75
Text → Convert to Paragraph Text (Мәтін → Жай мәтінге түрлендіру)
командаларын орындау кезінде мәтіннің типі ауыстырылады. Сондай-ақ Ctrl +
F8 пернелерінің комбинациясын немесе мәтінде тышқанның оң жақ
батырмасын басу арқылы ашылатын жанама менюден сәйкес команданы
пайдалануға болады.
Қаріпті өзгерту
Мәтіндік объектінің қаріпін ӛзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Pick (Кӛрсеткіш) сайманының кӛмегімен мәтіндік объектіні таңдаңыз немесе
мәтін бӛлігін ерекшелеу үшін Text (Мәтін) сайманын таңдап алыңыз.
Жекелеген сӛзді жылдам ерекшелеу үшін тышқанды екі рет шертіңіз. Мәтіндік
блоктың бәрін белгілеу үшін тышқан батырмасын үш рет шертіңіз.
Келтірілген әдістердің бірін пайдаланыңыз:
- қасиеттер панеліндегі ашылатын Font List (Қаріптер тізімі) тізімінен қажет
қаріпті таңдаңыз (143-сурет).
143-сурет
- Text → Format Text (Мәтін → Мәтінді форматтау) меню командаларын
орындаңыз немесе Ctrl + T пернелерінің комбинациясын басыңыз. Экранда
Format Text диалогтық терезесі пайда болады. Character (Символ) бетшесінің
ашылатын Font (Қаріп) тізімінен қажет қаріпті таңдап (144-сурет), Ok
батырмасын шертіңіз. Таңдап алынған мәтіндік объектінің қаріпі ӛзгереді.
76
144-сурет
Қаріп көлемін өзгерту
Мәтіндік объектінің қаріп (шрифт) кӛлемін ӛзгерту үшін келесі әрекеттерді
орындаңыз:
Pick (Кӛрсеткіш) сайманының кӛмегімен мәтіндік объектіні таңдаңыз немесе
мәтін бӛлігін ерекшелеу үшін Text (Мәтін) сайманын таңдап алыңыз.
Жекелеген сӛзді жылдам ерекшелеу үшін тышқанды екі рет шертіңіз. Мәтіндік
блоктың бәрін белгілеу үшін тышқан батырмасын үш рет шертіңіз.
Келтірілген әдістердің бірін пайдаланыңыз:
Қасиеттер панеліндегі ашылатын Font List (шрифтер тізімі) тізімінен қажетті
кегльді таңдап алыңыз немесе енгізіңіз;
Text → Format Text (Мәтін → Мәтінді форматтау) меню командаларын
орындаңыз немесе Ctrl+T пернелерінің комбинациясын пайдаланыңыз. Экранда
Format Text диалогтық терезесі пайда болады. Character (Символ) бетшесінің
Size (Ӛлшем) ашылатын тізімінен қажет кегльді бергеннен кейін, Ok
батырмасын шертіңіз. Таңдап алынған мәтіннің кеглі ӛзгереді.
Ерекшелеудің тік және жатық маркерлерін жылжыта отырып, шрифтінің
кӛлемін ӛзгертуге кеңес берілмейді (145-сурет). Бұл мақсат үшін тек бұрыштық
маркерлерді пайдаланыңыз. Себебі, мұндай түрде шрифт мӛлшерін ӛзгертіп,
мәтіндік символдардың түпнұсқалық кескіні бұрмалануы – мәтіндік
объектілердің сыртқы түрі баспаға шығару кезінде шрифтінің аз ғана
айырмашылықтарының әсерінен келісімді болып шықпайды.
145-сурет
Интерлиньяж. Қатар аралық интервал немесе интерлиньяж, кернинг сияқты
мақсатта қолданылады, яғни бос кеңістіктің үлкен кӛлемін қысқаша мәтінмен
толтыру (146-сурет).
77
146-сурет
Кернинг сияқты, интерлиньяжды бірнеше әдіспен орнатуға болады.
Интерлиньяжды жылдам ӛзгерту үшін, Shape (Форма) сайманымен шерту
арқылы, қажет мәтіндік объектіні ерекшелеп алыңыз. Объектіні тӛменгі
бұрышында екі тілсызық пайда болады (147-сурет). Сол жақ бұрышта
орналасқан тілсызықты шертіп, қатар аралық қашықтықты ұлғайту немесе
кішірейту үшін, оны тігінен жылжытыңыз.
147-сурет
Format Text диалогтық терезесінде интерлиньяжды ӛзгерту үшін:
1. Pick сайманымен қажетті мәтіндік объектіні немесе мәтін бӛлігін таңдап
алыңыз.
2. Text → Format Text меню командаларын орындаңыз немесе Ctrl+T
пернелерінің комбинацияларын басыңыз.
3. Пайда болған Format Text диалогтық терезеде Paragraph (Абзац) бетшесінде
шертіңіз. Line (Қатар) мәтіндік ауданына, символ биіктігіне пайыздық қатынас
түріндегі немесе пункт мәндері ретінде қатар аралық қашықтықты енгізіңіз.
Интерлиньяжды баптау жұмысын аяқтау үшін Ok батырмасын басыңыз.
Қисық бойлай мәтін
Қисық бойлай мәтін эффектісін тек қана жолдық мәтінмен орналастыруға
болады. Қисық бойлай мәтін қою үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Кез келген сызбаны
құралын пайдалана отырып, сызыңыз.
2.
құралын таңдаңыз
3. Тышқан курсорын сызбаның қасына жақындатсаңыз курсорыңыз
мынадай күйге айналады. Сол жағдайда курсорыңызды басып қалыңыз.
78
4. Енді тиісті мәтініңізді теріңіз.
Ал егер де қисық бойлай мәтінді кез келген фигураның, эллипстің не
тікбұрыштың ішкі бетіне жазғыңыз келсе, ол үшін пішімдеу тақтасын қосып,
сол тақтаның ішінен керекті командаларды орындап, ӛзгерістерді енгізуіңізге
болады.
Мәтінді шеңбер бойына айналдыра жазу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Тышқанды тұйық объектінің немесе ашық пішіннің ішіне орналастырыңыз,
кӛрсеткіш үлкен қара тілсызық түріне айналады.
2. Екі объектінің арасында байланыс жасау үшін, тышқанды шертіңіз.
Практикалық тапсырма №4. Әйнектің сынығын жасау
Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, кез-келген суретті
импорттаймыз: Файл → Импорт командасы арқылы (148-сурет).
Импортталған суреттің үстіне Bezier (Кривая Безье) инструментінің кӛмегімен
үшбұрыш сызамыз (149-сурет).
148-сурет 149-сурет
Сызылған үшбұрыштан әйнектің сынығын жасаймыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының кӛмегімен үшбұрышты белгілеп: Effect →
Extrude → Edit (Эффекты → Экструзия → Изменить) командасының кӛмегімен
келесі параметрлерді беріңдер (150-сурет).
Жоғарыдағы параметрлер берілсе, онда Apply батырмасын басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |