74
анықтама беруге мүмкіндік жасайды. Өзінің заманауи түсінігі мен мазмұны
бойынша маркетинг дене шынықтыру жүйесінде қоғамның маңызды жалпы
мәдени және рухани тіршілігінің, әлеуметтік-мәдени жаңа енгізілімдерінің
мықты бірлескен технологиясын құрайды. Бұл жеке тұлғаның жалпы және дене
шынықтыру мәдениеті сараптамасы тұрғысынан маркетинг басталады да,
олардың қалыптасуымен аяқталады. Бұдан басқа, тіршілік салтын зерттеуден
басталып, маркетинг тұрғындармен дене шынықтыру-спорттық жұмыс
бағдарламасын
жүзеге
асыра
отырып
тіршіліктің
нақты
мәнерін
қалыптастырады. Сонымен маркетинг дене бітімін жетілдірумен, салауатты
өмір салтымен, дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі түрде
шұғылдануымен
айқындалатын
жеке
тұлғаның
дене
мәдениетінің
қалыптастырылуы мен дамуының басты факторы болып табылады.
Маркетингтің басты міндеті – тұтынушының дербестігіне зиянын тигізбей,
оның сатып алу қабілетін сондай етіп қалыптастыруы қажет, ол тұрақты, дене
шынықтыру және спорт қызметін ұстанушы, маркетинг пен оның
мүмкіндіктерін біршама тиімді қолданатындай болуы керек.
Жалпы алғанда, дене шынықтыру жүйесіндегі маркетинг адамның жеке
тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мен дамыту жолымен жүзеге
асырылатын, салауатты өмір салтын ұстануымен, жүйелі түрде дене
жаттығуларымен және спортпен шұғылдануымен айқындалатын басты
қоғамдық жетістігінің құндылығына белсенді талпынысына арналған.
Дене шынықтыру жүйесіндегі маркетинг маркетингтің теориясы
контексінде ашық түрде, әлеуметтік-этикалық және коммерциялық емес жүйе
ретінде қарастырылуы қажет, бұл өз кезегінде оны тұрғындарды дене
шынықтыру жүйесінің тек қана коммерциялық емес, мемлекеттік және
қоғамдық бөлімдерін басқаруына мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта Е.М. Жих, А.П. Панкрухин, В.А. Соловьев [232], В.Е.
Хруцкий, И.В. Корнеева, Е.Э. Автухова [233] және т.б. зерттеушілер
маркетингке көбірек көңіл бөле бастады. Ары қарай біз қызмет
көрсету
маркетингінің өнім маркетингінен ерекшеліктерін қарастыруды ұсынамыз (
кесте 9).
Кесте 9 ‒ Қызмет көрсету маркетингінің өнім маркетингінен ерекшеліктері
(О.В. Круглова бойынша)
Өлшемдері
Өнім
маркетингі
Қызмет
көрсету маркетингі
1
2
3
Тарихы
Қызмет көрсету
маркетингінен бұрын
пайда болды
Өнім
маркетингінің артынан пайда
болды
Маркетинг
құралдарын іс-
жүзінде
қолдану
Кеңінен,
материалдық
өндірістің барлық
салаларында дерлік.
Көптеген
қызмет
көрсету
компаниялары
маркетингті
енгізу
бойынша кейіндеп қалып отыр немесе
оның құралдарын іс-жүзінде аса
қолданбай отыр.