Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66

57 
 
өрісі  арасындағы  алшақтықты  жою  жұмыстары  жасалуда.  Ұстаздың  (В.Н. 
Черепанова)  [193],  болашақ  жаттықтырушының  (Т.Н.  Бушуева)  [194], 
кітапханашының (Ю.М. Матвеев, С.Г. Матлина, И.Б. Шевченко) [195], туризм 
менеджерінің  (Н.К.  Петрова,  т.б.)  [196],  әлеуметтік-мәдени  іс-әрекет 
маманының (И.Ф. Симонова)  [197] имиджін құрудың кейбір қырлары белсенді 
түрде зерттелуде. 
Әлеуметтік-психологиялық  тәсілдемеде  имиджді  қабылдау  нәтижесі  деп, 
бейне-түсінік деп, ал оны құруды қабылдаушының когнитивті өрісінде жүзеге 
асатын  психологиялық  іс-әрекет  деп  анықтаса,  педагогикалық  тәсілдеме 
қабылдаушыға  хабарлама  жіберетін  субъектінің  когнитивті  өрісінде  жүзеге 
асатын  іс-әрекетке  айрықша  көңіл  бөлуге    мүмкіндік  береді.  Олай  болса, 
имиджді  ішкі  ахуалдың  көрінісі,  ойлардың  (ниеттің)  көрінісі  деп  қарастыруға 
болады.  Педагогикалық  тәсілдеме  имидж  туралы  жеке  тұлғаның  интегралды 
сипаттамасы,  сөзбен  және  таңбалармен  беріліп,  жеке  тұлғаның  кейбір 
қырларын,  соның  ішінде  әлеуметтік-  және  кәсіби  маңызы  бар  қасиеттерін 
ашатын    презентемалардың  біріктіруші  жиынтығы  ретінде  сөз  қозғауға 
мүмкіндік береді. Адамның жеке имиджі шынайы сипаттамалардың, қасиеттер 
мен  ерекшеліктердің  (мазмұн)  сыртқы  көрінісі  (түр)  болып  табылады,  ол 
адамның әлеуметтік, кәсіби ортамен үйлесімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз 
ету үшін қажет [198].  
Әлеуметтік-педагогикалық  тәсілдеме  имиджді  білім  беру,  тәрбие,  оқыту, 
дамыту, өзін-өзі дамыту сияқты басқа да педагогикалық құбылыстармен, соған 
сәйкес  технологиялармен  тығыз  байланысты  біртұтас  құбылыс  ретінде 
қарастырады. Заманауи педагогикалық зерттеулерде педагогикалық ғылымның 
жоғары  кәсіби  білім  беру  жағдайында  жағымды  имиджді  қалыптастыру 
мәселесін  шешудің  қайнар  көзі  ретіндегі  мүмкіндіктеріне,  кәсіби  өзін-өзі 
анықтаудың  әр  түрлі  сатыларындағы  маманның  имиджін  қалыптастырудың 
ерекшеліктеріне  талдау  жасалып,  имиджді  қалыптастырудың  педагогикалық 
үлгілері мен бағдарламалары ұсынылады [199].  
Педагогикалық  зерттеулер  көрсеткеніндей,  көп  бөлшекті,  көп  деңгейлі 
құбылыс  ретінде  имидж  сыртқы  (объективті  және  субъективті)  және  ішкі 
(объективті және субъективті )  әлеуметтік-педагогикалық  факторлардың  аса 
күрделі  кешенінің  ықпалымен  қалыптасатын  коммуникативті-тұсаукесерлік 
қасиет пен сипаттамаларға ие, олардың әрқайсысының үрдіске қосатын өз үлесі 
бар.  Имиджді  әлеуметтік-педагогикалық  құбылыс  деп  түсінгенде  оны 
әлеуметтік  мағынадағы  педагогикалық  жағдайда  қалыптасатын  және  жалпы, 
әлеуметтік-психологиялық,  кәсіби  мәдениеттің  қалыптасу  деңгейін  көрсететін 
құбылыс деп қарастыруға болады.   
Имидждің  педагогикалық  әлеуеті  оның  қасиеттері  мен  қызметтік 
мүмкіндіктерінің  үлгісін  жасайтын  аксиологиялық  қасиеттері  арқылы  (имидж 
құндылық  ретінде)  философиялық,  әлеуметтану  және  психологиялық 
тұжырымдамалар  негізінде  айқындалады.  Имидждің  сансыз  қызметі 
технологиялық,  реттеуші  және  құндылық  сипатқа  ие,  бұл  оның  қолдану  аясы 


58 
 
кең және тұлғааралық қатынас пен өзара әрекеттестікпен байланысты әр түрлі 
іс-әрекетті  оңтайландыруда  алатын  орны  ерекше  дегенді  білдіреді. 
Педагогикалық  қырынан  алып  қарағанда  имидждің  маңызды  қызметтерінің 
ішінде  жеке-дара  және  кәсіби  құндылықтарға  бағдарлайтын  аксиологиялық 
қызметін  [200],  сондай-ақ,  нақты  адамдар  арқылы  жүзеге  асып,  имидждің 
әлеуетін  анықтайтын  психологиялық,  педагогикалық,  эстетикалық  ықпал  ету 
қызметтерін    ерекше  атап  айтқан  жөн.  Жағымды  имидждің  үлгі,  мінсіздік, 
жүзеге асқан ой ретінде ынталандыратын және уәждемелейтін қабілеті бар, ол 
педагогикалық  іс-әрекет  қорының  бірі  –  әлеуметтік  маңызы  бар  тәжірибенің 
құндылықтарын, мәнін тасымалдаушы құралы болып табылады.  
Педагогика  аясында  имиджді  қалыптастыру  алға  қойған  мақсатқа  жету 
үшін  қажетті  әлеуметтік-педагогикалық  жағдайларды  жүзеге  асырудың 
мақсатты, ұйымдасқан және жоспарлы үрдісі ретінде қарастырылады. Имиджді 
қалыптастыру  үрдісінің  құрылысы  үшін  субъект  пен  объект,  оны  жүзеге 
асырудың нақты мақсаты пен міндеттері, мазмұны, заңдылықтары, қағидалары, 
әдістері,  шарттары  мен  түрлері  болу  қажет.  Имиджді  қалыптастыру  үрдісінің 
барлық  бөлшектері  өзара  тығыз  байланысты,  өзара  шарттасқан,  олар  тұтас 
педагогикалық үдеріс болып табылады.  
Педагогикалық  тәсілдеме  имиджді  қалыптастыру  және  имиджді  құру 
ұғымдарының  ара  жігін  ажыратуға  мүмкіндік  береді,  имиджді  қалыптастыру 
дегеніміз,  бір  жағынан,  қандай  да  бір  сыртқы,  белсенді  күш  (субъект)  және 
екінші жағынан, субъектінің ықпал ету қабілеті бағытталған біршама ырықсыз, 
ілесуші жақ (объект) қатысқан үрдіс. Қалыптастыру ұғымы, көбінесе, сыртқы, 
бұл  ретте  педагогикалық  ықпал  етудің  нәтижесі  дегенді  білдіреді.  Имиджді 
құру  ұғымы  субъектінің  өзінің  белсенді,  мақсатты,  саналы  іс-әрекеті  дегенді 
білдіреді. 
Имиджді  қалыптастырудың  педагогикалық  жүйесі  тәрбие  мен  білім  беру 
мазмұнынан,  құндылық  үлгіден,  құрамында  сендіру,  нандыру,  еліктеу  және 
еліктіру  тетіктері  бар  педагогикалық  қарым-қатынастың  мазмұны  мен 
сапасынан  тұрады.  Аталмыш  жүйені  іс  жүзінде  субъект  пен  объектінің 
педагогикалық  қарым-қатынасы  арқылы  тиімді  жүзеге  асыруға  болады.  Бұл 
ретте  қарым-қатынасты  «бір  уақытта  жеке  адамдардың  өзара  әрекеттестігі 
үдерісі де, ақпарат үрдісі де, адамдардың бір-біріне қатынасы да, олардың бір-
біріне ықпал ету үдеріс де бола алатын күрделі әрі көп қырлы үдерісі ретінде» 
қарастыруға болады [199,с. 54].  
Имиджді  қалыптастыру  үрдісі  білім  беру  аясынан  асып  түсетін 
мамандандырылған  білім,  білік,  дағдыларды  игерумен  байланысты,  ол 
имидждің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  әдіснамалық  тәсілдемелер  кешенін 
қолдану  дегенді  білдіреді.  Олардың  арасында  қажеттіліктерге,  қажетті 
қасиеттер  мен  сипаттамаларды  қалыптастыруға,  ішкі  ресурстарды  көбірек 
жүзеге асыруға бағытталған жеке тұлғаға бағдарланған тәсілдеменің, сондай-ақ, 
мақсатқа  оңтайлы  қол  жеткізуді,  сабақтағы  және  сабақтан  тыс  іс-әрекеттің 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау