33
Ішкі еңбек тәртіптемесі кез келген уақытта қы-
зметкерлердің танысуы үшін қол жетімді болуы
қажет. Әдетте олар ұйымдарда және оның құрылым-
дық бөлімдерінде көрнекі орында ілінеді.
Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін тәртіп туралы
жарғылар мен
тәртіп туралы ережелер қолданылады.
Еңбек тәртібі өзінде қызметкердің де сондай-ақ жұмыс бе-
рушінің де міндеттерін құрайды. ЕК-нің 70-бабына сәйкес ең-
бек тәртiбiн жұмыс берушi жеке және ұжымдық еңбек үшiн қажет-
тi ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қы-
зметкерлердiң еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендiру, адал
еңбегi үшiн көтермелеу әдiстерiмен, сондай-ақ тәртiптiк терiс
қылық жасаған қызметкерлерге тәртiптiк жаза қолдану арқылы
қамтамасыз етіледi.
Жұмыс берушi қызметкерлерге еңбектегi жетiстiктерi үшiн кө-
термелеудiң кез келген түрiн қолдануға құқылы.
Көтермелеудің мейлінше кең тараған түрлері алғыс жари-
ялау, сыйақы беру, дипломдармен, грамоталармен марапаттау,
жазаны мерзімінен бұрын алу, дәрежесін кезектен тыс жоғары-
лату және т.б. болып табылады.
Сонымен бірге, арнайы заңдармен және заңға тәуелді актілер-
мен көтермелеудің өзге де түрлері белгіленеді.
34
ТӘРТІПТІК ЖАЗАЛАР
Тәртіптік жазалар түрлері
(Еңбек кодексінің 64-бабы)
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және өзге де
заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдауға жол
берілмейді. Практикада кейбір жұмыс берушілер: «ескерту»,
«көпшілікке шығару» және т.б. сияқты ешқандай құқықтық сал-
дарлары болмайтын жаза қолданады.
Жазаның өзге түрлері «Ішкі істер органдары туралы», «Қаржы
полициясы органдары туралы» сияқты және т.б. заңдармен көз-
делген.
ескерту
осы Кодекстің 52-
бабы 1-тармағы-
ның 8), 9), 10), 11),
12), 13), 14), 15),
16), 17) және 18)
тармақшаларында
көзделген негіздер
бойынша, еңбек
шартын жұмыс
берушінің бастама-
сы бойынша бұзу
түріндегі тәртіптік
жаза қолдануға
құқылы
сөгіс
қатаң сөгіс
35
ҚР ЕК-нің 65-бабында
тәртiптiк жазаларды қолдану және
оған шағым жасау тәртiбi келтірілген.
Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік
жаза қолданады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қол-
данғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап
етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұ-
мыскер жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт
жасалады. Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік
жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды.
Әрбiр тәртiптiк терiс қылығы үшiн қызметкерге бiр тәртiптiк
жаза ғана қолданыла алады. Жұмыс берушiнiң қызметкерге
тәртiптiк жаза қолдану туралы актiсi:
1) қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi;
2) қызметкер мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттер атқару
уақытына жұмыстан босатылған;
3) қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста
болған;
4) қызметкер iссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрық ол шығарылған күнi-
нен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қызметкерге қолын қойғызып
хабарланады. Қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiмен танысқанын
қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, бұйрықта ол туралы
тиiстi жазба жасалады. Қызметкердi жұмыс берушiнiң тәртiптiк
жаза қолдану туралы бұйрығымен жеке таныстыруға мүмкiндiк
болмаған жағдайда жұмыс берушi актiнi қызметкерге хабарлама-
лы хатпен жiберуге мiндеттi.
Тәртіптік жазаға қызметкер шағымдана алады.
36
Сондай-ақ
тәртіптік жазаларды белгілеу мерзімі (ЕК-нің 65-
бабы) және
тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі маңызды
мәнге ие (ЕК-нің 66-бабы).
Тәртiптiк жаза жоғарыда көрсетілген төрт жағдай-
ды қоспағанда, қызметкерге тәртiптiк терiс қылық
анықталғаннан кейiн тiкелей, бiрақ ол анықталған күннен
бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
Сот
ереуiлдi заңсыз деп танығанда кезде (ЕК-нің 177-бабы),
тәртiптiк жаза бұл туралы соттың шешімі күшіне енген күннен
бастап 1 айдан
кешіктірілмей қолданылады.
Тәртiптiк жазаны тәртiптiк терiс қылық жасалған күннен
бастап алты айдан асқаннан кейiн
қолдануға, ал Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген немесе ревизия не-
месе жұмыс берушiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру
нәтижелерi бойынша тәртiптiк терiс қылығы анықталған жағдай-
ларда қызметкер тәртiптiк терiс қылық жасаған күннен бастап
бiр
жылдан асқаннан кейiн белгілеуге болмайды. Көрсетiлген
мерзiмдерге қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу уақыты кiрмейдi.
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қыз-
меті туралы» ҚР Заңының 45-бабы мемлекеттік қызметке кір кел-
тіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік
жаза анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолда-
нылады және оны жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп
қолдануға болмайтындығын көздейді.
Қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемле-кет-
тiк немесе қоғамдық мiндеттер орындау үшiн жұмыстан боса-
тылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста
болмаған уақытында тәртiптiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы
тоқтатыла тұрады.