Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет1/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

АНЫҚТАМАЛЫҒЫ


ӘОЖ 349.2 (035)

КБЖ 67.405я2

    Е  58

Е 58  Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы. 

 

Астана, 2016. – 92 б.



ISBN 978-601-7513-10-8

Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық рефор-

маны іске асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарын (83-қадам 

«еңбек  қатынастарын  ырықтандыру»)  жүзеге  асыру  шеңберін-

де  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік 

даму министрлігі әзірлеген.

 

 

 



 

 

 



ӘОЖ 349.2 (035)

 

 



 

 

 



 

КБЖ 67.405я2

ISBN 978-601-7513-10-8   

 

 



 

© «VVP.KZ», 2016




МАЗМҰНЫ



р/с

Тақырыптың атауы

бет

1

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз



етудің жалпы қағидалары.

4

2



Еңбек қатынастарының туындауы. Еңбек шарты.

8

3



Жұмыс беруші мен қызметкерлердің 

негізгі құқықтары мен міндеттері

27

4

Еңбек тәртібі. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты.



32

5

Қызметкерлердің еңбек заңнамасымен 



көзделген құқықтарының кепілдіктері.

50

6



Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды 

мүдделерін қорғау.

58

7

Ұжымдық шарт.



61

8

Еңбек  даулары.



63

9

Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік.



72

10

Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті 



қорғау саласындағы негізгі құқықтары мен 

міндеттері.

74



4

1  

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК 

ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ 

          ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Қазақстан  Республикасының  еңбек  туралы  заңнамасы  еңбек 

және тікелей онымен байланысты қатынастарды реттейді. Еңбек 

құқығы қатынастары – бұл қызметкер мен жұмыс берушiнiң ара-

сындағы еңбек шарты негізінде пайда болатын  және одан туын-

дайтын,  онымен  тығыз  байланысты  заңдық  қатынастар,  бұдан 

әрі оларға осы Анықтамалықта қаралып, түсінік беріледі. 

  Халықарылық  практикаға  сәйкес  еңбек  құқығы  қатынас-та-

рының қатысушылары басым көпшілігінде «жұмыс беруші» мен 

«қызметкер» («қызметкерлер») деген жалпы терминдермен ата-

лады.

Еңбек  қатынастарын  реттейтін  негізгі  нормативтік  құқықтық 



акті 2015 жылы 23 қарашада қабылданған және өзінде 204 бапты 

құрайтын 5 бөлімнен тұратын Қазақстан Республикасының Еңбек 

кодексі (бұдан әрі – ЕК, Кодекс, Еңбек кодексі) болып табылады.

Қызметкердің  еңбек  құқықтарын  қамтамасыз  етудің  жалпы 

қағидалары  Еңбек  кодексінің  4-бабында  бекітілген.  Қағидалар 

–  бұл  латын  тілінен  аударғанда  нормативтік-басқарушылық  си-

патқа  ие,  құқықтық  реттеудің  барлық  саласында  қолданылатын 

және барлық қатысушыларға таралатын негізгі бастаулар. Еңбек 

құқығында еңбек заңнамасының қағидалары жоғарыда көрсетіл-

гендей, Кодекстің өзінде бекітілген.

Еңбек  заңнамасы  қағидаларының  әрбірі  одан  әрі  Еңбек  ко-

дексінің және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді актілердің 

нормаларында егжей-тегжейлі бекітілген.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық 

реттеу ерекшеліктері Еңбек кодексімен қатар сондай-ақ 

Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленеді. 

Мысалы, «Ішкі істер органдары туралы», «Прокуратура тура-

лы», «Атқарушылық ісі және сот орындаушыларының 

мәртебесі туралы» заңдармен және т.б.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!

Бұл ретте өзге заңдар Еңбек кодексімен белгіленген 

құқықтардың, бостандықтар мен кепілдіктердің деңгейін 

төмендетпеуі қажет.



5

Еңбек  қатынастары,  сондай-ақ  еңбек  қатынастарына  тiкелей 

байланысты  өзге  де  қатынастар  еңбек  шартында,  жұмыс  бе-

рушiнiң актiлерінде, келiсiмде реттеледi.



Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжымдық, 

еңбек шарттарының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан 

Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда 

қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi жа-

рамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс.

Келiсiмдердiң, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары 

бiржақты тәртiппен өзгертiлмейдi

 

(ЕК 10-бабы)

ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ АКТІСІ

бұйрық-         өкім-         нұсқау-        ереже-           еңбек

    тар           діктер         лықтар          лер           тәртiптеме-

                                                                              сiнiң ереже-

                                                                                    лері

Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек 

заңнамасымен, ұжымдық шартпен, келiсiмдермен салы-

стырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын 

не белгіленген рәсiмдер сақталмай шығарылған ак-

тiлерi жарамсыз болып табылады және қолданылмауға 

тиiс.

Еңбек қатынастарын реттеуде күнтiзбелiк күнмен есепте-

летiн, уақыт кезеңiнiң аяқталуымен не міндетті түрде баста-

луға  тиiс  белгілі  оқиғаны  көрсетумен  есептелетін  мерзім 

маңызды мәнге ие.



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау