Э. А. Абдыкеримова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет21/34
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17229
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

64 
Тӛменде градиентті боялған фигуралар: 
 
 
 
 
 
 
 
                кӛпбұрыш 
 дұрыс жұлдызша       күрделі жұлдыз 
 
Кӛпбұрыштар  мен  жұлдыздарды  ӛзгертуге  болады,  мысалы,  жақтары  мен 
тӛбелерінің санын, тӛбелерін үшкірлеу етуге болады.  
 
Форма 
  құралының  кӛмегімен  кӛпбұрыштың  сыртқы  бейнесін  ӛзгерту 
мүмкіндігі бар. 
1. Полигон құралының кӛмегімен бес бұрышты бӛліп аламыз.                                                                                                                                                                                                                                                                                              
 
Кӛпбұрыштың  тӛбелерінің  санын  11-ге  жеткіземіз.  Сол  кезде  бесбұрышымыз 
мынандай фигураға айналады. 
 
 
Пайда  болған  фигураның    бір  бұрышын  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  
басулы  күйінде  центрге  қарай  жылжытамыз.  Осы  кезде  фигурамыз  мынандай 
күйге  келеді.  Пайда  болған  11  бұрышты  жұлдызшаның  түсін  қалауымыз 
бойынша әр түрлі түске бояймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 


65 
2.
мына  формадан  келесі  фигураларды  және  т.б.  фигураларды 
шығаруға болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кӛпбұрышты пайдалана отырып, мынадай фигураларды салуға болады. 
 
   
   
 
 
 
3. Полигон құралының кӛмегімен жұлдызшаны бӛліп аламыз.   
 
 
 
Жұлдызшаны 
белгілей 
отырып, 
интерактивті 
контурдың 
кӛмегімен 
жұлдызшаны  центрден  бастап    ішке  қарай  тартамыз.  Құйылма  арқылы  түсін 
ӛзгертеміз. Осы кезде жұлдызшамыз мынандай түрге келеді.                   
 
Кӛпбұрышты  пайдалана  отырып,  саймандар  тақтасындағы 
    интерактивті 
созу  (интерактивное  выдавливание)  батырмасының  кӛмегімен    мына 
фигураларды  алуға болады. 
 


66 
 
 
 
 
 
 
 
Көпбұрышты өзгерту 
  Кӛпбұрыштың  жақтарының  санын  ӛзгерту  –  ол  үшін  қасиеттер  панелінде  
кӛпбұрыштың,  жұлдыздың,  күрделі  жұлдыздың  жақтарының  немесе 
тӛбелерінің  санын  енгізіп,  Enter  пернесін  басу  керек.  Кӛпбұрышты  жұлдызға 
ауыстыру  үшін,  кӛпбұрышты  және  форма  сайманын  таңдап,  кӛпбұрыштың 
түйінінде  тышқан  батырмасын  жылжыту  арқылы  қажетінше  жұлдызша  жасау 
керек.  
 
 
 
 
 
Спираль салу 
Спираль  салудың  екі  түрі бар:  симметриялы  және  логарифмдік.  Симметриялы 
спираль  біркелкі  оралымдардан  тұрады,  ал  логарифмдік  орам  айналған  сайын 
оның қадамдары үлкейе түседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тор салу 
Торды  бағаны  мен  қатарының  санын  кӛрсетіп  салуға  болады.  Тор  – 
тіктӛртбұрыштардың тобы, оларды ажыратуға болады.  
Саймандар қатарынан 
 таңдап, 
 қасиеттер панелінде жоғарғы сан 
–  бағандар  санын,  тӛменгі  сан  –  қатарлар  санын  кӛрсетіңіз.  Егер  торды 
центрінен  бастап  салу  керек  болса,  SHIFT    батырмасын  басып  тұрып,  ал 
торлардағы ұялар ӛлшемі бірдей болу керек болса, онда CTRL пернесін басып 
тұрып  салыңыз.  Ал  егер  де,  торды  алып  тастау  керек  болғанда, 
  сайманын 
таңдап, Упорядочить → Отменить группировку командасын орындау керек. 
 


67 
Стандартты фигуралар салу 
Дұрыс  фигуралар  коллекциясын  пайдаланып,  стандартты  фигуралар  салуға 
болады.  Белгілі  бір  фигуралар,  мысалы,  негізгі  фигуралар,  бағыттауыш 
фигуралар,  баннер  фигураларын  және  ескертпе  фигураларында  глифтер  бар. 
Глифті  жылжыту  арқылы  фигураны  ӛзгертуге  болады. 

Глиф  –  ромб  түріндегі  маркер,  оны  жылжыту  арқылы    фигураны  ӛзгертуге 
болады.  
Стандартты фигураға мәтін қосу 
1. 
  мәтін сайманын таңдаңыз. 
2. Курсорды  мәтін  жағдайына    ӛзгеретіндей  етіп  фигура  абрисінің  ішіне 
орналастырыңыз.  
3. Мәтінді енгізіп, қарібін таңдап, форматтаңыз. 
 
CorelDRAW-та түйіннің үш типін ажыратады: 
-  тегіс түйін (smooth), тегіс қисықты (122-сурет) салу үшін тағайындалған. Екі 
бақылау  нүктелері  де,  түйін  де  бір  түзуде  орналасады,  бірақ  жанама 
сызықтардың ұзындықтары әр  түрлі. Бір бақылау нүктесінің  орын ауыстыруы, 
бақылау  нүктесінің  бір  жағынан  қисық  сызықты  сегменттің  қисықтығының 
сәйкес ӛзгеруіне әкеледі, ал келесі жақтың ұзындығы ӛзгермейді;       
-  симметриялы  түйін  (symmetrical)  кӛп  жағдайда  тегіс  түйінге  ұқсас  –  бақылау 
нүктелері  де,  түйін  де  бір  түзудің  бойында  жатады  (123-сурет),  бірақ  жанама 
сызықтар  ұзындықтары  бірдей.  Бақылау  нүктесінің  біреуі  қозғалған  жағдайда 
екіншісі  де  қозғалады,  яғни  жанама  сызықтар  үнемі  тең  болады.  Бақылау 
нүктесі орнының ӛзгеруі, жанама сызықтың қисыққа еңкею бұрышының сәйкес 
ӛзгеруіне әкеледі; 
-  сүйір  түйін  (Cusp)  объектінің  қисығында  сүйір  бӛліктерді  жасау  үшін 
пайдаланылады. Бұл түйіннің әр түрлі жағындағы жанама сызықтары бір түзуде 
жатпайды, демек, жанасқан қисық сызықты сегменттердің қисықтығы әр түрлі 
болады,  ол  мұндай  түйіннен  ӛтетін  қисық  сүйір  бұрышпен  иіледі  (124-сурет). 
Әрбір  сегмент  үшін  қисықтың  радиусы  мен  жанаманың  еңкею  бұрышын, 
ұзындығы  мен  жанаманың  еңкею  бұрышынан  ӛзгеруімен  бір-бірінен  тәуелсіз 
реттеуге болады, яғни бақылау нүктелерін жылжыта отырып. 
   
    
     
 
 
           122-сурет                                    123-сурет                   124-сурет 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау