39
Жаңа қабат құрып, оған «кемпірқосақ» деген ат беріңіз. Gradient (Градиент)
құралын алып, оның параметрлер тақтасында орналасқан, кемпірқосақтың
барлық түстері бар, Spectrum деген дайын нұсқаны таңдаңыз. Оны бейнеге
жоғарыдан тӛменге қарай орнатыңыз (69-сурет).
Сосын «кемпірқосақ» қабатына Distort (Қисайту) режиміндегі Free
Transform (Еркін тасымалдау) (Ctrl+T) құралын қолданыңыз. Сектор пайда
болатындай етіп, сол жақтағы тірек нүктелерін бейне центріне қарай тартыңыз.
«Кемпірқосақ» қабатын дубльдеңіз, ол үшін Layers (Қабаттар) палитрасында
оны ақ қағаздың суреті бар (Create New Layer) белгіше үстіне тартып апарыңыз.
Сосын Edit → Transform → Rotate 180 (Түзету → Тасымалдау → 180
0
-қа бұру)
командасын орындап, «Кемпірқосақ» қабатын кӛшірмемен біріктіріңіз (Ctrl+E)
(70-сурет).
«Кемпірқосақ» қабатын тағы бір рет дубльдеңіз де, енді оны 90
0
-қа бұрыңыз,
66-сурет. Сұр түске боялған
диск дайындамасы
67-сурет. Gradient Overlay
(Градиенттік бояу) баптаулары
.
68-сурет. Градиентпен боялған диск
69-сурет. Құрылған градиент
40
Нәтижесі 71–суретте кӛрсетілген.
Бізге дискінің негізгі бӛлігін кӛрсететіндей ерекшеленген аймақ керек. Ол
үшін «кӛлеңке» қабатын құрғанда қолданған операцияларды қайталауымызға
болады, бірақ одан да жеңілірек әдіс бар. Ctrl пернесін басып тұрып «кӛлеңке»
қабатының үстіне апарып тышқанның сол жақ тетігін басыңыз. Осы қабаттағы
мӛлдір еместің барлығы ерекшеленіп қалады. «Кемпірқосақ» қабатына
ауысыңыз. Ерекшеленгенді инвертирлеңіз (Ctrl+Shift+I). Del-пернесін басыңыз.
Ерекшелеуді алып тастаңыз (Ctrl+D).
Компакт дискінің дайындамасы дайын (72-сурет), ары қарай оны шындыққа сай
келетіндей етіп жасаймыз.
Blending Mode режимін Overlay режиміне ауыстырыңыз, ал тұнықтықты 65%-ға
дейін азайтыңыз.
Диск ӛте ашық түсті болып қалды. Оны түзету үшін екі әрекет жасау керек.
Біріншісін қазір, ал екіншісін сәл кейінірек жасаймыз. Hue/Saturation
(Түс/Қоюлығы) режимінде жаңа қабат құрыңыз: Layer → New Adjustment Layer
→ Hue/Saturation (Қабат → Жаңа корректіленетін қабат → Түс/Қоюлығы).
Қолданылған баптаулар 73-суретте кӛрсетілген.
Layers (Қабаттар) палитрасында корректіленетін қабат үшін тұнықтылықты
(Opacity) 25-40% аралығында орнатыңыз.
Енді диск ортасында орналасатын «жазылмайтын» аймақты салуға тырысайық.
Ол үшін «Кемпірқосақ» қабатына қайтып келіп, Elliptical Marquee (Эллипстік
ерекшелеу) құралының кӛмегімен радиусы 130 пиксель болатын дӛңгелек
ерекшелеу құрыңыз. Одан кейін келесі операцияларды: кӛшірмесін алу (Ctrl+C)
және қою (Ctrl+V) орындаймыз.
70-сурет. «Кемпірқосақ» қабатын
дубльдегеннен және кӛшірмесін
орналастырғаннан кейінгі нәтиже
71-сурет. Дайын Кемпірқосақ»
қабаты
41
Алынған жаңа қабат үшін Layers (Қабаттар) палитрасындағы Blending Mode
режимінің мәнін Screen (Экран) деп беріңіз. Тұнықтылықты (Opacity) 60–70%-
ға дейін азайтуға да болады Осы қабатты «Кемпірқосақ» қабатымен біріктіріңіз
(Ctrl+E).
Енді компакт дискіге жазу қосайық. Ол үшін Photoshop CS-тың жаңа
құралын, дәлірек айтқанда контур бойынша мәтінді теріп жазу құралын
пайдаланамыз. Paths (Контурлар) режиміндегі Ellipse (Эллипс) құралын
пайдаланып «жазылмайтын» аймақтың ішкі жағына қарай домалақ контур
сызыңыз.
Horizontal Type (Кӛлденең орналасқан мәтін) құралын таңдап, контурдың
бойына меңзерді апарып шертеміз де кез келген мәтін тереміз. Мәтін ӛлшемін
және басқа да параметрлерін қалауыңызша ӛзгертуіңізге болады.
Paths (Контурлар) палитрасын ашып, Work Path контурын жоямыз. Осы кезде
домалақ контур экран бетінен жоғалып, тек мәтін ғана қалады.
Енді, бірінші қабатты екпінді күйге келтіріңіз. Дискінің сұр бӛлігінің
жартысындай домалақ аймақты ерекшелеңіз. Select → Modify → Border
(Ерекшелеу → Ӛзгерту → Шекара) командаларын орындаңыз. Ашылған
терезеде шекара мәнін 2 пиксель деп беріңіз. Нәтижесінде біз жіңішке сақина
формасындай ерекшеленген аймақ аламыз.
Кӛшірмесін алу (Ctrl+C) және қою (Ctrl+V) операцияларын орындаңыз. Жаңа
құрылған қабатқа 74-суретте кӛрсетілген баптауларды орнатып, Bevel and
Emboss (Фаска және рельеф) қабаттық әсерді қолданыңыз. Сосын осы қабатты
фонмен біріктіріңіз (Ctrl+E).
Суретіміз әлі толығымен дискіге ұқсамайды. Әсіресе, «Кемпірқосақ»
қабатындағы түстердің бір-біріне тез ӛтуі. Оны жӛндеуіміз керек.
Ол ӛте оңай. Radial Blur сүзгісін: Filter → Blur → Radial Blur (Сүзгі → Шаю →
Радиалды шаю) пайдаланып, 75-суретте кӛрсетілген баптауларды орнатыңыз.
Осыдан кейін бейненің тӛменгі жағында түрлі түсті пиксельдер пайда болады.
Ол қолданылған сүзгінің әсері болып табылады. Оны Eraser (Ӛшіргіш)
құралының кӛмегімен алып тастаймыз. Нәтижесі 76-суретте кӛрсетілген. Егер
сіздің дискіңіз оған ұқсамаса, онда Radial Blur (Радиалды шаю) сүзгісін тағы бір
рет қолданып кӛріңіз.
72-сурет. «Кемпірқосақ» қабатын
ӛңдегеннен кейінгі компакт диск
73-сурет. Hue/Saturation (Түс/Қоюлығы)
режиміндегі қабаттың баптаулары
Достарыңызбен бөлісу: |