфия  саласында  стандарт  болып 
табылатын  Abode  фирмасының  PostScript  тілінде  сипаттау  форматы  (файл 
атының  кеңейтілуі  .EPS).    PostScript  тілі  әмбебап  болып  табылатындықтан, 
файлда  векторлық  және  растрлық  графика,  қаріптер,  контурлар  (маскілер), 
құрал-жабдықтарды  пішімдеу  параметрлері,  түстік  профильдер  бір  уақытта 
сақтала  алады.  Экранда  векторлық  мәнді  кӛрсету  үшін  –  WMF,  ал  растрлық 
үшін  –  TIFF  форматы  қолданылады.  Бірақ  экрандық  кӛшірме  жалпы  алғанда 
EPS-тің  елеулі  кемшілігі  болып  табылатын  тек  нақты  бейнені  ғана  кӛрсетуге 
қабілетті. Шынайы бейнені шығару құрылғыларының, не болмаса арнайы кӛру 
программарының  кӛмегімен  немесе  файлды  Acrobat  Reader,  Acrobat  Exchange 
қосымшаларының PDF форматына түрлендіргеннен кейін ғана кӛруге болады. 
PDF  (Portable  Document  Format).  Abode  фирмасы  шығарған  құжаттарды 
сипаттау  форматы  (файл  атының  кеңейтілуі  .PDF).  Дегенмен,  бұл  формат 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау