Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет13/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

43

Бiр жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс iстейтiн әйел-

дерге тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстен бөлек бала-

ны тамақтандыруға арналған қосымша үзiлiстер берiледi (бұдан 

әрі ЕК-нің 82-бабын қараңыз). 

Қызметкердiң  жұмыстың  аяқталуы  мен  оның  келесi  күнi 

басталуы  арасындағы  күнделiктi  (ауысымаралық)  тынығуының 

ұзақтығы он екi сағаттан кем болмауға тиiс (ЕК-нің 83-бабы).



Демалыс  күндерi  қызметкерлерге  апта  сайын  берiледi. 

Оларды    «Қазақстан  Республикасындағы  мерекелер  туралы» 

13.12.2001  жылғы  ҚР  Заңында  белгіленген  мереке  күндерімен 

шатастыруға болмайды.

Үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағ-дайлар 

бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi сал-

дарынан  демалыс  күндерi  жұмысты  тоқтату  мүмкiн  болмайтын 

өндiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi ауысым-

дық кестеге сәйкес қызметкерлерге  аптаның әр күндерi кезекпен 

берiледi.  Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жi-

берiлген жұмыс берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдала-

нады.


Қазақстан  Республикасындағы 

мереке  күндері  жұмыс  iсте-

мейтiн күндер болып табылады. Олар ұлттық және мемлекеттiк 

мерекелер болып  бөлінеді. Демалыс және мереке күндерi сәй-

кес келген жағдайда мерекеден кейiнгi жұмыс күнi демалыс күнi 

болады.



44

Қазақстан Республикасындағы 

Ұлттық мереке – 16-17 

желтоқсанда атап өтiлетiн 16-желтоқсан  – Тәуелсiздiк 

күнi болып табылады.

Қазақстан  Республикасындағы 

мемлекеттiк  мереке-

лер:  

1-2 қаңтар – Жаңа жыл; 

8 наурыз  – Халықаралық әйелдер күнi; 

21-23 наурыз  – Наурыз мейрамы; 

1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi; 

7 мамыр- Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Жеңiс күнi; 

6 шiлде – Астана күнi;  

30  тамыз  –  Қазақстан  Республикасының  Конститу-

циясы күнi.

1  желтоқсан    –  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 

Президентi күнi.

Тынығудың тағы бір түрі  демалыстар болып табылады. ЕК-

нің 87-бабына сәйкес қызметкерлерге демалыстардың мынадай 

түрлерi: 

1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 

2) әлеуметтiк демалыстар берiледi. 



Ақылы жылсайынғы еңбек демалыстарының түрлері:

1) негізгі ақылы жылсайынғы еңбек демалысы;

2) қосымша ақылы жылсайынғы еңбек демалысы.

Әлеуметтiк демалыстардың түрлерi: 

1) жалақы сақталмайтын демалыс;

2) оқу демалысы;

3) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы 

(балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;

Жыл  сайынғы  негiзгi  ақылы  еңбек  демалысының  ұзақтығы 

өзге нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек, ұжым-дық шарттар-

да және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны, жыл сайынғы 

негiзгi ақылы еңбек демалысының ұзақтығы күнтiзбелiк 24 күнді 

құрайды. 




45

«Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi ҚР Заңының 53-бабы 

педагог қызметкерлердің жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, 

орта  бiлiмнен  кейiнгi  жоғары  және  жоғары  оқу  орны-нан  кейiн-

гi  бiлiм  беру  ұйымдарының  педагог  қызметкерлерi  мен  оларға 

теңестiрiлген  адамдар  үшiн  ұзақтығы  күнтiзбелiк  56    күнге; 

оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының, мектепке дейiнгi 

және қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi  

үшiн - күнтiзбелiк 42 күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалысқа 

құқығы болатындығын бекітеді.

Негізгі демалыспен қоса:

1)  ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  және  қа-

уiптi жұмыстарды атқаратын қызметкерлерге ұзақтығы ең кемі 6 

күнтiзбелiк күн;

2)  1  және  2  топтардағы  мүгедектер  үшiн  ұзақтығы  ең  кемі  6 

күнтiзбелiк күн 



жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалы-

сы беріледі. 

Қызметкерлердің  өзге  санаттарына 



қосымша  жыл  сай-

ынғы  демалыс  беру  және  оның  ең  аз  ұзақтығы  Қазақстан 

Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.

Сонымен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәр-

тебесі  туралы»  ҚР  Заңының  46-бабының  2-тармағымен  әскери 

қызметшілерге  жыл  сайынғы  негізгі  демалыспен  қоса  қосымша 

демалыс беріледі. Жыл сайынғы негізгі және қосымша демалы-

стардың жалпы ұзақтығы тиісті жылға 60 тәуліктен аспауы қажет, 

бұл ретте  демалыс орнына баруға және кері қайтуға жол жүруге 

қажетті уақыт қосымша беріледі.  

Еңбек, ұжымдық шарттарда қызметкерлерге үздiксiз ұзақ жұ-

мысы, маңызды, күрделi, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де 

сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшiн көтермелеу сипатында 



жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгiленуi мүмкiн. 

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданы-

латын жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, еңбек де-

малысы күндерiне тура келетiн мереке күндерi есепке алынбай, 

күнтiзбелiк күндермен есептеледi.  Жыл сайынғы еңбек демалы-

сының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша 

еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қо-

сылады. Бірақ жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы 

ең жоғарғы шекпен шектелмейдi.  



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау