2.Оқушыларды жұмсақ, иілгіш материалдардың
халық шаруашылығында , тұрмыста
қолданылуымен таныстыру.
3) Бұл материалдармен жұмыс тҽсілін үйретіп, оқушыларда еңбек дағдысын, қолдың
үйлесімді қимылын қалыптастыру.
4) Оқушыларда эстетикалық сезімді дамытып,арнайы терминдермен сҿздік қорын
байыту.Илеп жасау жұмысында берілген табиғи затты,үлгіні немесе суретті үнемі талдап
отыруды қажет етеді.Оларды дайын бұйыммен салыстырады.Заттың ерекшеліктерін
анықтап, осының негізінде істелетін жұмысты жоспарлауға үйрету.Бұл еңбек түрінің
ҿзгешелігі оның бейнелеу ҿнеріне жататындығында, еңбек ету барысында ақыл-ойы
дамымаған оқушыларға эстетикалық тҽрбие беріп, заттар мен қоршаған орта
құбылыстарын бейнелей білуге үйретеді. Ақыл-ойы дамымаған балаларда
пішін,теңдік,композициялық шешім, заттардың кеңістікте қатысы нақтылы жұмыс кезінде
қалыптасады.Саз балшықпен жұмыс онша қолайлы емес,оқушылар онымен киімдерін
жҽне отыратын орнын былғайды, Сондықтан сазбен жұмыс істеуді бастамас бұрын
мұғалім оқушыларды жұмысты ұқыпты істеп,үсті-бастарын былғамауларын
ескертеді.Жұмысқа керекті құралдарды сабақтан бұрын даярлап қою керек, Мысалы,
ермексаз салынған қорапша,жұмыс тақтасы,қол сүртетін шүберек, сантиметрлік бҿліктері
бар сызғыш,қырнауыш, қалақша.
Саз балшықпен жұмыс істегенде кішкене қорапша,балшық илеуге арналған жайпақ табақ
болғаны жҿн.
Ермексазбен жұмыс істеу балаларды мүсіндік шығарма берудің негізімен таныстыру
мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар ой-ҿрісін даму деңгейіне қарай оқушыларға
қарапайым бұйымдарды жасаттыра отырып, оқушылардыңкҿркемдік талғамдарын
арттыру мақсаты кҿзделеді.Илеп жасау жұмысы арқылы басқа материалды дайындағанда
,бұйым жасауда оқушылардан күшті қажет етеді.Илеу жұмыстары бұлшық еттер жүйесін
нығайтуға, үйлесімді қимылды дамытуға,ақыл-ойы дамымаған оқушыларда кездесетін
дене кемшіліктерін түзетуге мүмкіншілік береді.
Табиғи түрден илеу ақыл-ойы дамымағанбалалар үшінкүрделі жұмыс түрі.Балалардың
жасаған бұйымдары табиғи түрдегі заттардың кҿлеміне қарағанда үлкен,не кіші болуы
олардың түсінуі үшін қиындық туғызады.Бұдан басқа оқушылар заттың формасын
талдап,бҿліктерінің байланысын, тепе-теңдігін танып осының бҽрін берілген масштаб
бойынша орындау.
Елестету бойынша илеу оқушылар үшін жұмыстың қызық түрі.Жақсы таныс затты
елестету арқылы жасау, балалардың зат туралы білімін бекітіп,есте сақтау қабілетін
жаттықтырып, жинаған тҽжірибесін жұмыста қолдануға мүмкіндік туғызады.Сонымен
бірге қарапайым композицияны елестету арқылы илеу,берілген тақырыпқа үлгі жасау
балалардың шығармашылық талпынысын ашып,кеңістікте бағдарлауларын
қалыптастырады. Есте сақтау бойынша жүргізілетін илеу жұмыстары оқушылардың кҿру
қабілетін дамытатын,заттың сыртқы қасиеттерін ойша талдауын қалыптастыратын
жұмыстың қызық түрі. Оқушылардың табиғи затты немесе үлгіні зейін қойып қарауына
жҽне талдауына 7-10 мин қана уақыт беріледі.Содан кейін оны алып қояды да, балалар сол
кҿрген нҽрсесін есте сақтау арқылы илеп жасау керек.
Графикалық бейне (суреттер,плакаттар) бойынша жүргізілетін илеу жұмыстары заттың
кеңістікте орналасу орны,формасы, барлық бҿліктерінің қатынасы туралы толық мағлұмат
берілмегендіктен оқушыларға илеу жұмысын орындау үшін ойлануға тура келеді. Бұның
бҽрін айқын елестетіп, ойын толықтыру керек. Бұл жерде ақыл-ойы дамымаған балалар
суретке қарап, тек жалпақ пішінді жасайтындығына байланысты оларға мұғалім кҿмегі
қажет.
Матамен жұмыс түрлері
Жоспар:
1. Матамен жұмыс түрлері.
2. Оқушылардың мата бетінде бағдарлауы.
3. Тігістің түрлері.
Бағдарламаның матамен жұмыс тарауында тігу жҽне кестелеу жұмыстары
қарастырылады. Матамен жұмыс ақыл-ойы дамымаған балалардың танымдық қабілетін,
дене кемшіліктерін түзетуге жағдай жасайды, оларда тұрмыстық дағдыларды
қалыптастырып, жоғары сыныптарда ҿтетін тігін ісіне дайындайды.
Бұл жұмыс түрінің ҿз ерекшеліктері бар. Сабақтарда балалар ҿзіндік қасиеті, ҿңдеу
тҽсілі бар жіп жҽне мата сияқты жаңа материалдармен танысады. Сабақтарда ине, оймақ
тҽрізді арнайы құралдары қолданады. Жіптен бұйым жасау жҽне тігу жұмысы
шыдамдылық пен ұқыптылықты талап етеді. Жұмыстың сапасына деген талапты
біртіндеп арттырады, оқушылады қызықтырып, олардың ҿз күшіне деген сенемін
тҽрбиелеу үшін мұғалім жұмыс жоспарын алдын ала ойлау керек.
Балаларға адам ҿмірінде үлкен орын алатын жіп жҽне мата туралы мағлұматтарды,
олардың қасиеттерін, ҿңдеу тҽсілдері мен қолдануын хабарлау керек.
Матаның оң жҽне теріс жағы немесе астары, ҿңі болады. Матаның ішіне
қайырылған жағы оның ішкі жағы немесе матаның теріс жағы деп аталатындығы
түсіндіріледі.Оқушылардың бұған кҿзін жеткізу үшін қолдарымен сипатады.
Матадан ҽр түрлі бұйымдарды істеу үшін мынадай құралдардың болуы тиіс: ине,
жіп, қайшы, оймақ , сызғыш, кергіш, сантиметрлі лента. Енді осы құралдарды қалай ұстау,
пайдалану жҽне қалай күту керектігі түсіндіріледі. Қолдың сұқ саусағын ине
жарақаттамау үшін оймақ пайдаланылады. Белгілеу,ҿлшеу үшін сызғыш не сантиметрлі
лента қажет.
Матаны пішіп, кескенде үстелдің кең ҽрі тегіс болуы, іс тіккен кезде кеудені тік
ұстап отыру, кеудені үстелге тіремей, аяқты арнайы кҿлденең ағашқа тіреп, дұрыс отырып
жұмыс істеу керектілігі ескертіледі.
Кҿмекші мектеп оқушыларын іс тігуге дайындау дегеніміз, инемен тігу, түймені,
ілгекті қадауға, ілгері, кейін шаншып тігуге үйрету; қайып тігу, кесте тігуге, қол орамал
тігуге;ине қадайтын жастықша тігуге үйрету.
Оқушыларды іс тігуге дайындау үшін біріншіден инені дұрыс ұстай білуге
жаттықтарған жҿн.Оқушылар инені сабақтауды үйренеді, ҿйткені, ұзын сабақталған жіп
түйіліп, тігуге кедергі келтіреді.Жіп ҿткізілген жерден шығып кетпес үшін,оның екінші
ұшы түйіледі. Мұғалім ҿзі сыныпта жасап кҿрсетіп,соңынан оқушылардың қалай
меңгергенін бақылау қажет.Сабақ барысында балалар бойында матамен жұмыстың
қарапайым дағдыларын қалыптастырады.
Оқушыларда тҽжірибе жұмысы барысында меңгерген икемділікті ғана емес , басқа
материалдарды ҿңдеу кезінде үйренген тҽсілдер мен жолдарды орындау дағдысын да
бекітеді. Мысалы, кейбір белгілеу тҽсілдері, қағазбен жұмыстағы қайшымен кесу матамен
жұмыстада кездеседі.
Оқушылар қарапайым тігіс тҽсілін орындауға үйренеді. Ақыл-ойы дамымаған
балалар үшін тігу жұмыстары біршама қиын болады.Сондықтан да мұғалім балалардың
дұрыс отырып, ине мен матаны ыңғайлы ұстай білулерін үнемі қадағалап отыруы керек.
Таныстыру жаттығулары да маңызды орын алады.Балаларды сапалы материалдармен,
құралдармен қамтамасыз ету қажет. Тігу үшін шыт,бҿз,кенеп сияқты маталар таңдалып
алынады. Кесте үшін арқауды қолданған абзал.Жұмыс үшін кҿлденең немесе жіп бойымен
кесілген тҿртбұрыш немесе шаршы формалы маталар алынады.Матамен жұмыс сабағында
қауіпсіздік ережесін сақтау ҿте маңызды, мұғалім жұмыс аяқталған соң, балалардың
құралдарды ҽсіресе инені киіміне қадамай, аузына салмай орнына қоюларын қатаң
қадағалау керек. Құралдарды, маталарды салатын қорап немесе үлкен хатқалта болуы
керек.
Матамен жұмыс істеген кезде қайшы кҿп пайдаланылады. Сондықтан қайшыны бір
оқушыдан екінші оқушы алып отырады.Оқушылар қайшыны бір –біріне бергенде, үшкір
жағымен емес, сабын қаратып берулерін ескерту қажет.