Е 58 Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығы



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата20.05.2018
өлшемі0,62 Mb.
#14558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

21

мыскері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік 

қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өт-

пеген;


6) жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін және оны жалға-

стыру мүмкіндігін болғызбайтын денсаулық жағдайының салда-

рынан  жұмыскер  атқаратын  лауазымына  немесе  орындайтын 

жұмысына сәйкес келмеген;

7) сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі теріс болған;

8) жұмыскер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді 

себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;

9)  жұмыскер  жұмыста  алкогольдік,  есірткілік,  психотроптық, 

уытқұмарлық  масаңдық  (соларға  ұқсас)  жағдайында  болған, 

оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, есірткілік, уытқұмар-

лық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын туғызатын заттарды пай-

даланған;

10) тиісті актімен расталған, алкогольдік, есірткілік, уытқұмар-

лық масаңдық жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін 

анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан;

11)  өндірістік  жарақаттар  мен  аварияларды  қоса  алғанда, 

ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін, еңбек-

ті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі 

қағидаларын жұмыскер бұзған;

12)  заңды  күшіне  енген  сот  үкімімен  немесе  қаулысымен 

анықталған,  жұмыскер  жұмыс  орнында  бөтен  мүлікті  ұрлаған 

(оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жойған немесе бүлдірген;

13)  ақшалай  немесе  тауарлық  құндылықтарға  қызмет  көрсе-

тетін  жұмыскер  кінәлі  әрекеттер  жасаған  немесе  әрекетсіздігі, 

егер  бұл  әрекеттер  немесе  әрекетсіздік  жұмыс  берушінің  тара-

пынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса;

14)  тәрбиелеу  функцияларын  атқаратын  жұмыскер  осы  жұ-

мысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар 

жасаған;

15) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне 

мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын 

өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен;

16) тәртіптік жазасы бар жұмыскер еңбек міндеттерін дәлелді 

себепсіз қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орын-

дамаған;



22

17) егер төлнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын 

жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз бо-

латын болса, еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру 

кезінде жұмыскер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар неме-

се мәліметтер ұсынған;

18) жұмыс берушіге материалдық нұқсан келтіруге әкеп соққан, 

жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынба-

сарының  не  жұмыс  беруші  бөлімшесі  (жұмыс  берушінің  актісін-

де айқындалған жұмыс берушінің филиалдары, өкілдіктері және 

өзге де бөлімшелері) басшысының еңбек міндеттерін бұзған;

19)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген 

жағдайларда жұмыскердің мемлекеттік құпияларға берілген рұқ-

саты тоқтатылған;

20) жұмыскер жүктілігіне және босануға байланысты демалы-

ста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы 

уәкілетті  мемлекеттік  орган  бекітетін  еңбекке  қабілетсіздіктің 

неғұрлым  ұзақ  мерзімі  белгіленген  аурулар  тізбесіне  енгізілген 

жағдайларды  қоспағанда,  жұмыскер  еңбекке  уақытша  қабілет-

сіздігі  салдарынан  қатарынан  екі  айдан  астам  уақыт  жұмысқа 

шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуы-

на байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған жұмыскердің 

жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге 

немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады;

21) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көздел-

ген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер заңды күшіне енген сот 

актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас 

жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

22) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқта-

та тұру туралы шешімі жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кей-

ін ол ереуілге қатысуды жалғастырған;

23) заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не меншік иесі уәкілет-

тік берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкілет-

ті  органының  шешімімен  атқарушы  орган  басшысының,  заң-

ды  тұлғаның  алқалы  атқарушы  органы  мүшелерінің,  сондай-ақ 

«Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің және корпо-

ративтік хатшының өкілеттіктері тоқтатылған;



23

24)  тараптардың  өзара  келісімі  бойынша  еңбек  шартының 

мерзімін  жыл  сайын  ұзарту  құқығы  бар  жұмыскер  «Қазақстан 

Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңында  белгіленген  зейнеткерлік 

жасқа толған;

25) жұмыскер жұмыс берушіге белгісіз себептер бойынша бір 

айдан астам жұмыста болмаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Еңбек кодексінде қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн 

жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың 

қосымша негiздерi көзделген.

Қызметкердің  уақытша  еңбекке  қабілетсіздігі  және  жыл 

сайынғы еңбек демалысында жүрген кезеңінде:

1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не  жұмыс берушi 

- жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған;

2)  қызметкер  жүктiлiгi  және  босануы  бойынша  демалыста 

болған, сондай-ақ егер ауру бекітілген еңбекке қабiлетсiздiктiң 

анағұрлым  ұзақ  мерзiмi  белгiленген  аурулар  тiзбесiне  кіретін 

жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабiлет-

сiздiгi салдарынан қатарынан екi айдан астам уақыт жұмысқа 

шықпаған жағдайларды қоспағанда,  еңбек шартын жұмыс бе-

рушiнiң бастамасы бойынша бұзуға жол берiлмейдi.

Жұмыс  берушi  -  заңды  тұлға  таратылған  не  жұмыс  берушi  - 

жеке  тұлғаның  қызметi  тоқтатылған  жағдайда;  қызметкерлер 

саны  немесе  штаты  қысқартылғанда  жұмыс  беруші  еңбек  шар-

тын бұзатыны туралы қызметкерге 1 ай бұрын жазбаша ескер-ту-

ге  мiндеттi.  Қызметкердiң  жазбаша  келiсiмiмен  еңбек  шар-тын 

бұзу ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн. 

ЕК-нің  56-бабы  қызметкер  жұмыс  берушiге  кемiнде  бiр  ай 

бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзiнiң бастамасы 

бойынша бұзуға құқылы екендігін көздейді. Егер жазбаша хабар-

ланған  күннен  бастап  7  күн  мерзiм  өткен  соң  жұмыс  берушiнiң 

еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қы-

зметкер 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жұмыс берушiге жазбаша 

ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы. Қызметкер ескер-

ту мерзiмi iшiнде еңбек шартын бұзу туралы өтiнiшiн жазбаша ны-




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау