44
шығармашылық белсенділікті және кәсіби қызметті, сол ерте балалық жастан
қартайғанға дейін өз денсаулығына деген саналы көзқарасты қамтамасыз етуге
жұмсалуы қажет. Денсаулықты нығайту мен сақтау, белсенді ұзақ өмір сүруге
қол жеткізу әрбір адамның табиғи сұранысы болуы керек [177].
Жалпыға мәлім нәрсе, дене шынықтыру-сауықтыру қызметі – жеке
тұлғаның дене бітімі мен денсаулығын сақтау мақсатындағы іс-әрекеті. Ол
адамның еңбек ету және оқу қызметтері сияқты маңызды іс-әрекетінің бір түрі.
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі – адамның өзінің денсаулығын дамыту
мен нығайтуға арналған саналы түрде реттелетін қимыл белсенділігі. Дене
шынықтыру-сауықтыру қызметі – адамның өзінің денсаулығын дамыту мен
нығайтуға арналған саналы түрде реттелетін қимыл белсенділігі.Дене
шынықтыру қызметінің тиімділігі салауатты өмір салтына деген, нақты бір
білім деңгейін меңгеруге деген, өзіндік қимыл және сауықтыру қызметінің
жүзеге асырылуына деген уәждемесін қалыптастырумен байланысты.
Біз «дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы» мәселесі бойынша ғылыми-
педагогикалық және әлеуметтік әдебиетке сараптама жүргізе отырып, берілген
түсініктің мәнін ашуға тырыстық.
Психологиялық-педагогикалық әдебиет сараптамасы көрсеткеніндей, дене
шынықтыру-сауықтыру жұмысы – дене шынықтыру және спортпен
шұғылдануға мүмкіндігі бар адамдарды көбірек тартуға, оңтайлы жағдайлар
жасауға арналған іс-шаралар жиынтығы [178].
Шарманова С.Б. дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын бала ағзасының
денелік және психикалық денсаулығын нығайтуға арналған білім беру
ұйымдарының қызметкерлері жүргізген іс-шаралар жиынтығы ретінде
қарастырады [179].
Сыздыкова Г.С. салауатты өмір салты ұғымын анықтай келе, оған
индивидтің адами қызметтерін толықтай орындау мақсатындағы өмір, еңбек,
демалыс, тұрмыс жағдайларын сауықтыру іс-әрекетін айтады [27, с. 15].
Біздің зерттеу үшін дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы өзіндік жүзеге
асырылу, өзіндік айқындалу мен өзіндік бекітілу құралы ретінде, адамның
нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік өзіндік қорғанысы мен
бейімделуінің құралы ретінде қарастыратын тәсілдер қызығушылық тудырады.
Егер жеке тұлға өз денсаулығын сақтауды мүдде тұтса, қызық, тіршілік әрекеті
аурумен шектелмеген, еңбек нарығында басымдылығы болуы керек.Ғылыми
әдебиетте спорттық-бұқаралық жұмыс деген түсінік кездеседі, оның дене
шынықтыру-сауықтыру жұмысынан айырмашылығы – бұл міндеті бос уақытты
дене шынықтыру және спортпен шұғылданумен өткізу, компания
қызметкерлерінің отбасы мен оның мүшелерін салауатты өмір салтына баулу,
ұжымды жұмылдыру сияқты болып табылатын іс-шаралар жиынтығы.
Ескере кететін жайт, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-
бұқаралық жұмыс нәтижелері – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш екендігі.
Ол ауру деңгейін төмендету мақсатында қызметкерлерінің отбасы мен оның
мүшелерін салауатты өмір салтына баулиды. Жүйелі түрдегі дене белсенділігі
45
шығармашылық ұзақ өмір сүру мен жұмыс қабілеттілікке ықпал етеді,
қартаюдың алдын алады. Дене шынықтыру мен спорттың рөлі өскелең
ұрпақтың арасында темекі тарту, алкоголизм, нашақорлық пен қылмыстың
алдын алуда. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру астарларын
қарастыра отырып, И. В. Палаткин, Р. И. Айзман, Н. А. Шмырева олардың
жүзеге асырылуын былай деп түсіндірді: «Дене шынықтыру және спорт саласы
тиімділігін арттыру шарты қаржылық-экономикалық қарым-қатынастарды
жетілдіру болып табылады. Бұл бір жағынан, мемлекеттік және муниципалды
тапсырыс мазмұндарын нақты анықтауды қарастырса, екінші жағынан –
муниципалды білім беру қызметінің нормативті қаржыландыру жүйесін (бір
тұрғынға шаққандағы) енгізу. Нормативтер негізінде бюджетаралық қарым-
қатынастар қалыптасады, ол дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға
арналған шығындарды тиімді етіп, бірдей мүмкіндіктер береді. Аймақтың
муниципалды білім беру жүйесінде жүргізілетін дене шынықтыру-сауықтыру
жұмысын дамытуды жетілдіру мақсатында оның тиімділігін бағалау
критерийлері,
тұрғындармен
жүргізген
дене
шынықтыру-сауықтыру
жұмысының нәтижелеріне байланысты муниципалді білім беру ұйымдарына
көтермелеу ақысын төлеуді қарастыратын уәждемелік қоры жасалған»[180].
Д.В. Грамотин атап кеткендей, «дене шынықтыру және спортты
дамытудың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі негізінен тұрғындардың
спортпен шұғылданудың денсаулықпен байланысын түсінуіне және дене
шынықтыру-сауықтыру белсенділігін салынған қаржыға негізделген спортты
әлеуметтік тұрғыдан тартымды ету міндеті қаншалықты шешілуімен
анықталады. Спорттық тынығу мен салауатты өмір салтын ынталандыру қажет,
ол көбіне ақпараттық-үгіттеу жүйесінің, соның ішінде жаңа инновациялық
технологияларды (интернет-порталдар, ақпараттық киоскілер және т.б.).
қолдана отырып дамуына байланысты болып келеді. Түптеп келгенде, бұл дене
шынықтыру мен спорттың қолжетімділігінің тағы да бір факторы» [181].
Жалпы,
дене
шынықтыру-сауықтыру
жұмысы
–
адамдардың
функционалды күйін арттыруға, оларды дене шынықтыру құралдарымен сауық
құруға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған іс-шаралар жүйесі. Ескере кететін
жайт, тұрғындарға мемлекеттік, қоғамдық, коммерциялық ұйымдардың,
сондай-ақ, азаматтардың топтық немесе жекелей шұғылданушылардың дене
шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүзеге асырылуының түрлі бағыттары
бар. Бұл жерде тұрғындардың денсаулығын нығайтуға арналған кешенді дене-
шынықтыру-сауықтыру жүйелері қолданылады.
Жоғарыда өткізілген маркетингтік басқару жүйесі күйінің сараптамасы
негізінен өнеркәсіп өндірістерінің мәселелеріне қатысты, сонымен бірге қызмет
көрсету саласын маркетингтік басқару жүйесі, біздің ойымызша, жеткілікті
жасалмаған. Бұл жағдайдың объективті себептері бар. Ең алдымен, біздің
ойымызша қызмет көрсету сапасын тұтынушы бағалайды, ал өнеркәсіп
өндірісінде сапаны бақылау өнімді дамыту барысында жүзеге асырылады.
Анықтама бойынша (Ф.Котлер, 1998), қызмет көрсету дегеніміз – кез келген іс-
Достарыңызбен бөлісу: |