Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66

59 
 
бірлігін,  әдістерді,  түрлер  мен  құралдарды  таңдауды  қамтамасыз  ететін 
біріктіруші тәсілдеменің алатын орны ерекше.  
Педагогикалық  ғылым  заманауи  қоғам  талаптары  мен  іс-әрекет 
шарттарына  сәйкес  келетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағдарлану  тиіс 
өзіндік имидж тұжырымдамасын құруға жаңадан кірісуде.  
Имидждің спорттағы мәні мен қолданылуы туралы мәселеге келер болсақ, 
аталмыш  мәселенің  маңыздылығы  мен  өзектілігіне  қарамастан,  осы  уақытқа 
дейін  оған  имидж  жасаушылар,  ЖБ  (PR)  саласындағы  мамандар,  спорт 
психологтары, т.б. тарапынан лайықты көңіл бөлінбегендігін айта кеткен жөн. 
Бүгінгі күнгі ақиқатқа келер болсақ, мемлекеттік, коммерциялық ұйымдар 
өз  имиджін,  әсіресе  басшысы  мен  қызметкерлерінің  имиджін  қалыптастыруға 
айрықша  көңіл  бөлуде.  Спортшылардың  көбісі  саясаткерлер  мен  әртістерге 
қарағанда  өз  имиджінің  қалыптасуына  мүлдем  көңіл  бөлмейді.  Дегенмен, 
имидждің  олардың  спорттағы  жетістіктеріне,  жарнамалық  келісімшарттарына, 
әлеуметтік  жағдайына,  болашағына  тікелей  ықпал  ететінін  айту  керек.  Литва 
зерттеушілерінің  мәліметтеріне  сәйкес  (Дадаускас  Девидас.  Кәсіби  спортшы 
үшін  имидждің  орны.  –  Каунас,  1999),  Литвалық  баскетбол  одағы  мен 
Литвалық баскетбол одағының А дәрежесінің (төменгі одақ) өкілдерінің 72%-ы, 
жаттықтырушылардың  83%-ы,  спорттық  журналистердің  73%-ы  спортшы 
имиджінің келісімшарт жасауға айтарлықтай ықпал ететіні туралы айтқан [201].   
1991 жылы бастау алған спортты коммерциялауға келер болсақ, кез-келген 
коммерциялық  іс-әрекет  мейлінше  көбірек  пайда  түсіру  үшін,  жарнама 
саласындағы  мамандарды,  ЖБ,  имидж  жасаушыларды  жұмысқа  тарту  қажет. 
Әрине,  бұл  ретте  спорт  имиджі  айқын,  нақты  кескінге  ие  болады  және  оны 
егжей-тегжейлі  қарастырғанда  жағымсыз  жақтары  көзге  түседі.  Әдетте 
имиджді  қалыптастыру  бастамасын  спорт  командасына  немесе  спортшыға 
қызмет  ететін  фирма  өз  қолына  алады.  Көп  жағдайда  спортшының  жеке 
тұлғасы  жұртшылық  назарынан  тыс  қалып,  көбірек  адам  санын  тартатын 
тұстары  ғана  қалады,  мысалы:  спортшының  киім-кешегі  мен  жабдығы,  оның 
фирманың  жарнамасына,  имиджді  жарыстарға  қатысуы,  осы  фирмамен  ұзақ 
мерзімді  келісімшартының  болуы,  т.б.  Осылайша,  спортшының  имиджі  оның 
спорттық  іс-әрекеті  аясынан  тыс  қарастырылады,  яғни  жұртшылық,  соның 
ішінде  жанкүйерлер,  спортшының  жеке  тұлғасын  белгілі  бір  фирмамен,  оның 
коммерциялық іс-әрекетімен байланыстыра бастайды.  
Адамдарды  спортпен  шұғылдануға  тартуға  байланысты  имиджді 
қалыптастыруды  көздейтіндердің  мақсаттары  бұған  қарама-қайшы.  Бірінші 
жағдайда басты мәселе спортшының іс-әрекетінен көбірек пайда түсіру болса, 
екінші  жағдайда  мәселелердің  толық  кешені  маңызды  орын  алады,  мысалы: 
дене  шынықтырушылардың,  жанкүйерлердің,  көрермендердің  жасы  мен 
қызығушылықтары,  елдің  географиялық,  экономикалық  жағдайы,  т.б.  Осыған 
орай  елде  спорт  имиджін  қалыптастыру  мәселесі  өте  күрделі,  көптеген 
факторларды ескеруді талап ететін үдеріс болып табылады. 


60 
 
ЖОО-ның студенті – болашақ бакалаврдың имиджі мәселесін әлеуметтік-
психологиялық  және  әлеуметтік-педагогикалық  қырларында  зерттеудің 
тәжірибелік және теориялық маңызы артуда [202]. 
16-22  жаста,  «адамның  табиғатына  тән  әлеуеттердің  барлығының 
дамитын»  кезінде,  имиджмен  мақсатты  түрде  жұмыс  атқару  үшін  алғашқы 
қолайлы  кезең  орын  алады,  бұл  студенттердің  жағымды  имиджін 
қалыптастырудың  бірегей  алғышарты  болып  табылады.  Бұл  уақытта  аталмыш 
іс-әрекет  үшін  қажетті  ішкі  жағдайлар  орнайды,  соның  ішінде,  имиджді 
қалыптастыруда  айтарлықтай  мәнге  ие  физикалық  және  психологиялық 
қызметтер  даму  шегіне  жетеді:  сөздер  және  таңбалар  жүйесі  арқылы  өзін-өзі 
таныту  және  қайта  таныту  қабілеті,  әр  түрлі  ақпарат  таратушылар  (заттар, 
бұйымдар,  жеке  аңыз,  түйіндеме,  т.б.)  мен  оны  жеткізу  арналарын  қолдана 
отырып,  имиджді  қалыптастыратын  қарама-қайшылықсыз  лингвистикалық, 
материалдық және ақпараттық ортаны құру қабілеті [203]. 
Қазіргі  уақытта  психология  мен  әлеуметтік  психологияда  имиджді 
әлеуметтік-психологиялық  құбылыс  ретінде  зерттеудің  теориялық  негізі 
жасалуда  [204].  Психологтар  имиджді  қалыптастырудың  әлеуметтік-
психологиялық  үлгісін  жасауда;  имидж  мәселесін  әлеуметтік  психоталдау, 
психотехника  аясында,  имиджді  қалыптастырудың  психотехнологиясы; 
жарнама  мен  өзін-өзі  жарнамалау;  кәсіби  имидж  мәселелерін  қарастыруда. 
Психологтардың  еңбектерінде  имидждің  негізгі  құрамдас  бөлшектері, 
сипаттамалары,  оны  құрудың  түрткілері,  имиджді  қалыптастырудың 
психологиялық  тетіктері,  заңдылықтары,  тәсілдері,  сондай-ақ,  оның 
тұлғааралық қарым-қатынаста және әлеуметтік  іс-әрекеттің барлық түрлерінде 
алатын орны айқындалған [203,с. 85]. 
Әлеуметтік  психология  бойынша  имидж  әлеуметтік  таным  нәтижесінде 
пайда  болатын  бейненің  бір  түрі  болып  табылады.  И.П.  Шкуратова  имидж 
«имидж  иесі  мен  имидж  арналған  тыңдаушылардың  өзара  әрекеттестігі» 
жағдайында  ғана  пайда  болады  дейді.  «Тасымалдаушы  тарапынан  жіберілетін 
ақпаратсыз  имиджді  қалыптастыру  үшін  негіз  жоқ,  ал  тыңдаушылар  болмаса, 
ол тіпті мүмкін емес, өйткені кез-келген имидж тыңдаушыларға арналған және 
олар, ең ақырында, имидждің қалыптасуына себепші болады» [205]. 
Біз  әр  түрлі  ғылыми  зерттеулердегі  ерекше  құбылыс  ретінде  имидждің 
қызметіне  талдау  жасадық.  Қызмет  дегеніміз  –  ерекше  құбылыстың  тіршілік 
әрекетінің  белсенді  түрі.  Имидждің  қызметін  білудің  маңызды  ғылыми-
танымдық мәні бар. 
Философиялық-мәдениеттану 
зерттеулерінде 
имидждің 
маңызды 
қызметтеріне  мыналар  жатады:  жеке-дара  және  кәсіби  құндылықтарға 
бағдарланған  аксиологиялық  қызметі,  сондай-ақ,  когнитивті,  дүниетанымдық, 
экзистенционалды,  т.б.  қызметтері.  Имидждің  экономикадағы  негізгі 
қызметтеріне  әдетте  номинативтік,  эстетикалық,  атаулы  және  сәйкестендіру, 
дәріптеушілік  және  қарама-қарсы  қоюдан  тұратын  коммуникативтік  қызметтері 
жатады [204,с. 88]. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау