Дипломдық жұмыста кейс әдісінің білім беру саласында маңызды



жүктеу 2,11 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата27.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#25083
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

         Жалпы бөлім 



1.1 Кейс – стади әдісінің білім беру саласында пайда болуы 

 

Кейс  –  стади  амал-тәсілі  немесе  оқытудың  нақты  жағдаяттар  әдісі  XX 



ғасырдың  басында Америка  Құрама  Штаттарының Гарвард  университетінің 

бизнес  мектебінде  пайда  болған.  Кейс-стади  амал-тәсілі  термині  алғаш  рет 

американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 

жылы  оқытудың  нақты  жағдаяттар  жинағын  шығарып,  кейс-стади  амал-

тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.   

Кейс  амал-тәсілі  алғашқы  кезде  бизнес  мектебінде  ғана  қолданылып 

келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, 

мәдениеттану, медицина және т. б. салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-

стади  амал-тәсілін  педагогикалық  оқыту  үрдісіне  енгізу  әдіс-тәсілдерін:  Л. 

Барис,  В.А.  Ясвин,  К.  Кристенсен,  Э.хансен,  М.В.  Коротков,  М.В.  Кларин, 

А.И.Наумова,  М.Зобина,  М.С.Керимбаева,  В.А.Канн-калик,  Н.Д.Никандров, 

Б.Н.Киселева,  И.В.  Липсина,  Г.А.Полонский,  Д.Экинсон,  И.Уилсондар 

қарастыруда [1].    

Кейс стади әдісі - педагогикалық үрдісте кездесетін жағдаяттарды немесе 

туындаған  мәселелерді  шешудің  тиімді  технологиясы  болып  табылады. 

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры 

ұстаздың  қолында»  -  деп  Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаев  атап  көрсеткендей, 

мектептегі  білім  беруде  ұстаздың  алдында  тұрған  міндеттердің  зор  екенін 

айқындайды.  Ал  білім  сапасы  көп  жағдайдағы  білім  беру  кезінде  алдыға 

қойған мақсаттарға жету мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру үшін 

қолданылатын  педагогикалық  технологияларға  байланысты  болып  келеді. 

Оның  өзі  уақыт  талабына  байланысты  туындауда.  Осындай  қазіргі  уақыт 

талаптарына сай келетін, педагогикалық технологиялардың біріне Кейс-стади 

әдісін жатқызуға болады. 

Кейс  стади  әдісінің  білім  беру  саласында  пайда  болуы  мен  тарихына 

тоқталсақ, алғашқы көріністері өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан 

бастау алады. Бірақ бұл әдістің өмірде қолданылуы әріректен басталады. Кейс- 

стади  әдісінің  белгілі  бір  балама  түрін Сократтың оқушыларымен  әңгімесін 

айтуға  болады...  Осы  әңгімедегі  барлық  мәтіндер  өмірден  алынған  нақты 

жағдайларды қолдана отырып, құрастырылған. 

Кейс-әдісінің  заманауи,  толықтырылған  түрі,  өз  инновациялық 

әдістерімен  әлемге  танымал,  Гарвард  бизнес-мектебінде  басқарушылық 

пәндерді  оқыту  кезінде  бірінші  рет  қолданған.  Жиырмасыншы  ғасырдың 

басында  Гарвард  оқытушылары  дәрістерге  қосымша  ретінде  студенттік 

талқылау  жұмыстарын  ұйымдастырып  отырған.  Оқытушы  «мәселені 

таныстыру»  жұмысын  жүргізе  отырып,  студенттердің  алдына  осы  мәселе 

бойынша  міндеттер  қоя  отырып,  оны  шешудің  бірнеше,  әртүрлі  нұсқалары 

қарастырылды.  Жағдаятты  тапсырмалары  бар  бірінші  оқулық  1921  жылы 

Коупленд пен Гарвард бизнес-мектебінің деканы Волас Донамның қатысында 

жарияланды [2]. 




 

Жалпы әлемде бұл әдістің таралуы 70-80 жылдарында бастау ала отырып, 



сол  жылдары  ССРО  да  әйгілі  бола  бастады.  Жағдаяттарға  талдау  жасау 

басқаруды  оқыту  кезінде,  әсіресе  ЖОО  экономикалық  мамандықтарында, 

шешімдерді  қабылдауды  оқыту  әдісі  ретінде  қарастырылды.  Сонымен  бірге 

жағдаяттарды талдау әдісін қолдану арқылы оқытудың ойын және пікірталас 

әдістерінің кеңінен таралуына жол ашты. 

 

 



1.2  Өз  бетінше  шешімдерді  қабылдауға    кейс-стади  амал-тәсілін 

қолдану 

 

Кейс  амал-тәсілінде  басты  назар  оқушылардың  ұсынылған  реальды 

немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы 

жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. 

шәкірттің  жекетұлғалық  қабілеттерін  жетілдіруге  аударылады.      Демек, 

колледж  оқушыларының  ауызша  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыруда  кейс-

стади амал-тәсілін қолдану  –  қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа 

деген  қызығушылығын  туғызатын  жеке  педагогиканың  жаңа  инновациялық 

жүйесі. 

Кейс әдісін қолдану  барысында оқытушының іс - әрекеті  екі кезеңнен 

тұрады:  

1) кейс  (жағдай)  таңдап  алу  және  сұрақтар  құрауға  арналған 

шығармашылық жұмыс:  

- жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу;  

- мақсат пен міндетті анықтау;  

- жағдайды құрастыру және суреттеу.  

2) оқытушының  аудиториядағы  іс  –  әрекеті  және  аудиториядағы  кейс 

әдісін қолдану кезеңі: 

- кейске кіріспе;  

- жағдайдың талдануы (шағын топтарда);  

- пікірталас; - қортынды шығару.  

Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларына  мән 

беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін емес.  

Кейс-стади әдісінің мәні мынада: 

-  оқушыларға неліктен осы шешім қабылданды; 

-  осы шешімді тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болады; 

-  қандай  нәтижелер  болды  деген  мағұлматтарды  оқып-үйрену  үшін 

шешім шығаруға бағытталған әдістің бірі. Сонымен бірге оқытудың бұл әдісі 

нақты тәжірибелік мысалдарды қарастыруға негізделген.  

Кейс  -  тәжірибелік  міндеттерді  шешуде  теориялық  білімді  қолдануға 

мүмкіндік беретін құрал қарастырылады.  Теорияны тәжірибемен ұштастыра 

отырып,  Кейс-стади  әдісі  шектелген  уақыт  жағдайында  шешімдерді 

қабылдауға негізделген қабілетті тиімді дамытады [3]. 

Кейс  стади  әдісі,  талап  етілген  деңгейде  мазмұнды  игерумен  дағдыны 

қалыптастыру, оқушының тұлғалық дамуы, топта жұмыс істеу икемдігі мен 



жүктеу 2,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау