- MyISAM қозғалтқышы арқылы толық текстік индексациялау және
іздеу;
- енгізілген мәліметтер қоры кітапханасы;
- жартылай Unicode-ты қолдау (UTF-8 және UCS-2-мен кодталған
мәліметтер, BMP типтегі мәліметімен шектеледі);
- транзакция қолдауы бар қозғалтқыштарды (InnoDB және Cluster)
қоданғандағы ACID ережелерінің толық сәйкестігі;
- кестені
партицияланғанда, пратицияларды оңтайландырғыштан
толығымен жою;
- MySQL Cluster арқылы ортақ мәліметсіз кластерлеу;
- жағдайға байланысты "қатаң мұрағаттау" (mysqlhotcopy қолдану
арқылы).
Ай сайын бағдарламашылар MySQL серверінің жаңа нұсқаларын
шығарып отырады. Бағдарламаның қайнарларын MySQL сайтынан немесе
MySQL-дің Bazaar репозиторийінен GPL лицензиясы бойынша алуға болады
[25].
MySQL жүйесі келесі қосымшаларды қолдауды жүзеге асырады. Бірақ
ол қосымшаларды басқа жүйелер қолдамауы мүмкін:
- әр
кестелерге жеке сақтау қозғауыштарын қолдану. Бұл,
бағдарламашыға тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді(MySQL 5.0 нұсқасында
әр қозғауыштар компиляция арқылы жүйеге ендірілуі керек; MySQL 5.1
нұсқасында, қозғауыштар динамикалық түрде қолданылу барысында
жүктеліне алады);
- басты сақтау қозғауыштары (MyISAM, Falcon, Merge, Memory (heap),
Federated, Archive, CSV, Blackhole, Cluster, EXAMPLE, Maria, және MySQL 5.5
нұсқасынан бастап жүйеде стандартты етіп қойылған InnoDB);
- сырттан жасалған қозғауыштар(solidDB, NitroEDB, ScaleDB, TokuDB,
Infobright (бұрынғы Brighthouse), Kickfire, XtraDB, IBM DB2). InnoDB -
сырттан жасалған қозғауыш болатын, бірақ Oracle компаниясының сатып
алуы, MySQL ядросын және InnoDB екеуін бірге қосты;
- қоғамдастық құрған (memcache engine, httpd, PBXT, Revision Engine)
қозғауыштар;
- меншік қоғауыштар;
- топтасқан фиксация - секундына бірнеше жазу орындау үшін бірнеше
қосылымдардағы бірнеше транзакцияларды біріктіру. (PostgreSQL-де бұл
функционалдың кеңейтілген формасы бар).
MySQL, кебір SQL стандарттарын толық қолдамайды. Мысалы,
стандартты SQL синтаксисын, мәліметтер шектеулері, сыртқы кілттерге
сілтемелерді тексеру және де басқа бизнес логикадағы тұрақтылықты сақтауға
арналған функциялары, қатаң тексерулерді орындамайды. Триггерлер болса
бір тапсырыста бір рет ғана орындалады, яғни бір кестеге орындалған енгізу
операциясының алдында немесе одан кейін бір-ақ рет бір триггерді орындауға
болады. Көріністерге болса триггер орындауға болмайды [26].
MS ACCESS деректер базасы және оның құрылымы. Қызметтің кез
келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет.
Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет
деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға
шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық
функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS
Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb)
сақталынатын файл (құжат).
Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат
деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет
ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.
Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар –
жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі.
Өрістердің максималды саны – 255.
Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның
құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы
болып табылады, өйткені оның құрылымы бар.
Деректер базасын құрастыру:
1-қадам. Оның құрылымын құрастыру.
2- қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру.
Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс
жасауға арналған мәзір пайда болады [27].
Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері. Кестеле – жазулар
жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі
оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар.
Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің
типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне
ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте
орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана
көрсетілінеді.
Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға
арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып
табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға
және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі
таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге
мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ
оларды сақтауға болады.
Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және
т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып
табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және
жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан
кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.