Э. А. Абдыкеримова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/34
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17229
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34

68 
  Түйін типін ӛзгерту үшін ашылатын Shape Edit Flyout (Фигураны редактрлеу) 
тізімінде  орналасқан  Shape  (форма)  сайманын  пайдалануға  болады.  Алдымен 
редактрленетін  түйінді  белгілеп  алып,  сонан  соң  тышқанның  оң  батырмасын 
басыңыз да, жанама менюден қажет пунктті таңдап алыңыз. 
Қисық түйіндерін Shape сайманымен редактрлеу 
  Түйіндерді  редактрлеу  әр  түрлі  операцияларды  орындауды  білдіреді,  соның 
ішінде  жаңа  түйіндерді  қосу,  қажет  емес  түйіндерді  жою,  түзу  сызықтарды 
қисыққа  түрлендіру  және  керісінше,  түйіндердің  орнын  алмастыру  және 
олардың бақылау нүктелерін манипуляциялау және т.б. 
Барлық  келтірілген  операциялар  Shape  сайманының  кӛмегімен  орындалады, 
басқарушы  элементтер  қасиеттер  панелінде  кӛрініп  тұрады  (125-  сурет),  атап 
айтқанда: 
 
 
 
125-сурет 
 
-  Add  Node  (S)  батырмасы  –  сіз  тышқанмен  шерткен  жерде  жаңа  түйін 
жасайды; 
-  Delete Node (S) батырмасы – белгіленген түйіндерді жояды; 
-  Join two Nodes – екі түйінді біреуге біріктіреді; 
-  Break Curve – белгіленген түйіндегі пішінді үзеді; 
-  Convert Curve to  Line – белгіленген  түйінге жақын орналасқан қисықты  түзу 
сызыққа түрлендіреді; 
-  Convert  Line  to  Curve  –  белгіленген  түйіннің  қасындағы  түзу  сызықты 
қисыққа түрлендіреді; 
-  Make  Node  a  Cusp  Convert  батырмасы  –  белгіленген  түйінді  сүйірлену 
түйініне түрлендіру; 
-  Make Node Smooth – белгіленген түйінді тегіс түйінге немесе созылу түйініне 
түрлендіреді; 
-  Make  Node  Symmetrical  батырмасы  –  белгіленген  түйінді  симметриялық 
түрге түрлендіреді; 
-  Reverse Curve Direction – пішіннің жасалу бағытын ӛзгертеді; 
-  Extend  Curve  to  Close  батырмасы  –  түзу  сызықтың  белгіленген  екі  шеткі 
түйіндерін біріктіреді; 
-  Extract Sub path батырмасы – белгіленген түйінді пішінді бӛледі; 
-  Auto  Close  Curve  батырмасы  –  түзу  сызықтың  соңғы  түйіндерін  автоматты 
түрде тұйықтайды; 
-  Stretch  and  Scale  Nodes  батырмасы  –  белгіленген  түйіндерді  жылжыту  және 
масштабтау режимдерін орнатады; 
-  Rotate  and  Skew  Nodes  батырмасы  –  таңдап  алынған  түйіндерді  бұруға, 
еңкейтуге мүмкіндік береді; 
-  Align Nodes батырмасы – белгіленген түйіндерді түралайды; 
-  Elastic Mode батырмасы – икемді қисық режимін қосады; 
-  Select All Nodes батырмасы – бір мезгілде барлық түйіндерді белгілейді; 


69 
-  Curve Smoothness батырмасы – белгіленген түйін қасындағы пішінді тегістеу 
деңгейін реттейді.   
Бір немесе бірнеше түйіндерді белгілеу 
  Түйінде  редакциялау  үшін  оны  алдымен  белгілеп  алу  қажет.  Әдетте,  бұл 
үшін Shape сайманын пайдаланады. Алдымен кӛрсетілген сайманмен қисықтың 
ӛзін, сонан кейін таңдалынған түйінді белгілейсіз. Бірнеше түйінді бір мезгілде 
белгілеу  үшін  Shift  пернесін  басулы  күйде  әрқайсысын  кезекпен  шертіңіз 
немесе  белгіленетін  түйіндердің  ішінде  пунктирлі  рамканы  созыңыз  (126-
сурет). Барлық түйіндерді бірден ерекшелеу үшін  
Edit → Select → Nodes (Түзету → Бәрін ерекшелеу → Түйіндер) командаларын 
орындаймыз. Барлық түйіндерден ерекшелеуді алып тастау үшін, қисықтан тыс 
жерде,  сурет  салу  терезесінің  кез-келген  нүктесінде  шертіңіз.  Түйіндер  мен 
объектілерді, олардың жасалу ретімен ерекшелеу үшін, Tab пернесін басыңыз. 
Shift  +  Tab  пернелерін  басу,  түйіндер  немесе  объектілерді,  олардың 
жасалуының кері ретімен ерекшелейді. 
 
Түзу сызықты қисыққа тікелей және кері түрлендіру 
  Түзу  сызықта  бақылау  нүктелері  болмайды  (127-сурет).  Мұндай  сызыққа 
бақылау  нүктелерін  қосу  үшін,  түзу  сызықты  қисыққа  түрлендіру  қажет.  Ол 
үшін  түзуді  ерекшелеңіз  немесе  объектіні  Shape  (Форма)  сайманымен 
ерекшелеңіз, сонан соң қасиеттер панеліндегі (128-сурет) Convert Line to Curve 
(Түзуді қисыққа түрлендіру) батырмасын шертіңіз. Түрленгеннен кейін түзудің 
бӛлігінде екі жаққа бақылау нүктелері пайда болады (129- сурет). 
 
    
 
                126-сурет                                             127-сурет 
 
       
  
    
 
 
                          128-сурет                                                           129-сурет 


70 
  Егер бізге кері операция қажет болса, яғни қисықты түзу сызыққа түрлендіру 
үшін  Convert  Curve  to  Line  (Қисықты  түзуге  түрлендіру)  (130-сурет) 
пиктограммасын  пайдаланыңыз.  Бақылау  нүктелері  жоғалып,  қисық  сызық 
түзуге айналады (131-сурет).                      
   
       
 
 
                             130-сурет                                                           131-сурет 
 
Түйіндерді қосу және жою 
  Кейде  объектінің  формасын  ӛзгерту  үшін,  бірнеше  түйінді  қосу  немесе  жою 
қажет.  
  Жаңа  түйінді  жасау  үшін  (132-сурет)  объектіні  Shape  (Форма)  сайманымен 
ерекшелеп,  кӛрсеткішпен  пішіннің  қажетті  нүктесінде  шертіңіз  –  пішін 
сегментінде  уақытша  дӛңгелек  түйін  пайда  болады.  Әрі  қарай  ұсынылатын 
әрекеттердің  бірін  орындаңыз:  уақытша  түйінде  тышқанның  оң  жақ 
батырмасын  шертіп,  жанама  менюден  (133-сурет)  Add  (Қосу)  командасын 
таңдаңыз немесе қосымша цифрлық пернетақтадан + пернесін басыңыз немесе 
қасиеттер панеліндегі Add Node (Түйінді қосу) батырмасын шертіңіз.  
Түйіндіні бірнеше тәсілмен жоюға болады: 
-  оны Shape сайманымен ерекшелеп, пернелер тақтасынан Del пернесін басу; 
-  оны  ерекшелеп,  сонан  соң  қасиеттер  панеліндегі  Delete  Node  (Түйінді  жою) 
белгісін шерту; 
-  берілген түйінде тышқанды екі рет шертуді орындау. 
Түйіндерді жою жанама менюдегі Delete командасының кӛмегімен орындалады 
(134-сурет) 
 
Пішінді үзу және тұйықтау 
  Тұйық пішін ашық және керісіншеге түрлендіруге болады. Тұйық пішінді үзу 
үшін  қисықтағы  нүктені  ерекшелеп,  қасиеттер  панеліндегі  Reserve  Curve 
(Қисықты бӛлу) (135-сурет) батырмасын шертіңіз.         
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау