54
Сурет 3‒ Дене шынықтыру-спорт қызметі нарығының үлгісі
(И.И.Переверзин бойынша)
Сонымен, ғылыми-педагогикалық, арнайы әдебиет сараптамасы негізінде
біз келесі қорытындыға келдік:
Спорт маркетингі нарықта біздің жағдайда дене шынықтыру және спорт іс-
шараларынан сұранысқа ие өнімдерді жасауға, оларды сатуға қызығушылық
танытқан дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың стратегиялық және
тактикалық міндеттерін шешудің басты құралы болып табылады.
Маркетинг
‒ сатып алушыға құндылық болып табылатын адамдардың
дене жаттығуларымен және спорт түрлерімен шұғылдануға деген
сұраныстарын
қанағаттандыруға
арналған
әлеуметтік-мәдени
жаңашылдықтардың кіріктірілген технологиясы.
Дене
жаттығуларымен
және
спортпен
шұғылданудың
ұйымдастырулы түрлері:
- дене шынықтыру
сабақтары;
- спорттық секциялар және
дене шынықтыру-
сауықтыру топтары;
- спорттық клубтар;
-оқу-жаттығу топтары т.б
жәт.б.
Спорттық көріністер:
Спорт түрлері бойынша
жарыстар,
спорттық
мерекелер
Бағдарламалы-әдістемелік
өнім:
- дене жаттығуларымен
және спортпен шұғылдану
әдістемесі;
- шұғылданудың
әдістемелік кешендері;
- дене тәрбиесі мендене
даярлығы бағдарламалары.
- спортшыларды
даярлау
жүйелері және т.б.
Дене шынықтыру-спорт қызметі субъектілері (жеткізушілері)
Жаттықтырушылар, дене
шынықтыру және спорт
мұғалімдері,
оқытушылары
Спортшылар
Дене шынықтыру және
спорт
бойынша ғылыми
еңбеккерлер,
жаттықтырушылар мен
инструктор-әдіскерлер
Шұғылданушылар
Көрермендер, спорт
жанкүйерлері мен
демеушілер
Жаттықтырушылар,
мұғалімдер,
оқытушылар,
дене шынықтыру және
спорт нұсқаушылары, өз
бетімен шұғылданушылар
Дене шынықтыру-спорттық
қызметтерді тұтынушылар
56
психологиялық іс-әрекет деп анықтауға болады. Имиджді қалыптастырудың
негізгі тетіктері ретінде әлеуметтік санаттау, әлеуметтік қабылдау тетіктері –
сәйкестендіру, эмпатия, себеп-салдарлық белгілер, әлеуметтік-психологиялық
рефлексия қарастырылады. Бұл ретте имиджді құру бойынша негізгі, іске
қосушы іс-әрекет ретінде когнитивті үйлесімсіздік тетігінің орны ерекше, ол
жоғарыда
аталғандардан өзгеше, когнитивті өрісте әрекет етеді [189].
Е.Б. Перелыгина имидж – оны құра алатын кез-келген адамның ажырамас
бөлшегі дейді. Имиджді қалыптастырудың екі жолы бар: кенеттен және
мақсатты түрде, ол баланың ерте жасынан басталып, бірнеше кезеңде жүзеге
асырылады. Баланың 6-8 жастағы имиджі бей-берекет бейімделудің нәтижесі
болып табылады. Ол еліктеу тетігі негізінде қалыптасып, әлеуметтік
мақұлдауға ие болуға тырысумен, өзін басқа мінсіз адамдар бейнесі арқылы
ұғынумен байланысты. Жасөспірім шақта имидж құрудың «әмбебап
уәждемесі» қаланады, ол Мен-тұжырымдаманы мінсіз «Менге» айналдыруға
талпыну дегенді білдіреді. Бұл кезеңде имиджді қалыптастыру сәйкестендіру
тетігі, яғни өзін-өзі өзге маңыздыларға ұқсату негізінде жүзеге асады, ол
бағалау, салыстыру, өзіндік талдау арқылы өзін-өзі түсінумен байланысты,
еріксіз, импульсивті әрекеттерден құралып, бей-берекет сипатын сақтайды
[190].
Бұл ретте, В.Г. Горчакованың пікірі бойынша, имидж адам болмысының
бейнесі, қалыптасқан даралығының нышаны, дамуының, өсуі мен өзін-өзі
дамытуының табиғи, субъективті үрдісінің нәтижесі, іс-әрекетінің «қайталама
жемісі» болып табылады [189, с. 6].
Адамның жастық шақ кезеңі (16-22 жас) имиджді құру іс-әрекетінің
мақсатты түрде жүзеге асатын бірден-бір қолайлы уақыты, бұл кезеңде адам
мәдениеттену, әлеуметтену, жеке тұлғасын дамытудың жаңа сатысына аяқ
басып, өз имиджін құру жолында мақсатты және саналы түрде жұмыс істеуге,
оны қалыптастырудың мақсаттарын, құралдары мен тактикасын таңдауға
дайын болады. Мұнда имидж даму мен өзін-өзі дамытудың табиғи, субъективті
үрдісінің нәтижесі ғана емес, сондай-ақ ол мақсатты заттандыру, іс-әрекеттің
бастапқы, өзіндік құны бар жемісі болып табылады [191].
Әлеуметтік психология аясында имидждің адамның ішкі әлемімен
белсенді түрде әрекеттесетіні, оның дамытушылық және үлгілеушілік сипатқа
ие екені дәлелденген [192].
Әлеуметтану, психология, философия, гуманитарлық ілімнің басқа да
салалары аясында қалыптасқан түпкі ойлар негізінде, сондай-ақ, жеке имиджді
қалыптастырудың дәстүрлі әлеуметтік-психологиялық тәсілдемелерімен
шектелген үрдістің сәтті болмайтынын түсіне келе, педагогикада жалпы
психологиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтану және педагогикалық
білімді
біріктіретін
имидждің
толыққанды
әлеуметтік-педагогикалық
тұжырымдамасын жасауға бағытталған қадамдар жасалуда.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымында имидж туралы теориялық білімнің
бүгінгі деңгейі мен оларды тәрбие мен білім беру үрдісінде іс жүзінде қолдану