40
ретте қызметкердi қатарынан екi жұмыс ауысымында жұмысқа
тартуға тыйым салынады.
Толық емес жұмыс уақытынан басқа қызметкерлердiң әлеумет-
тiк-тұрмыстық және жеке қажеттiлiктерiн өндiрiс мүдде-лерiмен
үйлестiру мақсатында икемдi
жұмыс уақыты режимiндегi жұ-
мыс қолданылуы мүмкін (ЕК-нің 74-бабы). Икемдi жұмыс уақыты
режимiнiң кезiнде: тiркелген жұмыс уақыты, қызметкер сол уақыт
iшiнде еңбек мiндеттерiн өз қалауы бойынша атқаруға құқылы
икемді жұмыс уақыты, есептiк кезең белгiленедi.
Жұмыс уақытының жиынтық есебi (ЕК-нің 75-бабы) үздiксiз
жұмыс iстейтiн өндiрiстерде, цехтарда, учаскелерде және өн-
дiрiс жағдайлары бойынша қызметкерлердiң осы санаты үшiн
белгiленген жұмыс уақытының күнделiктi немесе апта сайынғы
ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбiр түрлерiнде қол-
данылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн белгiлеу кезiнде
жұмыстың аяқталуы мен келесi жұмыс күнiнiң (жұмыс ауысымы-
ның) басталуы арасындағы қызметкердiң демалыс ұзақтығының
сақталуы мiндеттi болып табылады. 18 жасқа толмаған қызмет-
керлер үшін, бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлер үшін және
егер жұмыс күні сегіз сағаттан асатын болса жүкті әйелдер үшін
жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.
Түнгi уақыттағы жұмыс, үстеме жұмыс, мереке және дема-
лыс күндеріндегі жұмыс мәселелері жеке реттеледі.
ЕК-нің 76-бабына сәйкес 22 сағаттан бастап таңертеңгi сағат
6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып есептеледi.
Үстеме жұмыс – бұл қызметкердің жазбаша келісімімен бел-
гіленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс.Үстеме жұмыстарға: жүктi
әйелдер, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер және мүгедектер
жiберiлмейдi.
Үстеме жұмыстар әрбiр қызметкер үшiн тәулiк iшiнде – 2 сағат-
тан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi
жұмыстарда 1 сағаттан аспауға тиiс. Үстеме жұмыстардың жалпы
ұзақтығы айына 12 сағаттан және жылына 120 сағаттан аспауға
тиiс.
Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз үстеме жұмыстарға тек қана
мынадай жағдайларда (ЕК-нің 77-бабы):
1) ел қорғанысы үшiн, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей
зiлзаланы немесе өндiрiстiк аварияны болдырмау не олардың
зардаптарын дереу жою үшiн қажеттi жұмыстар жүргiзу кезiнде;
41
2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жаб-
дықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тiршiлiктi қамтама-
сыз етудiң басқа жүйелерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн бұзатын өзге
де мән-жайларды жою үшiн;
3) егер үзiлiс жасауға болмайтын жұмыста ауыстыратын қы-
зметкер келмей қалғанда, басқа қызметкермен ауыстыру шара-
сын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшiн жол үшін.
4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азамат-
тарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме
жұмыстарға жол беріледі.
Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша демалыс және мереке
күндерiндегi жұмысқа
қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен жол
берiледi (ЕК-нің 85-бабы). Демалыс және мереке күндерiнде қы-
зметкердiң бастамасы бойынша жұмысқа жұмыс берушiнiң актiсi
негiзiнде жол берiледi Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс
істеген кезiнде қызметкердiң қалауы бойынша оған басқа дема-
лыс күнi берiледi немесе екі есе мөлшерде ақы төленедi.
Сұрақ: Жылумен жабдықтау жүйесінде жұмыс істеймін. Кейде
мереке күндері, демалыс күндері жылу трассасында авария бо-
лып тұратындықтан мені келісімсіз жұмысқа шақырады. Осы
дұрыс па?
Жауап: Өндірістік аварияның салдарын кідіртпей жою үшін дема-
лыс және мереке күндері қызметкердің келісімісіз жұмысқа тар-
туға болады, сондықтан әкімшіліктің әрекеті дұрыс. Оның үсті-
не, төтенше жағдайларды, дүлей зiлзаланы немесе өндiрiстiк
аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшiн;
жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң жойылуы немесе бүлiнуiн бол-
дырмау және оларға тергеу жүргiзу үшiн; жалпы ұйымның неме-
се оның жекелеген бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмысы
осылардың жедел орындалуына тәуелдi болатын шұғыл, бұрын
көзделмеген жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi (ЕК-нің 86-
бабы).
Қызметкерлердi демалыс және мереке күндерi жұмысқа
тарту жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi.
Қызметкердің еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін демалы-
стар маңызды мәнге ие, оған еңбек заңнамасының көптеген нор-
малары арналған.
42
ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Сонымен, қызметкерге күнделiктi жұмыс iшiнде тынығуға және
тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын
бiр үзiлiс берiлуге тиiс. Мұндай үзiлiс күнделiктi жұмыс басталған-
нан кемiнде үш сағат өткеннен кейiн және 4 сағаттан кешiктiрiлмей
белгiленуге тиiс. Алайда ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделiктi
жұмыста жұмыс уақытының икемдi жиынтық есебi режимi кезiн-
де тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс күнделiктi жұмыс
басталғаннан кемiнде 4 сағат өткеннен кейiн белгiленуi мүмкiн.
Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс уақыты жұ-
мыс уақытына қосылмайды. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс
беру мүмкiн болмайтын жұмыстарда жұмыс берушi қыз-меткердi
жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және
тамақтану мүмкiндiгiмен қамтамасыз етуге мiн-деттi. Жұмыстың
жекелеген түрлерiнде қызметкерлерге техно-логияға және өн-
дiрiс пен еңбектi ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына
қосылатын ауысымiшiлiк үзiлiстер берiледi.
Жылдың суық мезгiлiнде ашық ауада немесе жылы-тыл-
майтын жабық үй-жайларда жұмыс iстейтiн, сондай-ақ тие-
у-түсiру жұмыстарында iстейтiн қызметкерлерге жылыну және
тынығу үшiн
жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзiлiстер
берiледi.
Жұмыс берушi қызметкерлердiң жылынуы мен ты-
нығуына арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтама-
сыз етуге мiндеттi.
жұмыс күнi
iшiндегi
үзілістер -
тынығуға
және та-
мақтану
ға ар-
налған
үзiлiс
ауысым
iшiлiк және
арнаулы
үзiлiс
тер
күнде-
лiктi ты-
нығу
демалыс
күндерi
мереке
күндерi
дема-
лыстар