9
істеудің кемшілігі – оларды растрлық сияқты жай ғана ӛзгерте салуға
болмайтындығы.
Векторлық графиканың қолданылу саласы ӛте кең:
- біріншіден, ол компьютерлік полиграфияда ӛте үлкен рӛл атқарады. Оңай
масштабталатын және баспа ӛнімдері мен бейнематериалдарда қолданылатын
жүздеген түрлі түсті сурет (адамдардың, заттардың бейнесінен бастап, оюлар
мен әшекейлерге дейін) векторлық әдіспен түсіріледі;
- екіншіден, векторлық әдіс конструкторлық және ғылыми жұмыстардағы
компьютерлік сызу автоматтандырылған жобалау жүйелерінде, үшӛлшемді
графикада және т.с.с. таптырмайтын әдіс болып табылады.
Векторлық графиканы құруға және ӛңдеуге арналған программалық құралдарға
графикалық редакторлар (мысалы Adobe Illustrator, Macromedia Freehand, Corel
Draw) және векторизаторлар (трассирлеушілер – растрлық бейнелерді
векторлыққа ауыстыратын программалық кешендер, мысалы Adobe StreamLine,
CorelTrace) жатады.
Векторлық редактор Adobe Illustrator осы тектес программалардың ішіндегі
ең танымалы. Оның ең басты ерекшелігі Adobe компаниясының басқа
ӛнімдерімен жақсы қарым-қатынасында, оның ішінде ең алдымен Photoshop
және PageMarker кешендерімен. Бұл программалар бір стильде орындалып, бір
кешенді құрайды.
Векторлық редактор Macromedia Freehand қарапайым интерфейсімен
жаңадан үйренушілерге қолайлы құрал болып табылады. Программа аз
мӛлшерімен және жақсы жылдамдығымен ерекшеленеді. Аппараттық
ресурстарға
қоятын
талабы
аз
болғандықтан
орташа
деңгейдегі
компьютерлерде жұмыс істей береді. Программа құралдары күрделі
құжаттармен жұмыс істеуге жеткілікті, тек кейбір элементтерде ғана Adobe
Illustrator және Corel Draw сияқты қуатты құралдарға жол береді.
Векторлық редактор Corel Draw Windows платформасында жұмыс істейтін
негізгі векторлық графиканы құру және ӛңдеу кешені болып саналады. Оның
ерекшеліктеріне дамыған басқару жүйесі және кеңейтілген құралдар жатады.
Ең күрделі кӛркем композицияларды құру мүмкіндіктеріне қарай Corel Draw
бәсекелестерінен әлдеқайда алда тұр. Алайда программаның интерфейсі
игеруге күрделі.
Трассирлеуші Adobe StreamLine ӛзі тектес программалардың ішінде заңды
түрде алдыңғы қатарда тұр. Сызбаларды ӛңдеуге арналған басқа да қуатты
кешендер бар болғанымен олардың аппараттық құралдарға қоятын талабы
күшті, әрі бағалары да қымбаттырақ. Adobe StreamLine растрлық графикадан
векторлық графикаға ауыстырғанда ӛлшемдерді ӛте дәл қоюға мүмкіндік
береді. Векторизациялау ең алдымен сызбалар, ақ-қара суреттер және басқа
қарапайым графика үшін қолайлы. Күрделі және түрлі-түсті бейнелерді
нашарлау ӛңдейді, және нәтижесі түпнұсқаға ұқсау үшін біраз жұмыс жасауды
қажет етеді.
Компьютерлік графика растрлық пен векторлық болып қана қоймай,
фракталдық болып та бӛлінеді.
10
Фракталдық графика. Фракталдық графика векторлық графика сияқты,
математикалық есептеулерге негізделген. Егер растрлық графикада негізгі
элемент растр (пиксель), ал векторлық графикада – сызық болса, фракталды
графикада негізгі элемент – математикалық формула, яғни компьютер жадында
ешқандай объектілер сақталмайды, бейнелер тек теңдеулер кӛмегімен ғана
салынады.
Компьютерлік графиканың қолдану салалары
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу ӛте қиын. Ол тек
мультфильм, компьютерлік ойын, кӛркем иллюстрация жасайтын мамандардың
ғана емес, кӛптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің
ажырамас бӛлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы программалық
қамтамасыз етулері жасалады. Компьютерлік графиканың тӛмендегідей
бағыттары бар:
1. Ғылыми графика
2. Іскерлік графика
3. Конструкторлық графика
4. Безендірмелік графика.
5. Кӛркемдік және жарнамалық графика
Ғылыми графика. Бұл бағыт бірінші пайда болды. Оның міндеті -
объектілерді кӛрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми
графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін
графиктік ӛңдеу үшін, есептеу, експеримент жүргізгенде және олардың
нәтижесін кӛрнекі кӛрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми
графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады. Ал,
білім беруде – мультимедиалық программалық құралдар түрінде қолданылады.
Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер
жұмысында жиі қолданылатын безендірмелер (иллюстрация) жасауға арналған.
Іскерлік графика кӛмегімен жасалынатын безендірме материалдар объектісі -
жоспарлық кӛрсеткіштер, есеп құжаттар, статистикалық мәліметтер, бұл
графиктер кӛбінесе диаграмма түрінде болады. Білім беруде компьютерлік
графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ беруде, компьютерлік
оқыту программаларында, сонымен бірге Internet беттерінде қолданылады.
Іскерлік
графиканың
программалық
құралдары
әдетте
кестелік
процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді.
Конструкторлық графика. Бұл автоматтандырылған проектілеу жүйесінің
элементі. Оның міндеті:
- техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшӛлшемді
бейнелерді алу) сызба дайындау;
- модельдеу (графика+есептеу) – оптимальды конструкциялау.
Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар кӛмегімен
сурет салу;
Көркемдік және жарнамалық графика. Ӛте күшті графикалық пакеттерді
пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер,
қиын шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық бейнелерді құру
Достарыңызбен бөлісу: |